Магистрант Ожекенева Балнур

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақстан, Астана

 ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН КҮНТІЗБЕЛЕРІНІҢ АУДАРМАДА БЕРІЛУІ

Аударма адамзат іс-әрекетінің күрделі және көп қырлы түрі болып табылады. Кейде әдетте аударма процесін қарапайым түрде бір тілден екінші бір тілге аудару деп қана айтып қойғанмен, шын мәнінде, аударма процесінде жай ғана бір тілден екінші бір тілге аудару процесі жүрмейді. Аудармада түрлі мәдениеттер, түрлі тұлғалар, түрлі ойлау жүйесі, түрлі әдебиеттер, түрлі дәуірлер, түрлі даму деңгейлері, түрлі дәстүрлер мен құрылымдар кез болады. Аудармаға мәдениеттанушылар, этнографтар, психологтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар қызығушылық танытады және аударма ісінің түрлі қырлары сәйкес келуші ғылымдар аясында зерттеу объектісі болуы мүмкін.

Қазақ-ағылшын күнтізбелерінің аудармада берілуі грамматикалық ерекшеліктің толық қатарын анықтайды. Қазіргі біздің заманымызда ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде жазылған ғылыми, техникалық, экономикалық, саяси, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени тақырыптағы еңбектерде күнтізбеге қатысты түрлі аудармаларды кездестіруге болады. Ғылым және техниканың дамуы, қоғамдық-саяси, экономикалық және халық шауашылығындағы халықаралық интеграциялық процестердің дамуы терминделуді қажет ететін жаңа түсініктердің пайда болуына алып келуде. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөздер немесе сөз тіркестері берілген түсініктердің қажетті және жеткілікті белгілерін толыққанды және нақтылықпен білдіруіне мүмкіндік береді.

Қазақ күнтізбесі тарихы туралы қысқаша тоқталып өтсек, күн өрісіне негізделген жылдың астрономиялық айларын қазақтар "жұлдыз" деп атайды. Бұл жердің, айдың 12 фазасына сәйкес 12 болатын зодиялық шоғыр жұлдыздың санын еске салады. Қазақтар дүниенің төрт жағын күн көзінің күндізгі қозғалысына қарап "Күншығыс", "Күнбатыс", "Оңтүстік", "Солтүстік" деп атайды. Ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде үлкен рөлі бар. Адамның жас мөлшерін де осы мүшел жылы бойынша есептеген, Әрбір жыл хайуан атымен тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталған. Мүшел жылы 22-наурыздағы "Наурыз" мейрамында ауысады. Қазақ халқының байырғы күнтізбесі бойынша 12 айды бір жылға, 3 айды бір тоқсанға, 7 күнді бір аптаға, бір күн, бір түнді тәулікке есептеген. Жылдың басы көктемдегі күн мен түннің теңелуі наурыздың 22-сі болады. Бұл күні Жаңа жыл — "Наурыз" мейрамы өткізіледі.

«Бесқонақ» - байырғы қазақ күнтізбесінің бірден бір жұрнағы. Қазақ күнтізбесі бойынша жыл әрқайсысы тоқсан күндік төрт маусымға бөлініп: көктем – «жылтоқсан» (жыл алмасатын маусым), жаз – «оттоқсан» немесе «жазтоқсан», күз – «күзтоқсан», қыс – «желтоқсан» аталған. Бұл әрбір тоқсан сәйкес түрде төрт табиғат дүлейінің (стихия) «патшалық» мерзімі саналады: «жылтоқсан» - су арнасы «жылға» сөзінің түбірінен, яғни Су маусымы; «оттоқсан» - өсімдіктің барынша өсіп отқа, қуатқа айналатын, малдың қуат жинап отығатын, адамның табиғаттағы барлық дәруменді сіңіріп күшейетін От маусымы; «күзтоқсанда» табиғат күзеліп, барлық өскен нәрсе Топыраққа айналады; «Желтоқсанда» өмірге Ауа қожалық етеді – жел, боран, қардың саф ауасы. Бұл жағдай Алматының солтүстік батысындағы Аңырақай жотасынан табылған Таңбалытастағы Наурыз айы мен мүшелге қатысты тасқа түскен таңба дәл бейнеленген: Тәңір (күндіз) мен Іңір (түн), бұзау – көктем, жайылған баспақ – жаз, мүйізді ірі семіз бұқа – күз, көтерем, өлмелі сиыр – қыстың бейнесі; тойлаған он екі айуан кейіпті мүшел. Жіті қараған адамға мүйізді өгіз (бұқа) Тәңірге қарап тұр, ал ол құшағын айқара ашып қарсы алуға даяр. Бұл - ежелгі құрбандық мәнісін байқатады. Бәлкім, соғымның мәні осы көріністе астарлы жеткізілген болуы керек. Қазақтар (ортаазиялық есепшілер) 360 күннен тұратын жылдың мерзімін 5 күн (кібісе жылдары 6 күн) қосып жыл соңында күнтізбені дәлдеп отырған. Осы күндерді қазақ «бесқонақ» [1] атайды. Бесқонаққа қатысты екі сипатты атап айту керек: жылдың 360 күніне қосылатын бескүндік күнтізбелік сипат және циклондық ауа райының бұзылу көрінісі. Бесқонақтың күндерінің нақты қалыптаспауының өзі ғасырлар бойы жұлдызшылардың астрономиялық есепке жүгініп күнтізбені нақтылауының мүмкін еместігінен – жыл сайын ескі жылдың соңы мен жаңа жылдың басын анықтау нақты күнге сәйкес болмағандықтан. Сол себепті күнтізбелік бірнеше нұсқа қатар жүрген болуы әбден мүмкін. Алайда 14 сәуір ескіше сәуір айының басы, айлық «өлара» - айдың тууына дейінгі көрінбей тұратын күндер осылай аталған және бұл күндер ауа райының бұзылуына әсер еткен. Осыған орай бұл күндері аралығында болатын жауын-шашынды күндерді «бесқонақ» атап, халық осы күндері қатты сақтанады. Бесқонақ өтісімен көктемгі шаруашылықтарға дайындалады. Ертеде «осы күндері көктемнің кезі деп қаннен-қаперсіз қыдырып шыққан бес қонақ суыққа ұрынып, үсіп өліпті» деген ел ауызында аңыз бар. Бесқонақтың циклонынан кейін қаратамақ, сарышымшық торғай келеді. Сәуір айының он бесінен кейін алғашқы найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жер бусанып қоя береді. Халық осы найзағайдың жарқылын «Қыдыр (Қызыр) қамшысы» ойнады» дейді. Бұдан кейін қыс біржолата кетті деп есептеледі. «Сәуір болмай – тәуір болмас» деген де осыған қатысты айтылған.

Қарап отырсақ, қазақ күнтізбесіне байланысты терминдер жетіп артырарлық. Аударма кезінде түрлі әдістерді қолдануға тура келеді.

Кесте. Қазақ күнтізбесінің ағылшынша-орысша аудармасы мен қазіргі күнтізбе айларына сәйкес келуі.

Қазақша жұлдыз аттары

Орысша жұлдыз аттары

Ағылшынша жұлдыз аттары

Жұлдыздардың белгілерін және қазіргі күнтізбе айларына сәйкес келуі

Наурыз Көкек Мамыр Маусым Шілде

Тамыз Қыркүйек

Қазан

Қараша Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

март

апрель

май

июнь

июль

август

сентябрь

октябрь

ноябрь

декабрь

январь

февраль

March

April

May

June

July

August

September

October

November

December

January

February

Тоқты (наурыз - сәуір)

Торпақ (сәуір - мамыр)

Егіздер (мамыр - маусым)

Шаян (маусым - шілде)

Арыстан (шілде - тамыз)

Бикеш (тамыз - қыркүйек)

Таразы (қыркүйек - қазан)

Сары шаян (қазан - қараша)

Мерген (қараша - желтоқсан)

Тау ешкі (желтоқсан - қаңтар)

Су құйғыш (қаңтар - ақпан)

Балық (ақпан - наурыз)

 

Қазақ-ағылшын күнтізбелерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне және керісінше аударылу әдістеріне келетін болсақ,, яғни берілген сөздің мағынасын нақты контекстен анықтау. Онда төмендегідей әдістер қолданылады:

1. Контексті талдау;

2. Сөздіктер мен анықтамалықтар қолдану;

3. Қысқарған сөздің құрылымын талдау;

4. Аналогтар қолдану.

Қазақ тіліне сөздерді аударуда қолданылатын негізгі тәсілдер: шет тіліндегі сөзді қазақ тіліндегі эквивалентті сөзбен аудару; яғни аударма тілде сәйкес элементтің болуы, әдетте ғылыми-техникалық мәтіндерде, күнтізбелік атау бірліктерін білдіретін сөздерді аударуда қолданылады;

- транслитерация, негізінен жалқы есімдерді аударуда қолданылады;

- транскрипция, аударма тілінде арақатысты формасы жоқ сөздерді аударуда қолданылады;

- түсіндірмелі аударма, аударма тілде мүлде эквивалент болмаған жағдайда қолданылады [2].

Терминдердің құрылуы мен жаңа сөздің құрылуында бірдей сөз тудырушы жолдар қолданылады. Дегенмен, сөзге қарағанда терминнің құрылуында «терминологиялық номинация мазмұнын толық ашу қажет болып табылады. Яғни, түсінік дефинициясы терминнің сөз тудырушы актісіне кіргізу қажет. Себебі, дефинициясыз, берілген түсінік мазмұнының шектерін анықтаусыз терминді толыққанды деп атауға келмейді» [3, б. 94]. Күнтізбеге байланысты интернационалды лексика ағылшын және қазақ тілдеріне ортақ болып сіңуде. Термин құрылуындағы тіл дамуының осы деңгейінде жалпы әдеби сөз құрылымы ерекшеліктеріндегі көптеген әлеуетті мүмкіншіліктер жүзеге асырылады. Бір жағынан кеңейтілу (метафоризация) байқалса, кейбір кездері семантикалық ілгерілеу (конверсия, семантикалық компрессия) көрінеді. «Жалпы термин құрылу жүйесі формалды компоненттерден (термин құрау және термин құраушы құрылымдар әдісі) тұратын, ғылым мен техника тілінің қызмет ету кезінде көрінетін қиын организм іспеттес [4, б. 30].

Қазақ-ағылшын күнтізбелерін  аударуда қиындық тудыратын бірқатар дербес жағдайлар қарастырылған.

Қазақ-ағылшын күнтізбелерін аудару мәселесі лингвистердің қызығушылығын арттыруда. Алуан түрлі қысқарған сөздердің кең қолданылуы әлемде болып жатқан ғылыми-техникалық революцияға жауап болып табылады. Қазақ күнтізбелерін  аударуда ғылым мен техниканың жаңа күрт дамып келе жатқан салалардың, атап айтқанда ғарышкерлік, зымыран ісі, радиоэлектроника, ядролы энергетика, бағдарламалаудың лексикасын байытуда қарқынды қолданылуы таңғаларлық жайт емес.

Әдебиеттер:

1. Исқақов М. Халық календары. –Алматы, 1980.

2. Айтбаев У. Основы казахской терминологии. – Алматы: Арыс, 2000. – 114 с.

3. Жубанов К. Исследования по казахскому языку. – Алматы: Ғылым, 1999. – 560 с.

4. Бархударов Л.С. Контекстное значение слова и перевод // Сб. научн. тр./ Моск. пед. ин-т иностр. языков. 2004. Вып. 238.