Филологиялық білім беру жүйесінде ақпараттық іздеу жүйелері

Оспанова Баянды Рамазанқызы

ф.ғ.к., доцент,

Абай атындағы ҚазҰПУ  «Әдебиеттану және тіл білімі  ҒЗИ»

baian_80@mail.ru

Ақпараттық іздеу жүйелері (АІЖ) екі түрлі нұсқада жасалуы мүмкін: нақтыланған тапсырыстар топтамасына қатысты құжаттар ағымы талданатын ақтаратты тандау тарату жүйесі ретінде, сонымен қатар, әрбір пайдаланушының тапсырысы бойынша қалыптасуы мүмкін, яғни көпшілік құжаттардан ақпаратты іздеу жүйесі ретінде. Осылайша АІЖ ақпараттық тапсырыстарды өңдейді,сәйкестендіреді және құжаттар ауқымынан сәйкес бірліктерді шығарады.

WWW және  Gopher негізіндегі жобалау жүйелерінде әртүрлі мәліметтер және ауқымды ақпараттар қорына автоматтандырылған шығу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, нақты АЖО мәліметтер қорында әртүрлі тілде жазылған мәтін құжаттары, тіпті суреттер мен сызбалар сақталады. Бұл толық мәтінді қор да (мысалы, Newsbyte, News Service, Business Wire) болуы мүмкін, аңдатпалардың мәтіні де (Cambridge Scientific Abstracts мәліметтер қорын қараңыз) болуы ықтимал. Сонымен қатар, бұл құжаттар кілт сөздердің топтамасын және сөз тіркестерін қамтуы мүмкін. Осынтай топтамаларды автоматтандыру (құжаттардың іздеу түрлері) алды ала мәтіндердің айдарында орындалуы мүмкін және жүеге мәтінді енгізу барында жасалуы мүмкін, бірақ осындай индекстеудің толықтығы мен нақтылығы ақпараттық іздеу жүйесінің міндеттерінен тәуелді болады.

Сонымен, автоматтандырылған жұмыс орнын жасау маманға табиғи тілде ақпаратты өңдеуге және іздеуге мүмкіндік береді және өз алдында әртүрлі салалардағы мамандардың бірігіп күш қосуын талап ететін көкейтесті міндетті атқарады. Осы міндеттерді шешуді табиғи тілдегі, яғни филологиядағы мәтіндермен жұмыс жасауда орасан зор тәжірибе жиналған саладағы АЖО үлгісін жасаудан бастау керек.

Осындай ғылыми автоматтандырылған кешен «Филология» (филологтың автоматтандырылған жұмыс орны) филология бағыты бойынша оқып жатқан студенттің, сонымен қатар осы білім аймағында әртүрлі салалардағы зеттеушілердің (лингвистердің, әдебиеттанушылардың, әдіскерлердің және т.б.) және оқытушылардың жұмысын және талаптарын ыңғайландыру үшін бағдарламалық, лингвистикалық және техникалық құрылғылардың кешенін қамтуы қажет.

Филологтың АЖО құру ашық білім беру аясындағы шешілетін дәстүрлі міндеттерді шешуді, сонымен қатар Ғаламтор желісіндегі ақпаратпен белсенді қарым-қатынасынты қарастырады.

Әрбір нақты жағдайда таңдалып алынған АЖО «қарапайым» жүйелерден терминологиялық қорлардан (компьютердің және желілердің жадысында орналасқан бір-және көптілді сөздіктерге, білім беру жүйелеріне, глоссарийлерге шығу мүмкіндіктері) күрделі жүйелерге дейінгі қызметтерді анықтайды, мысалы оларға машиналық аударма, пәндік  аймақтарға арналған грамматиканың арнайы жүйелері, тестілеудің жүйелері және т.б. жатады. терминдерді әртүлі тілдерген аударып қоймай, сонымен қатар оларды беделді баспаларда түсіндіретін лингвистикалық, әдебиеттанушы және әдістемелік қағидалардың әртүрлі бағыттағы глоссарийлердің жүйесі АЖО ерекше бөлігі болуы керек.

Сонымен қатар АЖО дайындалған ақпараттарды баспа шығару үшін мәліметтерді (көмекші құрылғылар) беру туралы жүйеден түруы қажет.

Сөйтіп, белгілі бір мамандық шеңберіндегі кешеннің құрылымын өңдеу барысында бағдарламалық және лингвистикалық модульдер болуы міндетті:

·                       лингвистикалық автомат АЖО құралдар (ақпаратты ықшамдау қызметі, ақпаратты іздеу, ғылыми және оқу мәтіндерін аудару және т.б.) кешені ретінде. Бұл кешеннің бөлігі аударма жасауға, редакциялауға, мәтіндерді аңдатуда, жазбаша және т.б. тәжірибеде оқытудағы оқу үдерісінде тікелей қолданылады;

·                       толық мәтіндік мәліметтердің қоры, бұл қор қатар және қатар емес мәтіндердің ауқымынан құралған әртүрлі тілдердегі ғылыми және әдеби мәтіндерді іздеу және оларды түрлендіру мен сақтауды қарастырады. Бұл кешеннің бөлігі лингвистикалық және әдебиеттік деректерді талдауда, автордың өзіндік ерекшеліктерін зерттеуде және стилистикалық талдау жасауда және т.б. үшін тікелей оқу үдерісінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі мақсаттарға арналған және құрамы әртүрлі сөздіктіктер жасауға аса маңызды дерекнама қор болып  табылады.

·                       терминологиялық мәліметтер қоры, «Филология» пәндік саласы бойынша терминдерді іздеуді, сақтауды және терминдер мен тезаурустарды құрастыруды қарастырады. Бұл қор студенттерге тіл білімі, лексикология, теориялық грамматика, стилистика және басқа негізгі теоретикалық және қосымша пәндер бойынша бойынша өзіндік жұмыстарды орындауға бағытталған және оқу үдерісінде тікелей қолданылуы мүмкін;

·                       бір кешенге біріккен АЖО шеңберінде кез келген сөздік ақпаратты оқу және ғылыми мақсаттарда қолданылатын электрондық тасығыштардағы сөздіктердің, оқу сөздіктердің референттік және автоматтандырылған қоры;

·                       арнайы лингвистикалық бағдарламалық құралдардың қоры;

·                       бақса мәліметтер қорындағы ақпараттардың негізіндегі әртүрлі (алфавитті, жиілік, өңделген, шет тіліндегі сөздердің түсіндірме сөздігі (конкорданстар)) сөздіктерді алуды қаматамасыз етуші қор. Қолданбалы лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеу студенттерге ғылыми әдістерді игеруге көмектеседі, ал филолог мамандар кең ауқымды мәтіндерді зерттеуге мүмкіндік алады.

·                       студенттер мен оқытушыларға библиографиялық іздеулер жүргізуге мүмкіндік беретін филология бойынша үнемі толықтырылынып отыратын библиографиялық қор;

·                       шет тілін және орыс тілін үйреніп жүрген студенттерге арналған тестілеу тәртіптерімен оқыту бағдарламаларының қоры;

·                       мәдениетаралық қарым-қатынас және сөйлеу әрекетінің қырларын оқытуды қолдайтын мультимедиалық ақпараттарды өңдеудегі құралдар қоры.

        Осындай жобаны жүзеге асыру ұзақ мерзімді бағдарлама болып табылады, сонымен қатар бағдарлама шеңберінде негізгі мақсатқа жету жолдарын әдістемелік кезектілікпен зерттеуді жүргізуді талап етеді. Осындай жобаны жүзеге асыру үшін көп орындаушыларды, күрделі техникаларды және қардыландыруды қажет етеді, сондықтан жобаның жалпы тұжырымдамасы мақсат ретінде ғана қарастырлады.

        Әзірше зерттеу нысаны ол міндеттерді орындалу кезегін, олардың шешу жолдарын анықтау, сонымен қатар:

-        Мәтіндік нұсқалардағы лингвистикалық тезаурустар және оқу терминологиялық сөздіктер негізідегі қорларды құру үшін мәлметтер басқару қорының жүйесінің түрін тегіздеу және тандау;

-        СИЛОД (WORD+ нұсқасы) жүйесіндегі зерханада өңделген машиналық аударманың негізндегі филология бойынша мәтіндерді ағылшын тілінен орыс тіліне машиналық аудару жүйесінің қор үлгісін құру;

-        студенттермен дамытылатын және түрлендірілетін оқу модулінің қорын  құрастыру.

-        Бізге жаңа ақпараттық технологиялар ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктерді қолдану бұрын сонды мүмкін болмаған нәтижелерді алға мүмкіндік берді, сонымен қатар зерттеулердің жаңа бағыттарын анықтады.

        Бүгінде ақпараттық кеңістіктің қалай жасалатыны және осындай жүйенің жалпы оқыту стратегиясына қалай кірісуі керек туралы сұрақ өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әрине, филологтың және оқытушының барлық атқаратын қызметтерін компьютерге беру мүмкін еместігі түсінікті. Компьютер оқытушының жеке аспектілерде оның жұмысын алмастыра алатындығын дәлелдеу кезеңі болуы керек.

Заманауи компьютерлік лингводидактика туралы сөз қозғағанда, яғни компьютердің көмегімен (ағылшын CALL - Computer Assisted Language Learning терминін қараңыз) оқытуда,  біз әдістемелік көзқарас бойынша бағдарламалық керек құралдарды пайдаланудағы арнайы оқыту кустарының қажеттілігін көріп тұрмыз [1]. Осындай бағдарламалық құралдар ретінде ЛА құрамдас білігін пайлануға болады. Мысалы, МА жүйесін аудармаға оқытуда, түзету қызметтерінде қолдануға болатыны туралы айтуға болады; мәтіндерді ықшамдауға үйретуде аңдату жүйесін қодануға болады; автоматтандырылған сөздіктермен жұмыс істеу лексикология курсы бойынша тәжірибиелік жұмыс ретінде пайдалы. Сонымен ойымызды қорыта айтқанда филологиялық білім беру жүйесінде ақпараттық іздеу жүйелері екі түрлі жолмен жүзеге асады. Осы міндеттерді шешуді табиғи тілдегі, яғни филологиядағы мәтіндермен жұмыс жасауда орасан зор тәжірибе жиналған саладағы АЖО үлгісін жасаудан бастау керек. Осының негізінде ғылыми автоматтандырылған кешен филология бағыты бойынша оқып жатқан студенттің, лингвистердің, әдебиеттанушылардың, әдіскерлердің және оқытушылардың жұмысын, талаптарын ыңғайландыру үшін бағдарламалық, лингвистикалық және техникалық құрылғылардың кешенін қамтуы қажет.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                Кармышева Т.В. Компьютерная лингводидактика, СПб., 2000.