Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызы

 

Abdizhami Aitugan Zhumaxmetkyzy

 

Заң ғылымдарының кандидаты, Қарағанды «Болашақ» университеті, қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының доценті

 

КЕЙБІР ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

...«с плохими законами и хорошими чиновниками

управление еще возможно,

но с плохими чиновниками не помогут никакие законы».¹

О. Бисмарк

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құбылыстар қай кезде де мемлекеттік қызмет жүйесінде әрбір мемлекетте кездесіп келеді. Алайда ол барлық жерде бірдей дегенді білдірмейді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының пайда болуы мен таралу себептері әр түрлі. Сондықтан сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу мен алдын алу үшін барлық мемлекеттерге ортақ немесе бір мемлекеттің аумағында бірдей дәрежеде қолдануға болатын универсалды әкімшілік-құқықтық құралдарды әзірлеп пайдалану нәтижелі болмай отыр [[1]]. Дегенмен, «жаһандану заманына бөтеннің дағдарысы деген ұғым болмайды, ол ең алдымен көрші елдерді де қамтып кетеді. Сыбайластық жалыны бір мемлекеттен соң екіншісін аяусыз шарпиды, кей елдердің бақуатын (благостояние) бұзып, кедейшілік жағдайдағы елдерді одан әрі құрдымға итермелейді» [[2]].

Соған қарамастан, жекелеген шетелдердің сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша жағымды практикасы мен осындай қылмыстардың ауқымын тарылтуға байланысты құқықтық механизмдер қалыптастырғанын көруге болады. Әсіресе, Дания, Швеция, Жаңа Зеландия, Сингапур, Финляндия, Швейцария, Исландия, Нидерланды, Австралия, Канада, Люксембург, Австрия, Гонконг, Германия, Норвегия, Ирландия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония [[3]]. Бұл мемлекеттер сыбайлас жемқорлықпен күресте белгілі бір жетістіктерге жетті. Бұл елдердің практикада жеткен жағымды жетістіктері біздің еліміз үшін де ішінара болса да тиімді болуы мүмкін.

Әсіресе соңғы кездері еліміздің басшысы да айтып жүргендей, Сингапур, Оңтүстік Корея, АҚШ сияқты елдердің сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тәжірибесі біздің көпұлтты еліміздің мемлекеттік органдарында осындай қылмыстармен күресуде қолдануға жарарлықтай деңгейде. 

Біріншіден, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке сырттай да іштей де төнген қатер ретінде бағаланады. Сыбайлас жемқорлықтың саяси түрі (елдегі саяси жағдайдың ырқынан шығып кетіп, демократиялық институттарға қатер төндіріп, билік тармақтарының тепе-теңдігін бұзуға әкеледі) және экономикалық түрі (елдегі нарықтық институттардың тиімділігін төмендетеді) нақты ажыратылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілерін салыстырып көрейік:

Мемлекет

Нормативтік-құқықтық акт атауы

Қабылдау күні

Антикоррупциялық орган

Сингапур

Коррупцияның жолын кесу бойынша Акт

17 июнь 1960ж.

Коррупция жағдайларын тергеу бойынша Бюро

Оңтүстік Корея

Коррупциямен күрес туралы Заң

1 январь 2002ж.

Аудит пен инспекция бойынша Комитет, Әділет Министлігі, Әкімшілік өзін өзі басқару және ішкі істер Министрлігі, Қорғаныс (Әскери прокуратура) Министрлігі, Қаржы және экономика Министрлігі, Әділетті сауда бойынша Комиссия, Салық қызметі, Ұлттық полициялық басқарма және коррупциямен күрес бойынша Комитет.

АҚШ

18 Заңдар Жинағының 11, 29, 41, 93 тараулары

 

Әділет Министрлігінің Бөлімі; ФБР

Сингапурдың тәжірибесіне сүйенсек,

Біріншіден, қоғам мүшелері мемлекеттік билікке келгенде оны табыс көзі деп емес, баю жолы деп емес, тазалық, ар намысын бірінші орынға қоюы керек;

Екіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күресті саяси лидерлардан бастап жоғары лауазымды адамдарға дейін жүргізеді, оны көпшілік қолдап алып кетеді; оны 1952 жылы құрылған Коррупция жағдайларын тергеу бойынша Бюро тұрақты түрде жүзеге асырады;

Үшіншіден, Бюро ешқандай органға тәуелсіз және ол тек елдің премьер министріне ғана тікелей есеп береді, басқа органдар мен лауазымды адамдар оның жұмысына араласа алмайды;

Төртіншіден, Бюро қандай мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа жол тез ашылатынын анықтап, одан қалай құтылуға болатын жолдарды әзірлейді;

Бесіншіден, чиновниктерге жалақысын өте қомақты етіп көтерді. Себебі, егер мемлекеттік қызметкер кәсіби болуы тиіс және материалдық жағынан қамсыздандырылған болуы тиіс деп дәйектеді. Бірнеше кезеңмен жүргізу нәтижесінде бүгінде айына $20—25 мыңға жетіп отыр [[4]].

Алтыншыдан, чиновник кәсібін тек қана жоғары жалақылы етіп қоймай, сыйлы кәсіптердің біріне айналдырды. Сингапурде мемлекеттік деңгейде меритократия принципі ұсталынады [[5]]. Яғни жоғары қарай жол тек қана ақылды, қабілетті, прогрессивті ойлайтындар алдынан ғана ашылатынын дәріптейді. Мектеп қабырғасынан бастап мемлекеттік қызметкер болуға лайықтылар таңдалып (Бюро таңдайды) әрі қарай чиновник болуына дейін көмекті мемлекет аямайды [[6]].

Сингапур да Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет. Коррупцияны ауыздықтау елдің экономикалық жағдайына да оң ықпалын береді. Қатаң заңдар, мемлекеттік қызметкерлерге сәйкес жалақы, сыбайласқан чиновниктерді жазалау, коррупциямен күресу органдарының тиімді қызметі, жоғары лауазымды басшылардың жеке үлгілері және т.б. жағдайлар кешенді түрде Сингапурдың антикоррупциялық бағдарламасының негізін құрайды. Және басқа елдерге үлгі болып, өмірдің барлық саласында кешенді түрде жүргізу ғана сыбайлас жемқорлықпен күресуге ықпал етеді деп айтуға негіз құрайды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Оңтүстік Кореяның заңнамасына талдау. Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мен Бак «Коррупция екі деңгейде болады. Жоғарғы және төменгі деігей. Ал онымен күресті жоғарыдан бастау керек». Коррупцияны жоюдың қажетті шарты саяси ерік [[7]]. Егер мемлекеттегі жоғары лауазымды адамдар жұмыста орнығуға мүдделі болса, коррупцияға қарсы тұру мүмкін болатын міндет.

Коррупцияның бір себебі бюрократия. Қол қоюды қажет ететін құжаттар санын азайту қажет. Өз өтініштерін электрондық жүйе арқылы беріп, нәтижесін электронды түрде бақылап қадағалап отыру да жетістік беретінін дәлелдеп отыр [[8]]. Өйткені, бұл электрондық жүйе қолжетімді, ашық, жеңіл, анық.

Оңтүстік Кореяның сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасы төрт бағытта жұмыс жүргізіледі: 1) превентивтік шаралар, 2) репрессивтік шаралар, 3) әкімшілік қызметінің ашықтығы, 4) жеке тұлғалар мен мемлекеттік қызмет арасындағы қатаң ынтымақтастық.

1. Превентивтік шаралар барлық әкімшілік салада мемлекеттік реттеудің әлсіреуінде. Чиновниктерді жиі ротациялау, мемлекеттік реттеуге тек қана иновник емес, оның ауданының түрғындары бірге қатысады, бюджетті қалай пайдалану керектігін әкімдіктер халықпен бірге шешеді, бір ауданның тұрғындарының өтінімдерін екінші округтың чиновнигі қабылдай береді.

2. Репрессивтік шаралар мемлекеттік органдардың чиновнигінің әрқайсысы үшін міндетті түрде қолданылады. Мэрға коррупция фактілері бойынша тікелей хабарлама бере алады. Әрбір тұрғынның үйінің пошта жәшігіне кері мекен жайға ақысы төленген конверттер жіберіліп коррупция фактілері жайлы жазып жіберуді өтінеді. Хаттарды мэр міндетті түрде өзі оқып тиісті шешім қабылданып отырады.

3. Антикоррупциялық көрсеткіштердің индексі. Әрбір әкімшілік бірліктің көрсеткіші өтінімдер мен қызмет көрсету сапысна қарай анықталды. Ол индекс ынталандырушы құрал болып табылады, адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді.

4. Жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық. Қызметкерлер «Договор о неподкупности» жасап қол қояды. Мұндай шартқа қол қою арқылы тараптар оны сақтамаған жағдайда жазаланатына да қол қояды.

Жиынтығында бұл шаралар бір - бірін толықтырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға көмегін тигізеді. Заңдық база мықты болып, антикоррупциялық орган қызметі мықты болуы шарт.

Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мүмкін болатын жағдайларын анықтап, жұмысқа тұратын азаматтардың мінездемесін жасауға көмектеседі.

Францияда коррупциямен күресуді мемлекеттік қызметтің деонтологиясы бойынша Комиссия айналысады, ол қызметкерлердің болашақ қызметке лайықтылығын бағалайды. Дегенмен Комиссия ағылшындық жүйедегі сияқты жеке сектор компанияларда карьерасын бастап мемлекеттік қызметке келетін адамдардың істерімен айналыспайды. 

Олай болса, сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу тиімділігін арттырып, белгілі бір жетістіктерге жету үшін келесі жолдарды ұстануымыз қажет:

Біріншіден, жұмыс істеудің анық және нақты әдіс тәсілдерін қалыптастыру. Көпшілік мемлекеттік органдардың шешіміне пара беру жолымен ешқандай ықпал ете алмайтынын түсінген жағдайда сыбайлас жемқорлық азаяды;

Екіншіден, лидерлар өздері жеке басымен үлгі болуы шарт, өздерінің моральдық бейнесін, беделін түсірмеуі тиіс. Саяси лидерлердің негізгі мақсаты сатылмайтындық принципіне негізделуі тиіс.

Үшіншіден, қызметке таныстық емес, жеке басындық жетістіктері арқылы тұра алатындықтарын ұғындыру. Нәтижесінде мемлекеттік қызметтің беделі артып, тек кәсіби даярлығы бар нағыз мамандар жұмысқа тұрып, істей алатындығы мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға көмектеседі.

Төртіншіден, сатып алынбайтындық принципі мен қызметіне кір келтірген адамдарды бірден жұмыстан шығару принципі бекітілуі тиіс. Жазасыз қалмайтындық принципін қатаң ұстану керек. БАҚ коррупцияның салдары туралы ашық түрде кеңінен жариялауда ролі орасан.

Бесіншіден, ар-ожданын жоғары қоятын, адал, қызметіне берілген қызметкерлерді алу мен коррупция жайлы ақпараттарды жеткізушілерді тиісті деңгейде қорғау қажет. Мемлекеттік органдар қызметін электрондық жүйеге бағындыру, қол қоюды қажет ететін құжаттар санын азайту қажет. Және заң арқылы лауазымды адамдардың табыстарын жариялап отыру жүйесін енгізу қажет.



[1] См.: А.В. Куракин, В.А. Тюрин, А.А. Савостин Международные, европейские и национальные аспекты борьбы с коррупцией в системе государственной службы РФ. С.2-3.

[2] См.: Номоконов В. А. Указ соч. Владивосток 2004. С.35.

[3] Согласно Индексу восприятия коррупции Трансперенси Интернешнл за 2008 г. http://www.transparencykazakhstan.org/UserFiles/file/CPI2008.pdf

[4] См.:  Марк Хонг. Сингапур – страна, победившая коррупцию.  2000 г. http://world.ng.ru/azimuth/2000-05-18/6_sing.html

[5] Меритократия - принцип управления, согласно которому руководящие посты должны занимать наиболее способные люди, независимо от их социального и экономического происхождения. Материал из Википедии — свободной энциклопедии

[6] См. подробнее: http://www.hbr-russia.ru/issue/31/177/

[7] См. подробнее: Номоконов В. А. России нужна стратегия борьбы с коррупцией. Чистые руки. 2000. №  4. С. 27–31.

[8] См.: Гилевская М. Анализ антикоррупционной программы Сеула. http://kiev-security.org.ua/box/4/78.shtml