История/ 1. Отечественная История
магистрант Қайырбекова
Балжан, т.ғ.д., профессор,
Х.М.Әбжанов, г.ғ.м. Бугенбаева С.С.
«Қазақ-Қытай» академиясы Қызылорда
қаласы, Қазақстан Республикасы
«ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы саяси
қуғын сүргін»
Сонымен,
қазақ халқына тәуелсіздік жеңіл жолмен келген
жоқ. XX - ғасырда
тәуелсіздікке ие болуға қазаққа екі рет
мүмкіндік туды. Осы екі мүмкіндікті де қазақ
қайраткерлері пайдаланып үлгеруге қажетті әрекеттер
жасады. Алғашқы мүмкіндікті Ә.Бөкейханов
бастаған алаш қайраткерлері билікті қолдан шығармау үшін Алашорда
үкіметін құрды. Ал екінші мүмкіндік – КСРО-ның
құлағанын пайдаланып, қазіргі тәуелсіз
Қазақстан Республикасын құруымыз. Алғашқы
мүмкіндікті күйретіп жіберген коммунистер екенін
ұмытпайық. М.Фрунзе бастаған қалың әскерді
жіберген большевиктер көсемі В.Ленин қазақтың осы
ғасырдағы алғашқы тәуелсіз мемлекетінің
дербес өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. Орталықтан
басқару жүйесі күшті болды. Кеңестік әкімшіл-әміршіл
жүйеге қарсы тұрған, осы кезеңдегі ел қамын
ойлаған зиялылар талай тар жол, тайғақ кешулерді,
қуғын-сүргін, ауыр азапты бастарынан өткізді.
Большевиктер
партиясының отаршылдық саясаты қолыңнан
билігіңді, басыңнан еркіңді алып бір қорласа,
қазақ елінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеруді, Орталық Ресейде ықпалды
және маңызды болған шараларды қайталап, сол
қалпында күштеп енгізу қателік болатындығын
айтқан зиялыларымыздың ой-пікірлері партия жолынан жаңылыс
басу ретінде сипатталып, оларға тағы тауқымет тарттырды.
20 - жылдардың
соңынан бастап партия мен Кеңес өкіметінің
идеологиялық, ұлтаралық, экономикалық саясаты
өзіне тән ғылыми тұрғыдан зерттеген, істі
оңына бастайтын, іске жарайтын заңдармен емес, партия «көсемдерінің»
нұсқауларымен жүргізіле бастады. Саяси бюродағы
айтыс-тартыс И.Сталиннің пайдасына шешілді. «Коммунистердің бірлігі
мен темірдей тәртібі жолында» деген ұранды бүркенген Сталин саясаты
азшылықтағы, алайда ақиқатты ұстанған
жандарды көнбіс көпшіліктің алдында бас идірді.
Бір
халықтың маңдайына біткен жұлдыздарын, елім, жерім
деген арыстарын содырлы саясаттың сойылымен соғып,
есеңгіретіп отыруды не деуге болады? Оны тек қана өздерін
дәріптеп, өзгені көзге ілмеген шовинизм
сырқатының сырынан іздеу керек. Бұл әдейі зымиян
саясатпен саналы түрде жасалған қастандық.
Ұлт
мүддесі алдындағы азаматтық парызды, партиялық міндет
пен қызметтен әлдеқайда биік ұстаған
ұлттық интеллигенцияның ұстанған позициясы, осы
кезеңде «сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық»,
«рысқұловшылдық» және «меңдешевшілдік»
деген тәрізді Голощекин ойлап шығарған көптеген «шылдықтар»
арқылы талқыға түсіп отырды.
Күндердің
күнінде әділдік орнайтынын, жазықсыз қараланған
ұлт зиялылары да Қазақстан тарихы төрінен
өзінің лайықты орынын алатынын большевизмге «уланған» қайраткерлер ол кезде аңғара
алмады.
Соғыстан
кейінгі интеллгенцияға қарсы сталиндік
қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды.
Түрмеге қамау, жер аудару, партия қатарынан және
қызметтен босату тәрізді жазалаулар тағы да орын алды. Ал
мұның өзі, әсіресе, қазақ интеллигенциясын
жалтақ, жасқаншақ, тіптен екіжүзді етіп
қалыптастырудың жаңа кезеңіне апарды. Бұрын
өзінің халқына қызмет ету рухында тәрбиеленген
интеллигенцияның орнына енді партияға ғана қызмет етуді
ойлайтын интеллигенцияның жаңа буыны қалыптаса бастады.
Сталинизм осылайша ұлттық интеллигенцияны рухани
тұрғыдан тоздырып жіберуге негіз қалап берді.
1937-1938
жылдардағы зиялыларға қарсы жүргізілген жаппай жазалау
саясатына және әкімшіл-әміршіл жүйенің
орнығуына байланысты олардың көбісінің есімін ауызға
алудың өзі мүмкін болмады.
Сталиндік репрессияның 20- 50 - ші жылдардағы
туындайтын тұжырымдар жүйеленіп, тақырып игерудің
тағылымдық жақтары сөз болды.
Қазақ зиялыларына
қарсы бағытталған Сталиндік қуғын - сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. 30-шы жылдары салынған
лагерьлер жүйесі 50-шы жылдары да саяси
қылмыскерлерге толы болды. «Буржуазиялық ұлтшыл»,
«космополитшыл» ретінде айыпталғандардың кейбіреулері, бас
бостандығынан айырылып лагерьлерге айдалса, басқалары
қызметтерінен төмендетілді немесе қуылды.
Осы кезеңдегі ел қамын
ойлаған зиялылар талай
тар жол, тайғақ
кешулерді,
қуғын-сүргін ауыр азапты бастарынан өткізді.
Сталиннің жендеті Ф.И.Голощекиннің
қазақ халқына көрсеткен зорлық -
зомбылығы тоталитарлық қуғын - сүргінді бастап
берді және де Голощекиннің
тікелей басшылығымен өткізілген Кіші Қазан
төңкерісі қазақ
халқының 2 млн. 340 мың адамын жер жастандырды.
Сталиннің
зорлық-зомбылықты Қазақстанға күштеп
көшіріліп әкелінген өзге
халықтар да шекті. Мұның өзі әсіресе
қазақ зиялыларын жалтақ,
жасқаншақ екі
жүзді етіп
қалыптастырудың жаңа кезеңіне апарды. Бұрын халық игілігі үшін қызмет етуді мақсат
тұтқан Ә.Бөкейханов бастаған
интеллигенттердің орнын енді партияға ғана қызмет етуді
ойлайтын интеллигенция тобы басты.
Қазақ Өлкелік
Партия Комитетінің басшысы Ф.Голощекин 1926 жылы 25-30
қарашада болып өткен Қазақ Өлкелік
Комитетінің Пленумында С.Қожановты,
С.Сәдәуқасовты
Ж.Мыңбаевтарды «Ұлтшыл уклонистер» деп қаралады. Ал,
«оңшыл» қуғындау
науқаны
басталған кезде осы ұлтшыл уклонистер
атанған
ұлттық
интеллигенция өкілдер мен оның
пікірлестері қуғын –
сүргін ұшырады. Яғни
«оңшыл» ағым Қазақстан
жайында қолдан жасалды. Ф.Голощекиннің және
оның жанындағы
сыбайластарынан
қазақтың
ұлтжанды азаматтарына
берген саяси бағасының көп
жылдар бойы ақиқаты айтылмай,
ол бұрмаланып
түсіндіріліп келді. 30 жылдардан
бастап қоғамдық пәндерде И.Сталин және
оның пікірлестерінің
жеке басына
табынушылық
мықтап нығайды. Қоғамтану ғылымдары ақиқатты
іздеудің орнына, осы
«көсемдерді»
мадақтаумен айналысты.
Қоғамдағы «Сталиндік
төңкеріс»
шаруашылық саласында капиталистік қатынастарды бір жола жойды ал идеология саласында қоғамдағы оқшау
ойлаудың қандайы болса да тыйым салды. Кеңес үкіметінің бұл
саясаты әміршілдік жүйенің мықтап орнығуына жол ашты.
ХХ ғ 20-30 жылдарындағы
қаулы - қарарларында, осы кезеңде шығып
тұратын мерзімді баспа
сөз беттерінде әртүрлі «шылдықтар» түп
деректік материалдарда
зерттеу нәтижесінде Ф.И.Голощикиннің қазақ зиялыларына
«Сәдәуқасовшылдық», «Қожановшылдық», Рысқұлдовшылдық»
т.б. «шылдықтар» атын
тағуы, оның
ұлттық билік басындағы бетке ұстар зиялыларды
қуғындау үшін ойлап
тапқан амалы екендігіне
көз жеткіземіз. Сондай – ақ
осы тұстағы баспа сөз бетіндегі көптеген авторлардың мақалаларындағы пайымдаулары нақтылы
құжаттар емес,
оларды ойдан шығарған жасанды
тұжырымдары Ф.И.Голощекин және оның
төңірегіне
топтасқан партия
белсенділерінің ойлап тауып, жікшілдік ауруын жасанды түрде қоздырудағы мақсаты: Ұлт зиялыларының жалпы ұлттық
позицияларын әлсірету әрекеті болатын.
Ф.И.Голощекиннің тікелей
басшылығымен 1929 жылы – 31,1930 жылы -82,1931 жылы -80 жалған,
«контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен 10 000 – ға тарта
қазақтың бетке тұтар
азаматтары қамауға алынды.
И.Сталин және оның
жандайшаптары неге қазақ зиялыларына қарсы болды деген сұраққа академик М.Қозыбаев
былайша жауап берген еді: «Біріншіден, олар
қазақ елін жаңа заманда қазақ ұлтының
өкілдері билеу керек деп санады. Екіншіден
қазақ мемлекеттігі совет жүйесі кұрамында өзіндік ұлттық болмысын
қалыптастыру керек деп білді. Үшіншіден, олар
кеңес үкіметіне сенді, одан өздеріне деген сенім болуын талап етті».
«Космополитшылдықпен
күрес» науқанының зардабын ұлт зиялылары шекті.
Сталиндік жеке басқа табынушылық орын алды.
Сталиншіл билік жүйесі
әсерінен ғылым - білім салаларына бақылау
орнатылды. Ғылыми интеллигенция арасында бір - бірінің жазған
еңбектеріне сыни көзбен
қарап, қателіктерін іздеу «әдетке» айналды. Саяси айыпталғандар қызметтен
қуылды, олардың өздері Сталиндік репрессияға ұшырады.
«Ұлтшыл», «космополитшыларды»
әшкерелеуде үкімет мерзімді баспасөзді
шебер пайдаланды.
1938
жылы 28-маусымда қазақ және орыс тілдеріндегі 97 кітап пен
кітапшаны таралымнан қайтарып алу, оларға тиым салу жөнінде
қаулы қабылданды ///. Олардың ішінде С.Асфендияров,
Ә.Байділдин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов,
Т.Жүргенов, Ұ.Құлымбетов, І.Құрамысов,
Н.Нұрмақов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, Т.Шонанов
және т.б. еңбектері болды.
80-жылдардың
соңына дейін 20-30-жылдардағы ұлттық зиялылардың
қоғамдық-саяси қызметіне арналған арнайы зерттеу
объектісі есебінде жазылған еңбек жоқтың қасы. Қазақстандағы
таптық қозғалысқа немесе кеңестік
құрылысқа арналған еңбектерде «ұлтшылдық»,
«сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық»,
«рысқұловшылдық» деген айдар
көп айтылды, аталмыш қайраткерлердің қызметі мен саяси
идеяларын барынша қаралап көрсетуге тырысушылық орын алды.
Алайда
тақырыптың күрделілігі бұл мәселені әлі де болса
кеңінен, тереңдете зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз. Біз,
кейінгі ұрпақ, абзал ағаларымыздың
қиын-қыстау жағдайдағы айнымас асыл ар-ожданын,
парасатын қадірлеуіміз қажет. Сондықтан да
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін жылдарын
зерттеу өте маңызды мәселе. Қазақстандағы
қуғын-сүргін жылдарының зерттелуі Кеңестік
тарихнамада әкімшіл-әміршіл жүйенің
қыспағына байланысты орын ала алмады. Тәуелсіз
Қазақстан тарихнамасында бұл мәселе елеулі орынға
ие болды. Қазақстан тарихшылары бұл тақырыпты бірнеше
бағыттарда тереңдете зерттей бастады. Алайда,
тақырыптың күрделілігі бұл мәселені әлі де
болса кеңінен, тереңдете зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның еркін,
демократиялық ел болып, басқа мемлекеттермен тең, қатар
дамуы үшін туған халқымыздың өткен тарихын
терең зерттеп, жан-жақты біліп, оны жаңа буынның
санасына сіңіру қажет. Біз өзіміздің жұмысымыз
осы үлкен нысанаға аз да болса қызмет етсе, алдыға
қойған мақсатымыз орындалды деп санаймыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:
1.
Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1999. Т. 1. – 521
б.
2.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995.
– 256 б.
3.
Қозыбаеы М. Ақтаңдақтар ақиқаты. –
Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.;
4.
Историография Казахстана: уроки истории, - Алма –Ата: Рауан, 1990. – 136
с.;
5.
Историческая наука Казахстана (40-80-е годы XX века). – Алма-Ата:
Қазақ университеті, 1992. – 143 с.
6.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. –
368 б.
|
Получатель: |
ТОО
Уралнаучкнига |
|
Почтовый
адрес: г.Уральск: |
р/с
KZ399260201133829000 |
|
ул.
Гагарина 52/1 |
УФ АО Казкомерцбанк,
БИК
KZKOKZKX |
|
БИН
050540011725, РНН 270100227586 |
МФО
194901706 |
|
Плательщик |
магистрант Қайырбекова Балжан,
т.ғ.д., профессор,
Х.М.Әбжанов,
г.ғ.м. Бугенбаева С.С. |
|
Адрес
, телефон |
|
|
Счет
№ 13768 от 2013-10-17 12:22:28 |
|||||||
|
Назначение
платежа: |
Ед.изм. |
Кол-во |
Цена |
Сумма |
|||
|
За
печать статьи магистрант Қайырбекова
Балжан, т.ғ.д.,
профессор, Х.М.Әбжанов,
г.ғ.м. Бугенбаева С.С. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы
қазақстандағы саяси қуғын сүргін |
Стр. |
8 |
500 |
4000 |
|||
|
Почтовая
доставка заказным письмом |
Штук |
1 |
500 |
500 |
|||
|
Итого |
|
|
|
4500 |
|||
|
четыре
тысячи пятьсот казахских тенге |
|
|
|
|
|||
|
Менеджер: |
|
Устименко
Е.В. |
|
||||
|
Получатель
не является плательщиком налога на добавленную стоимость Счет
является действительным в течении 60 дней с момента выписки |