Байғонова А.С., Исматов Б.А. – магистр оқытушы
ОҚМПИ
Қазақстан Республикасы
Шымкент қаласы
БОЛАШАҚ МУЗЫКА ПӘНІ
МҰҒАЛІМДЕРІН ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ
БІЛІМ БЕРУГЕ ДАЯРЛАУ.
Резюме
В данный статье
рассматриваются некоторые проблемы подготовки национального
музыкально-эстетического знания будущих
учителей музыки
Summary
In this article opened by
any problems for preparing of
national musical- esthetical knowledge’s in future
musician trainers.
Қазіргі күнгі қоғам
экономикасындағы, әлеуметтік және мәдениет
саласындағы түбегейлі өзгерістер мемлекет дамуын сипаттайды.
Осындай объективті факторлар мемлекеттен білім беру саясатының дамуы
бағыттары мен тенденцияларын айқындайды. Оның айқын
белгісі ұлттық білім беру мәселесін назардан тыс
қалмауы, бұл жаңалық емес, тарихи-әлеуметтік
құбылыс.
Яғни, қазіргі уақытта білім беру жүйесінде оқытудың
тәрбиелік және білімдік
маңызы
бұрынғыдан да арта
түсуде. Оларға «Білім туралы заң»,
«Қазақстан
Республикасында тарихи сана
қалыптастыру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік
құжаттарда да айрықша көңіл
бөлінген. Бірнеше
мәдениет
тоғысында өмір сүріп
жатқан қазақстандықтар
үшін ең басты – құндылық татулық, өзара сыйластық, осы ұстанымдарды басшылыққа ала
отырып, әр
халық өзінің ұлттық болмысын
сақтауға
құқылы [1].
Қазақ
халқының
ұлттық болмысын сақтап дамытуға білім беру
мен тәрбиенің ордасы болып
саналатын қазақ мектебінің ролі өте жоғары.
Жастарға
рухани-мәдени
тәрбие берудегі ұлттық музыкалық-эстетикалық білім
берудің
құрамдас
бөлігі ретінде мектепте
музыка пәнін оқыту
барысында
оқушылардың
бойында ізгілік құндылықтарының қалыптасу белсенділігі
күшейе түседі. Оқушының музыканы
қабылдауы, зерделеу
қабілеті мен оның
шұғыл, таралу
тарихын, оқиғасын, мазмұнын, сол туралы
айтылған пікірлерді, авторы туралы, мәліметтерді, т.б.
ұлттық музыка арқылы бойына
қалыптасу негізінде артады. Міне ұлттық
музыкалық-эстетикалық білім
беру, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу, жалпы отбасы, бала-бақша, мектептен
бастау алады.
Қазақ
ұлттық мәдениетінің келесі бір арнасы
Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес
ұлыстардың
өзіндік мәдениеті,
жазуы мен өнері болды. Көне түркі
жазуындағы
Әбу-Насыр
әл-Фарабидің
«Музыканың ұлы кітабында», Жүсіп
Баласағұнның
«Құтты білігінде», Қожа Ахмет Иассаудің «Даналық кітабында», Ахмет Иүгінекидің
«Ақыл сыйында», Сүлеймен
Бақырғанидің «Хакім
Атасында» еңбектерінде ұлттық мәдениет пен мұраттың түбегейлі
мәселелері көркем суреттелді.
Музыка – адам
жанын жарқындататын өнер. Музыканы ұғыну – оны тек
сезіммен қабылдау ғана
емес, саналы түрде түсініп қабылдау.
«Музыка - табиғаты терең, жан-жақты
сыры, әсері бар құбылыс. Оның
ерекше атап көрсеткен ойы
музыкалық әуенін
адам бойында үлкен
эмоциялық тебіреніс туғыза алатын
құдіретті күш екендігі
және оны әртүрлі мақсатта, адам баласының жанын
сауықтыруда немесе адам
тәрбиесінде
халыққа
басшылық жасап,
меңгеруде үлкен маңызды құрал бола алатынын» - Әл-Фараби музыка жайлы трактаттарында айтып өткен
[2].
Болашақ музыка пәні
мұғалімдерін
ұлттық музыкалық-эстетикалық білім беруге даярлаудың басты
мақсаты – музыкалық және эстетикалық
танымы дамыған ой-өрісі кең, рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталып отыр. Осыған
байланысты төмендегі ғалым-педагогтардың еңбектеріне
сүйенеміз.
Ұлттық білім беру мен тәрбиелеу
мәселесіне көптеген ғалымдар педагогтар, жазушылар
оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың тиімділігі туралы кезінде
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы,
С.Торайғыров, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, Т.Тәжібаев т.б, шетел ойшылдары Я.А.Коменский, Пестолоцци т.б. ал орыс ғалымдары П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский,
Л.Н.Толстой, С.П.Шацкий,
К.Д.Ушинский және т.б.
өз ойларын ортаға салып және оның
мүмкіндіктерін
өз
іс-тәжірибелерінде
кеңінен
қолданды. Этнопедагогиканы
зерттеп жаңашыл ойлар айтқан ғалымдар М.Ғабдуллин, Б.Адамбаев,
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев,
С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, К.Қожахметова т.б. орыс
ғалымдары Г.Н.Волков, Е.Г.Жирнов,
С.Д.Намсаров, Ю.А.Рузь, А.В.Салихов, М.Г.Тайчинов, Р.Е.Тимофеева, Е.Я.Христова
және т.б.
Музыкалық-эстетикалық білім жалпы
білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның
қайнар көзі музыкалық мәдениет пен
халықтардың
музыкалық ынтымақтастығында Дж.Вико, Г.Гердер, Г.Гегель, П.Я.Чадаев,
Н.Я.Данилевский, А.Н.Веселовский және т.б. өз еңбектерінде
айтып өткен.
Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі
ұлттық өзгешелігінің маңыздылығын музыканттар А.Қ.Жұбанов,
Е.Брусиловский, А.В.Затаевич, Б.Ғизатов, Р.Джердималиева, Р.К.Касенова
және т.б. шетел ғалымдары З.Кодай, К.Орф және т.б. орыс музыканттары Б.Асафьев, М.Балакирев,
М.Глинка, Н.Римский-Корсаков, А.Рубинштейн және Н.Рубинштейн,
Д.Кабалевский, Э.Б.Абдуллин, және т.б.
өз еңбектерінде қарастырған. Кейінгі
уақытта ұлттық музыкалық білім беру идеясы жақын
және алыс шет мемлекет ғалымдарымен зерттелген (И.А.Богданов,
Е.В.Бузина-Аккерман, Т.В.Еманов, Н.Ф.Зайнетдинова, Л.В.Кузнецова,
Л.Г.Ларионова, А.М.Петров, С.В.Сизинова, Т.К.Солодухина, Н.В.Строкова,
В.И.Юцневич, З.Н.Явгильдина, О.Т.Яковлева, О.Н.Яшмолкина және т.б.).
Ұлттық музыкалық-эстетикалық білімнің жеке тұлғаның үйлесімді дамуына музыкалық-эстетикалық тәрбиеге қатысты
мәселелерді А.Нұғыманова,
П.М.Момынұлы,
С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, А.А.Қалыбекова,
Ш.Б.Құлманова, Р.К.Дүйсенбінова, Р.М.Рысбекова және
басқа
ғалымдардың
зерттеулерінде
өзінің
ғылыми-теориялық
шешімін тауып, оларда ұлттық музыкамыздың (ән,күй,терме,айтыс,т.б.)
тәрбиелік мүмкіндіктерін оқу
үрдісінде пайдалану жолдары
көрсетілген.
Ғалым
зерттеушілер бала тәрбиелеудегі халықтың сан
ғасырлық бай тәжірибесіне ерекше мән бере
отырып, ғылыми-педагогикалық теорияларын өз іс-тәжірибелерінде кеңінен пайдаланды. Бошалақ музыка
пәні мұғалімдерін
ұлттық музыкалық-эстетикалық білім беруге даярлау ЖОО қабырғасынан бастау алады.
Сонымен қатар, болашақ музыка
пәні мұғалімдерін педагогикалық білім
беру ісінің дамуына, біздер әлеуметтік-мәдени, ұлттық және
геодемографиялық жағынан қарастырамыз, қазақ халқының білім
беру мен
әлеуметтік-мәдени
қажеттілігін
қамтамасыз ету жолдары
мен тетіктерін аша отырып,
болашақ жас маман иелері төмендегідей ұлттық музыкалық білім беру компоненттерін меңгереді:
-халықтың
мәдени
дәстүрлерімен
адамгершілік
құндылықтардың философиялық
мәнін танып білу;
-әлемдік музыка мәдениеті жетістіктерін
тірек ету музыкалық білім беру мен
өнер саласының әмбебеп маманы болу;
-ұлттық
музыкалық
мәдениетті
қайта жандандыруды қамтамасыз ететін
әлеуметтік-педагогикалық
әрекеттер жүйесін ойластыру;
- демократиялық бағытты ұстану;
-инновациялық ұстанымдарды кеңінен
қолдану
мақсатында ашықтық вариативтікті
жұмыс түрлерін үйлестіре алу;
- ізгілендіру, педагогикалық
білімді
тұлғалық-бағыттылық модельде
дамыту.
Жоғары оқу
орнынан кейін біліктілікті арттыру
жүйесіндегі
музыкалық-эстетикалық
білім беру ісі
республиканың
көп ұлтты халқы тұратын
халықтар
мәдениеті мен менталитетіне сүйенуі тиіс. Ұлтаралық мәдениеттің өзара әрекеттесуі
қазақ
халқы
мәдениетінің
көркейуіне септігін тигізеді.
Республикада ұлттық өнердің теориясы
мен практикасын таныстыруға барлық жағдай
жасалған, ол
дегеніміз
ұлттық
музыкалық-эстетикалық
білім беруде жүзеге асырудың
көптеген жолдары бар
екенін дәлелдейді.
Болашақ
педагог-музыканттар жоғары оқу
орнынан кейін біліктілікті үздіксіз
арттыру
қағидаларын
тірек етеді, ал ол
музыкалық-эстетикалық
білім беру жүйесінің мәнін айқындайды.
Ұлт
өзгешелігін сараптау әрекеті халық
мәдениеті даму заңдылықтарына бағынышты. Тәрбиелеу жүйесі, халықтың ұлттық мәдениетінде
құрылса, оның
әдеп-ғұрпы
мен дәстүрлері қазіргі заман білім беру
ісіне бағыттау тұлға құлдырауынан
сақтап,
рухани-адамгершілікке
және әлеуметтік дамуын
қуаттандырады.
Болашақ педагог-музыкант тәжірибе барысында төмендегідей қажетті қағиданы ұстануы тиіс;
-ұлттық музыкалық мәдениеті
негіздерінен жалпы адамзат
құндылықтары
мен білім беру
мазмұнын
өзгертіп жатқан әлеуметтік-экономикалық жақындату мен балалар және жасөспірімдердің
мәдени өмірі жағдайына жақындату;
- өмір
сүру ортасын ескеру, ұлттық мәдениет дәстүрлерін,
жастар ортасы ахуалын, отбасы әдет-ғұрыптарын, дәстүрлі
педагогика
ұстанымдарын ескеру;
- дамып келе
жатқан адамды тұлға деп тану,
оның өзгешелігі мен
өзіндік белгілерін қадірлеу, музыкалық-эстетикалық білім
беру;
-жаңа тарих
талаптарына жауап беретін
ұлттық
музыкалық
мәдениетпен білім беру
теориялық
мәселелерін
қарастыру;
-ұлттық музыкалық-педагогикалық білім беру жүйесінде халықтың мәдени-музыкалық негіздерін тану;
-этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында
ұлттық
музыкалық мәдениет саласында
әдістемелік зерттеу жұмыстарын кеңейту;
-ұлттық музыкалық білім беру теориясымен практика
жетістіктерін пайдалану;
-музыка бойынша
қазіргі білім беру
технологиясын
меңгеруде
ұлттық
музыкалық өнерімен мәдени ортаның
ерекшеліктерін ескере отырып
қолдану;
-ұлттық жалпы
білім беретін мектептерінде музыкалық
фольклор
дәстүрлерін
негізіне
құралған, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру ісі тиімділігін арттыратын
ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Сонымен қатар, болашақ
педагог-музыканттардың
біліктілігін арттыру ісі, кәсіби білім мен
дағдылар мен қатар оларға
психологиялық
даярлық ой ұшқырлығы, тұлғалық сапа
қасиеттер, кәсіби
жұмысында шығармашылық потенциалын көрсете алу. Өйткені, қазіргі
күн әлеуметтік талаптары
кәсіби табыстың жұмыс істейтін нарықты қатынастың бәсекелестігіне дайын, кәсіби маман ретінде шешім
қабылдай алатын шығармашыл қызметкер болу. Біліктілікті арттыру
ісінің
педагог-музыканттың
кәсіби
құзіреттілігін
дамытуға
бағытталуы міндетті түрде бұл
үрдісті жетілдіреді,
әрине педагогика ғылымы мен тәжірибесін пайдалана
отырып, нақты
біліктілікті арттыру ісінің белсенді
формаларын кеңейту арқылы және
өзбетінше білімді тереңдету, кеңейту (интернет, қашықтықтан оқыту) түрлерін
қолдану арқылы, өз мезгілінде педагог-музыканттың біліктілігін арттыруда
инновациялық
ұстанымдарды
қолданатынын
көрсетеді.
Музыка мұғалімінің қазіргі технологияларды
меңгеруі де
өте маңызды,
өйткені, олар пән беделін
көтеріп, жұмысты
түрлендіруге, өзін-өзі тануға шығармашылық көрсетуге таптырмас
құрал болады.
Е.Л.Фейнберг, «компютеризациялау интеллектуальды іс-әрекетін
жаратылыстану ғылым ортасы
мен ізгілендіру,
ғылым мен өнер
салаларын құрылымдық тұрғыда
жақындаттырады» - деді.
Компютеризация адам іс-әрекетінің барлық саласын
қамтыған. Бұл
әдістемені музыка сабағында қолдану
оқушылар
қызығушылығын
тек нығайта түсері анық.
Бұған қоса, музыка мұғалімі
түсінуі тиіс, оның
жалпы дамуы, интеллектуальдылығы,
рухани сапа қасиеттері, кәсібилігі, оқушылардың
«музыка» пәнін жақсы көруіне
ықпал етеді.
Жоғарыда айтылып өткендей, ұлттық
музыкалық-эстетикалық
білім беру нәтижесі тікелей
осыған байланысты.
Қорыта келе, болашақ
музыка пәні мұғалімдерін ұлттық
музыкалық-эстетикалық
білім беруге даярлаудың арқасында, халық шығармашылығымен музыкалық дәстүрлерге деген
құнттылық
қатынаста жұмыс жасалады. Бұл, болашақ музыка пәні
мұғалімдерін ұлттық
мәдениеттің
тәрбиелік мәнін ардақтауына, этнопедагогикалық дәстүрлерді қазіргі таңда
ұлттық
музыкалық-эстетикалық
білім беруде қолдану мүмкіндіктерін
танытады. Оның
бастауы болған музыкалық тәрбие
берудің
этнопедагогикалық
негіздері, оның
мәні халық даналығы, философиялық және
қазақ
халқының
дүниетанымдылық
көзқарасы, шындықты
шығармашылықпен
жаңалау, өзгерту
халықтың
құнды
бағыттылығында.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Қазақстан
Респуубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.М.Гумилев
Атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде оқыған дәрісі.: «Инновациялар мен
оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы». Астана – 2006ж.
2. Б. Тоғысбаев
«Тарихи тұлғалар» Алматы.,
Кітап.2006.- 106б.