Ұрпақ тәрбиесі
– ұлағатты іс
Мектеп –
адамзат өркениетінің ең қажетті рухани
құндылықтарының бірі. Егемен еліміздің
ертеңгі болашағы, тірегі болатын жас ұрпақты
тәрбиелеу жолында бүгінгі мектепке қойылар міндет аз емес.
Сол міндеттердің бірі – балаларды бағыныштылықтан,
құлдық психологиядан арылту, өз позициясы бар, өз
намысын қорғай алатын елжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Осы мақсатта өзінің ширек ғасырдан астам ұзтаздық
еңбек жолында ерінбей-жалықпай, үнемі ізденіс үстінде
еңбек етіп келе жатқан
білікті ұзтаздардың бірі – Ақмола облысы Степногорск
қаласындағы
№5 мектеп-лицейінің
қазақ тілімен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Киршимова Нұршаш Құрмашқызы.
Шәкірттерін
халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани
мәдениетімен, көркем әдебиетімен таныстыра отырып,
олардың адамгершілік-эстетикалық мұраттарын, көркемдік
талғамын, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру
мақсатында оқытудың инновациялық технологияларын
өз тәжірибесінде тиімді қолдануда. Өз
тәжірибесінде тұрақты ұстанатыны – СТО жобасы.
Бағдарламаның қызығушылықты ояту, мағынаны
тану, ой-толғаныс сатыларының мәніне қарай
стратегияларын да сол кезеңге сәйкес қолданады. «Бұл
технологияның тиімділігін мен сабақ үрдісіндегі кенет
туған өзгерістерден, серпілістерден байқадым.
Оқушыларымның пәнге қызығушылығы,
шығармашылық және ғылыми ізденістері артты. Сол себепті
өзім сабақ беретін сыныптарда СТО бағдарламасын
тұрақты қолданып жүрмін», -деп сыр бөліседі
ұстаз.
Сыныптағы
шәкірттер деңгейі бірдей емес. Осы мақсатқа орай
Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясын да
басшылыққа алуда. Шәкірттерге деңгейлік тапсырмалар
беру арқылы дамыта оқыту идеясын жүзеге асырады.
Болашақтың тірегі болатын жеке тұлғаны
қалыптастырудың жолы – оны жан-жақты дамыту. Ұстаз
тарапынан атқарылып жатқан істердің бәрі де егеменді
еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеу
жолындағы жемісті еңбектердің бір ұшқыны деуге
болады.
Әдебиет
сабағында оқушының шығармашылық қабілетін
арттыру үшін әдеби айтыстар, дискуссиялық ойындар, зияткерлік
сайыстарды жиі өткізеді. Осындай шығармашылық еңбектің
арқасында дарынды тұлға қалыптасатыны сөзсіз.
Шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық
байқауларда жүлделі орындарға ие болуда. 2003 жылы 10-сынып
оқушысы Жексекеева Радмира қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен республикалық олимпиадада ІІІ орын,
2005 жылы 11-сынып оқушысы
Шапауова Жансая тілтану саласы бойынша
республикалық ғылыми жобалар жарысында ІІ орын, 2007
жылы 10-сынып оқушысы
Жолдаяқова Айман республикалық пән олимпиадасында ІІІ орын
иегерлері атанды. Шәкірттері Аюпова Әдел, Жексекеева Радмира,
Канафин Дамир – қалалық, облыстық мәнерлеп оқу
байқауларының жеңімпаздары.
Оқушы
шығармашылығының қайнар көзі мұғалім
шығармашылығы екені сөзсіз. Шәкірттерімен қатар
ұстаз өзі де шығармашылық белестерге жетті. Оның
дәлелі 2000 жылы Қарағанды қаласында өткен
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің республикалық олимпиадасында ІІІ
орынға ие болып, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атанды.
2004 жылы дарынды балаларға арналған оқу-әдістеме
жұмысын ұйымдастырудағы республикалық үздік
жобалар байқауында авторлық «Сәкентану»
жоба-бағдарламасын қорғап, ІІІ орынға ие болды. Осы
бағдарлама бойынша өзі еңбек етіп жүрген Сәкен
атындағы мектеп-лицей жұмыс істеуде. Тәжірибе қала,
облыс көлемінде таратылды. Бүгінде мұғалімдердің
облыстық білім жетілдіру институты ұйымдастырған курстарда
өз тәжірибесі бойынша облыс мұғалімдері алдында
дәріс оқуда.
Нұршаш
Құрмашқызы еңбек ететін №5 қазақ
мектеп-лицейі Степногорск қалалық оқу бөліміне
қарасты қазақ мектептерінің қазақ тілі мен
әдебиет пәнін оқытудағы базалақ мектеп болып
табылады. Ұстаз қалалық қазақ тілі мен
әдебиет бірлестігінде жетекшілік етеді. Ол жетекшілік ететін
қалалық әдістемедегі ұстаздар ұжымы қала,
облыс көлемінде теориялық және әдістемелік шаралар
бойынша игі жетістіктерге жетуде. Оның
дәлелі - үстіміздегі
жылы қалалық білім бөлімі ұйымдастырған
қалалық әдістемелік бірлестіктер жарысында қазақ тілі мен әдебиет
бірлестігі өзіндік деңгейін жақсы көрсете білуі.
«Ұстаздық ету – уақыт ұту
емес, өзгенің уақытын аялау, өз уақытыңды
аямау»,-деп
француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, егемен еліміздің
ертеңгі болашағын тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек етіп
келе жатқан ұлағатты ұстаз ерен еңбегінің
арқасында шәкірт, ұжым, ата-ана арасында биік бедел, зор
абыройға ие.