Алшынбаева Ж.Е., аға оқытушы
Қанатқызы А., КО-10-2 топ студенті
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университеті
Қарағанды қаласы
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еліміздің
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның
отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі
жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі
орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып
табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын
сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса
жауапты да қадірменді парызы» - деген еді [1]. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен
туындайды. Еліміз егемендік
алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм
болды.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің
тәуелсіздігімізбен қоса туған
жаңа сөз болып, еліміздегі
саяси - әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін
көрсетеді. Елімізде жүзден
аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі
өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан
былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені
болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы
Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның
тәуелсіздігін қорғауға және материалдық
байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті
қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті
өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл
ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ,
ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен
тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм -
Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік,
өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау,
ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің
өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына
кірсе керек. Патриотизм идеясының
дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты.
Цицерон Отанға
деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. «Ең мәртебелі ой - толғамдар Отанның
игілігі жайында болмақ», - дейді Цицерон «Мемлекет туралы диалогінде» [2].
Бүгінгідей
демократиялық бағыт ұстанып отырған
қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне,
отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған
жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты
мәселелердің бірі екені даусыз.
Студенттерді
патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген
ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен
тікелей жоғары оқу орнының практикасындағы оқытушылардың
іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз жоғары
оқу орындарында патриотизмге тәрбилеу -студенттердің
нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру,
оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық.
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін
естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір студентте
патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау
алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан оқытушылар
өз қызметінде біріншіден терең патриотизм - Отанға,
Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік;
екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және
насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да
халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен
үндесіп жатуы тиіс. Осы бағытта Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінде студенттер тәрбиесінің кешенді
бағдарламасы әзірленген, оның құрамдас
бөлігі - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев тұлғасының өнегесінде
студенттерге отаншылдық тәрбие беру бағдарламасы болып
табылады. Аталған
бағдарлама теориялық, құқықтық
негіздеуден және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру
бойынша ұсыныстардан тұрады [2].
Тәрбие
жұмысының әр түрлі түрлері, соның ішінде
куратор сағаттары, «дөңгелек үстелдер», баяндамалар мен
рефераттар конкурстары, пікірталастар, диспут және т.б. пайдаланылады.
Студенттердің тәрбиелік шаралар барысында алған
ақпаратын өз тұлғаларының
дүниетанымдық көзқарасына айналдыру қажет.
Демек
патриотизм - қоғамдық сананың бір формасы, ол
қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға
түседі. «Қоғамда Қазақстан - біздің
Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе
кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір
екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет [3].
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық
тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы». ҚР Президентінің Жарлығы Астана,
Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. № 200
2. А.Құсайынов
Білім және Реформа, Алматы 2006 ж.
3. «Қазақстан Республикасы Президенті
тұлғасының қазақстандық отаншылдықты
қалыптастырудағы ролі», Қарағанды 2009 ж.