п.ғ.м.Медиева
С.Х., п.ғ.м. Әсетова.Ж.Б.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Сәбитова
Г.Ж.
№86 Жалпы білім беретін орта мектебі
Дамыта оқыту технологияcының жеке тұлғаның
дамуына әсері
Оқытудың, тәрбиелеудің
мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына
сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге
бағытталған тың әдіс - тәсілдер жасалуда.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп,
білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары
дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық
әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу
қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой
өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін
өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке
тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал
ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда
оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып,
талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге,
оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім
берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен
тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін,
жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын,
нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік
даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог -
зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту
үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны
ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде
жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу
оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып
оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар
дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан
әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту»
технологиясындағы сабақтың құрылымын,
әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. [1]
Дамыта оқыту технологиясы- күрделі құрылымды,
біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде
әр оқушының өзін ‑ өзі өзгертуші
субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында
соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың
дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген
мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі
факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында
қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері
тәлім- тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты
оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі
психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз
қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға
болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа
да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның
толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік
жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты
баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің
өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол
үшін тұлғаның дамуынкөздейтін білім беру
үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен
амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. [3]
Еліміздегі өзгерістер,
қайта жаңғырулар білім беру жүйесің мазмұны
байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мүмкіндігін
туғызды. Білімді жеке тұлғаға бағыттау,
оның қабілетін, дарынын дамыту, яғни жан-жақты
дамыған рухани бай тұлғаны қалыптастыру үлкен
мақсаттар жүктеп отыр. Білім мазұнын жетілдіру үрдісі
суденттерге білімді өздігінен меңгертудің
әдіс-тәсілдерін игертуді, оның дамытушылық
жақтарына басымдылық беруді қарастырады.
Дамыта оқыту- күрделі құрылымды,
біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде
әр студенттің өзін-өзі өзгер-туші субъект
дәрежесіне көтерілуі көз-деліп, оқыту барысында
соған лайық жағ-дайлар жасалады. Дамыта оқытудың
дәс-түрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген
мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі
факторларында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу
белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің
мүшелерінің әрекеттестік ерекшелігінде, олардың
қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру
түрлерінде, т.б. Дамыта оқытудың пәнаралық
байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар
арқылы тіл дамыту үрдісіндегі орны ерекше. Дамыта оқыту –
дәстүрлі оқытуға мүлдем қарама –
қарсы альтернативті оқыту түрі.
Атап айтқанда, В.В. Ворнов педагогикалық технология –
бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын
жаңа бағыт десе, В.М. Шепель технология ‑ өнер,
шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы дайдың өзгеруі дейді. Ал М.
Чошанов технология – бұл дидактикалық жүйенің
құрамды бөлігі деп есептейді, Б.Т. Лихачев
педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір
мақсат көздей әсер ететін педагогикалық нәтижеге
жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді
және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін
механикалық құрылым емес, қайта бала мен
мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара
қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды
ұйымдастырушы құрылымы деп қарастырады [2].
Дамыта оқытудың негізін салушылардың
басында тұрған В.В. Давыдов, Д.Б. Элькониндер оның ерекше
тиімділігін баланың білімді өз бетімен алуы, оның ізгілік
бағыты, іс-әрекеттегі шығар-машылық,
өнерпаздықпен түсіндіреді.
Дамыта оқыту жеке тұлғаның
ойлауын, таны-мын, есте сақтау қабілетін, эмоциясын, сезімін, жан
дүниесін, тілін, ерік- қайраты, мінезін, дарынын дамытуға
бағытталады. Ойлаудың өзін ғалымдар өнімді -
өнімсіз, шығармашылық-шығармашылық емес деп
бөледі. Ал дамыта оқыту тұлғаның
шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Дамыта
оқытуды негізге алған пәнаралық байланыстағы
шығармашылық жұмыстарда оқушы -мұғалім іс -
әрекеті төмендегідей болып келеді. Ол дәстүрлі
оқытудағы мұғалім- оқушы қарым
–қатынастарынан мүлдем бөлек.
1 – кесте. Оқушы –
мұғалім іс- әрекеті.
Оқушы іс - әрекеті
Мұғалім іс - әрекеті
1. Проблеманы шешуші. Өнім
жасаушы.
2. әртүрлі әдіс –
тәсілдер арқылы іздеуші, табушы.
3. Өз өнімін ортаға
салушы, ұжыммен қарым-қатынасқа түсуші (жоба,
модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы).
4. Керегінде мұғалімді де
пікір таласына шақырушы.
5. Өз еңбегін саралаушы,
қорытындылаушы.
Сабақта дамыта оқыту техно-логиясын пайдаланудың тиімді
жағы оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру, яғни
ақыл- ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа
тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын
қалыптастырады. Оқушыларды шығармашылық
жұмыстарға баулап, олардың белсенділігі мен дербестігін,
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады [4].
Қорыта келе дмыта оқытуда оқушылардың пікір
жазып үйренуі үлкен рөл атқарады. Оқыған
әңгіме, мақала, баяндама, реферат түрлеріне пікір
жазуға үйретуде оқытушы түрлі
әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануы қажет.
Оқушылардың қабылдауын, ойлануын, қиялдануын,
сөйлеуін дамытуға тікелей бағыттауда шығармашылық
жұмыстың бұл түрі үлкен ізденісті,
еңбектенуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.
Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. “Бастауыш оқудың
тиімділігін
арттыру”: Алматы-1975
2. Айдосова
З. “Дамыта оқыту технологиясының мәселелері
”(қазақ тілі
мен әдебиеті).- 2004
3. Бастауыш
мектеп әдістемесі. Алматы.- 1987
4. Эльконин-Давыдов «Дамыта
оқыту технологиясы
Педагогикалық шығармалар, 1998 ж