Кәсіпорындардың
қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың
экономикалық механизмін жетілдіру
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университеті «Қаржы» кафедрасының аға
оқытушысы
«Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Тулегожаева А. А.
Кез келген ғылыми жұмыс зерттеу пәнінің
қалыптасу және даму тарихын зерттеуден, зерттеудің
мақсаты мен міндеттерін қою мен оны шешудің әртүрлі
пікірлері мен тәсілдері келтірілген арнайы әдебиет пен
кезеңдік басылымдармен танысудан басталады.
« Қаржы ресурстары » мен «
капитал» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде
және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік
бойынша нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық
аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы
механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп
соқтырады. Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып
отырған категорияларды талқылаудың біріңғай
жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы орайда біз қаржы ресурстарының
анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап көреміз.
Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты
беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық
артықшылықтарға тоқталамыз.
«Қаржы ресурстары» категориясына бір мәнді және негізделген
талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы
қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы
ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның
қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін
анықтауды білдіреді. Қаржы ресурстары категориясын қарастыру
кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын
экономикасы және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде
қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы
ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі.
Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын анықтау кезінде
негізгі кезең ретінде олардың айналыс шегін немесе
нақтырақ айтқан кезде - олар объектісі болып саналатын,
басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына:
мемлекеттің жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен
мекемемелердің қаржы ресурстарын және т.б.
жатқызуға болады.
Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар
ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық
қоғамдық өнім қаржы ресурстарын
қалыптастырудың жалғыз қайнар көзі болып
табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай, елдің
экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі
ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де
қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары
құрылған құнның ақшалай формасын
бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде
қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі
формалары ерекешеленеді. Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік
заңдылық пен үкіметтің атқарушы және
басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады.
Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект -
меншік иесі болып табылады.
Корпорацияның қаржы
ресурстарының құралуының қайнар көздеріне
ол төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға
корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация,
істен шыққан мүлікті өткізуден түскен
түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар
жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар -
бұл меншікті акцияны және облигацияны және басқалай
құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта
бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар -
бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан,
салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай
жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Қаржы ресурстары -
кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы
- несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды
материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс
шығындарын жүзеге асыруға бағытталған
ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру
толығырақ болады.
Кәсіпорындардың
қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті
қаражаттарының, оның кірісінің құралуы,
шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз
қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда
болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму
мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан
кезде пайда болады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды
ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір
сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән. Қаржы
ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін
қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып
табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды
ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
1. қаржы ресурстарының құрамы мен
құрылымы;
2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын
қаржы ресурстары;
3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген
қажеттіліктерін белгілеу;
4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес
мақсатты пайдалану;
5. қаржы ресурстарының сақталуы;
Біздің
пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең
қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып
табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте
отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін
форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым
қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі,
тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың
кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін
нақты айқындау керек. Кәсіпорынның дамуына
бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен
түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және
қаржылық қызметтердің барлық түрінен
алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай
жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық
және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару
және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар;
басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері
(облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды
қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың,
ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген
қайтарымсыз жарналары).
Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға
қажетті өнім өндірісін үлкен шығындармен
шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты
тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете
алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз
етілмеген. Оларға коммуналдық тұрғын үй,
жолаушылар транспорты, ауыл шаруашылығы және бюджеттен ассигнация
алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен
қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін
қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да
тән және олар өнімді өткізуден түскен
қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Қаржылық жоспарлау - бұл
кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның
барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының
шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық
жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты
әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық
жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты
әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы
мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне
кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты
әртүрлі мән берілуі мүмкін.
·
Бюджет
экономикалық болжау ретінде.
·
Бюджет
экономикалық болжау ретінде.
·
Бюджеттік
тапсырманың қойылу негізі.
·
Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы
ретінде.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның
көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда
басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар
осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі
кәсіпорындарда бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша
жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені
өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б.
салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде
шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде болашақта
жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорындарда қаржылық ресурстарды жоспарлау туралы
әдебиеттерде бюджеттерді (жоспар) құру бойынша
жұмыстарды ұйымдастырудың екі сызбасын ерекшелейді: break-down
тәсілі бойынша (жоғарыдан төменге) және build-up
(төменнен жоғарыға).Break-down тәсілі бойынша бюджетті
құру бойынша жұмыстар «жоғарыдан» басталады, яғни
кәсіпорынның басшылығы мақсаттар мен тапсырмаларды,
оның ішінде пайда бойынша жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды.
Осыдан кейін көрсеткіштер бөлшекті түрде,
кәсіпорынның құрылымының төменгі
деңгейлеріне қозғалуы дәрежесіне байланысты
бөлімшелердің жоспарларына қосылады. Build-up тәсілінде
керісінше. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген
өткізу бөлімшелері бастайды және осыдан кейін
кәсіпорынның өткізу бөлімінің басшысы осы
көрсеткіштерді біріңғай бюджетке (жоспарға)
жинақтайды, ал ол осыдан кейін кәсіпорынның жалпы
бюджетінің (жоспарының) құрамдас бөлігі болуы
мүмкін. Break-down және build-up тәсілдері екі
қарама-қарсы тенденцияны көрсетеді. Тәжірибеде осы
тәсілдердің тек біреуін ғана пайдаланған дұрыс.
Бюджетті жоспарлау мен құрастыру әртүрлі
бөлімшелердің бюджеттерін координациялауды үнемі жүзеге
асыруды қажет ететін ағымды процесс.
Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық
облыста жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның
қызметінің пайдалылығы (тімділігі) мен қаржылық
жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет (жоспар) пен қаржылық
жоспар (бюджет) ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық
элементтері болып табылады.Сапалы жоспарлау керекті қорларды
уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі
бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны
ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін
олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі
қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк
займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге
ғана арқа сүйеуге болмайды. Бөлшекті түрде,
уақытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып
тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары
болғанда қарыз алмау және т.б.
Теориялық мәліметтерді
шындау негізінде мысал ретінде мақта өңдеу
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды
ұйымдастырудың талдауы қарастырылады. Оның ішінде басты
назар аударатын нәрсе кәсіпорынның қаржы ресурстарын
қалыптастырудың қайнар көздерін талдау жүзеге
асырылады.
Қаржы ресурстарының құрылымы
олардың түсу қайнар көздері бойынша анықталады.
Кәсіпорын деңгейінде қаржы ресурстары көп жағдайда
меншікті қайнар көздер - жалпы кіріс пен амортизация арқылы
анықталады. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және
пайдалану екі формада жүргізілуі мүмкін: қор және
қорлық емес.
Өзінің функционалдық тағайындалуына байланысты
орталықтандырылған қаржы ресурстарын
қалыптастырудың негізгі қайнар көзі -
ұлттық кіріс еңбек ақы төлеу қоры мен
қоғамның таза кірісіне бөлінеді.
Еңбекақы төлеу қаржы ресурстарын
қалыптастырудың элементі ретінде қатысады.
Қаржының қызметі процесінде еңбекақы қайта
бөлінеді және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін тартылады. Қайта бөлу
формалары ретінде салықтар, бюджеттен тыс мемлекеттік
қорларға төлемдер, мүліктік, зейнетақы және
жеке сақтандыру қорларына ерікті жарналар қатысады. Таза
кіріс толығымен, бірақ әртүрлі формада қаржы
ресурстарының құрамына енеді. Таза кірістің
барлық құрамдас бөліктері әртүрлі
қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға пайдаланылады және қаржы
ресурсының түрі болып есептелінеді.
Жиынтық қоғамдық өніммен бірге
орталықтандырылған қаржы ресурсының қайнар
көзі ретінде ұлттық байлық та қатысады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының ұлттық байлық
есебінен қалыптасатын негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:
амортизация, істен шыққан мүлікті сатудан түскен
түсім, тұрақты пассивтер, әртүрлі мақсатты
түсімдер және т.б. Амортизациялық аударымдар белгілі
уақытта айналымнан кетеді және сол уақытта айналым
қорлары аванстала отырып үнемі өнідірісте болады. Осы
себептерге байланысты кәсіпорынның айналым капиталы қаржы
ресурсы ретінде қарастырылмайды. Бірақ
өндірістік-қаржылық қызмет нәтижесінде белгілі
жағдайда кәсіпорында меншікті айналым қаражаттарының
артық көлемі қалуы мүмкін, олар
кәсіпорынның өтеулі қаражаттарының (айналым
капиталы) жетіспеушілігін жабуға бағытталады. Меншікті айналым
қаражаттарының артық көлемі айналымнан босаған
қаражаттарды көрсетеді және қаржы ресурсының бір
түрі болып саналады.
Экономикалық тұрғыдан кәсіпорынның қаржы
ресурстарын біздің пікіріміз бойынша негізгі үш топқа
бөлу дұрыс болады:
Меншікті және
оларға теңестірілген қаражаттар есебінен
қалыптасқан қаржы ресурстарына төмендегілер жатады:
Қаржы нарығында
мобилизацияланған ресурстар меншікті акцияларды, облигацияларды
және құнды қағаздардың басқалай
түрлерін сату, сонымен қатар несие инвестициялары есебінен
қалыптасады.
Қайта бөлу есебінен түскен ресурстар - бұл пайда
болған тәуекелдерді сақтандыру есебінен жабу, басқа
эмитенттердің құнды қағаздары бойынша дивиденттер
мен пайыздар, бюджеттік субсудиялар мен ресурстардың басқалай
түрлері.Енді қаржы ресурстарын құрайтын элементтерді
жеке – жеке қарастырып көрейік.
Жалпы кіріс. Өндірістік категория ретінде жалпы
кіріс - жалпы өнімнің өндіріс процесінде
тұтынылған бөлігін шегергендегі бөлігі. Жалпы
өнімнің осы бөлігінің ақшалай формада
сипатталған құны - жалпы кіріс қаржы категориясы
ретінде сипатталады. Қаржы категориясы ретінде жалпы кірістің
мәнін анықтау кезінде оның өнімді өткізу
процесінде түсімнің бұрын жүзеге асырылған
еңбек шығындарынан асуы ретінде ақшалай сипатқа енетін,
еңбекпен қайта құрылған құн екендігін
айта кеткен жөн.Жалпы кірістен қосылған құн
сияқты ақшалай категорияны ерекшелеу еңбекті керекті
және қосымша деп бөлумен байланысты. Қосылған
өнім - кәсіпорындарда жұмысшылардың қосымша
еңбегі арқылы құралған және қоғамның
таза кірісі ретінде болатын өнім. Қосымша өнім екі формада
болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша
қатынасы жағдайында қосымша өнімнің
құны ақшалай формада өткізіледі және жеке
қаржы категориясы болатын ақшалай жинаққа айналады.
Қоғамның таза кірісінің осы категориясының ерекше
белгісі - оның бөлу айырмашылығында. Ақшалай
жинақтардың өмір сүруінінің негізгі формалары:
пайда, қосылған құн салығы, әлеуметтік
және медициналық аударулар және т.б. Осыған байланысты
жалпы кіріс жан жақты көрсеткіш және кәсіпорынның
меншікті қаржы ресурстарының қалыптасу элементі болып
саналады олар қаржылық міндеттемелерді орындауға,
кеңейтілген қайта өндіріс пен жұмысшыларды
экономикалық ынталандыру шығындарын жүзеге асыруға
арналған.Өткізуден түскен түсім өнім
(жұмыс, қызмет) өндірісіне жұмсалған
шығындардың орнын толтырудың, ақшалай қаражаттар
қорын құрудың негізгі қайнар көзі болып
саналады, оның дер кезінде түсуі қаражаттардың
айналымының үздіксіздігін, кәсіпорынның қызмет
процесінің үздіксізідігін қамтамасыз етеді. Түсімдердің
дер кезінде түспеуі қызметтегі іркілістерге, пайданың
төмендеуіне, келісім міндеттемелерін бұзуға, айыппұл
санкцияларына әкеледі. Баланс активтерінің құрамы мен
құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның
барлық мүліктерінің және оның жекеленген
түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему
мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды
элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің
нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және
оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы
құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың
рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
1 кесте мәліметтерінен активтердің
нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2008
жылы 176806 мың. теңгеге, 2009 жылы 503687 мың. теңгеге,
немесе 11,6 %-ке, 29.7 %-ке, артқандығын көретін
болсақ, ал 2010 жылы -965715 теңгеге -43.8 %-ке кемейгенін
көріп тұрмыз. Бұл кәсіпорынның 2008 және
2009 жылдары әрі қарайғы дамуын көрсететіндігін,
оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды, ал 2010
жылы болса бұл көрсеткіштің құлдырағанын
көрсетіп отыр. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай
таратылғанын және есепті жылдарда неге кебірек көңіл
бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорыннын өндірістік
потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын
және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу
деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен
кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін
анықтау қажет, бұл мәселе бойынша түрлі
көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның
құнына негізгі құралдардың, өндірістік
қорлардың, аяқталмаған өндірістің
құндары қосылады.
Анықтайтын активтер құрамына
жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған
күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны
қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып
жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды.
"Шаруашылық тәжірибесінін мәліметтері негізінде,
өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің
келесі шегі, яғни К„ > 0,5 қалыпты болып есептеледі" деп
жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні
ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған
жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі
қызметінің қаржылық нәтижелері. Екінші
әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын
активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға
мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы
мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз
қаражаттарын тартқан жөн.
Екінші әдістеме бойынша анықталған
өндірісті потенциал құны біз талдау жүргізіп
отырған кәсіпорындарда 2008 жылда - 612602 мың теңгені
2009 жылда 190086 мың теңгені құрайды, яғни
422516 мың теңгеге немесе 68.97 %-ға кемейген, ал 2010 жылда
- 190086 мың теңгені 2011 жылда 13965 мың теңгені
құрайды, яғни 17121 мың теңгеге немесе 9,0
%-ға кемейген, ал соңғы 2010 жылда - 13965 мың
теңгені 2011 жылда 619561 мың теңгені құрайды,
яғни 605596 мың теңгеге немесе 48,36 %-ға әскен.
Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік
потенциал үлесі есепті 2009 жылы 35,34 пунктке кемігенмен 4,98 %-ды
құрады, бұл өндірістік мақсаттағы
мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.
Кесте1.
ЖШС “ Мақта “ кәсіпорындағы 2008 - 2011
жылдардағы баланс активтерінің құрамы мен
құрылымы, мың тенге.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-кесте мәліметтері
көрсеткендей, қаражаттарды ұзақ мерзімді және
ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына
соңғыпардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы
активтердің 2008 жылда 2009 жылмен салыстырғанда 1,19 пунктке кем
болса, ал 2009 жылда 2010 жылмен салыстырғанда 1,17 пунктке көп
болса, ал 2010 жылда 2011 жылмен салыстырғанда 15,16 пунктке кем
болған. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтер 2008
жылы есінен 92,89 пунктке асып кетті және 96.8 %-ды, ал 2009 жылы есінен
94,58 пунктке асып кетті және 95.01 %-ды, ал 2010 жылы есінен 96,15
пунктке асып кетті және 96.78 %-ды, ал 2011 жылы есінен 63,25 пунктке
асып кетті және 81,62 -% ды құрады. Ағымдағы
активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің
өсуінен 2008 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 4.4есеге артық.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы
активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы
активтер құнының кәсіпорынның барлық
мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын
кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің
өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат
үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын
кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және
кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы
тұрғысынан алғанда оның өсуі актив
құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады -
яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған)
болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын
және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл
коэффициенттің деңгейі 2008 жылы 0,96, ал 2009 жылы 0,81
құрады.
Кәсіпорын активтерін
таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі - мобильді және иммобильді
қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы
активтер құнын ұзақ мерзімді активтер
құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және
қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық
ерекшшіктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің
деңгейі 0,5~тен төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш
деңгейі 2008 жылы – 2,5, ал 2011 жылы – 4,4 құрайды.
Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың
өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу
қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті
жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 0,69 есеге кемейген, ал
екіншілері – 388 есеге ғана өскен. Кәсіпорын ең
төменгі қаржылық тұрақтылыққа,
кәсігюрын міндеттемелері кепілдендірілген түрде
ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол
жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы
тұрақтылықтың белгісі болып табылады:
ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер
қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал
қатынасының коэффициентінен артық болуы керек. Әрі
қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде
қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет.
Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын
құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, онын
өндірістік потенциалының маңызды элементінің
жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы
негізгі құралдардың нақты қүнының
(қалдық) үлес салмағынын өзгеруі, ерекше назар
аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның
кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы
басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің
жалпы жиынындагы негізгі құралдардың нақты
құнының коэффициентінің мөлшері баланс
активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің зерттеп отырған кәсіпорын бойынша баланс
валютасындағы негізгі құралдардың қалдық
құнының үлесі жыл басында - 57,27%-ды, ал жыл
соңында - 46,47%-ды құрайды, яғни бұл
көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес
келмейді. Негізгі құралдардың жалпы
құнындағы оның активті бөлігінің
(жұмыс машиналарының құны, өндірістік
жабдықтар мен тасымал құралдарының құны)
үлесін анықтау өте маңызды және де бұл
кәсіпорынның материалды-техникалық базасының
дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның
үлес салмағының өсуі қор
қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда
біздің кәсіпорында негізгі құралдардың активті
бөлігінің үлес салмағы жыл соңында жыл
басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады.
Негізгі құралдардың активті белігінің
үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың су
қарқынының барлық негізгі құралдардың
өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта
қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар
құны - 23,9% - ға өскен кезде оның активті
бөлігінің құны тек 5,9%-ға ғана
өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық
базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде
қарастырылуы тиіс.
Әлемнің дамыған елдеріндегі кәсіпорындардың
қаржылық жұмыстарының тәртібі
қаржылық болжау процесіндегі алғашқы орында нақты
ақша қозғалысын болжаудың алатынын растайды. Бірақ,
өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірибесінде
нарықтық шаруашылық жағдайында қаржылық
болжау ғылыми және тәжірибелік аспектіде
қызығушылық тудырады, бірақ оны зерттеу, көшіру
үшін емес, республика экономикасының қазіргі
жағдайының ерекшеліктері мен экономикалық реформалардың
даму дәрежесін есепке ала отырып пайдалану үшін керек.
Қаржылық болжаудың отандық жүйесінің
нақты ақша қозғалысының талдауын
қамтымайтындағы жөнінде атап айту керек. Бірақ,
бұл тапсырма жедел қаржылық жоспарлау процесінде төлем
күнтізбесін және кассалық жоспарды құруға
жүктеледі, ал бұл дисконттау моделімен салыстырғанда
жекелеген ақша ағынын, қаржылық
көрсеткіштердің динамикасын қарастыруға мүмкіндік бермейді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Дүйсенбаев К.Ш.,
Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. –
Алматы: Экономика 2001. – 330 бет.
2. Бопиева Ж.Қ., Темірбекова Л.А.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық
іс-әрекетін талдау. Оқу-әдістемелік құрал. – Қарағанды
2000. – 108 бет.
3. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Методика финансового
анализа. – М.: ИНФРА-М, 1999. - 172 с.
4. Ефимова О.В.
Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие).-
"Бизнес-школа", Интел-Синтез, 1994.
5. Артеменко
В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие.- Издательство
"ДИС", НГАЭ и У, 1997.
6. Маркарьян
Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ- М.: "ПРИОР", 1996.
7. Дюсембаев К.Ш. Аудит
и анализ финансовой .отчетности: Учебное пособие.- Алматы: Қаржы-қаражат,
1998. – 512 с.