Маулина Н.Х. Ш.
Есенов атындағы КМТИУ. «Қаржы, есеп және аудит»
кафедрасының доценті
Джанаев
Нұрсұлтан «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті
Салық
әкімшілігінің теориялық және әдістемелік
негіздері
Нарықтық
қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен
әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы
реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне
тікелей басқару әдістері ретінде қолданады.
Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық
қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды
қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол
жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан
зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер
енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз
етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму
бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық
қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының
деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады.
Салық
ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі
экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса,
көлеңкелі экономиканың қысқарып,
болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік
кірістердегі салық түсімдерін молайту салық
жүйесінің басты мақсаты болып табылады.
Демократиялық
мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда
өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың
барлық топтарының
салықтың мәдениетінің бар болып саналатындығы
баршаға мәлім. Сол себептен, өкілетті және
атқарушы органдар салықтық саясатты жүргізуші
және кепілі мен бас идеологы ретінде қатысушылардың
барлық топтардың мүдделерін үнемі есеп алып отыруы
керек. Қабылданған салықтық
құқықтық заңдардың іске асыру бойынша
кәсіби білім мен салық мәдениет белгісінің төмен
болуынан деп айтуға болады. Нәтижеде біз заңдар толық
іске асырылмайтын, ал экономика көлеңкелі бизнеске ұшырап
отырмыз. Көлеңкелі экономиканың көлемі
ұлғайған сайын салық есебінің кемуінде бюджет
көздері қысқарылуда. Әсіресе жергілікті бюджет
жетістіксіздігіне трансферттік жабу бюджет көздерін молайту емес
керісінше тұтынушы психологиясын туғызуда.
Келесі
мәселе жалпы ішкі өнімді өлшеуіндегі жаңа пайда
болған субъектілік негізгі қорлардың (жеке меншіктегі
құрылыс үй шарушылығы, шаруашылық басқа да
субъектілер) салық салымы мен алымында жете бағаланды.
Мемлекеттің
де, салық төлеушілердің де мүдделеріне сәйкес
үкімет және тиісті атқарушы органдар салықтарды
төлеудің дұрыстығы мен уақтылығын
үнемі бақылап отыруы қажет. Салықтық
бақылау жүргізудің түрлерімен үлгілеріне мыналар
жатады:
-
салық төлеушілерді тіркеу есебі мен жеке объектілердің
есебі;
-
жүйеге келтірілген бақылау
(салықтық есеп беру бойынша салық заңдарын бұзуды
шұғыл анықтау);
-
салық төлеушілердің моноторингі
(нақты салық салынатын мөлшерді анықтау үшін
салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық
қызметтерін зерттеп отыру (бақылау) жүргізу);
-
салық төлеушілер тарапынан ережелердің
сақталынуын бақылап бақылау жасау (фискалдық жадысы бар
бақылау; акциздік тауарлардың жеке түрлерін акциздер жинау
шараларымен таңбалау; құжаттық салықтарды
тексеру; кешенді, тақырыптық, қарама-қарсы, рейдтік;
салық кодексінің 17 бөліміне сәйкес
бақылаудың басқа түрлері).
Мемлекеттік
бақылау түрлері, оның ішінде мемлекеттік қаржы
бақылауды терең зерттелініп, содан кейін ғана мемлекеттік
салық экономиканың және әлеуметтік қайта
құруға сәйкес шешімдер мен ережелер бекітіледі.
Олардың орындалуынсыз
қоғам алға қойған мақсаттарына:
экономикалық өсуге, қаржы-қаражат
тұрақтылығына азаматтардың өмір сүру
деңгейін көтеруге және қауіпсіздігіне қол
жеткізуге болмайды.
Салық
әкімшілігі деп – мемлекеттің салық және басқа
міндетті төлемдерді жинау және салық міндеттемелерін
уақытында орындау, сондай-ақ салықтың төлебеген
сомасын мәжбүрлеп өндіру бағытындағы заңды
негізделген іс-әрекеті танылады. Салық әкімшілігі салық
бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
Салықтық бақылау деп
– салық заңдарын яғни Салық кодексі,
заңдылық нормативтік актілерді т.б. орындалуын
қадағалау.
Салық бақылауын
жүзеге асыру – іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс
әрекетіне бағытталып, ақша қорларын
құюға кететін және осы мемлекеттік қаржы
жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып
табылады.
Салық бақылаудың
субъектісі – мемлекеттік салық қызметі, яғни тек
салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар
орган – салық комитеті.
Салықтық бақылау
объектісі – салық заңдылықтары бойынша заңды
міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Олар салық
төлеушілер, салық агенттері, банктер, салық төлеуші
туралы ақпараттары бар тұлғалар.
Салық төлеу пәні –
тексерушілердің салық заңдары, Салық Кодексі,
заңдылық нормативтік актілер және де ресми
құжаттар бойынша атқаруға, орындауға тиіс
міндеттері.
Салық бақылаушының
мақсаты – салық заңдарын бұзушылық фактілерді
немесе салық құқықтық қатынастарды
қатысушының өз міндетін санасыз орындалғанын
анықтау; айыптарды анықтау және оларды заңда бекітілген
жауапкершілікке тарту; салық заңын бұзушылықты жою;
қарыздарды өтеу бойынша шаралар қолдану түріндегі
мемлекеттік материалдық қорғау; салық заңын
бұзушылықтың алдын алу.
Салық бақылауды
жүзеге асыру нысаны тікелей бақылау, сырттай бақылау болып
бөлінеді. Тікелей салық бақылауына тексеру – тексеруші
тұлға алғашқы құжаттарымен,
салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін
талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Оның
құжаттық, рейдтік, хронометражды түрлері бар. Сырттай
салық бақылау – бақылау субъектісі мен объектісі тексеру
жүргізу кезінде байланысқа түспей сырттай жүргізіле
беретіндігімен сипатталып (камералдық) түрі.
Салықтық бақылау
өткізу уақыты – алдын-ала, қазіргі және
ағымдағы немесе кейінгі түрлері болады.
Салықты бақылаудың
ішкі және сыртқы болып бөлінді, бақылау объектісі бір
ұжымдық жүйенің бөлімдерінде немесе ведомства
аралық бағытттарға байланысты.
Салықтық
бақылау – салықтық тексеру немесе тапсыру
мақсатындағы бақылау болады. Салықтық
бақылау тексерілетін салық төлеуші туралы ақпараттарды
жинау, жинаған ақпараттарды бағалау. Жинаған
ақпараттар бойынша шамалау немесе мөлшерлеу кезеңдерінен
тұрады. Құжаттар көздеріне қарай
салықтық тексеру құжаттық жәнеіс
жүзінде деп бөлінеді. Іс-жүзіндегі тексеру –
объектілердің сандық және сапалық жағдайларын
зерттеу лабораториялық сараптама мен әртүрлі әдістер
нәтижелерін шығару.
Салық
әкімшілік теңдікті жетілдіруде «Салық аудитінің
электрондық бақылауы (САЭБ)» ақпараттық жүйесін
енгізу үлкен жетістік болып отыр. Бұл ақпараттық
жүйе салықтық тексерулерді жүргізуді және
жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Салықтық
тексеру тексеруге дайындау тексеруді жүргізу, тексеру нәтижелерін
рәсімдеу, анықталынған салық заңын
бұзушылықты жою үшін нұсқаманың
қаулының орындалуын бақылау мерзімдерінен тұрады.
Салық кодескі бойынша
салықтық тексерулер:
-
құжаттық тексеру (кешенді тексеру,
тақырыптық тексеру, қарама-қарсы тексеру);
-
рейдтік тексеру (салық органының тіркеу
есебіне тұруы, бақылау-кассалық аппараттарын дұрыс
қолдану, лицензия және бір жолғы талон құжаттарын
тексеру, акциздік тауарларды тексеру);
-
хронометражды зерттеу (салық төлеушінің
нақты табысы мен оны алуға кеткен нақты шығынын білу
мақсатында салық органы жүргізеді).
Салық бюджет
жүйесінің координация функцияларын
іске асыру үшін салықтық жүйенің және
оның жеке құраушыларының үлгіленуін күрделі
ұйымдастырған таксономиялық категория ретінде, сәйкес
механизммен салық салу шеңберінде оның барлық
буындарының мақсаттарын және негізгі параметрлердің
тұрақтылығын сақтай отырып қамтамасыз ету
арқылы сәйкес өзара әреккеттілігін
қамтамасыз етуге негізделуі
қажет. Салық бюджет
жүйесінің реттеуін іске асыру функциялары, керісінше,
салықтық жүйенің тәртібіне және тұрақтылығын
сақтау қажеттілігімен байланысты.
Егер осы елдердегі салықтық органдардың
эволюциясын қарастыратын болсақ, олардың осындай
құрылымы салық салу және салықтык
қарым-қатынастар жүйелерінің біртіндеп дамуына толық сәйкес деуге
болады, ал бұл сәйкестік бүгінгі күнде бұрынғы
дәстүрлерімен, қазіргі заманғы түзетулері бар
болып жалғасуда.