БАҚ - ақпараттық соғыстарды жүргізудің
құралы:
ақпараттық тайталастықтың кеңестік
жүйесі және АҚШ-тың ақпараттық геосаясаты
Бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы жүргізілген саясат
мемлекеттік ақпараттық саясатын құраса, екінші
жағынан БАҚ ақпараттық соғыс
жүргізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Ақпараттық тайталастықтың тарих анықтап берген
үлгілері кеңестік жүйе мен американдық жүйеден
тұрса керек.
Кеңес
Одағы идеологиялық тайталастық саласында үлкен
әлеуетке ие болды. Алайда КСРО-да стратегиялық талдаудың
қуатты құрылымдары болмады. Әсіресе бұл ұлы
геосаясаткер И. Сталиннің қайтыс болғанынан кейін
көрінді. КСРО ОК ғана осындай бөлімшелерді құруға
талаптанды, бірақ көбісі сәтсіз болды.
КСРО ОК тек
идеологиялық соғыспен айналысты, ал КСРО-ға қарсы
ақпараттық соғыс жүргізілді (яғни
қарсыластың әсері кеңестік сыртқы саяси насихат
органдарына қарағанда кең ауқымда жүргізілді). Одан
басқа, ақпараттық тайталастықтағы негізгі жайт
талдау болып табылады. Ал сыртқы саяси әрекетті талдау КСРО емес,
АҚШ әрекеттері стратегиясының негізгі жайты болды.
КСРО сыртқы
саяси насихатының негізгі органы 1925 жылы негізі қаланған
жалғыз мемлекеттік ақпараттық жүйе Кеңес
Одағының Телеграф агенттігі (КОТА) болды.
Күн сайын КОТА
300-320 одақішілік және халықаралық хабарларды
дайындады және таратты. Шетелге арналған ақпараттық бас
редакциясы (ШААБР) әлемнің 115 елі үшін (яғни 73% елдер
үшін) 6 тілде (орыс, ағылшын, француз, неміс, португал және
араб) арнайы материалдарды дайындады.
КОТА сыртқы
саяси бағытта идеологиялық жұмысты жүргізудің
қуатты құралы болды, әлемдік тұтынушыларды КСРО
туралы жедел және дәл мәліметтермен қамтамасыз етті.
Алайда оның қызметінің үкіметтік ақпараттың
ресми органы ретіндегі сипаты насихаттың ақпараттық
мүмкіндіктерін елеулі түрде төмендетті, идеологияның
жақтауынан шығуға мүмкіндік бермеді.
Арнайы тапсырма –
КСРО-дағы шетелдіктерге, сонымен қатар шетелдік
қоғамға кеңес халқының өмірі
және КСРО сыртқы саясаты туралы ақпарат тарату – 1930
жылдың қазан айынан шыға бастаған жаңа басылым –
«Мос-коу ньюс» газетінің алдына қойылды. 1934 жылдан бастап
басында «Журналь де Моску» деп аталған «Нувель де Мос-ку» газеті
шығарыла бастады.
1961 жылдың
ақпан айында КСРО Журналистер одағымен, КСРО Жазушылар
одағымен, Шет елдермен достық және мәдени байланыс
кеңестік қауымдастықтар одағымен және
Бүкілодақтық «Знание» қоғамымен
қоғамдық ақпараттық қызмет ретінде
құрылған «Жаңалықтар» баспа агенттігі (ЖБА)
басқа мемлекеттік немесе жеке ақпараттық агенттіктерге
қарағанда бас мәртебеге ие болды.
Совинформбюро
негізінде құрылған ЖБА ұзақ уақыт sui
generis — «социализм көрмесі» бола отырып шетелдік ақпаратты
тұтынушыларға ұзақ уақыттық
ақпараттық әсер етуге жауап беретін талдау сипатындағы
материалдарды (ресми құжаттардың және КСРО
басшыларының сөйлеген сөздерін, сұхбаттарын, шолуларды,
түсініктемелерді, брошюраларды, кітаптарды және т.б. шетел
тілдеріне аудару) дайындады және таратты. Ақпараттық
ағынның сыртқы бағытын жақсы көрсетті,
шетелдік аудиторияға белсенді ақпараттық әсер
етудің мәні агенттіктің ұраны: «Әлемнің
игілігіне, халықтар арасындағы достықтың игілігіне
ақпарат» болды. Ол мемлекетпен қойылған негізгі
мақсатты – КСРО-ның оң бейнесін қалыптастыруды көрсетті.
Ақпараттық, насихаттық инфрақұрылым, жалпы
ақпарат технологиялары мен коммуникациялары, психологиясы әлсіз
және орташа дамыған елдерде КСРО осы тапсырманы сәтті
жүзеге асырды.
1989 жылы
әлемнің 90 елінде (сол кезде әлемнің 58% елдері) ЖБА
бюросы, бюроның филиалдары және корреспонденттік орындары, сонымен
қатар КСРО одақтас республикаларының астаналарында және
елдің ірі өнеркәсіптік-мәдени орталықтарында 26
бөлімше мен корреспонденттік орындары болды.
ЖБА ұжымы
өзінің кемеліне келіп тұрған жылдары 4 мыңнан
асатын мамандардар тұрды, ЖБА үшін материалдардың авторлары
ретінде 3 мыңнан асатын кеңестік және шетелдік саяси
қайраткерлер, ғалымдар және жазушылар, мәдениет пен
өнер өкілдері болды.
Агенттік шамамен
алғанда 120 елдегі 4,5 мыңнан асатын ақпарат органдарымен
(телеграф агенттіктері, газеттер мен журналдар, теледидарлық және
радиокомпаниядар, баспалық фирмалар) бірлесіп жұмыс істеді,
өзінің материалдарын әлемнің 110 еліне таратты,
шетелдік оқырмандар үшін 45 тілде журналдар мен газеттер
шығарды және оларды 130 елде (сол кезде әлемнің 83%
елдері) таратты, бұл кезде осындай басылымдардың жалпы жылдық
тиражы 2,2 млн. данаға дейін жетті.
Аймақтық
бас редакциялар (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу және Орта
Шығыс және Африка, Латын Америкасы елдері, социалистік елдер)
қағидасы бойынша құрылған ЖБА орталық
аппараты өзінің мақсаты етіп агенттіктің материалдарын
белгілі бір елдің аудиториясына дейін жеткізуді қойды
(бағыттылық қағидасы). Функционалдық
орталықтанған бас редакциялар да болды: орталықтанған
материалдардың, ақпараттың, мерзімдік басылымдардың,
фотосуреттемелердің, саяси мақалалардың, одақішілік
корреспонденттік желілердің аудармалары, халықаралық
байланыстар бөлімі, саяси шолушылар тобы.
ЖБА
ұйымдастыру құрылымы КСРО СІМ орталық аппаратының
және шетелдік мекемелерінің жүйесін толығымен
көшірді. Осылай, ЖБА шетелде мемлекеттің оң бейнесін жасады,
ал КСРО СІМ Ақпарат басқармасы көмекші рольді атқарды.
ЖБА
қоғамдық ұйым ретінде өмір сүруіде
оңтайлы болды. Бұл кеңестік мемлекеттік органдар мен ЖБА
қызмет, қаржылық міндеттемелер және басқа
әрекеттер үшін, сонымен қатар бір-біріне
бағытталған шағымдар бойынша заңдық
жауапкершілікті бірлесіп көтермейді дегенді білдірді.
Қоғамдық мәртебе басқа шетелдік БАҚ
органдарымен қарым-қатынаста материал алмасу мен ақпаратты тегін
және коммерциялық негізде таратуға мүмкіндік берді.
Агенттікпен «Советская панорама», «Международная
информация», «По Советскому Союзу», «СССР: наука и техника» және
басқа ақпараттық хабаршылар шығарылды.
Шетелдік
аудиторияға ақпараттық әсер етуге арналған
қолайлы ортаны құрудың тікелей мақсаттарына ЖБА
«КСРО-ға келген шетелдік журналистерге көмектесу» жөніндегі
жұмысы да қызмет етті. Жыл сайын осындай көмек (елде сапар
шегуді, сұхбат алуды, материалдарды дайындауды және т.с.с.
ұйымдастыру) жүздеген шетелдік журналистер алды. ЖБА олар
үшін, сонымен қатар өзінің шетелдегі бюросына жіберу
үшін аптасына бес рет «Daily Review» пресс-бюллетенін шығарды
(үкіметтің ресми құжаттарының, мемлекеттік
және партиялық басшылардың сөйлеген
сөздерінің, халықаралық түсініктемелердің
және т.б. аудармалары).
Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей осы жұмыс әдісі сәтті
болды.Шет елдерге орталық радио тарату құрылымына (КСРО
Мемтелерадио жүйесінде) бағдарламалардың бас редакциясы,
ақпарат пен насихаттың бас редакциялары және жекелеген елдер
мен аймақтарға хабар тарату жөніндегі редакциялар кірді.
Шетелдегі кеңестік радионың хабар тарату қамтуы өте
қомақты болды: ол Мәскеуден және бірнеше одақтас
республикалардың астаналарынан жалпы алғанда аптасына 1800
сағаттан асатын уақытқа әлем халықтарының
75 тілдерінде хабарлар таратты. Кеңестік радионың шет елдерге хабар
таратуы кең халықаралық мойындауға ие болды. Кейбір
арнайы хабарлар әлемнің бірқатар елдеріндегі жергілікті
радиостанцияларда қайта трансляциялау үшін жазуға дайындалды,
кей кезде осындай хабарлардың уақыты бекітілген болатын.
Бұл шет
елдердегі аудиторияға ақпараттық әсер етудің
көп емес кеңестік (енді ресейлік) құралдарының
бірі болды, ол әлемдік ақпараттық ортада өзінің
орнын салыстырмалы түрде тұрақты сақтап қалды.
«Голос России» радиостанциясы (Шетелдерге хабар тарату) әлемнің 160
елінде 32 тілде өзінің хабарларын жазбамен және шынайы
уақыт режимінде таратады. Қазіргі уақытта осы
көрсеткіштер бойынша «Голос России» станциясы – Би-би-си және
«Голоса Америки» кейін әлемде үшінші орында тұр.
Мәскеу
радиосының тағы бір бағдарламасы — Мәскеу
радиосының бүкіләлемдік қызметі — алғашқы
рет эфирге 1978 жылы шықты. Ол тәулік бойы ағылшын тілінде
жүргізіледі, барлық континеттерге таратылады және
тыңдаушылардың жеткілікті түрде кең аудиториясына ие.
1983 жылы Батыс Еуропаның, Африканың және Таяу
Шығыстың елдеріндегі радиотыңдармандарға арналған
француз тіліндегі ұқсас ақпараттық бағдарлама
ашылды.
Кеңестік
басылымдар әлемнің 140 еліне таратылды. «Советский Союз» журналы
20 тілде шықты.
Шет елдермен достық және
мәдени байланыс кеңестік қауымдастықтар одағы
(ДКҚО) әлемнің 140 еліндегі (әлемнің 90% елдері)
9 мыңнан аса ұйымдармен және 8 халықаралық
ұйыммен байланысты орнатты. Оның негізгі серіктестері шетелдік
қоғамдар, лигалар және КСРО-мен достастық
ассоциациялары (әлемнің көптеген мемлекеттеріндегі 130
ұйым) болды. КСРО-дағы ДКҚО қызметінің
ауқымы да бірегей болды: оған 50 млн. асатын адамдар қатысты.
ДКҚО
қамқорлығымен Кеңестік және шетелдік
қалалардың байланыстары жөніндегі ассоциацияда әрекет
етті, ол КСРО 140 қаласының капиталистік елдердің 300
қалаларымен байланысын үйлестірді. Жыл сайын серіктес елдер шамамен
алғанда 500 делегациямен, көркемдік ұжымдармен,
спорттық командалармен алмасты.
Әлемнің
47 елінде (29% елдер) мәдени орталықтар мен Кеңестік
ғылым мен мәдениет үйлері болды, шамамен алғанда
әлемнің 70 елінде (әлемнің 45% елдері) ДКҚО
өкілдіктері болды. Олармен шетелдік қоғаммен кең
ақпараттық жұмыс ұйымдастырылды, тұрақты
кино көрулер мен дәрістер, мәдениет пен өнер
қызметкерлерімен кездесу кештері, кеңестік оқу орындарын
бітірушілермен жұмыстар жүргізілді.
Кеңестік
жүйені тиімсіз деп есептеу қате болады. Бірақ
насихаттық бөлімшелерге ДҰРЫС ЕМЕС ТАПСЫРМАЛАРДЫ
қойғанын атап өту керек. Егер АҚШ Ұлттық
қауіпсіздік кеңесінің директивалары американдық
бөлімдердің алдына ақпараттық соғыс
әдістерімен КСРО-ны жою тапсырмасын қойса, солар секілді
кеңестік құрылымдардың алдында АҚШ-тың
ыдырауын жылдамдату тапсырмасы мүлдем қойылмады.
Сыртқы саяси
насихаттың кеңестік жүйесі орасан зор механизм болды, ол
ақпараттық-идеологиялық саланың стратегиялық
талдаушылары КСРО-да болмағанына байланысты әрқашан тиімді
пайдаланылмады. Бірақ ХХ-ғасырдың 90-жылдарының басында
осы механизм іс жүзінде толығымен жойылды. Нәтижесінде
заманауи Ресейдің бейнесі «қырғи-қабақ
соғыс» жылдарындағы КСРО бейнесіне қарағанда теріс
болып шықты.
АҚШ-тың ақпараттық геосаясаты.Бастапқыда «ақпараттық соғыс» сөз тіркесін
барлаудың арнайы операцияларының ерекше түрі ретінде Аллен
Даллес өзінің 1967 жылы шығарылған «Тайная капитуляция»
кітабында пайдаланды. Содан кейін Томас Рона деген адам 1976 жылы Boeing
компаниясы үшін дайындалған және «Қару жүйелері
және ақпараттық соғыс» деп аталған есебінде «ақпараттық
соғыс» терминін пайдаланды. Т. Рона ақпараттық
инфрақұрылым американдық экономиканың негізгі
құрамдас бөлігі болғанын атап өтті. Сол
уақытта ол соғыс кезінде де, бейбітшілік кезінде де осал нысана
болады. Осы есепті «ақпараттық соғыс» терминінің
бірінші айтылуы деп есептеуге болады. Т. Рона есебін жариялау БАҚ-да белсенді
кампанияны басталуына қызмет етті. Осылай, ақпарат бір шетінен
нысана, бір шетінен қару бола алатындығы туралы түсінік
қалыптасты.
Осы проблема
жөніндегі алғашқы ресми құжаттарға
АҚШ ҚМ «Ақпараттық соғыс» тақырыбымен 1992
жылдың 21 желтоқсанындағы Т 3600.1 директивасын
жатқызуға болады. 1993 жылғы Штабтар
бастықтарының комитетінің №30 директивасында
ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі
қағидалары көрсетілген болатын. 1997 жылы
ақпараттық соғысқа келесі анықтама берілген
болатын: «Ұлттық стратегия мүдделерінде
ақпараттық басымдылыққа жету үшін
қабылданған және бір уақытта өзінің
ақпаратын және өзінің ақпараттық
жүйелерін қорғаумен қарсыластың ақпаратына
және ақпараттық жүйелеріне әсер ету арқылы
жүзеге асырылатын әрекеттер».
1994 жылдан бастап АҚШ-та
елдің әскери-саяси басшылығының өкілдерінің
қатысуымен «ақпараттық соғыс» бойынша ресми
ғылыми конференциялар жүргізілді.
1995 жылдың
қаңтар-маусымында АҚШ-та барлық күштік
құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен
командалы-штабтық әскери ойын (КШӘО) өткізілді.
Оның мақсаты – стратегиялық ақпараттық
соғыстың тұжырымдамасын жасау болды.
КШӘО барысынды
оның қатысушылары стратегиялық ақпараттық
соғыс кезінде дәстүрлі шекаралар жойылады, майдан
сызығы болмайды. Әсіресе тиімді
ақпараттық-психологиялық тайталастықтық
жүргізу мүмкіндігінің дереу жоғарылайтыны
қызығушылық тудырды.
1995 жылдың тамыз айында
АҚШ Ұлттық қорғаныс институты Мартин
Либикидің «Ақпараттық соғыс дегеніміз не?»
жұмысын жариялайды. Онда автор ақпараттық
соғыстың жеті түрін анықтайды: Командалы-басқарушылық,
барлау, психологиялық, хакерлік, экономикалық электронды,
киберсоғыс.
АҚШ-тың
үлкен жетістігі Интернетті көп жыл бойы бақылау болып
табылады. 2005 жылдың қараша айында Тунисте ООН бастамасымен
Ақпараттық қоғам жөніндегі
бүкіләлемдік конференция өткізілді. Талқылаудың
негізі – «бүкіләлемдік торды» жаһандық басқару.
Конференцияда 170 елден шамамен алғанда 12 мың қатысушы
болды. Күн тәртібінде – екі көкейтесті тақырып:
дамыған елдер мен қалған елдердің арасындағы
Интернетті пайдаланудағы алшақтықтың ұлғаюы
және Интернетті жаһандық басқарудың проблемасы.
Соңғы мәселе бойынша даулар конференция басталмай-ақ
пайда болды. Әлемдік қауымдастық бұдан әрі
барлық «жіптердің» аты шулы АҚШ-тың қолында
болғанын қаламайды. Яғни ICANN – номерлер мен мекенжайларды
беру жөніндегі интернет-корпорация – ресми түрде тәуелсіщ
ұйым болса да, іс жүзінде ол АҚШ-тың Сауда
министрлігіне бағынады. ICANN қол астында – домендік аттарды беру
және желінің орталық серверлерін – раут-серверлерді
басқару. «Немецкая волна» радиостанциясы 2005 жылдың 16
қарашасында «жалпы коммуникацияларды зерттеу саласының маманы
Райнер Куленнің (Rainer Kuhlen) ойы бойынша ICANN Интернеттің
негізгі ресурстарына шынайы билікке ие. Кулен: «Раут-серверлерді басқаратын
ұйым кез келген ақпаратты бұғаттай немесе
сүзгіден өткізе алады» - деп есептейтінін» атап өтті.
Көптеген елдер
АҚШ-тың басым позициясымен және ICANN-ның Ақ
үйге тәуелділігімен келіскісі келмейді. Конференцияда
«бүкіләлемдік торды» басқарудың баламалы моделін ЕО,
Ресей, Үндістан, Қытай, Бразилия ұсынды. Бірақ
АҚШ олардың монополиясын шектеудің кез келген ниеттеріне
қатты қарсылық көрсетуде.
1998 жылдың
соңында АҚШ ҚК Штабтар бастықтарының комитеті
«Ақпараттық операцияларды жүргізу доктринасы» (joint doctrin
of information operation) құжатын шығарды. Онда
американдықтардың шабуылдық ақпараттық
операцияларды жүргізуге дайындалу оқиғасы алғашқы
рет ресми түрде расталады. Бұрын Пентагонның өкілдері
әрқашан ақпараттық саладағы АҚШ-тың
іс-шараларының қорғанысқа бағытталғанын
атап өтетін.
Жаңа
құжатпен тек соғыс уақытында ғана емес, бейбіт
заманда да шабуылдық ақпараттық операцияларды жүргізу
мүмкіндігі қарастырылады. Бұл кезде АҚШ-тың
өкілдері осы ережеге түсініктеме бере отырып, шабуылдық
ақпараттық қаруларды пайдалану сәйкес келетін
халықаралық нормалар мен шарттарлы толық сақтаумен
жүргізіледі деп мәлімдеді.
Автордың
ойынша, дәл осы доктрина «түстік революциялар» барысында
шабуылдық ақпараттық операцияларды жүргізу үшін
негіз болды. «Ақпараттық операциялар» түсінігінің
қалыптасуына АҚШ әскери басшылығының
көзқарастарының эволюциясын қадағалауға
болады. Бұл кезде олардың пайда болуының,
қалыптасуының және дамуының екі кезеңін атап
өтуге болады.
Бірінші
кезеңде (1947—1985 ж.ж.) екі кезең: бірінші кезеңде
(1947—1973 ж.ж.) болашақтағы ақпараттық
операциялардың негізін қалаушы әдістер туындады.
Екінші
кезеңнің (1973—1985 ж.ж.) мазмұны жергілікті соғыстар
мен қарулық қақтығыстар барысындағы
әскери әрекеттердің ақпараттық
құрамдас бөліктерінің тәжірибесін кешенді зерттеу
болып табылады.
Екінші кезең
Бірінші кезең
(1985 ж. — желтоқсан 1992 ж.) — стратегиялық, жедел және
тактикалық деңгейлерде жаңа ақпараттық
технологияларды, психологиялық операцияларды, радиоэлектронды
күресті пайдалану (Панама, Парсы шығанағындағы
соғыс).
Екінші кезең
(желтоқсан 1992 ж. — ақпан 1996 ж.) қарулы күштер
масштабында ақпараттық күрестің біртұтас
тұжырымдамасының, сонымен қатар жаяу әскерде,
ӘӘК және ӘТК арналған сәйкес келетін
түрлік тұжырымдамалардың тәсілдерінің үлкен
әртүрлілігі кезінде белсенді теориялық дайындамамен
сипатталады.
Үшінші
кезең (ақпан 1996 ж. — қазан 1998 ж.) —
ақпараттық күрестің теориялық негіздерін жасап
шығаруды аяқтау, ақпараттық операцияларды дайындау
және өткізу. Осы жылдары ақпараттық
күрестің қолданылатын түрлері мен
әдістерінің шектелуі пайда болды, ол оның теориясын,
соның ішінде бейбіт уақытта пайдалануды, сонымен қатар
әскери әрекеттердің барлық диапазондарында және
соғыстан бөлек соғыс операцияларында қолдануды ары
қарай жасауды талап етті.
Төртінші
кезең (қазан 1998 ж. — қазіргі уақытқа дейін) —
ақпараттық операцияларды жүргізу арқылы АҚШ
ұлттық әскери стратегиясының және
ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мақсаттарына
жетудің стратегиялық құралы ретінде
ақпараттық күреске деген көзқарасты бекіту.
Ақпараттық
тайталастық проблемасын тек АҚШ қарулы күштерінің
масштабында ғана қарастыра отырып ақпараттық
күрестің теориясы объективті және субъективті факторлар
кешендерінің әсерінен күрделі эволюциялық жолдан – оны
тактикалық деңгейде әскери міндеттерді шешуге арналған
көмекші құрал ретінде қабылдаудан бастап оған
стратегиялық деңгейде әскери қақтығыстарды
басқарудың жаһандық функциясын беруге дейін
өткенін атап өту керек.
Американдық
доктринаның материалдарын талдау АҚШ-тың әскери-саяси
басшылығы ақпараттық операцияларды тар және кең
(әскери) мағынада ажырататынын анықтауға
мүмкіндік берді. Осылай, кең мағынада түсінілетін
ақпараттық операциялар – бұл арнайы (саяси,
экономикалық, дипломатиялық, әскери және басқа)
әдістерді, тәсілдерді және қарсылас тараптың
ақпараттық ортасына әсер етуге және қойылған
мақсаттарға жету мүддесінде өзінің
ақпараттарын қорғауға арналған
құралдарды пайдалану болып табылатын күрестің
түрі.
Американдық
әскери басшылықтың көзқарасы бойынша тар
мағынадағы ақпараттық операциялар, яғни
әскери әрекеттер кезіндегілер, ақпараттық
басымдылыққа жету, ақпараттық кеңістікте басым
болу мақсаттарында өзінің ақпараттық ресурстары
мен жүйелерін қорғаумен қарсыластың
ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне әдістердің
жиынтығын пайдалануды білдіреді. Бұндай жағдайда олар
ақпараттық күрес атауына ие болады.
Осылай,
«ақпараттық күрес» (Information warfare) түсінігіне
американдық әскери басшылықтың көзқарасы
бойынша қатерлі кезеңде және әскери әрекеттерді
жүргізу кезінде ақпараттық операциялар мен әскери
күрестің үштері мен құралдарын кешенді қолдануды
білдіреді.
АҚШ
әлемдік ақпараттық-психологиялық ортаға
жаһандық ақпараттық әсер етудің
қуатты орталықтарын құруда.
1999 жылдың 1
қазанынан бастап 1998 жылғы Халықаралық саясат
мәселелерімен айналысатын ұйымды реформалау және
құрылымдық қайта құру туралы
заңға сәйкес Құрама Штаттардың
ақпараттық агенттігі (ЮСИА) мемлекеттік департаменттің
құрамында әрекет етеді.
ЮСИА 1953 жылы
биліктің атқарушы тармағының құрамында
дербес федералдық агенттік ретінде құрылған және
негізінен АҚШ елшіліктері арқылы шетелде әрекет етеді.
Агенттіктің директоры мен басшылығы
АҚШ президентімен тағайындалады. Оның Вашингтондағы
штаб-пәтеріндегі қызметкерлердің штаты 4200 асатын адамды
құрайлы. Тағы бірнеше мың қызметкер
әлемнің 142 елінде орналасқан.
Оның міндеті
шетелдік мемлекеттердің қоғамы арасында АҚШ саясатын
түсіндіру мен насихаттау, сонымен қатар білім беру мен
мәдениет саласындағы алмасу жөніндегі бірқатар
бағдарламалар арқылы американдық және шетелдік
институттар арасында байланысты дамыту болып табылады.
ЮСИА ақпараттық қарсы
әрекетпен де айналысады. ЮСИА үш міндетінің бірі — ақш
саясаты мен мақсаттарын бұрмалаудың алдын алу.ЮСИА өзі
құрылған уақыттан бастап ақпаратты тек шетелдік
аудиторияға таратады, себебі АҚШ конгресімен АҚШ
халқына ақпараттық әсер етуге заң жүзінде
тыйым салынған.
Осылай,
өзінің ақпараттық ортасын қорғай отырып
шетелдік мемлекеттерге қуатты ақпараттық теріс әсер
берілуде.
ЮСИА
құрылымында 20-ға дейін бөлімдер бар. Олардың
ішінде ерекше атап өтетіндері: Бағдарламалар бюросы; «ЮСИА
радиодосьесі» бағдарламасы (USIA Wireless File, күн сайын
ағылшын, испан және француз тілдерінде әлемнің 126
жерінен 18 мыңға дейін сөздер); ЮСИА мерзімдік басылымдары
(бірнеше ірі басылым; агенттіктің электронды БАҚ
қарағанда едәуір төмен роль атқарады);
теледидарлық және киноқызмет; Білім беру және
мәдениет істері жөніндегі бюро (американдық кітапханаларды,
ағылшын тілін үйрету курстарын және басқаларды
ұйымдастыру мен бақылау); Қоғамдық байланыстар
жөніндегі бюро; Қоғамдық ақпарат мәселелері
жөніндегі үйлестіру басқармасы; Басқару
мәселелері жөніндегі бюро (кадрлық саясат, техниканы дамыту,
аппаратты ақпараттық қамтамасыз ету); Мәдени меншік
жөніндегі кеңес беру комитеті; Шетелдік шәкіртақы
(гранттар) бойынша кеңес; бес аймақтық бөлімдер:
Африкалық, Еуропалық, Шығыс Азия және Тынық
мұхит, Латын Америкасы және Солтүстік Африка, Таяу
Шығыс және Оңтүстік Азия бөлімі.
Белгілі бір елдегі
ақпараттық орталықтың қызметі екі
тармаққа бөлінеді. Баспасөзге қызмет
көрсету, бюллетендерді шығару, АҚШ-тан келген суреттемелерді
және ақпаратты, сонымен қатар американдық
авторлардың мақалалары мен түсініктемелерін жергілікті
баспасөзге ұсыну, видеосюжеттерді – жергілікті теледидарға,
американдық авторлардың қолжазбаларын – жергілікті
баспаларға беру. Бұл қызмет АҚШ елшілігіне
«ақпараттық атташе» немесе пресс-атташе лауазымына іссапарға
жіберілген агенттіктің арнайы штаттық қызметкерінің
қол астында болады, ал 1999 жылдың қазан айынан бастап ондай
қызметкерлер американдық елшіліктердің штат кестесіне
қосылды.
Мәдени
орталықтардың, кітапханалардың және
видеотектардың, оқу залдарының, ағылшын тілінің
курстарының қызметтеріне, фильмдерді көрсетуге,
американдық дәріскерлердің баяндамаларын
ұйымдастыруға, екі ұлтты симпозиумдерде өткізуге,
көрмелерді ұйымдастыруға, жергілікті мектептерді, колледждерді
және университеттерді американдық оқулықтармен
қамтамасыз етуге бақылауды мәдениет мәселелері
жөніндегі атташе жүзеге асырады.
ЮСИА 1983 жылы
құрылған «Worldnet» бүкіләлемдік
теледидарлық қызметінің интерактивтік бағдарламалары
1999 жылы қайта ұйымдастырылудан кейін мемлекеттік
департаменттің Халықаралық хабарларды тарату бюросының
құзыретіне берілді. «Уорлднет» АҚШ-ты әлемнің 80
еліндегі жүзден асатын қалалармен байланыстырады. Оның
бөлімі — «Евронет» — кеңінен тарамдалған желіге ие.
Мемлекеттік
хатшының көпшілік (қоғамдық) дипломатия
мәселелері жөніндегі орынбасары енді Білім беру және
мәдениет мәселелері жөніндегі бюроның,
Халықаралық ақпарат мәселелері жөніндегі
үйлестіру басқармасының және Қоғамдық
байланыстар жөніндегі бюроның қызметіне
қадағалауды жүзеге асырады.
2005 жылы АҚШ
мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс АҚШ президентінің
кеңесшісі кандидатурасына ұсынғанын, 48 жастағы Карен
Хьюз американдық әкімшіліктің шет елдерде АҚШ оң
бейнесін және сыртқы саясатты насихаттау үшін жауап беретін
қоғамдық дипломатия жөніндегі мемлекеттік
хатшының орынбасары лауазымына ұсынылғанын жариялады.
Қазіргі уақытта Джордж Буш
командасының басты «пиар маманы» болып есептелетін К. Хьюз мемлекеттік
департаменттің шетелдердегі ақпараттық қызметі мен
мәдени бағдарламалары үшін, шет елдерге радио- және
теледидарлық хабарларды тарату үшін жауап береді.
Буш әкімшілігі
АҚШ мемлекеттік департаментінің желісі бойынша 2006 жылға
арналған федералдық бюджеттің жобасында шетелдік
қоғаммен өзара әрекеттесу, ақпарат тарату
және әсер ету жөніндегі қызметке $328 млн., сонымен
қатар шет елдермен мәдени және білім беру алмасу
бағдарламаларына $430 млн. сұрады. Шетелдік хабар таратуға
бюджеттік сұраныс тағы $641 млн. құрайды.
2002 жылдың
көктемінде «Радио Свобода» (директор — Джеффри Тримбл) Солтүстік
Кавказға арнайы хабар таратуды бастады. Хабарлар шешен, авар, черкесс
және орыс тілдерінде жүргізіледі. Шешендік хабар тарату туралы
шешім радиостанцияны бұрыннан қаржыландыратын АҚШ конгресімен
қабылданды. 11 қыркүйектегі оқиға және
ресей-американдық қатынастардағы оң алға
жылжушылықтар АҚШ конгресінің пікіріне әсер етпеді.
Бұл хабар тарату – Ресейдің ішкі істеріне тікелей араласу болып
табылады. Хабарлар анық біржақты жүргізіледі, оларда іс
жүзінде лаңкестердің диверсиялық қызметтері
ақталып және федералдық орталық сыналады.
Халықаралық
хабар тарату туралы заңмен 1994 жылғы сәуірінде
АҚШ-тың шет елдерге теле- және радио хабар таратуларын
басқару осы актімен құрылған Хабар тарату
мәселелері жөніндегі басқару кеңесіне жүзеге асыруға
тапсырылды. Екі партиялық негізде құрылатын
Кеңестің құрамына ЮСИА директоры, сонымен қатар
сенаттың келісімімен АҚШ президенті тағайындайтын басқа
сегіз мүше кіреді.
АҚШ-тың
саяси элитасы әлемнің барлық елдерінің
халықтарының санасына тиімді ақпараттық әсер
етуге арналған қуатты «ақпараттық
жұдырықтарды» жасағаны айқын. Американдықтар
әлемдік ақпараттық-психологиялық ортаға
әсер ету жөніндегі стратегиялық ақпараттық
операцияларды жүргізу технологиясы тамаша жұмыс істелінген. Мысал
ретінде бірнеше жыл бойы жүргізілген «2000 ЖЫЛДЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ»
тамаша жалған ақпарат тарату операциясын келтіруге болады. Ал 2003
жылдың 21 қаңтарында АҚШ президенті Дж. Буш Ақ
үйдің аппаратында әлемдегі Америкаға қарсы
көңіл-күймен күресуге арналған
Жаһандық коммуникациялар басқармасын (УМГ) құру
туралы директиваға қол қойды (бұл
ақпараттық соғысты жүргізудің
құрылымы).
2005 жылдың
көктемінде АҚШ мемлекеттік департаментінде жаңа арнайы
басқарма құрылды, ол «Саяси режимдерді трансформациялау
басқармасы» деп аталады. Бұл геосаяси ақпараттық
тайталастықты жүргізуге арналған арнайы бөлімше
(басқа елдерде «демократиялық» төңкерістерді
жүзеге асыру жөніндегі). АҚШ-тың билікті
құлату жөніндегі ақпараттық стратегиялық
шабуылдық операцияларының инфрақұрылымы — бұл
қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының желісі.
АҚШ-та
олардың саны екі мыңнан асады – жылдық бюджеті жарты миллиард
доллардан асатын Форд қоры секілді алыптардан бар-жоғы
ондаған миллионға ие Дж.-М. Капланның қоры секілді
шағын қорларға дейін. Қорлар оларға ақша
салатын корпорациялардың түрлері бойынша өндірістік
және қаржылық-инвестициялық, ал саяси бағдары
бойынша – либералды және консервативті болады.
Ресейдегі, ТМД
және Шығыс Еуропадағы құқық
қорғаушы ұйымдарды қаржыландырудағы
көшбасшылар Фордтың жеке қоры және Джордж Соростың
«Ашық қоғам» институты, сонымен қатар Мадлен Олбрайт
басқаратын, осы істе жетекші рольді атқаратын мемлекеттік
Демократияға арналған ұлттық қор
(ДҰҚ) болып табылады.
ДҰҚ 1983
жылы президент Рональд Рейганмен және АҚШ конгресімен 30 млн.
доллар жылдық бюджетпен құрылған. Қор
өзінің миссиясын келесідей түсіндіреді: «Бүкіл
әлемде демократия мен еркіндіктің қалыптасуына және
дамуына көмектесу». ДҰҚ директорлар кеңесіне АҚШ
конгресімен тағайындалатын 25 мүше кіреді. Олардың арасында
белгілі конгресмендер, ірі бизнесмендер және бұрынғы
жоғары лауазымды шенеуніктер (Р. Холбрук, У. Кларк). Қор жыл сайын
оған арнайы конгреспен бөлінетін қаражаттарды алады (2006
жылға арналған бюджеттің жобасы – 80 млн. доллар), және
Африкада, Азияда, Шығыс Еуропада, Латын Америкасында, Таяу Шығыста
және бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде
демократияны қалайтын топтарды қолдауға гранттар береді.
ДҰҚ
демократияға қамқорлық түрімен елдердің –
қамқорлық объектілерінің ұлттық
мүдделерімен санаспай, АҚШ геосаяси мүдделерін шебер
тықпалайды.
Фордтың
қорына қатысты, ол АҚШ-тағы ең ірі
қамқорлық ұйымы болып табылады. Қорды 30-жылдары
автомобиль магнаты Генри Форд құрған. Бастапқыда ол
осындай сипаттағы саясатталған ұйым болды. 1952-1954 жылдары
оның президенті Ричард Биссель болды, ол қордан кеткеннен кейін ОББ
директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Оны
ауыстырған Джон Макклой қорға
тағайындалғанға дейін Бүкіләлемдік банктің
президенті және АҚШ қорғаныс министрінің
орынбасары болған. Осы Макклой Форд қорының штатында ОББ-мен
бірлескен операцияларға арналған ерекше бөлімді ашты.
14 адамнан
тұратын Форд қорының қамқоршылар кеңесі
енді тек ірі корпорациялардың, университеттердің президенттерінен
және белгілі заңгерлерден тұрады. 1989 жылы кеңес
мемлекеттердің демократиялану және экономикалық реформалану
процестерін жылдамдату үшін КСРО-дағы, Польшадағы,
Венгриядағы (кейінірек – Чехословакиядағы)
құқық қорғаушы ұйымдарға
қолдау көрсету туралы шешімді қабылдады. Осы
мақсаттарға 1989-1994 жылдары шамамен алғанда 30 млн. доллар
жұмсалды. Осылай, қор КСРО-ға қарсы
ақпараттық соғысты жүргізуге белсенді қатысты.
АҚШ
қарулы күштерінің Штабтар бастықтарының
комитетінің XXI ғасырда қарулы күштерді
қолданудың жедел-стратегиялық тұжырымдамасын
дамытудың негізгі бағыттарын айқындаған «Біртұтас
болашақ-2010» құжатында әскери күрестің
басты белгісі екпінді ақпараттық тайталастық саласына
ауыстыру және ақпараттық басымдылыққа қол
жеткізу кез келген қарсыласты жеңуге қажетті міндетті шарт
болатындығы атап көрсетілген.
Американдық
әскердің XXI ғасырдың басында қалыптасқан
ақпараттық операциялар жүйесі әскери
әрекеттердің барлық кезеңдерінде шешілетін
мәселелердің спектрін елеулі кеңейтуге мүмкіндік берді.
Ақпараттық операциялардың күштері мен
құралдарын жабдықтаудың модульдік жүйесі
әскери және әлеуметтік-саяси жағдайдың,
сәйкес келетін мамандықтарға сұраныстың
өсуіне жедел әрекет ету мүмкіндігін берді.
АҚШ
әскери күштерінің бұрынғы Югославияның
аумағындағы операциялары жаңа мемлекеттерді
құруды модельдеу жөніндегі тәжірибе болды, оған
келесілер кіреді:
- қолданыстағы
заңнаманы өзгерту;
- саяси күштерді қайта
топтау;
- биліктің жаңа
институттарын қалыптастыру;
- бұрынғы қарсылас
тараптарға өзінің қарулы күштерді реформалау
моделін ұсыну;
- демографиялық процестерге,
мемлекеттік сыртқы саяси бағытының өзгеруіне және
т.б. бақылау.
Іс жүзінде,
американдықтар ақпараттық операциялардың
көмегімен саяси режимдерді америкаға жақтас режимдерге
ауыстыру жөніндегі акцияларды жүзеге асырды.
Бұл
жұмысты ақпараттық операцияларды жүргізуді
үйлестірген АҚШ және НАТО мемлекеттік және
үкіметтік емес ұйымдарының көп мөлшері
қамтамасыз етті.
Қазіргі
уақытта АҚШ басқа елдермен салыстырғанда
ақпараттық, телекоммуникациялық технологияларды, сонымен
қатар әртүрлі түрдегі радиоэлектронды жүйелерді
жасап шығару мен пайдалану саласында елеулі
артықшылықтарға ие. Тәжірибеде қалыптасқан
ақпараттық операцияларға сүйене отырып
американдық әскери-саяси басшылық тек саяси,
экономикалық және әскери салаларда ғана емес,
әлемдік ақпараттық инфрақұрылымда да
АҚШ-тың басымдылық ролін бекітуге барынша ұмтылуда.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Лопатин В.Н.
«Информационная безопасность России:Человек. Общество. Государство». СПб.:Фонд
«Университет»,2000, с.79
2. Везиров В.Н., Степанов
В.Е.,Красов Н.И.,Бармин Л.В.,Лисов О.М.Информационное противоборство –новая
глабальная опасность для человечества. // Вопросы защиты информации №4, 1999, -
с.81.
3. Информационные и телекоммуникационные
технологии в понятии развитие: перспективы ЮНЕСКО // подготовленна
Секретариатом ЮНЕСКО. – 1996. – С.4;
4. Колобов О.А., Ясенев
В.Н. Информационная безопасность и антитеррористическая деятельность
современного государства: проблемы правового регулирования и варианты их
решения. – Н.Новгород: Фин.фак-т ННГУ, 2001. – с.5;
5. Колобов О.А., Ясенев
В.Н. Информационная безопасность и антитеррористическая деятельность
современного государства: проблемы правового регулирования и варианты их
решения. – Н.Новгород: Фин.фак-т ННГУ, 2001 –
с. 115;
6. Введение в
информационную безопасность. Компьютеры: преступления, признаки уязвимости и
меры защиты. М., 1998.