ӘӨЖ 94 (574). (045)
Джумалиева Л.Т.
ҚАЗАҚ
ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАДАҒЫ АТҚАРҒАН
ҚЫЗМЕТІНІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
(Ш.Есенов
атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті, Ақтау
қаласы)
Осы ғылыми мақалада қазақ
зиялыларының Мемлекеттік Думадағы атқарған
қызметі туралы айтылған. ХХ ғасыр басында
қалыптасқан қазақ зиялыларының мемлекетті
басқару ісіне араласуы және олардың саяси белсенділігінің
шарықтау шегіне жеткендігін, жаңа сапаға көтерілгенін
айғақтайды.
Негізгі сөздер: қазақ интеллигенциясы, Әлихан
Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов
РОЛЬ И ЗНАЧЕНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ КАЗАХСКОЙ ИНТЕЛЛИГЕНЦИИ В РАЗВИТИИ ГОСУДАРСТВА
В статье представлена информация
о деятельности представителей казахской интеллигенции в Государственной Думе.
Активное участие казахской интеллигенции в государственном управлении
свидетельствует о высоком качественном уровне их идейно-политической зрелости.
Ключевые слово: казахская интеллигенция, Алихан Бокейханов, Ахмет Байтурсынов
ROLE AND IMPORTANCE
KAZAKH INTELLECTUALS IN DEVELOPED COUNTRIES
This article examines
the scientific education of national intelligence in the twentieth century and
the direction of their activities historical and cultural backgrounds of the
process, national-spiritual principles in education Kazakh intellectuals,
political and socio-economic conditions in the society, a new wave of Kazakh
intellectuals in the early twentieth century and their specific activities.
Key word: Kazakh intelligentsia,
Alikhan Bokeikhanov, Ahmet Baitursynov
Зиялы қауымның,
әсіресе, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының
қазақ тарихындағы рөлі өте жоғары,
еңбектері ұшан-теңіз. Туған еліміз бен жеріміздің
тәуелсіздік алуы - тарихымызды түгендеуге, ұлттық
рухани болмысымызды қалыптастыруға кең мүмкіндіктер
ашып отыр. Халқымыздың сан ғасырлық күрделі
тарихында ұлт зиялыларының орны ерекше екендігін түсіне
отырып, ұлт-азаттық ұлы қозғалысқа
айналған осы оқиғаның маңызы мен мәнін
таразылау – қазіргі тәуелсіздік мұраттарымен байланысты
екендігі белгілі.
Осы орайда Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаштың» басты
мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп,
заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел
жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай
келеді... Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді
табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени
бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы
қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді.
Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге
шақырады» - деді. Елбасы пікірі баршамызды Алаш аманатын орындауға
шақырады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ
зиялылары – кейінгі ұрпаққа зиялылықтың ерен үлгісін, тәуелсіз мемлекет
дамуының өзіндік жолын көрсетіп кеткен ұлттың
нағыз жанашырлары бола білді. Сондықтан олардың ұлтты ұйыстырудағы, азаттық
жолындағы күрестері бүгінгі ұрпаққа
ұлағат деп түсінеміз [1].
Қазақ халқы
дербес мемлекет құрудың сан ғасырлық сатысынан
өтті. Тамырын тереңге тартқан қазақ халқы
жеке ел болып, дербес мемлекет құрғанға дейін талай
белестерден аман өтті. Тарихы талқыға түсіп,
шыңдалған Ұлы дала тағдыры ортақ алуан
ұлыстың құтты қонысына айналды. Зиялылардың көш басында
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов
сынды білімді азаматтар тұрды. Алаштың ардақты ұлдары
дербес мемлекеттілік орнатуды, тәуелсіздікті ту етті. Аласапыран кезеңде
өлкеде өмір сүріп жатқан барша ұлттардың
басын біріктіріп, ел болып қалудың саяси амалдарын
қарастырған табанды тұлғалар Алаш автономиясын
құрды [2].
Алаш өкіметі жаңа тұрпатты қазақ
мемлекеттілігінің бастауына айналды. Алаш өкіметімен бір
тұста Түркістан автономиясы дүниеге келді.
Оңтүстік өңірлерді қамтыған Түркістан
өкіметінің басында Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа
Шоқай сынды зиялылыр шоғыры тұрды. Сонымен қатар,
Алаштың көрнекті жетекшілерінің қайраткерлік
іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр
саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен
тарихта хатталып қалды. Мәселен, Әлихан
Бөкейхановтың саясаткерлігі, саясат жүргізудегі
«батысшылдығы» ерекше көзге түсті, Ахмет
Байтұрсыновтың ең әуелі
ағартушылық-ғылымдық пен саяси қимылда
байсалдылық және ұстамдылығы тән болды. Халел
Досмұхамедов пен Мұхамеджан Тынышпаевтардың
қоғамдық қайраткерлігінен ғалымдық,
зерттеушілік қасиеттері басым жатты. Енді міне, тәуелсіздігін алып
еркін даму жолына түсіп, өз тарихын жаңаша зерделей бастады.
Өзінің сан ғасырлық қайғы-қасіретке
толы тарихында қазақ халқы тағдырдың талай
тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаларды басынан
кешірді. Тәуелсіздік алуымызға байланысты ғана әділ
бағасын алып, оған қатысушылар ақталып, шындық
айтыла бастады. Қазақтың сан ғасырлық бай тарихы,
мазмұнды мәдениеті, асыл мұрасы, оны білген,
ардақтаған, насихаттаған, дамытқан абзал азаматтар
аталмады. Тек өздерінің идеологиясын сөзсіз
мақұлдап, мүлтіксіз орындаған,
уағыздаушыларға ғана жағдай жасалды. Енді егемендік
алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын
ойлап, сол жолда өмірін сарп еткен асыл азаматтарымыздың ұлт-азаттық
күресін толығымен көрсететін кез келді [3].
1911 жылдан бастап шыға бастаған «Айқап»
журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпы халықтық
басылымға айналған «Қазақ», оның артын ала
өмірге келген «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері
ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына
қызмет етті. Бірінші орыс революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш
ұлттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және
желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау
шегіне жетті. Мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде Алаш зиялылары
күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси
басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық
қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Аспендияров,
С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан
әрі өрши түсті [4].
Қазақ елінің
жүріп өткен жолы, осы жолда жиған мол тәжірибесін
ұлттық рухани болмысының қайнар бұлағына
айналдырар қуатты құралдарының бірі-оның
ғылыми тарихы. Төл тарихымыздағы
қай мәселені алып қарасақта, күн тәртібіндегі өзектілігін жоғалтпайды.
Қазақ халқы қай заманда да өзінің мәдени
дамуына ерекше мән бере білген. Заман өзгеріп, уақыт ілгері
жылжыған сайын талаптар да күрделене түсетіні сөзсіз.
Ал біз өз тарапымыздан Алаштану мәселесіне және бір
қырынан қарап көруді парыз деп санаймыз. Алаш
қозғалысының көшін бастаған Ахмет
Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып
Дулатовтар сол кездері жастары қырықтың
қырқасынан енді ғана асып, ақыл тоқтатқан
әрі өздерінен кейінгі толқын ізбасарларына Алаш идеясының
өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында екеніні
ұғындырып кеткен [5].
Мемлекеттік Думаның мәні
мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өміріндегі
қажеттіліктен туындағанын айтуға болады. Ресей Мемлекеттік
Думасының өмірге келу мұқтаждығы
өзінен-өзі өсіп жетіліп келе жатты. Ресейде Мемлекеттік Дума
дүниеге келген кезде щаруалар елдегі халықтың басым
көпшілігін құрады. Дума өзі өмірге келген
сәттен бастап-ақ бұл мәселені өз назарынан тыс
қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару
жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс
арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі
тұрды.
І-ші Мемлекеттік Дума сайлауы
Қазақстанда 1906 жылдың көктемінде басталды. Сайлау
науқанының ең қызған кезі сәуір-маусым
айларына тұстас келді. Дала өлкесінде жарияланған
әскери жағдайдағы сайлау өткізуге және оған
қалың бұқараның қатысуына көп
қиындық келтірді. Дала өлкесінде жарияланған
әскери жағдайдағы сайлау өткізуге және оған
қалың бұқараның қатысуына көп
қиындық келтірді. І-ші Мемлекеттік Думаға Торғай
облысынан Ахмет Бірімжан, Уфа губерниясынан Сәлімгерей Жантөре,
Орал облысынан Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан
Бақтыгерей Құлман мен Дәуіт Ноян-Тұндұт,
Ақмола облысынан Молда Тайынұлы
және Семей облысынан Әлихан Бөкейхан сияқты
халық қалаулылары депутат болып сайланды. Бірақ І-ші
Думаның ғұмыры ұзақ болған жоқ.
Демократиялық өзгерістерден қорыққан патша
өкіметі 1906 жылдың 8 маусымында оны таратып жіберді.
Жүздеген жыл елді жеке-дара билеп-төстеп үйренген,
жұртшылық пікірімен санасып, ел адамдарының ақылын
құлағына ілмеген патша ағзам үшін демократиялық
өззгерістердің аздаған нышанының өзі
төзгісіздей боп көрінді. Дей тұрғанмен ол Думадан
мүлде қол үзе алмады. Жаңа Дума сайлауын өткізуге
мәжбүр болды [6].
ІІ Мемлекеттік Дума өз
жұмысын 1907 жылғы 20 ақпанда бастады. Оның
құрамына Ақмола облысынан Ш:
Қосшығұлұлы, Торғай облысынан А.Қ.
Бірімжан, Семей облысынан Т.Нұркен, Жетісу облысынан М.Тынышбайұлы,
Сырдария облысынан Т.Алдабергенұлы, Орал облысынан Б.Қаратай,
Астрахан губерниясынан Б.Құлман сияқты қазақтар
депутат болып сайланды. 1907 жылғы 3-маусымда ІІ-ші Мемлекеттік Дума да
таратылды. Патшаның осы жарлығы бойынша кейінгі Мемлекеттік Думаларға
қазақ елінен депутаттар сайланбайтын болды. Ресейдің І-ІІ ші
Мемлекеттік Думаларына депутат болған Ә.Бөкейхан,
Б.Құлман, А.Бірімжан, Ш.Қосшығұлұлы,
А.Қалменұлы, М.Тайынұлы, С.Жантөре, Б.Қаратай,
М.Тынышбайұлы, Д.Ноян-Тұндұт, Т.Алдабергенұлы,
Т.Нұркен сынды аға буын өкілдерімен бірге қазақ
зиялыларының қаншама даңқты есімдерін ел жадынан
өшіруге кеңестік идеологияның барынша күш салып
баққаны әлеумет қауымға құпия емес.
Соның нәтижесінде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы,
Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Сералин,
М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Меңдешұлы,
С.Қожаұлы, С.Сәдуақасұлы, Ж.Мыңбайұлы
басқа да дарынды тұлғалардың есімдері соңғы
кезге дейін аталмай келді.
ХХ ғасырдың басындағы алдыңғы
қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси
қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық
құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп
білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және
отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы
күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның
және әрбір халықтың жеке бостандығына
құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің
жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы
адамзаттық қазыналар үшін күресті.
Қазақ зиялылары 1905
жылдан бастап, осы мақсатта дала өңірінде қызу
қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының
көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу
үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту,
сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ
зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды
деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан»
газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен
басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті
дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде
сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім
алуға шақырды.
Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп
көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінің дамыту
проблемалары жөнінде араб графикасы негізіндегі қазақ
әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы,
«Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914),
«Жаңа әліпби»(1928) атты қазақтың тіл
ғылымында емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде
де жаңашылдық деп саналған еңбектердің авторы
А.Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ»
бетеріндегі еңбектерінде А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен
медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті.
Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі
оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетті
түрде екі жылдық қазақ тілінде оқытуды талап
етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс» деп
санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет
екенін атап өтеді [7].
М.Дулатов «Оян қазақ»
деп қазаққа дабыл қаққан кейін, М.Сералин
демократияшыл зиялыларды, либерал ниеттегі студент жастарды іс жүзінде
топтасырып, олардың назары мен жігерін жалпы ұлттық
проблемаларды шешуге шоғырландыра білген. «Айқап» патша
өкіметінің реакциясынан кейін қазақ қоғамын
оятты, «Қазақ» газеті оның жақсы
дәстүрлерін жалғастырып жаңа биікке көтерілді.
М.Сералинмен қатар, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров
журналдың рухани жетекшілеріне айналды. «Айқап»
төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл
зиялыларының, талантты студент жастардың өкілдері топтасты.
Журналға А.Ғалымов, М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кашимов, Қ.
Кемеңгеров, М.Ж. Көпеев, А.Мұсағалиев Б.Сыртанов,
С.Лапин, Н.Манаев және басқалар белсене қатысып тұрды.
Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде
оның жұмысына А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың қатысуы
себепші болды. Дала өлкесінің қалың жұртшылығы кейіннен
қазақ мәдениетінің, әдебиетінің аса
көрнекті қайраткерлеріне айналған дарынды тұлғалар:
С.Сейфуллин, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Торайғыров,
М.Жұмабаевтардың шығармашылығымен танысуға
мүмкіндік алады [8]. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің басты
айырмашылығы, тарихнамада ұзақ жылдар бойы ойы айтылып
келгендей, олардың мақсат-мүдделерінің, идеялық
бағыттарының өзгешілігінде емес, басылымдарды
қаржыландыру жолдарының екі түрлі негізде
құрылуында болғандығын көрсетеді. «Қазақ»
газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылдың
ақпанынан - 1918 жылдың қаңтарына дейін 3000 дана
таралыммен 265 нөмірі жарық көрді [9].
«Қазақ» газеті
–сахара халқының тарихындағы
ұлттық-демократиялық төл мерзімді баспасөзі еді.
«Қазақ» газетін шығарушылар халқымыздың
ұлттық тұтастығын сақтап, Ресей
империясының отаршылдық саясатының салдарынан жойылып кеткен
дәстүрлі мемлекеттігімізді қайта қалыптастыруға
ат салысты. Газет бетінде халықты патша әкімшілігінің отарлау
саясатының, езгіден құтылудың әдіс
тәсілдеріне кеңес береді. Империя қол астына
қараған қазақ халқының 1907 жылғы 3
маусымдағы заңы бойынша Мемлекеттік Думаға сайлану
құқынан айырылғандығын жою үшін
Әлихан Бөкейхан барын салып әрекет етті [10]. Осындай табанды
талаптарының нәтижесінде «Қазақ» газетін ашқан
Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов пен Міржақып
Дулатовтар және басқа да алаш зиялылары басылым арқылы
ағартушылық қызметпен қатар, өздерінің
саяси мақсат-мүдделерін де жүзеге асыруға
жұмылды. «Қазақ» газетінің алдыңғы
басылымдардан басты айырмашылығы
да осында [11].
ХХ ғасырдың
басындағы бодандық бұғауынан
бұлқынған қайраткерлер тағылымы ХХІ
ғасырдағы азат елдің жастарына өнеге. Ендеше, «Алаш туы
астында күн сөнгенше сөнбейміз. Енді Алашты ешкімнің
қорлығына бермейміз. Өлер жерден кеттік біз, жасайды алаш
өлмейміз» - деген Сұлтанмахмұт данамыздың жалынын елін,
жерін, ұлтын, дінін, ділін, тілін сүйген әрбір өршіл
азаматтың бойынан көргіміз келетіні ақиқат.
Мен – қазақпын,
биікпін, байтақ елмін,
Қайта
тудым, өмірге қайта келдім.
Мен
мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта
бергім келеді, айта бергім,- деп
Жұбан Молдағалиев жырлағандай, біз мәңгі өлмейтін
ұлы халықтың ұрпағымыз. Бүкіл
ғұмырларын күреспен өткізген арыстармыздың
қолы жетпеген тәуелсіздікке бүгінгі күні біз
қолымызды жеткізіп отырмыз. Сондықтан да Алаш зиялылырының
қоғамдық-саяси, құқықтық
ой-пікірді дамытуға қосқан үлестері, ұлт
болашағы үшін әр бағытта атқарған ерлік істері
мәңгілік халық жадында сақталады.
Әдебиеттері:
1. Озғанбаев Ө. Ресей Мемлекеттік
Думасы және Алаш қайраткерлері. -
«ХХ
ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
тәуелсіздік контексіндегі
қызметі»
атты республикалық ғылыми-теориялық конференция
материалдары. Ақтау, 2011. -31 б.
2. Сабыров
С. Қазақстан тарихы. Алматы: 2002.- 107б.
3. Озғанбай
Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан. Алматы:
2006.
-51б.
4. Нұрпейісов
К. Алаш һәм Алашорда. Алматы: 1995.- 34-35 бб.
5. Қазақстан . Ұлттық
энциоклопедия. Алматы: 1998. -249-250 бб.
6. Ф. Әли. Түркістан шейттері // Жұлдыз.- 1997. N1. - 104 б.
7. Қалиев С. А.Байтұрсыновтың
педагогикалық көзқарастары. Қазақ
халқының
тәлім-тәрбие тарихынан. Алматы: 1992. -193-208 бб.
8.Зиманов С.З., Идрисов К.З.
Общественно-политические взгляды
Мухамеджана Сералина. Алматы: 1989. -стр.
69
9. Дулатов М. Шығармалары. Алматы: 1991.-
300 б.
10. Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік
Думасы және Қазақстан. Алматы: 2006.
-159-160
бб.
11. Алаштың адастырмас темір
қазығы // Заң газеті. -2013.- 1 ақпан.- 5 б.
REFERENCES
1. Ozғanbaev O. Resey Memlekettіk Dumas zhane Alash
қayratkerlerі . -
"XX Gasyr basyndaғy kazak ziyalylarynyң
Tauelsizdik konteksіndegі
қyzmetі " atta - respublikalyқ
ғylymi teoriyalyқ Conference
Materialdary . Aқtau 2011. -31 B .
2 . Sabyrov S. tarikhy Kazakhstan . Almaty : 2002. - 107b .
3 . Ozғanbay Ө . Resey Memlekettіk Dumas zhane Kazakhstan .
Almaty : 2006.
- 51b .
4 . Nұrpeyіsov K. Alash һәm Alashorda . Almaty : 1995. -
34-35 bb .
5 . Kazakhstan . Ulttyk entsioklopediya . Almaty : 1998. -249-250 Bb .
6. F. Әli . Tүrkіstan sheytterі / / Zhұldyz . - 1997 .
N1. - 104 b .
7. Қaliev S. A.Baytұrsynovtyң pedagogikalyқ
kөzқarastary . Kazak
halқynyң tәlіm - tәrbie
tarihynan . Almaty : 1992. -193-208 Bb .
8.Zimanov SZ, KZ Idrisov Social and political views
Mukhamedzhan Seralini . Almaty : 1989 . -p.
69
9. Dulatov M. Shyғarmalary . Almaty : 1991. - 300 b .
10 . Ozғanbay Ө . Resey Memlekettіk Dumas zhane Kazakhstan .
Almaty : 2006.
-159-160 Bb .
11. Alashtyң adastyrmas Temir қazyғy / / Zan gazetі .
-2013 . - 1 aқpan . - 5 b .
Сведения об авторах (Ф.И.О., ученая степень, ученое
звание, адрес, место работы, телефон, факс, email):
1.
Аты-жөні: Джумалиева
Ләззат Төребекқызы
2.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Тарих ғылымдарының кандидаты,
доцент
3.
Мекеме, лауазымы: Ш.Есенов
атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті. «Қазақстан тарихы және ӘГП»
кафедрасының меңгерушісі.
4.
Мекен жайы: 130003. Ақтау қаласы, 30 ш.а,168- үй,
28-пәтер.
5.
Үй телефоны : 8-7292-403825 , сот.тел: 8 -701- 590-83-74
6.
Факс: 8-7292- 42-83-43, жұмыс телефоны: 42-83-43
7.
E-mail: Lazzat-69@ mail.ru