ПЕДАГОГИКА.
Современные методы преподавания
География
пәнінің мұғалімі Д. М. Сейдазимова
10
сынып оқушысы Әсел Әсет қызы
Ерекше
балаларға арналған “Дарын”
коммуналдық
мектеп - интернаты,
Тараз қаласы,
Қазақстан
Қазақстанның ерекше қорғалатын мемлекеттік
қорықтарының бүгінгі күні және маңызы
Қандай да
болсын жануарлар дүниесі, оларды
өздері бейімделіп тіршілік ететін табиғи ортасынан ажыратпай
қорғап, қорын молайту ісі - бүгіндегі көкейкесті
мәселе. Өйткені қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының,
транспорттың қарышты қадамы оларға өзінің
ықпалын тигізуде.
Сондықтан
жануарлар дүниесін қайткен күнде де, жерімізден ғайып
болып кетпеуіне жағдай жасау міндетіміз. Солардың ішіндегі ең
тиімді жолы-қорықтар мен заказниктер ұйымдастырып,
аңдар қорының көбеюіне жағдай жасау.
Қорықтар
бұл табиғат объектілердің қоғаудың ең
жоғарғы фомасы. Қорық территориясы шаруашылық
айналымнан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын
жүргізу, аң - құс атып, балық аулау, шөп
шабу мен мал жаю, ағаш дайындау сияқты нұқсан
келтіретін әрекетке тиым салынған.
Сонымен қатар
қорық жеріне улы химикаттар қолдану және басқа
жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір
сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған
жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы -
географиялық белдеудің үлгісі /эталоны/ ретінде
қолғалуы қажет.
Жалпы
Қазақстаның территориясында әр жылдары
ұйымдастырылған 9 қорық бар.
Қазақстан табиғатының және
ландшафтының алуан түрлілігі өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің бай қорын түзеді. Қазақстанда
өсімдіктердің 5000-нан астам түрлері, оның ішінде - 13%
эндемикалық өсімдіктер кездеседі. Кең байтақ жеріміздің,
Алтайдан Алатау - Атырауға дейін бір толық
эколого-географиялық аймақ ретінде барлық экологиялық
системаны қарастыруға болады. Қазақстандағы
қорықтардың орналасуы да осы экологиялық жүйеде
жасалынған.
Қазақстанның
фаунасы мен флорасына келетін болсақ, орасан зор. Соның ішінде
қорықтар мен мемлекеттік табиғат парктерінде
қорғалатын түрлері де жеткілікті.
Қорықтарда
саны азайып, жойылып кету қауіпі бар аса бағалы өсімдіктер
мен жануарлардан басқа өлкеміздің көрікті табиғат
ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады.
Сүтқоректі
жануарлардың көптеген түрлері қорғауға
алынған территорияларда өте аз мөлшерде кездеседі. Мысалы:
қар барысы 30-35, қоңыр аю – 25-30, Түркістан сілеусіні
– 80-дей, қорықтарда көбейтудің жолдары ғылыми
түрде іздестіріліп, жұмыстар жүргізілуі қажет.
Біздің
Қазақстан фаунасынан мүлдем жоғалтып алған
түрлеріміз де бар, олар – қызыл қасқыр, гепард. Міне,
сондықтан жоғалып кету қаупі бар аңдарға,
құстарға, бауырымен жорғалаушыларға, аса
жоғары көңіл бөлу керек.
Сонымен,
Қазақстан территориясында 9 мемлекеттік қорық,
4-халықтық парк, 66 – республикалық заказниктер жұмыс
істейді. Территориясының жалпы көлемі 7,8 млн га. Республикамызда
24 табиғат кешендері 6 мың га. жерді алып жатыр. Бұл жерлерде
өсімдіктердің реликті түрлері, жердің геологиялық
ерекшеліктері қорғалады.
Республикамызда
табиғат заказниктері әр облыстың табиғи
жағдайларына байланысты құрылған. Ақмола
облысында 3, Алматы облысында –8, Батыс Қазақстанда – 3,
Шығыс Қазақстанда -8, Қостанайда -4, Қызылордада
–2, Маңғыстауда –2, Павлодарда –1, Солтүстік
Қазақстанда –8, Оңтүстік Қазақстанда –7.
Табиғи заказниктер қорғалатын обьектілеріне қарай
ботаникалық, зоологиялық, геологиялық және
ландшафтық болып бөлінеді.
Егеменді
Қазақстан табиғатты және табиғат ресурстарын
қорғау мәселелері бойынша халықаралық
табиғатты қорғау одағына мүше және Орта
Азия мемлекеттерін біріктіреді.
Халықаралық
табиғат қорғау одағына (МСОП) дүние
жүзінің 11 географиялық топтарға біріктірілген
мемлекеттері кіреді. Қазақстан жоғарыда аталған
одақтың мүшесі бола, БҰҰ-ның
Европалық экономикалық комиссиясының сыртқы
қоршаған ортаны қорғау туралы қабылдаған
конвенцияларын орындауы шарт.
2003 жылы Дурбан
қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгрес
комиссиясы жұмыстарын қортындылай келе, биоәртүрлілікті
қорғау және оның тұрақты
қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын
қайта бағалады.
Бұрын
қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының
басқа саладағы мүдделерімен байланысы толық емес еді.
Сондықтан Дурбан конгресінде келешектің негізгі бастамасы қорғалатын
табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйелерін
құру туралы қаулы қабылданды. Әлемдік үлгі
талабы бойынша мемлекет территориясының 10%- ынан көбі
қорғалатын табиғи территория болуы керек.
Жер көлемі
жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан,
қорғалатын табиғи территориялардың әлемдік
жүйесінің дамуында маңызды рол атқарды. Біздің
мемлекетімізде қорық құру тарихы 1992 жылдан басталды.
Бұл жылы мәдени және
көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі
Түркстан комитеті құрылған, ол алғаш рет сол
аймақта қорық құру қажеттілігі
мәселесін көтерді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Заповедники
Средней Азии и Казахстана // М., Мысль, 1990
2. Заповедное
дело в Казахстане // Алматы, 1982
3. Жұмаділов
Ә., Бекенов А., Қыдырбаев Х. Қазақстан
қорықтары // Алматы, Қайнар, 1978
4. Ковшарь
А. Ф. Заповедники Казахстана // Алматы, Наука, 1989