Қазақстан
Алматы қаласы Нархоз университеті
Менеджмент
кафедрасы э.ғ.к., доцент Апиев Қ.С.
ҰЙЫМНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУҒА ЖАСАЛЫНҒАН ҰСЫНЫСТАР
Ұйымның табысын арттыруға келесі екі факторлар тобы
әсер етеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы факторларға табиғи
жағдайлар жатады: транспорттық жағдай;
әлеуметтік-экономикалық жағдай; сыртқы
экономикалық байланыстардың даму деңгейі; өндірістік
ресурстарға деген баға және тағы басқалар. Ішкі
факторлардың табыстардың өзгеруіне әсер ететін келесі
негізгі факторлары (сату көлемі, өнімнің өзіндік
құны, өнімнің шығындар құрылы,
өнімнің бағасы); негізгі емес факторлар, шаруашылық
тәртіптің бұзылуына байланысты (бағаның
дұрыс қойылмауы, еңбек жағдайының бұзылуы
мен өнім сапасының төмендеуі сынды әртүрлі
айыппұлдар мен экономикалық санкцияларға алып келетін
басқа да факторлар).
Ұйымның табыстылығын арттыру жолдарын таңдау
кезінде негізгі бағыт табыстардың өсуіне әсер ететін
ішкі факторларға үлкен мән беріледі. Кәсіпорынның
табысын арттыруға төмендегі факторлар арқылы қол
жеткізуіміз мүмкін:
- Өнім өндірісін арттыру мен сату көлемін
ұлғайту;
- Артық жабдықтарды сату мен басқа да мүліктерді
жалға беру;
- Өндірістік қуаты мен өндірістік алаңды,
еңбек күші мен жұмыс уақытын және материалдық
ресурстарды рационалды пайдалану арқылы өнімнің өзіндік
құнын төмендету;
- Өндірістік әртараптандыру;
- Басқарушылық шығындарды қысқарту;
- Коммерциялық шығындарды төмендету;
- Өндірілген өнімнің немесе қызметтің
бағасын қолайлы деңгейге дейін көтеру;
- Қаржылық операциялардың тиімділігі;
- Өзге де шығындарды қысқарту (түрлі
объекттермен жасалған келісім-шарт кезіндегі делдал компанияларға
төленетін төлемақыларды төмендету; өзге
ұйымдарға шаруашылық келісім-шарттарды бұзғаны
үшін өсімақы мен айыппұл суммасын қысқарту
(болдырмау), өндірістік-материалдық қорлардың
бағасын төмендету және т.б.;)
Кәсіпорынның өнім өндіру көлемін арттыру
компанияның табысын арттыруға тікелей әсер ететін болады.
Өндіріс көлемінің артуы, күнделікті
сұраныстың өсуіне
сәйкес қажетті капитал салымы арқылы, өндірістік
қуаты жоғары, жаңа технологияларға негізделген
өндірісті кеңейтетін құрал-жабдықтарды сатып алу.
Бұл таңдау (жол) көптеген кәсіпорындар үшін
қиын немесе тіпті мүмкін емес, өйткені инфляция
деңгейі, бағаның өсуі және мерзімдік
несиелердің қолжетімсіздігі. Өзінің
қаржылық жағдайы жоғары және осындай іс-шараларды
жүзеге асыруға мүмкіндігі бар кәсіпорындар
өздерінің табыстарының еселеп қайтарары сөзсіз.
Кәсіпорынның пайда баланс құрылымында өнімді
немесе қызметті өткізуден түскен пайданың алатын орны
жоғары. Оның мәні келесі үш фактордың
әсерінен жүзеге асады:
1. Өнімнің
өзіндік құны;
2. Сату көлемі;
3. Сатылатын
өнімнің ағымдағы баға деңгейі.
Олардың ішіндегі ең маңыздысы өнімнің
өзіндік құны. Баға қою саясаты кезінде
өзіндік құнның маңыздылығы зор,
сондықтан өнімнің өзіндік құнының
төмендеуі кәсіпорынның табыстары мен басқада
көрсеткіштерінің өсуіне әсер ету деңгейі
өте жоғары. Өнімнің өзіндік құны
көрсеткішінің динамикасын басқа тұрғыдан алып
қарасақта қызықты. Ұлттық шаруашылық
деңгейінде шығындарды қысқарту тұтастай
экономиканың дамуына оң әсер етеді. Көптеген кәсіпорындарда
күнделікті өнімнің өзіндік құнын талдап,
оны төмендету жолдарын қарастыратын экономикалық
бөлімдер бар. Бірақ бұл шаралар инфляция мен энергетикалық
ресурстар мен қажетті шикізаттардың бағасының
көтерілуіне орай құнсызданады. Бағалардың
күрт көтерілуі мен кәсіпорынның меншікті айналым
қаражаттарының жеткіліксіздігі жағдайында өнімнің
өзіндік құнын төмендету арқылы табыстылықты
арттыру мүмкін емес.
Табыстылықты
арттырудың тағы бір жолы менеджментте жиі қолданылатын,
жұмыскерлерді ынталандару сомасын өсіру, мысалы құрылыс
жұмыстары уақытын белгіленген мерзімнен бұрын орындауға
мотивация беру. Табыстылықты арттырудың тағы да басқа
резервтері бар: жұмысшылар мен қызметкерлің
еңбекақысын төлеуге кететін шығындарды рационалды
пайдалану мен үнемдеу. Еңбекақы шығындарын
төмендету арқылы қол жеткізетін негізгі резервтік шаралар:
- Ғылыми-техникалық
прогресс шараларын енгізу мен ұйымдастыру шараларын жетілдіру,
нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, еңбек
сиымдылығы төмендейтін болады;
- Пайдалылық
дәрежесі төмен жұмысшыларды қысқарту;
- Өндірістік
ақаулар мен жұмыс уақытындағы бос уақыттарды
болдырмау, жұмысшылардың кәсіпорынның
мақсаттарына сәйкес болуы мен ішкі тәртіп сақтауды
қатаң қадағалау.
ЖШС-ның қазіргі жағдайын
жақсарту мен пайдасын арттыру үшін мынадай шаралар ұсынылады:
а) Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық
қызметіне жүйелі талдау жұмыстарын жиі жүргізіп отыру;
б) Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік
құнын төмендету үшін:
- өндірістегі энергия
тұтыну көлеміне талдау жүргізу және энергия
үнемдейтін технологиялар есебінен энергия тұтыну көлемін
төмендету шараларын ұйымдастыру;
- өндірістік экономикалық көрсеткіштер жоспарын орындауды
қамтамасыз ету;
в) Өзге де шаралар:
- негізгі өндірістік
қорларды пайдалануды оңтайландыру;
- материалдар мен қосалқы бөлшектерді жеткізушілерден
ең төменгі бағадан сатып алу;
- бартерлік келісім-шарттарды жою;
- қойма алаңдарын пайдалану
жұмыстарына талдау жүргізіп, оларды жалға беру бойынша белсінділігін
арттыру;
- басқарушы персоналдарды
қысқарту мен жұмысшылардың санын оңтайландыру
бағытында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру;
- қызметтік көлікті ұстау
шығындарын оңтайландыру бағытында жағармайға
кететін шығындардың нормасы мен транспортты ұстау бойынша
кешенді іс-шараларды жүргізу;
- жұмысшыларды іріктеу кезіндегі
шығындарды қысқарту, персоналдарды іріктеу бойынша
кәсіби мамандандырылған ұйымдарға кететін
шығындарды қоса алғанда.
Заманауи нарықтық экономикада табыстың
маңызы өте зор. Табыс – ұйымның қаржылық
қызметінің нәтижесін көрсететін экономикалық
категория. Табыс – өндірістің тиімділігін толықтай ашып
көрсететін, оның өндірілген өнімдерінің көлемі
немесе сапасы, сонымен қатар еңбек өнімділігінің
жағдайы және оның өзіндік құнын
көрсететін көрсеткіш. Сонымен қатар, табыс кез келген меншік
формасындағы кәсіпорынның коммерциялық
есеп-қисабын нақты әрі тиімді жобалауға ықпалын
жасайды. Кәсіпорынның қызметі қаржылық
нәтижеге бағытталған, яғни, өнімнің
табыстылығын арттыру арқылы пайда табу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Ефимова О.В. «Қаржылық есептіліктің
талдауы» -2013 жыл. Мәскеу. Омега баспасы. Оқу құралы,
201-214 беттер.
2 ҚР Статистика комитетінің ресми сайты. Stat.gov.kz
3 Биргхем Ю. «Қаржылық менеджмент» -2015 жыл.
Санкт-Петербург. Питер баспасы. Экспресс курс, 88-102 беттер.