УДК 612.11+612.15

Ибадуллаева С.Ж.*, Ауезова Н.С.*, Ажмолдаева К.Б.*,

Мусафирова А.Б.**, Жасекенова Б.М.**, Бикенеева Г.Я.***

 

* - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

** - Облыстық балалар емханасы

*** - Облыстық медициналық орталық

 

Арал өңірі тұрғындарының қанындағы иммунды глобулиндер G класы мөлшерін «Саувит» биологиялық белсенді қоспасы арқылы жоғарылату жолдары

 

Қызылорда облысы шөлді және шөлейт зонада орналасқан. Сырдарияға жақын жерлердегі құмды массив ені 30-40км келетін өзендік жазыққа ауысады. Оны арықтар кесіп өтуінің нәтижесінде әр жерлерінде көлдер мен шалшық сулар түзілген. Облыс төңірегіндегі таулардың абсолютті биіктігі 900 метрден аспайды.

Қызылорда облысының климаты шұғыл континетті. Жазы ыстық, құрғақ максимум температурасы 45-47°С, қысы суық, қары аз, минимум температурасы – 40°С болады. Жауын-шашыны өте аз, орташа жылдық мөлшері 100-150мм және жыл мезгілдеріне біркелкі таралмаған. Жауын-шашынның 60% қыс-көктем мезгілдеріне сәйкес келіп, облыстың барлық аумағында дерлік жаңбыр қардың үстіне жауатын жағдайлар орын алған. Қар жамылғысы тұрақсыз, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы суық мезгілде облыс жер көлемінде аз өзгереді, орта шамамен 70-85% құрайды. Жазда ылғалдылық 11-16% түседі. Жаз мезгілінде шаңды борандар (2 күннен 20 күнге дейін), ал Қызылорда қаласында 30 күнге дейін байқалады [1].

Мұндай экологиялық дағдарыс аймағында организмге кері әсерін тигізетін негізгі фактор токсиканттар болып табылады. Бұл аймақта токсиканттар топырақ пен су құрамында көп мөлшерде кездесіп, адам жануарлар организміне тағам, су, ауа арқылы және шаңмен бірге түседі. Соңғы жылдарда мышьяк, кадмий, қорғасын, никель, сынап сияқты токсикалық элементтердің әсері қоршаған орта мен денсаулықты қорғаудағы басты мәселе болып отыр. Өйткені, бұл элементтер қоршаған ортаға көп мөлшерде түсуде[2].

Осылайша, жоғары және төмен температура және басқа да параметрлерден тұратын қоршаған ортаның экстремалды факторлары организмге қолайсыз әсер етіп, организмнің барлық мүшелері мен жүйелер функциялық белсенділігінің ауытқуына, әсіресе иммундық жүйе көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеп соғады.

Адам организміне жұқпалы немесе паразиттік аурулар қоздырғышының енуі, олардың иммунды жүйе мүшелерімен байланысуына әкеп соғады да, арнайы иммунитеттің қалыптасуын үдетеді. Әрбір жұқпалы процесте барлық иммунды жетік клеткалардың  0,1% төмені белсенділікке келтіріледі. Бұл адам организмінде лимфоидты клеткалардың  көптеген популяцияларының болуымен және олардың әрқайсысы белгілі бір антигенге ғана жауап беретіндігімен байланысты. Әйтсе де, антигендер мен микробтардың өздері Т- және В-лимфоциттерге әсер етуге қауқарсыз екенін атап өту керек. Олар бұл қабілетке тек фагоциттердің алдын-ала жоғары концентрациялы формаға «супергенге» «айналдырып жібергеннен» соң ғана ие бола алады. Әйтеуір бір қоздырғыштың «суперантигенінің» (суперантигендерінің) Т-лимфоцитке әсері оларда бластөзгеруі (үлкен ядросы бар ғырат клеткаға айналу) туғызып, соңынан нақты бір функцияға ие жеке клеткалар субпопуляциясы - эффекторлардың дифференциациясына әкеледі. Олардың біріншілері В-лимфоциттердің хелперлері (көмекшілер), В-лимфоциттерге антидене өндіруге көмек береді[3]. Экологиялық қолайсыз аймақ тұрғындарының қан сары суындағы иммуноглобулин G мөлшеріне мониторинг жасалып, биологиялық активті қоспа «Саувиттің» әсері зерттеліп қарастырылды. 

«Саувит» биологиялық белсенді қоспасын 2 ай бойы үздіксіз қабылдау қандағы IgG сарысу иммунды глобулині мөлшерінің өзгерісіне әкеледі. Оңтүстік аудандар, Қызылорда қаласы және солтүстік аудандарда тұратын бақылау тобындағы әйелдердің қанындағы IgG мөлшері 8,83±0,25 мг/мл, 9,69±0,24 мг/мл және 12,00±0,31 мг/мл болса, «Саувит» қабылдаған соң оңтүстік аудандарда тұратын әйелдердің қанындағы  IgG мөлшері 4,8%-ға көтеріліп, 9,26± 0,21 мг/мл құраса, Қызылорда қаласы мен солтүстік аудандарда 0,1% және 0,7%-ға төмендеп, сәйкесінше 9,60±0,24 мг/мл және 11,90мг/мл болды. Фишер-Стьюденттің жұп критериін пайдалануға көшкенде, бақылау және тәжірибелік топ арасындағы айырмашылық әр топ үшін 104,8±0,8% (р<0,001), 99,9±1,1% және 99,3±1,0% құрады.

Арал теңізінен әртүрлі қашықтықтағы аймақтарда тұратын ер адамдарда Саувит биологиялық белсенді қоспасын қолданған кезінде әйелдердің қанындағы IgG мөлшерінің өзгерісіне шамалас өзгеріс байқалды. Бақылау тобындағы Қызылорда облысының оңтүстік, солтүстік және Қызылорда қаласы тұрғындарының қанындағы IgG мөлшері сәйкесінше, 8,19±0,34 мг/мл 8,86±0,32 мг/мл және 10,33±0,37 мг/мл болса, «Саувит» биологиялық белсенді қоспасын қолданған соң, Қызылорда облысының оңтүстік және солтүстік аудандарында тұратын ер адамдардың қанындағы IgG концентрациясы 1,7% және 2,6%-ға төмендеп, 7,96±0,32 мг/мл және 9,86±0,33 мг/мл-ге жетсе, қызылордалықтарда ол көрсеткіш керісінше, 2,3% -ке көтеріліп, 9,00±0,40 мг/мл-ге жетті (1 сурет).

ОА - оңтүстік аудан, ҚҚ - Қызылорда қаласы, СА - солтүстік аудан

1 сурет - Арал өңірінің әртүрлі аймақтарында тұратын ерлердің қанындағы IgG иммунды глобулині мөлшерінің (мг/мл) «Саувит» биологиялық белсенді қоспасын қолданғаннан кейінгі өзгерісі

 

Жүргізілген зерттеулер темірмен байытылған сыра ашытқsсын биологиялық белсенді қоспа ретінде қолдану Қызылорда облысының әйелдерінің қанындағы сарысу иммунды глобулинінің G класының өзгеруіне әкелетінін көрсетті(сурет 2).

 

ОА - оңтүстік аудан, ҚҚ - Қызылорда қаласы, СА - солтүстік аудан

2 сурет - Арал өңірінің әртүрлі аймақтарында тұратын әйелдердің қанындағы IgG иммунды глобулинінің мөлшерінің (мг/мл) «Саувит» биологиялық белсенді қоспасын қолданғаннан кейінгі өзгерісі

 

Жүргізілген зерттеу көрсеткендей темірмен байытылған сыра ашытқысы кешені-«Саувит» биологиялық белсенді қоспасын қабылдағаннан соң сарысу иммунды глобулин IgG мөлшерінің төмендегені байқалды. Бұл өзгерістер Қызылорда облысының Арал теңізінен қашықтық деңгейі әртүрлі аудандарында тұратын ерлер мен әйелдерге тән болды.

Осылайша, жүргізілген зерттеу нәтижелері Арал өңірі аймағына тән экстремальды факторлар ең алдымен жас әйелдердің қанындағы сарысу иммунды глобулиндері қолайсыз әсеріне тәуелде екені байқалды. Көрсетілген өзгерістердің айқындылығы зерттелінушілер тұратын аймақтардың Арал теңізінен қашықтау деңгейіне тура пропорционал болғандығы дәлелденді. Иммунды глобулиндер деңгейі негізінде солтүстік аудандарда жоғары екені белгілі болды. Тіркелген көрсеткіштердің маусымдық өзгерістері анықталды. Арал өңірі тұрғындарының қанындағы сарысу иммунды глобулиндерінің өзгерісін «Саувит» биологиялық белсенді қоспасы көмегімен коррекциялау мүмкіндігі көрсетілді.

 

 

Резюме

         В данной статье раскрыто влияние комплекса климато-географических и экоолгических факторов на состояние иммунной системы жителей. Проведен мониторнг содержания иммуноглобулинов класса G. Наряду с этим проведено положительные влияние биологической активной добавки «Саувит» на содержание иммуноглобулина класса G. Выявлена зависимость концентарции иммуноглобулина класса G от удаленности от Аральского моря.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.                 Баймуратов У. О решении социально-экономических и экологических проблем Приаралья // Вестник АН КазССР. - 1990. - № 9. - С.55-56.

2.                 Шарипова М.А., Бигалиев А.Б., Жунусова К.Х., Халилов М.Ф. использование патогенетических критериев для экологической оценки состояния окружающей среды // Вестник КазНУ. Серия экологическая 2000. -№ 1(8). - С.42-44.

3.                 Баевский Р.М. Методико-экологический мониторинг здоровья населения // Медико-экологические проблемы Приаралья и здоровья населения: Сб.науч.тр. - Нукус, 1991. - С.65-68.