Қырым татарларының әдеби тілі
Оспанова
Б.Р. филология ғылымдарының кандидаты
Қырым татарлары –
түркі тілдес халықтар қатарына жатады. Өз атауы
қырымлы, негізінен қазіргі таңда халықтың негізгі
бөлігі Украинаның Қырым автономиялық республикасында тұрады.
Қазір тілдік тұрғыдан алып қарғанда үш
диалектіге бөлінеді: cолтүстік, оңтүстік, орталық
диалектілер. Қырым татарларының жазба әдебиетінің
қалыптасуын келсек, 1929 жылға дейін араб, 1938 жылға дейін латын
жазуларын қолданды, ал 1938 жылдан кирилл әліпбиіне ауысты, 1992
жылы қайтадан латын әліпбиіне көшткен. Осы аталған
жылдарда көркем шығармалар, газет журналдар, оқулықтар
осы жазулар негізінде басылып шыққан. Алғашқы жазба
мұралары: Жанмұхаммедтің («Исләмгерейдің
Польшаға шабуылы» (ХVII ғ.), Сейд Мұхаммед Ризаның
«Ассеб-сейярі» (ХVII ғ.), т.б [1].
Қырым
татарларының әдеби тілі Қырымның орта жолақ
тұрғындарының негізінде қалыптасқан. А.Н.Баскаков
қырым татар тілі хун тілдерінің қыпшақ-половец тобына
жатады [2] десе, С.Бизақов «Қырым татарларының тілі
бамың қыпшақ немесе құман тобына жатады» дейді
[3,150]. Ал Ә.Қайдаров пен М.Оразов: «... бұл тілдің
құрамында оғыз элементтері де, лексикалық
құрамында араб, парсы тілдерінен енген сөздер де мол» [4,294]
дейді. Бұдан біз қырым татарларының қалыптасуында
түркі элементі өте үлкен рөл атқарғандығын
байқаймыз. Оған дәлел сақтар, ғұндар,
бұлғарлар, печенегтер, салжұқтар,
қыпшақтардың тілдік элеметнттері сақталған. Ал қырым татарлары туралы тарихқа
бойласақ, Қырым татарларының негізін орыс жылнамаларында
«половецтер» деп аталған қыпшақтары құрайды.
Дешті Қыпшақтан қоныс аударған олар ХІ ғасырда
Қырымға өте бастаған. ХҮІІІ ғасырда
Қырым татарлары халық ретінде толық қалыптасқанға
дейін өздерін «қыпшақпыз» деп атаған. Қырым Хандығы-Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым
түбегінде құрылған мемлекет (1430 - 1783). ХІІІ
ғасырдың аяғында Қырым түбегінде Алтын
Ордаға тәуелді ерекше аймақ құрылды. Оның
орталығы – Солхат қаласы болды. Алтын Орда билеушілерінің өзара
күрестерінен кейін Меңлі Гирей хан (1428-1515) болады, одан кейін 1443 жылы
тәуелсіз Қырым Хандығының негізін қалады.
Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі
бөлігі де кірді. Ол хандықтың астанасын Бахшасарайға көшірді. 1475 жылы
Қырымға түрік әскерлері басып кіріп, хандық
Түркияға тәуелді болды. Қырым Хандығы Ресей,
Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің
орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558 - 1583)
кезінде жиіледі. ХV-XVI ғасырларда Ресей өкіметі
оңтүстік шекарасын Қырым татарларынан қорғау
үшін шекара бекініс шептерін құрды. Орыстардың 1687 -
1689 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз
аяқталды. XVIII ғасырдағы орыс-түрік соғысында Ресей жеңіске жетіп, Қырым хандығы
әлсірей бастады. 1774 жылы Күшік-Қайнарджа бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның қол астынан
шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз ел
болып танылды. 1783 жылы Қырым хандығы Ресей империясының
құрамына кірді [1].
ХҮІІІ
ғасырдың аяғынан Қырым татарларының өздері
«қара ғасыр» деп атайтын кезең басталды. Ресей Осман
империясымен арадағы соғыста жеңіске жеткеннен кейін,
Қырымды басып алып, өзіне бағынышты етті. Орыстың
отарына көнбеген татарлар Қара теңіздің арғы
жағына жаппай қоныс аудара бастады. Қырымда татарларының
саны барынша азайып, ХІХ ғасыр соңында олар барлық
Қырым халқының үштен бірін, 1917 жылы ¼
бөлігін ғана құрады. ХХ ғасыр басында Қырым
татарларының зиялы қауымы халқының
құрдымға батып бара жатқанына алаңдап,
ұлт-азаттық күреске белсене кірісті. Солардың бірі –
Исмаил Гаспралы болатын. Оның шығарған «Тәржіман»
газетін тек Қырымда емес, Қазан, Орта Азия, Кавказ,
Қазақстан халықтары оқыды. 1921 жылы Қырым АССР-і
құрылды. Қырым татарларының одан арғы тарихы
қазақтарға ұқсас. 1928 жылы араб әліпбиі,
латыншаға, 1939 жылы кириллицаға ауыстырылды. 1937-38 жылдары
қуғын-сүргін болып, мыңдаған қырым татар
зиялылары айдалып, атылды. Осы оқиғалар қырым
татарларының тіліне де қатты әсер етті. Осыдан ары
қарай қырым татар тілінің одан әрі қолданылу аясы
тарылды. Мысалы, қырым татары Сталин режимі кезінде Қырымнан
Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстан мен
Оралға күштеп жер аударылды. Ал 1957 жылға дейін оларды
тіптен жеке халық ретінде атауға тыйым салынды. Тарихтан белгілі
тек өткен ғасырдың 1990-шы жылдары ғана 200
мыңдай Қырым татарлары атамекеніне қайтып оралған екен.
Қырым татар
тілінің шығу кезеңінен бастап, қырым татар әдеби
тілінің даму тарихының кезеңге бөлінуі үш негізгі
даму кезеңді айқын бақылайды: XIII – XV ғ.ғ. –
«ескі (көне) қырым татар тілі» (эски къырымтатар тили)
кезеңі; XV және XX ғасырдың бірінші жарты жылдығы
– «орта қырым татар тілі (орта къырымтатар тили) кезеңі және
XX ғасырдан қазіргі уақытта дейінгі» «жаңа
қырым-татар тілі» (янъы къырымтатар тили) кезеңі.
Ескі қырым
татар тілі Сирия және Мысыр аймақтарында XII-XV ғ.ғ.
пайда болған осы ескерткіштің және басқа да
қыпшақ жазба ескерткіштерінің тікелей мұрагері болып
табылады. Қырым татарларының ата-бабалары ерте кезеңдердегі
Дунай және Солтүстік Кавказдың түркі руналық
ескерткіштеріне тікелей қатынасқа ие. Орта қырым-татар тілі
дәуірі Қырым хандығының гүлдену және құлдырау
кезеңдерімен байланысты. Көршілес Осман империясымен Қырым
хандығының саяси және мәдени жақындасуына
байланысты қырым-татар тілі осман тілінің ықпалына
түсті, осман тілі сол кезеңде барлық дерлік мемлекеттік
қызметтің салаларында, әдебиетте, ғылымда және
өнерде жоғары үстемдік сипатқа ие болды. Бұл
кезеңде қырым татар әдебиеті және тілдік дәстүрі
Осман империясында да дамыды, яғни екі тұрғыда –
классикалық әдебиет және хан сарайының тілі (сарай
эдебияты- сарай әдебиеті делінетін) және әдебиет және
халық тілі.
Қырым татар
тілін зерттей келе, А.Н. Самойлов былай жазды: «бұл
құжаттың және басқа құжаттардың
тілінің қырым татар тілінде XVI-XVII ғасырлар кезеңіне
жататын XVII ғасырдың соңына дейін осман-түрік тіліне
қырым хандарының құжатханасындағы Жошы
ұлысының әдеби дәстүрін толық жоя
алмағандығы куә және Қырым хандығы
билігінің халықаралық хат алмасудағы ресми тіліне дала
ноғай сөйленісін қолдану мүмкін болды» [5].
1920 жылдары
жаңа қырым татар тілінің кезеңі басталады. Ресейдегі
Қазан төңкерісінен және кеңес билігінің
орнатылуынан кейін ұлттық тіл мәселелері филолгиялық
тұрғыдан идеологиялық және саяси салаға
көшеді. 1928 жылы I бүкілқырымдық ғылыми
конференцияда екі негізгі диалектінің қайсысын әдеби тіл негізіне қабылдау
мәселесі көтеріледі. Сонымен
қырым татар тілінің
османдық әдеби түрік тіліне бейімделу кезеңі
аяқталды. 1929 жылдың тамызында Симферполь қаласында
болған II бүкілқырымдық
ғылыми-орфографиялық конференцияда әдеби қырым татар
тілінің болашақ тағдырын шешуші үш негізгі мәселе
талқыланды:
1) қырым татар
әдеби тіліні даму жолдары;
2) қырым татар
әдеби тіліндегі терминология мәселелері;
3) қырым татар
әдеби тіліндегі орфография [6].
Р.Александрович
әдеби қырым татар тілінде орыс тілінің кірме сөздерін,
ғылыми-техникалық терминдерді қолдануды ұсынды,
қырым татар тілінде оқулықтар, сөздіктер мен оқу
құралдарын басып шығаруға мемлекеттік мекеменің
бақылауын енгізуге кеңес берді. Р. Александровичтің
нұсқауын орындау нәтижесінде қырым татар әдеби
тіліндегі қырым татар тілімен игерілген араб және парсы кірме
сөздері қысқа мерзім ішінде орыс сөздерімен
алмастырылды.
Қырым
татарларының бүгінгі күндегі әлеуметтік деңгейіне
келсек, 1941 жылы Қырымды немістер жаулап алғанға дейін
мемлекеттік тіл статусы болды. Бірақ қырым татар халқын
күтіп тұрған ең ауыр зұлмат әлі алда еді.
1944 жылы оларды немістерге жақтастыңдар деп, түгелдей
Сібірге, Орта Азияға қоныс аудартып жіберді. Сол кезден бастап
Қырымда бірде-бір ұлты татар адам қалған жоқ, ал
тілі тіпті жойылудың азақ алдында болды. Өзге жерлерге
көшірілген халықтың жарымына жуығы аштық пен
аурудан көз жұмды. Тек 1989 жылы ғана олар туған жерге
қайтуға мүмкіндік алды 1992-1998 жылдар аралығында
заң қайта қаралып, украйын, орыс тілдері секілді бұрынғы
мәртебесіне қайта ие болды. 1996 жылғы Украйна
заңдарына және 1998 жылғы Автономды Қырым
республикасының заңына сәйкес аз ұлттар тілі
мәртебесін иеленді. Қырым татарларының бұрынғыдай
мемлекеттік тіл мәртебесін алуы үшін оларда жеке мемлекет болуы
керек, сол жағдайда ғана олар өздерінің мемлекетік тіл
статусын ала алады. Ал бүгінгі күнде бұл тіл алға
қадам басып, өзінің комуникативтік қызметін
қалпына келтіруге қадам басуда. Осы негізде қазіргі
таңда қырым татар тілінің
төмендегідей әлеуметтік өзгеру деңгейі
байқалады:
1.
Автономиалық республика тілінің тілдік деңгейіне
көтеруге қол қажеттілік туындап отыр.
2.
Аймақтық тіл
деңгейіне немесе жергілікті халық тілі деңгейін беруге
қол жеткізу. Тек қырым татар тілі мемлекетік тіл статус алған
жағдайда ғана оның дамуы мен нық қалыптасуына жол
ашылды. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда қырым татар
тіліне мемлекеттік тіл статуысын беру мүмкін болмай отыр. Оның
бірнеше себептері бар. Атап айтқанды біріншіден Украйна
мемлекетінің конституциясындағы сол мемлекеттердегі аз санды
халықтарға конституциясын өзгерістер енгізу қажет. Жалпы
зерттеулер барысында қырым татар тілінің қолданылу аясы
біршама деңгейде анықталған. Біршама ақпараттарды
бүкіл украйналық халық санағы мәліметтерді
қарастыруды талдап өтейік 2001 жылғы санақ бойынша
Қырым татарларының бірқатары өздерінің тарихи
отандарында тұрады, оған дәлел төмендегі талдаулар:
Украинада - 248,2 мың адам. (2001 жылғы санақ бойынша)
оның 243,4 мыңы
Қырымда тұрады. 22,4 мың - Румынияда (2002 жылғы санақ бойынша), 10
мың - Узбекистанда (2000 жылғы санақ бойынша), 4,1 мың
- Рессейде (2002 жылғы санақ бойынша), 1,8 мың - Болгарияда
(2001 жылығы санақ бойынша) [7] тұрады. Қырым татары
халқының тарихына қарасақ, ана тілі талай қиын да
күрделі тағдырды бастан кешірді. Заманның тар жол
тайғақ кешуінен аман қалған қырым татар тілі
әлемдегі күллі қырымдық татарларды біріктіретін басты
фактор. Дегенмен тіл туралы, олардың қолданылу аясы туралы пікір
таластар аймақтық газет, журналдарда көп жазылып,
көтеріліп тұрады. Негізінен қырым татар тілінің
сақталуы мен дамуы мәселесесі көп талқыланатынын
байқаймыз.Украйна Республикасындағы Қырым татарлары
автономиялы халықтарында тарихи-саяси және әлеуметтік
этникалық пробемалар бары анық. Тарихи жағдайлардың
себебінен ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың
басында жүзден астам ұлт өкілдері өз тағдырын осы
елмен байланыстырып, бір шаңырақ астында өмір сүріп
жатыр. Көптеген ұлт өкілдері ғасырлар бойы осы елде
бейбітшілік пен келісім арқасында қатар өмір сүріп
келеді. Қазіргі таңда әркімнің ұлттық
мүддесі мен қажеттілігі бар. Қырым татарларының тілдік
жағдайына этномәдени, этносаяси факторлар әсер етіп
отрығаны анық. Толерантты этносаралық байланыс титулды
этностың, яғни қырым татар тілін және Украйна
мемлекеттік тілін, орыс тілін жақсы игеруінен байқалады. Сонымен
қатар қырым татарлары тілінің ресми салаларда шет
қақпай қалуы да жоқ емес.Украйн, орыс тілі мемлекеттік
тіл және ана тіл ретінде қырым татарларының әлеуметтік
өмірдің барлық саласында нық тұр. Оны әрбір
тұрғын жақсы біледі. Ал екінші қырым татар
тілінің жағдайы мектептер мен басқа да оқу орындарында
оқытқанына қарамастан, кісі қуанатын жағдайда
емес. Дегенмен қырым татар тілінің мәртебесі оны білу
қажеттілігін білдіреді.
Қорыта
айтқанда, түркі тілдерінң асыл бір бұтағы
қырым татарлары тілі тағдырдың тар жол тайғақ
кешулерінен аман өтіп, кемелденген әдеби тіл болып
қалыптасты. Әлем әдебиетіне небір жауһар дүниелер
қосты. Мемлекеттік мәртебесі де бекітілді. Бірақ қырым
татарлары тілі үшін, ана тілі үшін күрес әлі
аяқталған жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер
1
kk.wikipedia.org/wiki/Қырымтатар_тілі
2
Баскаков
Н. А. Тюркские языки. – М: Издательство
восточной литературы, 1960.
3
Бизақов
С.Түркі әлемі. –Алматы, 1998.232 б.
4
Қайдар Ә., Оразов М. Түркітануға
кіріспе. Оқу құралы. 3-ші басылым. –
Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.-360 б.
5
Самойлович А.Н. К истории крымско-татарского
литературного языка. // Вестник научного общества Татароведения, № 7. с.28. –Казань, 1927. – С. 27-33.
6
Тезисы, доклады и принятые решения II
Всекрымской научно-орфографической конференции. –
Симферополь, 1929. – С. 52-53.
7
Данные
всеукраинской переписи населения 2001 г.,Перепись населения Румынии 2002 г.:
национальный состав, Этнический
атлас Узбекистана, Петров В.П. О
миграционном потенциале крымских татар и перспективах репатриации ,Данные
переписи населения в 2002 г., Перепись населения Болгарии в 2001 г., Янковский Г. Крымские
татары и ногайцы в Турции (2007).