Бас киімнің костюммен және адам
мүсінімен өзара композициялық байланысы
Омарбекова М.Т., доц.,
т.ғ.к., Байұзақова Г.С., магистр, Бекбергенова Н., магистрант
Бас киім костюм пішінінің бар жүйесін
түйіндейді. Барлық костюм пішінінің пластикалық байланысының
негізгі шарты болып, олардың масштабының және
пластикалық үйлесімділігі жатады. Костюмнің негізгі
бөлігіне қатысты бас киімнің масштабы (пальто, костюм,
көйлек) бір жағынан, толықтай костюмнің және
оның басты қызметінің нақты белгіленуімен, екінші жағынан
қазіргі кезде үстем болып жүрген эстетикалық
идиалдармен анықталуы.
Костюм пішінінің пластикалық пішіміндегі
ойдың анықтығы, өте маңызды сипаттама. Ол,
негізінде, тек наққты бір мезгіл, кезеңнің ғана емес, тіпті заманның ресми сапар картасы болып табылады.
Тар мағынада пластика деп бағыттың
өзгеруіндегі сатылық, жазықтың пен сызықтың
байланысты түсіндірілуі мүмкін.Кең мағынада сызық
пен жазықтықтық бағытының пластикалық
өзгерісі тек сатылы емес, ескермелі болуы да мүмкін, яғни
бағыттың өзгеруінің незізінде
қарама-қарсылық пен нюанс болуы мүмкін.
Костюмнің пластикалық шешімінің
тұжырымдамасы, масштабтық сияқты, костюмнің нақты
бейімделуіне, оның негізгі қызметіне және сол кездегі эстетикалық
идеал-пішінінің пластикалық шешімінде қарама-қайшылық,
нюанстық және ұқсас қатынас негізінде жасалуы
мүмкін.
Егер, пішінді нық геометриялық түрі мен
салмағы және көлемі жағынан қарайтын
болсақ, онда салыстырылып жатқан бас киім пішіні мен
костюмнің негізгі бөлігі арасындағы тәуелділікті,
нақтырақ бақылауға болады. Бас киімнің тұрмыс костюміндегі негізгі
бөлікке деген қарама-қайшылық қатынасы екіталай
көрініс. Егер пішіннің бір қасиеттеріне байланысты
(геомертиялық түріне байланысты деп алсақ)
қарама-қайшылық шешім қолданылса, басқасына (ол
түс, фактура болуы мүмкін) ұқсас немесе нюанстық.
Бұл жерде қиястырулар әр түрлі болуы мүмкін.
Оған қоса, бас киім тек пальтоның, костюмнің,
көйлектің пішінімен ғана емес, оның бөліктерімен
және бірінші кезекте киімнің иықтық белбеуінің
сипатымен үйлеседі.
Бас киім мен костюм пішіндерін толықтай салыстырған кезде
қатынас қарама-қайшы болуы мүмкін, бірақ бас
киімді жағаның пішіні мен сызықтарымен салыстырған
кезде нюансты, тіпті ұқсас, қатынасты белгілеп
қоюға болады. Басқаша айтқанда, бас киім сызығы костюмде
қалтаны, иық сызықтарын безендіруде, өзіне сәйкес
болуы керек (1-сурет).
|
|
|
|
1 сурет. Бас киім сызықтарының костюм сызықтарымен
байланысы
Костюм мен бас киім пішінінің
арасындағы түрлі ара-қатынас сол пішіндердің адам
мүсінімен сәйкестігін тұспалдайды, пальто,костюмнің
көлемділігі үлгі авторының көркемдік ойына ғана
тәуелді емес, сонымен қатар,
адам
мүсінінің өлшеміне де тәуелді және бүтін
жүйе секілді костюмді нақты жобалауда бұл ескерілуі тиіс.
Толық
мүсінге киімдерді жобалағанда, ең үлкен
қиындықтар
туындайды.Пішіннің геометриялық және пластикалық
түрлерінің сә бағытының кезеңдерінің
ауысуы және әйелдердің толық мүсіндеріне деген
киімдердің осы басты пішіндерінің негізінде жобалау тәжірибесі
мынаны талап ететінін көрсетті:
-ұзартылған пішінді, тіктен гөрі,
жартылай іргелес нұсқа;
-көлемі жағынан орташа, бөлшектерді
(ірілері одан да ауырлатады, кішкентайлары жалпы көлемділікке ерекше
назар аударады), жеңілдетілген және анық (бірақ
үшкір емес) кескінді;
-ортақ сапта жайлап дамушы сызықтар
композициясын (үшкірлеген емес, бірқалыпты қисық
сызықтардың түзу сызықтармен кезектесуі);
-ұстамды, бірақ сымбатты емес (салмағын
көбейтеді) және динамикалық емес (өзінің адам мүсініне
қарама-қайшылығымен, мұндай шешімнің бар
жасандылығына назар аударады).
Бұдан шығатыны, толық әйел
үшін, бас киім мөлшері орташа жолағы бар, көлемі
жағынан үлкен емес (бойы қысқа болса, басы сәл көтерілген)
болуы керек. Үлбірлді бас киім жасау кезде, терінің ұзын
түтігі түрлерінен аулақ болуы керек. Бас киімді нақты
жобалау, тек толық мүсіндерге ғана емес, адамның бет
әлпеті мен бас пішінінің сипатымен анықталатын болады.