БАСТАУЫШ  СЫНЫП  МАТЕМАТИКАСЫНАН  СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР  ЖҮРГIЗУДIҢ  КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ

Кенжебекова Р.И. -п.ғ.к., доцент, ҚР ПҒА корреспондент- мүшесі , Алпысбай Рабиға Нұрғалиқызы, Жанысбай Айзада Бейсенқызы БО-125 топ студенттері, Шымкент университеті, Қазақстан

Республикамызда жалпы бiлiм беру мектебi бiлiмдi, жан-жақты жетiлген адамдарды тәрбиелеуге негiзделген. Себебi қазiргi ғылым­ның даму деңгейi әрбiр адамда сапалы, терең бiлiм мен iскерлiктiң болуын және жастардың белсендi, кеңiнен ойлауға қабiлеттiлiгiн талап етедi. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Бiлiм тура­лы заңында бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi – ұлттық және жал­пы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шың­дау­ға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау екендiгi айтылған [1].

Бұл талаптарды жүзеге асыруда математиканың негiзiн меңгер­ту жас ұрпаққа бiлiм беру мен тәрбиелеудiң бiрден-бiр негiзгi эле­мен­тi болып табылатындығына Елбасының „Рухани жанғыруында“ баса назар аударылған.

Ұрпақ тәрбиесi барлық уақытта қандай болса, сыныптардағы бi­лiм беру сапасы да соған лайық болмақ.Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес бiлiм беру жүйесiнiң өзгеретiнi педагогикалық ғылымдар тарихынан белгiлi. Себебi қоғам – тапсырыс берушi, ал сынып - осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе. Бұл мәселелер, ең алдымен оқушыға деген көзқарастың өзгеруiне алып келетiнi түсінікті. Себебi оқыту үрдiсi тек шәкiрт үшiн ұйымдас­тырылып, қызмет етедi. Егер бала осы үрдiс барысында мақсатты iс-әрекет жасамаса, онда оқыту үрдiсiнiң нәтижелi болуы екi талай. Оқу үрдiсiнiң нәтижелiлiгi оқушы бойында  қандай өзгерiстер бол­ған­дығы тұрғысынан, яғни оның қандай бiлiм мен дағдыларды игергенi, оның психологиялық дамуы, әдетi мен тәртiбiнде қандай iлгерi жылжу белгiлерiнiң болғаны, ғылыми-диалектикалық көзқара­сы­ның қандай дәрежеде  қалыптас-қандығы т.б. тұрғысынан бағала­натыны да анық.

Оқушыны оқыту субъектiсi ретiнде қарастыра отырып қана ма­те­матиканы оқытудың мақсаты мен мiндетiн нәтижелi iске асыруға болады. Сол себептен де С.Л.Рубинштейн: “Оқыту мен тәрбиелеудiң барлық күрделi мiндеттерiнiң жүзеге асырылуы, оқушының қанша­лық­ты мөлшерде өзiнiң оқу-тәрбиелiк қызметiнiң субъектiсi болуына байланысты”, - деп көрсеткен болатын [2].

Оқыту үрдiсi екi жақты: мұғалiмнiң қызметi және оқушының қызметi. Бiр жағдайларда оқушы мұғалiмнiң қызмет объектiсi, ал оқу барысында субъект ретiнде болады. Сонымен қатар оқу-тәрбие про­це­сiндегi оқушының атқаратын қызметi оның жан-жақты  дамуы­ның негiзi болып табылады.

Мұғалiм қызметiнiң басты мазмұны – оқушының өз қызметiн са­на­лы және мақсатты түрде жүргiзуiне көмек көрсету. Оқушы мен мұғалiм қызметтерiнiң бiр арнаға тоғысуы, алға қойған мақсатқа жоғарғы көрсеткiшпен жетуге, оқу процесiн жетiлдiруге ықпал ете­дi. Сондықтан да педагогикалық процесс барысында мұғалiм-тәр­биешi басты рольге ие бола отырып, барлық уақытта оқушының қызмет субъектiсi болуына ықпал жасауы тиiс.

Шығыс ойшылдары Әбунасыр әл-Фараби (870-950жж), Әбуға­ли Ибн-Сина (980-1037 жж.) және т.б. балаларды тәрбиелеу бары­сын­да, олардың бiлiмiн қалыптастырудың әдiс-жолдарын қарастыр­ған. Мысалы, Әл-Фараби өзiнiң “Философияны үйрену үшiн қа­жет­тi шарттар” атты трактатында баланың iшкi сезiмдерiне әсер ете оты­рып, оқыту үрдiсiнде оларда қызығушылық пен ынта тудыру жө­нiн­де мынадай пiкiр  айтты: “Рухани негiзi тұзу болса, оның тiлегi, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену нәтижесiне шәкiрттiң ниетi әсер етедi. Көңiл қалауы болмақ”- дедi [3].

 .Н.И.Морозованың пiкiрiнше: “Бала неғұрлым сәби болған сай­ын, ол өмiрден көп ештеңе көрiп-бiлмегендiктен, оның құбылыс­тарға қызығушылығы өте ауқымды және мұлде дайындықсыз  бола­ды. Соған сәйкес, оның өмiр құбылыстарынан алатын әсерi де өте шұғыл, жарқын әрi жан-жақты болып кете барады. Нәтижесiнде, бұл оның келешектегi бүкiл бiлiм жүйесiн қалыптастыруға түбегейлi негiз болып шығады” деген байлам жасаған [4].

Мақсатты әрекеттердi орындау нәрестелiк жаста-ақ байқалады. Мысалы, бала өзiнiң назарын аударып қызықтырған ойыншыққа қарап оны қолына алу үшiн еңбектеп келе жатқанда ойыншықты ұстап көру, аузына салу оның мақсаты болып табылады, ал оның әрекетi осыған бағытталады.

Абай бала мiнезiнiң қалыптасуы жөргектен басталатынын айта ке­лiп, бұл жөнiнде “Жетiншi сөзiнде” былай дейдi: “Жас бала ана­дан туғанда екi түрлi мiнезбен туады: бiреуi – iшсем, жесем, үйық­тасам деп тұрады… Бiреуi – бiлсем екен демекiлiк… Мұның бәрi – жан құмары, бiлсем екен, көрсем екен,  үйренсем екен деген”- тұжырымнан жақсы байқалады. Абай бала психологиясының басты ерекшелiгi – бiлуге құштарлық деп есептейдi.

“Бiлiм-ғылым үйренбекке, талап қылушыларға әуелi бiлмек керек…” – деп ұлы Абай талаптың бiрiншi шартының мазмұнына тоқталады: “ғылымға алдымен берiк ынта-ынтықтық, бiлмегендi бiле беруге құмарлық, махаббат керек. Бiлмегенiңдi бiлген сайын сол құмарлық арта бередi, жүрегiң қанағаттанып, көңiл орнығып, сенiм арта бермек. Адамның көңiлi шын мейiрленсе, бiлiм-ғылымның өзi де адамға шын мейiрленiп, тезiрек қолға түседi.

Сыныпке дейiнгi бала iс-әрекетiнiң негiзгi түрi ойын болып та­былады. Осы iс-әрекетте 3-6 жасар бала өз әрекеттерiмен, сөзiмен, сезiм­дерiмен өзiн айналадағы адамдардың өмiрiн, олардың еңбегiн, қамқорлықтарын, өзара қарым-қатынастарын бейнелейдi. Өздерiне әлi онша белгiлi емес, бiрақ үлкен адамдардың қызық өмiрiн белсен­дi түрде жаңғырта отырып, ол адамдардың әр түрлi  қызметтерi тура­лы және олардың еңбек процесiндегi өзара қарым-қатынастары  туралы өз бiлiмдерiн тереңдете түседi.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.       Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының заңы.-Алматы.: 2000. -96 б.

2.       Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. М.: Педаго­гика, 1973.- 85с.

3.        Аль-Фараби. Философские тракты. -с.446.

4.       Морозова Н.Г. Формирование позновательных интересов у ано­маль­ных детей. -М.: Просвещение, 1989. -С.280.