БАСТАУЫШ  СЫНЫПТА ОЙЫН ЕСЕПТЕРIН СЫНЫПТА ЖӘНЕ СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Кенжебекова Р.И. -п.ғ.к., доцент, ҚР ПҒА корреспондент- мүшесі , Керімбек Гауһар Сұлтанқызы, Оқташ Айдана Сейдуәліқызы, БО-125 топ студенттері, Шымкент университеті, Қазақстан

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы17 қаңтардағы жолдауында мәңгілік ел болу үшін жас ұрпақтың өз отанын сүйетін, елін, жұртын құрметтеп, оның әдет-ғұрпы мен салт- дәстүрін, мәдениетін қастерлейтін білімді әрі ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлға ретінде қалыптасқан, оны әлемдік өркениет талабына сай дамытатын және кәсіби шыңдалған болып қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау керек екендігі айтылған[1].  

Осыған сәйкес сынып оқушыларының оқуға сапалы қатынасуын тәрбиелеп дамытуда мұғалiмдер ұжымының алатын орны ерекше. Мәселен, олардың арасында сыныпке, оқуға сырттай қызығып келетiн бала­лар жиi ұшырайды. Мұндай бала сынып үйiне, оның партасына, мұғалiмге, өзiндей балаларға көңiл бөледi. Ал кейбiр балаларда ондай  қызығушылық болмайды, баланың көбiнесе ойнағысы келедi, пар­тада дұрыс отырмайды, жиi қозғалады, айналасына алақ-жұлақ қа­рай бередi. Мұндай балаларды үйiнде ойлантып не тыңдатып әдет­тендiрмеген.

Оқуға, бiлiм алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер, бiрден пайда болмайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болады. Мәселен, ол оқып-жазғанына, алған бағасының жалпы санына мәз болады. Ата-анасынан қорқып жақсы оқуға тырысатын не жолдасымен бәсеке­лесiп жақсы оқуға тырысатын балалар да бар. Баланың жасы өскен сайын оның оқу мотивтерiнiң мазмұны өседi. Мәселен, бiлiмдi адам­ның халқына мол пайда келтiретiнiн, жұрттың ондай адамдарды құрметтеп сыйлайтынын түсiне бастайды.

Бала iс-әрекетiнiң негiзгi бiр түрi – ойын. Ойын арқылы адам ба­ла­сының белгiлi  бiр буыны қоғамдық тәжiрибенi меңгередi, өзiнiң психикалық ерекшелiктерiн қалыптастырады. Бала ойынында да қо­­ғамдық, ұжымдық сипат болады.Мәселен,кез-келген бала еш уақыт­­­та жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бiрлесiп ойнайды, ойын арқылы бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынас жасайды. Бұл бала­лар­­дың дамуы үшiн ерекше маңызды фактор екендiгi түсiнiктi. Ойын бала­лар­дың түрлi қасиеттерiн дамытатынын, мұнда да бала­ның қабiiлетi, белсендiгi бiр сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көр­сеттi: “Үлкендер өмiрi үшiн жұмыс, қызмет iстеу, әре­кет ету қан­дай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмi­рiн­де ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейiн жұмыста көбiнесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрiнен бұрын ойын арқылы болады” [2].

Ойын адам әрекетiнiң бiр түрi болғандықтан,оның да өзiне тән мотивтерi болады. Мәселен, дәрiгер болып ойнаған бала айналасын­да­ғы­ларды өзiнше “емдейдi”. Бұл оның қызығуынан туған және ойын­ның қозғаушы күшi – баланың нақты тiлегi мен қызығуы. Ойын­да мақсат пен мотивтiң арасындағы  келiспеушiлiк болмайды. Ойын арқылы бала өз қажетiн қалай қанағаттандыра алатынын, қан­дай қабiлетi бар екенiн байқап көредi.

Баланың жасы өсуiмен қатар, ойнайтын ойынының мазмұны да өзгерiп отырады. Сондықтан мұғалiмдер мен ата-аналар бұл ойын­дарды талапқа сәйкес  ұйымдастырып отырулары қажет.

Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелiгi - оның ұжымдық сипатта болатындығы.

Үшiншi, төртiншi сынып оқушыларында ұжымдық сипат ал­ғаш­қы екi сыныпқа қарағанда жақсы жетiледi. Мәселен,ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерiн сақтау, жолдастарының алдында  жауапкершiлiгiн сезiне бастау, өзiн ұстай бiлу сияқты белгiлердi олар жақсы түсiнедi.

Сол себептi бастауыш сы­нып мұғалiмдерi бала ойындарына дұрыс жетекшiлiк көрсету ар­қылы оның денесiн ширату мен қатар онда жақсы психологиялық қасиеттерiнiң қалыптасуына мүмкiндiк туғызуы тиiс.

Ойын бастауыш сыныптағы оқушылардың iс-әрекеттерiнде ой­ын және ойын есептерiн сыныпта және сыныптан тыс сабақтарда қолдану арқылы олардың сабаққа  деген қызығушылығын арттыруға болады. Ал қызығушылық - оқушылардың танымдық iс-әрекеттерiн арттыратын негiзгi фактор. Оқушыларға өзiн қоршаған ортаны тани бiле бiлген кездерiнен бастап, олардың бойында қызығушылық сезi­мiн оята бiлген жөн.

Атақты педагогтар қызығушылықтың мәнi табысты оқытуда екен­дiгiн мойындайды. Я.А.Каменский “Ұлы дидактика” деген кiта­бын­да “Какое бы занятие не начинать, нужно прежде всего воз­бу­дить у учеников серьезную любовь к нему, доказав  превосходство это­го предмета его пользу, приятность и что только можно”, - деп жаз­са[3], К.Д.Ушинский “Воспитатель не должен забывать, что ученье, лишенное всякого интереса и взять только сильного принуждения убивает в ученике охоту к ученью, без которой он далеко не уй­дет”,- деп көрсетедi [4].

Сонымен, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын оқу, бiлiм беру мақ­сатында қолданудың түрлерi әр алуан, осыған орай оқушылар­дың сыныптан және сыныптан тыс жұмыс түрлерi құрамына қарай екi түрлi жолмен ұйымдастырылады; топтық, көпшiлiкпен, олардың әрқайсысына әр түрлi сыныптан тыс жұмыстар енедi. Сондықтан танымдық – қызығушылықтың әсерi кең, дегенмен де, жалпы оқу­шы­лардың қызығушылығын арттырудың теориялық жақтарымен қазiргi психология мен педагогика айналысуда.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.       Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының заңы.-Алматы.: 2000. -96 б.

2.        Макаренко А. С. Балалардағы тәрбиелеу туралы лекциялары. Алматы. 1952. 37-бет.    

3.        Каменский Я. С. Избранные пед. сочинения.: (в 2-х томах). -М.: 1982. I.I. -С.656.

4.  Ушинский К.Д. Родное слова (собр.соч. NII. -М.: -Л.,1952. Т.2. -С. 554-575