Лабенова Р.С., Думан Ж.
М.Әуезов
атындағы ОҚМУ, Қазақстан
Білім беру
жүйесіндегі мектеп кітапханасының әлеуметтік рөлі
Рухани, мәдени, тарихи құндылықтарымызды
жинақтаушы, сақтаушы және оны оқырман қауымына
жеткізуші орталық - кітапхана туралы жазушы Ә. Кекілбай «Кітапхана
мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты»- деп
баға берген. Кітапхана - дүниеде ештеңе
теңестірілмейтін білім бұлағының көзі.
Қоғамның өсуі адамзаттың өсіп-
өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі жан- жақты
білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі мектеп
кітапханасы. Кітапхана - ұстаздардың, білімге ұмтылған
жас өрендердің табылатын жері. Мектеп кітапханасының
атқаратын қызметі үлкен. Мұнда оқушылардың
ғылым негіздерін үйренуіне, мәдени дәрежесінің
өсуіне көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның
келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін
болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті
атқарады [1].
Мектеп кітапханасы мұғалімдерге оқыту, ал балаларға-оқуды
үйретеді. Балалар мен мұғалімдер жетістігі үшін кітапханалық
ресурстар әсіресе кітап және
кітапханашы кеңесі қажет. Кітаптар, ақпараттық
технология және мектеп кітапханашысы, мұғалімдер
ұжымының ажырамас бөлігі,- бұл оқушылардың
сабақта нәтижеге қолжеткізудегі негізгі шарты.
XXI ғасырдағы қоғамдық өзгерістер,
қазіргі мәдени шаралар- адамзаттың ашық
ақпараттық қоғамға өтуі кітапханаларда
үлкен өзгерістер болуда. Мәдени шаралардың бастылары қоғамның
ақпараттануы, коммерциялануы, демократиялануы, компьютерленуі бір
сөзбен айтқанда заңды түрде жаңашалануы кітапхана
жұмысын жаңа деңгейге көтеруде. Оқу арқылы
әлеуметтік құны бар, мәдениетті рухани бай, жетілген
ағартушы адам пайда болады. Адамзаттың әрбір қызметі
оқусыз келмейді. Оқу- рухани мәдениетті қалауға
әсер етеді, байытады. Бүгінгі күннің басты
мақсаты жас жеткіншектерді кітап мәдениетіне баулу, олардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бірқатар
әлеуметтік институттар ішінде кітапхана- өзінің қызметі
арқылы жеке тұлғаларға әсер ете білетін,
олардың сұранымына қызығушылығына, тапсырыстарына
жауап беретін, қанағаттандыратын мекеме. Өйткені
кітапханашылар барлық оқырманға жауапкершілікпен қарай
отырып, кітапхананың қызметкері және барлық
кітапханалар жүйесінің атқарушысы ретінде жауап беру қызметін
көрсетеді. Кітапхананың басты мақсаты, жанұямен,
мектеп, жоғары және арнаулы оқу орындарымен, көпшілік
ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, жоғары талантты
оқырман тәрбиелеу, олардың адамгершілігі мол, интеллектуалды,
әдеби шығармалардағы тәжірибелерді ала білетін болуы
керек. Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда:
«Білім- адам баласының ортақ қазынасы [2].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында еңбек
нарқының қажеттілігін қанағаттандыратын
жоғары білім деңгейіне жету жолдары мен мамандардың
ақпараттық танымын арттырып, технологияны жетілдіретін елдің
өркендеуінің индустриялық- инновациялық міндеттері
белгіленген. Ақпараттық мәдениет нарықтық
экономика жағдайында кез келген тұлғадан талап етіледі, олар
ұдайы білімдерін толықтырып, қажетті ақпаратты іздеп
табудың жолдарын білуі тиіс[3]. Ақпараттық
қоғамның қалыптасуы, ақпараттық
технологияларды енгізу қажеттілікті қалыптастырудың
маңызы зор құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан
келешек қоғамымыздың мүшелері- жастардың бойында
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру
қоғамның алдында тұрған басты міндет. Мектеп
оқушыларының бойында ақпараттық мәдениетті
қалыптастыру білім беру саласындағы өзекті мәселелердің
бірі.
Мектеп кітапханасы қазіргі кезде бірқатар функциялар
атқаратын әлеуметтік институт ретінде қарастырылуда. Мектеп
кітапханасы әлеуметтік иниститут ретінде атқаратын негізгі
қызметі:
1. Білім беру – ақпараттық ресурстар мен қызметтер
арқылы оқушыны тәрбиелеп, оқытып жеке тұлға
ретінде қалыптастыруға септігін тигізу:
2. Ақпараттандару – ақпараттарға қол жеткізу,
оқушының, мұғалімнің және басқа да
білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің ақпараттық
талаптарын қамту:
3. Мәдениетке баулу – оқырмандардың рухани дамуына жол
ашу, оларды отандық және дүниежүзілік мәдени
құндылықтарға жақындату, мәдени
өсуіне продуктивті және репродуктивті жағдай жасау:
4. Бос уақытты тиімді пайдалану – оқушылардың бос
уақытын мәнді етіп өткізуіне жағдай жасау
шығармашылық коммуникативті орта ұйымдастыру:
Мектеп кітапханасы кітап арқылы жеке адамның жан- жақты
білім алып, саяси санасын қалыптастырып ғылыми, кәсіби, мәдени
дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік
орын. Генетикалық тұрғыдан
кітапхананың барлық функциялары оның
алғашқы білім беру функциясынан құрылады. Мектеп
кітапханаларының басты қызметі оқу және тәрбие
процесін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету
болғандықтан олар қазіргі кезде жаңа әдістерді
пайдаланып, кітапхана қорының жаңа құрамын
анықтауда. Білім беру мекемесіндегі кітапхана XXI ғасырда белсенді
дамып келе жатқан ақпараттық-білім кеңістігінің
бөлімі, мәдени шығармашылық және ғылыми- әлеуметтік
институт болып табылады. Мектеп кітапханаларының
құжаттық қорлары
оқу, көркем, анықтамалық, ғылыми
әдебиеттерден, мерзімді басылымдардан, видеофильмдерден, мультимедиалық
электрондық оқулықтардан және оқу
құралдарынан, энциклопедиялардан тұрады. Бірақ осы
уақытта білім беру мекемелерінің кітапханаларын жинауға байланысты көптеген мәселелер
пайда болды. Мектеп кітапханаларының ресурстық қоры кітап
және ақпараттық нарықтық біршама есе қалып
келеді, ол әрине толық емес қаржыландыруға байланысты.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мектеп кітапханасының
мақсаты: XXI ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар
ағымына жөн сілтеу болса, міндеті: педагогикалық
ұжыммен жұмыс жасау, кітапханаға оқушыларды тарту,
кітапхананың ақпараттық жұмысын жандандыру,
жаңадан түскен әдебиеттер жөнінде мәлімет беру,
ұстаздар мен балалардың бос уақытын ұйымдастыру, ата-
аналармен жұмысты дамыту т.б. Жұмыс түрлері екіге
бөлінеді: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Дәстүрліге:
оқырмандар конференциясы, ауызша журналдар, кітапхана сабақтары,
әңгімелесу, кітаптар көрмесі, библиографиялық шолулар ,
балалар кітап апталығы жатады. Дәстүрлі емес түріне:
мерекелік шаралар, әдеби кештер, сыни тұрғыдан ойлау,
пікірталастар, театрланған көріністер, кітапхана әлеміне
саяхат т.б. жатады.
Қорыта айтқанда бәсекелестікке
қабілеттіліктің басты көрсеткіші- білім, ал білімнің
кәусар бұлағы- кітапханалар екені бәрімізге белгілі.
Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі,
маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.
Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын
арттырып, ақпараттық ресурстарды байытуымыз керек. Болашақ
білімді жастарымыздың қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Омарова Н.Ш. Кітапхана- рухани, мәдени, тарихи,
ғылыми құндылықтар мекені. Кітапхана әлемі. №2
(38), 2012. 36- 37б.
2 Жамбулова И.Б. Көпшілік жұмыстарды
ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлері.
Мектептегі кітапхана №3, 2012- 6б.
3 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы: ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің
актілер жинағы. №5. 2011ж. 4-5б.
ҚР Президентінің 2010 жылғы 7
желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген// http://www.balaalmaty.kz/.
4 Иванова Е.В. Школьные библиотеки в
информационно- образовательной среде.-СПб.: Профессия,2012.- 240с.
5 Иванова Е.В. Школьные библиотеки в
информационно- образовательной среде.-СПб.: Профессия,2013.- 240с.
6 Абишева С.И. Оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру // Мектептегі
кітапхана. – 2010.- № 5.-Б.6-9.