БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӨЗIНДIК ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
Кенжебекова Р.И.
-п.ғ.к., доцент, ҚР ПҒА корреспондент-
мүшесі , Смайл Шынар
Хасенқызы, Қоңырбай Қарлығаш
Ерғалиқызы, БО-125 топ студенттері, Шымкент университеті, Қазақстан
Сыныптан тыс жұмыстардың сынып
сабағынан айырмашылығы, оны оқушылардың
өздерiнiң қалаулары бойынша ұйымдастыратындығында.
Әрбiр сыныптан тыс жұмысқа оқушылар өз еркiмен,
өз қалауы бойынша, ұнатуына қарай қатысады. Ондай
жұмыстардың түрлерiн оқушылар өздерi таңдайды.
Осы принцип сыныптан тыс жұмыстың сапалы, нәтижелi болуына
әсер етедi. Оқушының белгiлi бiр сыныптан тыс
жұмысқа алғашқы қызығуын, ұнатуын
әрi қарай дамыту, бекiту мұғалiмнiң мұндай
жұмыстарды ұйымдастыру шеберлiгiне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқу сабағына
қатынасатын оқушылар саны жағынан да өзгешеленуi
мүмкiн. Егер сынып сабағына барлық оқушылар
қатысса, сыныптан тыс жұмысқа барлық
оқушыларының қатысуы мiндеттi емес дегенбiз. Бұл
сыныптан тыс жұмысқа оқушы қалауы, таңдауы
бойынша қатысуына сыныптан тыс жұмыс түрлерiнiң
көптiгiне байланысты, мұндай жұмыстың жеке
түрлерiне қатысушылар
саны, сынып оқушыларының санынан әрқашан аз болады.
Бұл жағдай қабiлетi, талабы бiр оқушылар тобының
тез тiл табысуына, бiр-бiрiмен достасуына да әсер етедi.
Сыныптан тыс жұмыстардың келесi ерекшелiгi
оқушы қызығушылығымен байланыстылығында.
Оқушы барлық сабаққа қатысуға мiндеттi.
Бiрақ ол барлық сабаққа бiрдей қызыға
бермейдi.
Сыныптан тыс жұмыстарға оқушының
қатысуы оның қызығуымен тiкелей байланысты. Сыныптан
тыс жұмыс түрi оқушының қызығуына
қарай ұйымдастырылуы - оның нәтижелi болуының
шарттарының бiрi.
Сыныптан тыс жұмыстың өзiндiк
тағы бiр ерекшелiгi бар. Оның қай түрi болса да белгiлi дәрежеде сабақ
материалымен байланысты болады. Жалпы оқушылар өз еркiмен қалауына, ұнатуына
қарай iрiктелiп алынды, барлық тiлек бiлдiрушiлер қатысады. Сыныптан бос
уақытта жүргiзiлетiн iс-шаралардың барлығы да
сабақ материалымен тығыз байланыста болады.
Сыныптан
тыс жұмыстардың әрбiр
түрлерi
мен оларды жүргiзу
тәсiлдерi, оқушылардың
сабаққа деген дайындықтары мен қызығушылықтарын,
дағдыларын жандандыруда, алған бiлiм деңгейлерiн тереңдетуде, оны
оқушы санасында бекiтуде
алатын орны ерекше.
Сонымен
бiрге,
сыныптан тыс жұмыстың жоспарын жасауда оған қойылатын
әдiстемелiк, педагогикалық
тұрғыдағы талаптар барын ескерткен жөн. Олар
төмендегiдей:
1. Сыныптан
тыс жұмыстар оқушының жас мөлшерiне, бiлiм деңгейiне сай белгiленуге тиiстi.
2. Оқушының
қолынан келмейтiн,
оқушыны шаршатып, бетiн
қайтаратындай сыныптан тыс жұмыстар жоспарланбауы керек.
3. Сыныптан
тыс жұмыстың жүргiзiлу мерзiмi, ұзақтығы
оқушының жас мөлшерiне
сай болуы тиiстi.
4. Математикадан
өткiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстар
оқушының сабақта алған бiлiмiн бекiтiп, оны толықтыру
мақсатын көздеп, қолдану тәжiрибесiн арттыруға бағытталуы
керек.
5. Сыныптан
тыс жұмыстар жоспармен белгiлi бiр жүйеде жүргiзiлуге тиiстi.
Оқушылардың
сабақтан тыс оқу танымдық әрекеттерiн жетiлдiруге бағытталған
педагогикалық шаралардың нәтижелi болуы, мұғалiмнiң сыныптан тыс жұмыстардың
компоненттерiн
бүтiндей
комплекстi
пайдалануына, сабақтан тыс уақыттағы мұғалiм мен оқушының
қарым-қатынасына да байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың
түрлерiнiң компонеттерiнiң комплекстi пайдалану әрбiр
мұғалiмнiң шеберлiгiне ғана тән қасиет.
Сонымен,
жан-жақта дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселесiнде
негiзгiлердiң бiрi болып сабақ барысында
және сыныптан тыс жұмыстарды Дұрыс жолға қою
екендiгi айқын. Мұнда, сыныптан
тыс жұмыстарды өткiзу
кезiнде
оқушылар сабақта алған бiлiмдерi мен бiлiктерiн бекiтiп, тереңдетер болса екiншi жағынан мұғалiмдерге сабақты
қызықты әрi
мазмұнды етiп
өткiзуге
мүмкiндiк мол. Ол үшiн оқушылардың сыныптан
тыс жұмыстарды өткiзу
кезiнде
алған бiлiмжерi мен бiлiктерiн оқу материалымен
байланыстырып отыруға тиiс.
Олай болса, сабақ кезiндегi және сыныптан тыс
жұмыстар өзара байланысты.Қызметтiң бұл түрлерi бiр-бiрiн толықтырып, жетiлдiрiп отырады.
Бастауыш
сынып оқушыларын қазiргi бағдарлама бойынша оқыту
барысында олардың танымдық қызметi белсендiрiлiп өз бетiнше жұмыс iстеу мүмкiндiгi арта түседi. Олар бақылап талдау
жасауға, дәлелдеуге және таңдап алынған тәсiлдердiң iшiнен тиiмдiсiн анықтауға
үйренедi.
Алайда бұл мәселелердiң
барлығын сабақтың барысында шешу мүмкiн емес. Сол себептi сыныптағы сабақты сыныптан
тыс жұмыспен сабақтастырып отыру өте мәндi. Осы орайда сыныптан тыс
жұмыстардың бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты
дамытудағы ролi
үлкен екенiн
ескеру маңызды.
Сыныптан
тыс жұмыстар өткiзу
арқылы оқушылардың бiлiмiн тереңдетiп қана қоймай оларды бiлiмдi өз бетiнше алуға да үйретедi. Яғни, оқушының
сабақтан тыс уақытта мақсатты және ойластырылған
түрде өтер болса, онда ол оның танымдық қызметiнiң дамуына үлкен
ықпал етедi.
Мұндай жағдайда сыныптан тыс сабақтар оқушылардың
ойына, сезiмiне және iс-әрекетiне қалай әсер ететiнiн бiлiп отыру қажет. Олар
оқушыларды жүйелi
түрде бақылауға алуы керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Бабанский Ю.К. Выбор
методов обучения в средней школе. -М.: Педагогика, 1982. -320с.
2.
Есипов Б.М.
Самостоятельная работа учащихся на уроках. -М.: Учпедгиз, 1961.- 239 с.
3.
Икрамов Ж.
Математичиская культура школьника: Методические аспекты проблемы развития
мышления и языка школьников при обучении математики. Ташкент.: Уқитувчи,
1981.-278с.