Т.Бижігітов
ф-м.ғ.к.,профессор,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.
М.Р.Көшербаева
физика магистрі, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз
қ.
Мектеп физика курстарында
оқушыларды техникалық мамандықтарға бейімдеу
әдістері
Мақалада мектеп физика курсында көрсетілетін
демонстрациялық тəжірибенің оқушыларды техникалық
мамандықтарға бейімдеуге тигізетін жолдары
қарастырылған.
В настоящей статье рассматривается роль
демонстрационных экспериментов по школьному курсу физики для влияния пофессиональной ориентаций учащихся.
In this article is examined the role of
demonstration experiments on the school course of physics for the influence of
the pofessionalnoy of the orientations of students.
Кілттік сөздер: мамандық, биотехнология,
математикалық физика, технология, зерттеу,демонстрация, электромагниттік
индукция.
КІРІСПЕ
Қазіргі
таңда физика өзінің заңдылықтарына
бағынатын идеялар мен құбылыстарды зерттеу
əдістерінің алуан түрлілігімен, алынған
нəтижелердің танымдылық теориясында алатын орнының
ерекшеліктерімен жаратылыстану ғылымдары бағытының ішіндегі
алдынғы қатардағы пəндердің бірі болып есептеледі.
Физика мен басқа жаратылыстану жəне техникалық пəндердің
араларындағы шекараның дəл анықталмауы,
математикалық физика теңдеулері, математикалық физика
əдістері, физикалық химия, биофизика, биотехнология, нанотехнология
сияқты аралас ғылымдардың туындауына ықпалын тигізді.
Сонымен қатар объектілерінде, Жер атмосферасы мен қыртыстарында
өтетін физикалық құбылыстарды зерттейтін астрофизика,
геофизика ғылымдары пайда болды. Спектральдық анализдің
жəне микроскоптар мен телескоптардың өмірге келулерінің
нəтижесінде астрофизика, биология, химия ғылымдары жылдам дамыды.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Физикалық
зерттеулердің негізгі мақсаты табиғаттың
заңдылықтарын немесе ашылған жаңалықтарды
еліміздің экономикасын көтеруге, жаңа технологиялық
үдерістерге қолдануға жəне техникада пайдалануға
бағыттау болып табылады. Өйткені, физикалық
заңдылықтар техникалық ғылымдардың негізін
құрайды. Мысалы, Фарадей ашқан индукция
құбылысына барлық электр қозғағыштар мен
динамомашиналардың жұмыс істеу принципі негізделсе, қазіргі
кездегі байланыстарды Герцтің ашқан радиотолқындарынсыз
елестету мүмкін емес. Рентген сəулесі мен ультрадыбыстық
техникада, медицинада жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарында
атқаратын қызметінің өте үлкен екендігі
бəрімізге белгілі. Атомдық энергияны алу əдістері мен оны
қолдану, жылу техникасы, электротехника, жарық техникасы жəне
басқа техникалық пəндер физикамен тығыз байланысты.
Өндірістік техниканың деңгейі физика ғылымының
дамуымен анықталады. Физиктер өндіріс орындарын заман талабына сай
өлшеуіш құралдарымен жəне қондырғылармен
қамтамыз етсе, техниканың дамуы физикалық зерттеулердің
тəжірибелік əдістерінің жаңаруына, құралдар
мен қондырғылардың өлшеу дəлділіктерінің
артуына əсерін тигізеді. Сонымен қатар тапсырыс бойынша жоғары
температураларда, қысымдарда, төменгі температураларда жұмыс
істейтін қондырғылардың материалдарын алуда физика
үлкен рөл атқаратындықтан жəне жалпы инженерия
мамандықтарда оытылатын пəндердің негізін
құрайтындықтан мектеп физика курсына қойылатын
талаптардың күшейтілуі қажет.Келешекте техникалық
мамандықтарды таңдайтын оқушыларға физика пəнінен
оқылатын тақырыптар олардың назарларын табиғат пен
өндіріс орындарында өтетін құбылыстардың
заңдылықтары мен жалпы түсініктеріне, принциптеріне аударып,
ондағы үдерістерге талдаулар жасауды үйретіп, ғылыми
жəне техникалық жетістіктерді ұғынуларына, алынған
нəтижелерді практикада қолдана білулеріне, əлемнің
қазіргі заманғы көріністерін толығымен суреттей
алуларына ықпалын тигіуге бағытталуы қажет.Заманауи
ғылым мен техниканың дамуы физиканың іргелі
заңдылықтарына байланысты болғандықтан, заман талабына
сай, жаңа технологияларды жақсы меңгерген білімді
ұрпақты тəрбиелеуде мектеп физика курстарында
көрсетілетін демонстрациялардың алатын орны ерекше. Өйткені
ол физикалық құбылысты реалды түрде көрсетіп,
оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілеттерін
күшейтіп, пəнге деген қызығушылығын арттырумен
қатар ғылыми тұрғыдан ойлауларын, іргелі
принциптердің практикалық маңызын жетік
ұғынуларына ықпалын тигізеді. Сондықтан мектеп физика
курсында өтілетін тақырыптар бойынша қойылатын
демонстрациялық тəжірибелер жоғары дəрежеде
көрсетілуі үшін мынандай талаптардың орындалуы керек:
1. Физиканы
оқыту барысында көрсетілетін демонстрациялық тəжірибе
құбылыстарды тану үдерісінің негізгі бөлімі
ретінде оқу материалдарымен логикалық байланыста болуының
маңызы өте үлкен. Демонстрациялық тəжірибені
оқушыларға теориялық материалдарды өткенге дейін немесе
өткеннен кейін көрсетуге болады. Бірінші жағдайда
мұғалім оқушыларға демонстрациялық тəжірибе
жасау арқылы өтілетін физикалық
құбылыстардың заңдылықтарын ұғындыру
барысында олардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін арттырып,
белгілі бір формулаларды алып, тұжырымдамалар алуларына
қатыстырады. Екінші жағдай, оқушылардың
көрсетілген демонстрациялық тəжірибедегі құбылыстарды
теориялық тұрғыдан дəлелдеп, алынған
нəтижелерді салыстыруларына мүмкіндік туғызады.
2. Демонстрациялық
тəжірибе, сабаққа берілген уақыттың 5-7%
бөлігін құрауы тиіс. Яғни, тəжірибе
қысқа көрсетілуі арқылы оқушыларға онда
өтетін физикалық құбылыстарды жан-жақты
ұғынып, талдаулар жасауларына ықпалын тигізуі қажет. Ол
үшін аз уақыт аралығында көрсетілетін
демонстрациялық тəжірибеде мұғалім
оқушылардың өтетін құбылыстардың негізгі
қасиеттеріне назарларын аударып, 3-4 рет қайталап көрсеткені
дұрыс. Егер тəжірибе кезінде орын алған үдерістерді
түсіндіру үшін сызбалар мен есептеулер қажет болса,
мұғалім тақтаны пайдаланып, алынған нəтижелерді
оқушылардың қарапайым түрде жетік
ұғынуларына жағдай жасауы.
3. Демонстрациялық
тəжірибелерге қойылатын негізгі талаптардың бірі, оның
көрнектілігі, яғни сыныптың кез-келген жеріндегі оқушы
қолданылған құрал-жабдықтар мен оның
көрсетулерін жəне өтетін физикалық
құбылыстарды анық көрулері қажет.
4. Демонстрациялық
тəжірибелер тиімді өтулері үшін төмендегі
шарттардың орындалуы керек:
-тəжірибеде
күнделікті өмірде кездесетін қарапайым
құралдардың пайдаланылуы;
-тəжірибені
оқушылардың өздерінің өткізулері;
-тəжірибеде
қолданылатын құрал-жабдықтарды оқушылардың
өздерінің жасауы;
-тəжірибені
оқушылардың субъективті жаңалық ретінде
қабылдауы;
-тəжірибеде
көрсетілетін құбылыстың практикалық
маңыздылығының ескерілуі;
Осы талаптар
орындалғанда ғана оқушы мектеп физика курсында өтілетін
тақырыптарға теориялық жəне практикалық талдаулар
беру арқылы оның практикада немесе техникада қандай жерлерге қолдануға
болатындығына болжамдар жасай алады.
Мысалы [1],
1831 жылы Фарадей ашқан электромагниттік индукция
құбылысындағы индукциялық токтың пайда болуын
оқушыларға демонстрациялық тəжірибе арқылы
көрсетіп, оның табиғатын теориялық тұрғыдан
жан-жақты талқылап түсіндіру керек. Оқушылар онда
өтетін физикалық құбылыстардың теориясын толық меңгерген
соң, практикалық жəне техникалық
маңыздылығына баса назар аударған жөн. Яғни,
магнит өрісінің табиғатта, адам өмірінде, медицинада,
өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында, ғылыми-зерттеу
жұмыстарында атқаратын рольдері туралы [2] мысалдар келтіріп
терең талдануы тиіс.
Мектеп физика
курсында өтілетін «Толқындар» [3] тақырыбында
демонстрациялық тəжірибелер арқылы оқушыларға
ультрадыбыс жəне электромагниттік толқындардың алу жолдарын
тəжірибе жүзінде көрсетіп, онда кездесетін техникалық қиындықтарға
тоқталу қажет. Сонымен қатар көлденең жəне
қума толқындардың, электромагниттік толқындардың
физикалық қасиеттеріне түсініктеме беріп, олардың практикада
алатын орындарына талдау (мысалы, электромагниттік толқындық
байланыстарда, техникада, ультрадыбыстық медицинада, ғылыми - зерттеу
жұмыстарында т.б.) мысалдар келтіру арқылы іске асырылуы
қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектеп физика
курсында оқушылар өтілетін тақырыптар бағытында
ғылымға қандай жетістіктер мен болжамдар бар екендігін
жəне ол практикада қандай жерлерде қолданылатынын білгенде
ғана біз инновациялық технологияны жақсы меңгерген
білікті мамандарды даярлай аламыз.
ПАЙДАЛАНҒАН
ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1.Калашников С. Г. Электричество: Учебное пособие для вузов.
6-е изд., стереотипное. -М.: Физматлит, 2008. - 624 с. -ISBN 5-9221-0312-1.
ISBN 978-5-9221-0900-0.
Бонч-Бруевич В. Л., Калашников С. Г. Физика
полупроводников. - М.: Наука, 1977. -Тираж 33000 экз. (Изд. 2-е, перераб. и
доп. - 1990. - 688 с.)
2.Бижігітов Т.
Жалпы физика курсы [Текст] : оқулық / Т. Бижігітов. - Алматы
: Экономика, 2013. - 890 с. - ISBN 978-601-225-586-7
3.Майер В.В.
Простые опыты с ультразвуком- Москва: Наука, 1982.-160с.