А.Ш.Жолдығұлова,
А.Ж.Кадыркулов
М.Х.Дyлaти aтындaғы Тapaз мeмлeкeттiк yнивepcитeтi,
Қaзaқcтaн
Қазіргі кездегі құлдық пен адам
саудасындағы түйінді мәселелер
Құлдық
200 жыл бұрын пайда болған институт, қазіргі кезде
қоғамда бұл ұғымның аясы кеңейіп, мол
табысқа кенелуге болатын әдістердің бірі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабының тармағына
сәйкес, адам, оның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары мемлекеттің жоғары
құндылықтары деп көрсетілген.
Құлдық
туралы Конвенция 1926 жылдың 25 қыркүйегінде қол
қойылған, 1953 жылы 7 желтоқсанда хаттамамен енгізілген
өзгертулермен қоса берілді. Қазақстан Республикасында
бұл Конвенция 2008 жылғы 1 мамырда күшіне енді. Құлдық
туралы Конвенцияның 1 бабына сәйкес, құлдық –
дегеніміз меншік құқығының атрибуттары немесе
олардың кейбіреуі қолданылатын адамның жай-күйі мен
жағдайы.[1]
Біріккен
Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары
жөніндегі жалпыға ортақ декларацияда адамдардың
нәсілі, жынысы, дінге деген көзқарасы мен саяси
көзқарасына қарамастан барша адамдардың
құқықтары тең екендігін туралы айтылған.
Декларацияның 4 бабында "Ешкім құлдықта
ұсталуға тиім емес; құлдық және
құлдыққа сату саудасының барлық түрін
тыйым салынады" делінген.[2]
Қазіргі
заманғы құлдықты айтсақ, біріншіден
жезөкшелік пен құлдық болып табылады. Бүгінгі құлдықтың екі
түрі бар: патриархалды және еңбек құлдығы.
Біріншіде, бұл еріксіз тұлға қожайынның
мүлкі болып есептелінеді. Зерттеулерге сәйкес,
құлдықтың 68% жағдайында құрылыс,
фермалар, цехтер мен үй шаруасында жұмыстар болса, 22%-ы
жыныстық қанау болып табылады.
Walk
Free Foundation дерегіне сәйкес, әлем бойынша шамамен 30 миллион
адам құлдықта өмір сүреді екен. Ең
жоғарғы көрсеткіш Мавритания елінде. Ел 1981 жылы
құл саудасына тыйым салғанымен, халықтың 4%-нан
астамы құлдықта. Екінші орындағы жоғарғы
көрсеткіш – Үндістан елінде, онда 14 млн. құл бар деп
есептелінеді. Дегенмен, бұл мемлекетте басқа мемлекеттер
сияқты басқа елдің азаматы емес, тұрақты
өмір сүретін кедей ауыл халқы
құлдыққа түседі. Ал, Халықаралық ұйым есебі бойынша елімізде 44 мың
адам құлдыққа салынған екен. Жергілікті
сарапшылар елде адам саудасы фактілерінің басым бөлігі жасырын
күйі қалатынын айтады. ТМД елдері арасында ең нашар
жағдай Түркіменстан, Өзбекстан және Әзірбайжанда.
Ал Қазақстан адам саудасы азырақ кездесетін Беларусь пен
Украинадан кейінгі орында.
"Вашингтон
таймс": кезінде Талибан 7 жастан асқан балаларды алып, олардан
террорист-жанкешті даярлайды. Бір баланың құны 7 000-нан 14
000 доллардың арасында болған. Құл саудасымен
айналысатын көшбасшы мемлекеттерге АҚШ, Германия, Италия, Грекия,
Нидерланды, Бельгия, Таиланд пен Түркия кіреді.
Еліміздің
облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында
құлдық пен адам саудасына байланысты бірнеше орталықтар
жұмыс жасайды. 2009 жылдан бастап еліміздің Астанасында
"Қорғау-Астана" ЖҚ "Көмек" адам
саудасының құрбандарын уақытша тұратын
орталығы құрылды. Сонымен бірге, "Сана сезім" деп
аталатын орталықтың құлдыққа түскен
азаматтарға қол ұшын беріп келе жатқан
орталықтардың бірі болып табылады. Орталықтың
заңгері Дәулет Жекеновтың айтуынша, құлдыққа
көбінесе жалғызбасты азаматтар, нашар отбасынан шыққан
кәмелетке толмаған балалар мен Өзбекстаннан келетін азаматтар
түседі.
Қазақстан
үшін ең ірі проблемалардың бірі – адам саудасының
құрбандарын анықтау. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында
құқық қорғау органына еңбек
құлдығы пен жыныстық құлдыққа
түскен 1756 адам көмек сұраған екен. Олардың
басым бөлігі 21-30 жастағы азаматтар. Құлдық
қанаушылығына түскен азаматтар көбіне ІІМ немесе
орталықтарға бара бермейді. Сарапшылардың айтуынша,
құлдық қару-жарақ пен есірткі бизнесінен кейінгі
ең кірісті бизнес. Еріксіз жұмыскерлер өздерінің
қожайындарына жылына 16 млрд. доллар пайда әкеледі.
Соңғы жаңалықтарға назар аударсақ, Ресей
азаматы Юрий Образцовтың айтуынша, қазақстандық
фермерлік шаруашылығында бірнеше жыл құлдықта болды.
Азамат оның Ташкентке қарай бер алған таксиге отырып,
кейіннен 2 жылдың өткенін айтады, алайда ол уақыттан бастап 4
жыл өткен деседі. Қазіргі таңда Ресейлік азамат отанына
қайту үшін куәлік алуда. Келесі бір құлдық
фактісі Ертай есімді азаматтың Ресей федерациясында ұрып
соққандығы мен жұмысқа жегілгендігін айтады.
Бұл жағдайлардың соңы тек абзал жандардың
арқасында сәтті аяқталғанын білдіреді. Дегенмен,
бұл құлдықтың алдын алу шаралары дұрыс
нәтижелер беріп, құлдықтың елімізде жойылу
шегінде тұр дегенді көрсетпейді, біз білмейтін
құлдық құрбандары әлі қаншама.
Қорытынды
жасасақ, құлдықта болудың бірден бір себебі –
елде жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейде болуы.
Қылмыстық кодексте адам саудасына
байланысты бірнеше бап бар. Ресми дерек осы баптар бойынша
қозғалған қылмыстық істердің санын
ғана көрсетеді. Министрліктің мәліметі бойынша, жылына
200-ге жуық адам саудасына байланысты қылмыстық іс
қозғалады. ҚР Қылмыстық Кодекстінде
құлдық туралы баптың орнына Қылмыстық
Кодекстің 128 бабы – Адам саудасы, 126 бап – Бас бостандығынан
заңсыз айыру деп аталады.[3] Қылмыстық заңнамада адам
саудасымен айналысқандарға, құлдықта
ұстаған азаматтар үшін тек ауыр жаза болуы тиіс.
Заңнамаға халықаралық стандарттарға
сәйкестендіру қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. "Құлдық туралы" Конвенция. Женева, 25.09.1926 ж.
2.
"Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы" БҰҰ резолюциясы, 10.12.1948 ж.
3.
ҚР Қылмыстық кодексі. 03.07.2014 ж.