Маулина Н.Х. Ш.
Есенов атындағы КМТИУ. «Қаржы, есеп және аудит»
кафедрасының доценті
Жаманқұлов
Ерлан «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті
Салық әкімшілігін
жүргізудің әлемдік тәжірибесі
Салық төлеушілерге қатысты қолданылатын белгілі
бір шаралар туралы
салық төлеушілерді хабарландыру бойынша
құқықтық
нормалар мен
әкімшіліктік ережелер әртүрлі елдерде
және нақты қаралатын жағдайдың
сипатына байланысты да
әртүрлі. Салық биліктері
баламалы таңдау сұрағына жиі
кездеседі: не салық
төлеушілердің тілектерін
қанағаттандыру
және олардың
құжаттамаларында
қандай ақпарат бар екенін,
ол қалай қолданылатындығын білу, не,
керісінше, белгіленген тергеуледі тиімді жүргізуге қарсылық тудыратын осы ақпараттың таратылуын
болдырмау, ары қарай
қолданылуына шаралар қолдану. Сондықтан, кейбір елдерде
(мысалы, Филляндия, Ирландия және
Біріккен Патшалықта)
салықтық биліктер кез
келген жағдайларда
салық төлеушілердің өздері (басқа салық
төлеушілер) туралы ақпарат сұрағанда, осы
ақпаратты беруге
міндетті. Басқа елдерде (мысалы, АҚШ-та) бұл
талап (ақпараттың
берілуі) тек анықталған жағдайларда ғана пайда болады.
Жалпы алғанда, Германия,
Голландия және Швейцарияда
шетелдік үкімет салық төлеушілердің өздері туралы акпаратты
беруі міндет және осы
арқылы олардың нақты
дәлелдемелері
арқылы осы шешімді
талқылауға салуға
мүмкіндік береді.
Барлық жерлерде
салықтық
қызметтер салық төлеушілерді салықтардың
қайта есептелуін
жүргізуі туралы ескертуі
қажет, сол сияқты осы қайта
есептеулердің
нәтижелері туралы және олардың наразылық білдіру
құқығының
бар екенідігі туралы хабардар
етіп отыруы қажет. Тағы бір
ұқсас жағдай
жиі орын алады, салық төлеушілерге олардың салық
зандарының орындалуы
туралы тексеру жүргізілетіндігін алдын ала
хабарлау керек.
Көптеген әлем елдерінде
жоғарыда
көрсетілген функциялар бір
ұйымның шегінде ғана
бөлінген. Осылай, Нидерланд
Қаржы
Министрлігінің
құрамына
кіретін
салықтық
қызметтің
атқарымпаздық – иерархиялық құрылымы
бар және ол
екі негізгі Салықтар және
Салықтық Даму Департаменттерімен бейнеленген.
Салықтық Даму Департаменті аналитикалық бөлімше болып табылады. Оның
негізгі мәселелеріне салық салу облысындағы
ағымдағы
ақпаратты жинау және
қорытындылау; болашақтағы дамуына
салықтық
түсімдер бойынша бағалауларды қосатын болжамдау;
ең бастысы – салық салу
концепциясын жасау кіреді.
Салықтар
Департаменті функцияны тікелей
іске асыруы; осы
функцияның
құзыреттілігіне
салықтар алымы,
салық заңдарын қадағалауды бақылау кіреді.
АҚШ–та Ішкі Табыстар Қызметі (ІТҚ) ішкі
салықтар алымын және
бағасын, ал дәл сол
Қаржы
Министрлігінің Салық Саясат
Бөлімі салық заңдарын жобалауды,
жоспарлауды жүргізеді
/21/.
Германияда жоғарыда
көрсетілгендей,
функциялардың
бөлінуі тігінен: Бас
Қаржы Дирекция құрамына кіретін
Федерация Қаржы Министрлігі өзінің басқа да міндеттері болса да
салықтық
саясатпен айналысады. Салықтардың жинауын,
оның
әртүрлі
деңгейде бюджетке түсуін бақылау
әрекеттері Қаржы Министрлігінің жетекшілігімен жүргізіледі.
Ұлыбританияда салықтық саясат
бойынша үкімет және
парламент үшін ұсыныстарға жауапты қызметтері екі тең мәнді
және тең құқықты Департаменттер – ішкі табыстар,
сонымен қатар Қаржы
Министрлігінің
Кедендік Алымдар мен Жанама Салықтар (Кедендік Департаменттер), ақырғысы салықтарды бір уақытта жинайды және бағалайды, құрамына кіреді /22/.
Канадада салықтық
түсімдерді жоспарлау мен
салықтық
заңдардың
жобалануы Қаржы Министрлігіне жүктелген,
бірақ салық салу
мәселелерімен
Ұлттық Табыстар Министрлігі айналысады.
Ұқсас жағдай Жапонияда да орын
алған, мұнда салықтық заң жобалары Қаржы
Министрлігінің
Салықтық Бюросы дайындайды
және бұл заң
жобалары Параламентте қаралады, ал Парламент осы заң
жобаларын болашақ өмірін шешеді /23/. Ал бұл
заңдар іске асыру
Ұлттық
Салықтық
әкімшіліктің
міндеттеріне кіреді.
Керісінше, Австралиялық
салық салу қызметі салық
заңдарын өзі жасайды,
жоспарлайды,
бағалайды және өзі
ішкі салықтарды жинайды.
Жоғарыда келтірілген
әлемдік
тәжерибе негізінде құрылымына, бағынушылық сипатына
байланысты салық саясатты
жүргізуші,
ведомствалық
бағынушы саясатты жүргізуші, қызметтерді
келесі түрлерге бөлуге болады:
- Өзіндік байланыста болатын,
қаржы органдарының құрамына кіретін
оның жеке арнайы
бөлімшелері ретінде кіретіндер;
- Өзіндік қызмет
мәртебесі жоқ, дәл
сол органдардың құрамына оның құрылымдық,
басқарушылық
бөлімдер ретінде кіретіндер.
Салықтарды басқару жүйесін құруды
шетелдік
салықтық
қызметтерінің
тәжерибесіне қарап зерттеу,
атқарымпаздық,
яғни салықтық түрмен сәйкестіктің
тиімділігін көрсететін. Мысалы,
кейбір елдердің салықтық қызметкерлері келесі
үш топқа бөлінетін ұйымдастырушының
құрылымға
байланысты жанама және
тура салық бөлімшелері бар:
1)
Осы бөлімшелер бір ғана ұйымда болатын елдер
(АҚШ, Жапония, Франция,
Австрия);
2)
Осы бөлімшелер әртүрлі
ұйымдарда болатын елдер
Біріккен Патшалық, мұнда
Қаржы Министрлігіндей тура
салықтарға – Ішкі
Табыс департаменті, қосымша салықтарға
және төлемдерге: ҚБС, ҚҚС, акциздер, кедендік баждар
тағы
басқаларына жауап беретін
кедендік алымдар Департаменті;
3)
Басқару иерархиясының әрбір
деңгейін сәйкес мамандандыру жылымен
атқарымпаздық
қағидасы
(функционалдық) іске асатын
елдер (Германия).
Әрбір осы
формалардың
өзінің
артықшылықтары
мен кемшіліктері бар:
- персоналдық
тура және жанама
салықтардың
күрделі облыстарында жоғары
дәрежелі
болуының
қажеттілігі жоқ.
- әрбір
ұйым салық заңдарына сәйкес арнайы білімдерді
жинай және тереңдете алады. Кейбір елдерде
жанама салықтарға жауап
беретін
Ұлыбританиядағы
кедендік және акциздік
алымдар Департаменті сияқты ұйымдардың
өзінің
ұзақ тарихы және
салт–дәстүрлері
бар.
Екінші жағынан, бір уақытта табыс
салығын және ҚСС–ны жинаумен
айналысатын,
сондай–ақ Франция, Германия
және Жапонияда кездесетін
ұйымдардың
келесі артықшылықтары бар:
- табыс салығын және ҚСС–ны
бағалау, бақылау және жинау бір уакытта жүргізілуі
мүмкін, тіпті бұл әрекет тиімді болады, себебі олардың
біреуінің салық салыну мөлшерін өзгерту
екіншісінінң салық салыну мөлшерін өзгертуге
әкеледі.
- табыс салығын және ҚСС–ты
төлейтін салық төлеушілер бір ғана ұйымға
баруы қажет.
СБЖ ұйымдастырушыларының
тәжірибесінің негізінде өзінің үш
деңгейлеріндегі (елдің
егеменді құрылғысында)
Мемлекеттік салықтық қызметтің
атқарымпаздық (функционалдық) құрылымы келтірілген. Практика көрсеткендей,
мұндай құрылымдар қажетті күш пен
құралдардың жинақталуын, салықтық
қызметтің барлық
буындарының жұмыстарының
мамандандырыылуын, үйлестірілуін (координациялануын)
еңбектің жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етеді /24/.
Салық төлеушілермен
алғашқы белсенді жұмыстар жүргізілетін деңгей –
аудандық инспекция. Оның ұсынылған
атқарымпаздық (функционалдық) ұйымдастырушылық
құрылым құжаттарды өңдеу және
салық төлеушілерге қызмет көрсету процесстердің
бөлінуін, бір жағынан тексерулерді өткізу және заңдылықты
сақтау бойынша җұмыстар қамтамасыз етіледі. Дәл
осында негізінен бюджет табыстарын жұмылдыру (мобилизациялау) бойынша
негізгі әрекеттер және салық төлеушілермен салық
қызметкерінің органдарымен
өзара қарым – қатынастылық сипатын қалыптастырады.
Облыстық инспекциялар
аудандық инспекциялардың жұмысын бақылау, үйлестіру және талдау
қажет және оларға техникалық,
құқықтық, қаржылық және
ұйымдастырушылық мәселелерде шешуде жәрдемдесуі қажет. Ал олар (аудандық
инспекциялар) қажет
болған жағдайда,
салықтарды алу басқару бойынша
аудандық
инспекцияларға көмектесе алады. Бірақ олар (аудандық инспекциялар)
салық төлеушілермен тікелей
жұмыс істемейді.
Ұсынылған Мемлекеттік
(Бас) Салық Инспекциясының (Салық комитетінің)
құрылымы оның негізгі функцияларын белгілейді:
- заң жобаларын дайындау
және салықтық саясатты
жүргізу бойынша тұжырымдар;
- салықтық
басқару жүйесін жобалау және оның ұйымдастырылуы;
- салық заңдарын және
оның
қадағалануы
җәне тексеру
әдістері бойынша бағдарламаларды қолданумен аудандық
инспекциялар және
нормативтік актілер үшін
жетілдіру жұмыстары нұсқауларының жасалуы;
- әкімшілік
реформалардың
дайындалуы,
жүргізілуі және нәтижелердің бағалануы;
- салықтық қалыптарды (формаларды) жасау және
салықтық
қызметтің
қызметкерлерінің атқарымпаздық (функционалдық) міндеттерін сипаттау салықтар алымы (жиналуы)
бойынша ақпараттың жалпылануы және қорытындылануы;
- персоналдың
оқытылуын, ақпараттық
сервисті көтеру, салық
төлеушілерді
агәрту бойынша бағдарламаның жұмыстарын, кадрлік саясатты
іске асыру;
- барлық төменгі
буындардың жұмыстарының сапасын жалпы бақылау.
АББ
(Арнайы Бақылаушы Бөлімше) тікелей Мемлекеттік (Бас)
Салық Инспекциясының
(Салық комитетінің) басшысына тәуелді болуы
және келесілер бойынша
жұмыс жасауы қажет:
- СБЖ
қабылданған
ұйымдастыру жобасына
және компьютерлендіру
қадамлдарына сәйкес оның
ұйымдастырылған
құрылымын
келтіруді бақылау (кейінірек бұл міндеттер сәйкес атқарушы
(функционалдық) бөлімшелерге
бөлінуі мүмкін);
- Салықтық тексеру қызметтерінің
жетекшіліктері мен ұйымдары;
-
Мемлекеттік (Бас) Салық
Инспекциясы (Салық комитеті)
барлық салық қызметінінң бюджеті үшін
жауапты.