Маулина Н.Х. Ш. Есенов атындағы КМТИУ. «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының доценті

 

Салық менеджментін жүзеге асырудың заманауи қағидалары

 

Салықтарды тікелей басқару негізінен елдің бүкіл территориясында бір ғана Бас салықтық әкімгер принциптері бойынша жұмыс істейтін, басқарылатын біркелкі салықтық әкімшілікпен іске асырылады.

Салықтарды басқару қосалқы жүйесі салықтық жүйедегі басқарушылық өзара байланыстарды сипаттайды және оның негізгі элементтері ретінде басқару қосалқы  жүйесін  (басқару субъектісі) - өтпелі кезеңдегі төлеушілер және банктер қосалқы жүйелері түрінде, ал олар арқылы соңғы басқарылатын қосалқы жүйені - әсіресе салықтар түрінде қосады.

Үкімет

 

Салықтық  заң шығару

 

Елдің қаржы – экономикалық  саясаты

 
Басқарылатын қосалқы жүйенің дұрыс таңдалуының (олар өтпелі кезеңде басқарудың соңғы басқарылатын объектісі – салықтар қосалқы жүйесіне үшін басқарушыларға айналады) арнайы мәні бар олардың арнаулы көп жағдайда басқарушы жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын және функцияларын алдын ала анықтайды. Осылай, салықтарды басқару процесінде келесі салықтардың құрылысын (кері байланысын функциясын)  жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау үшін бюджетке белгілі бір уақыт аралығында салықтық төлемдердің түсу нәтижелерін жалпылау және қорытындылау қажеттілігі салықтық саясаттың арнайы қызметінің болуына итермелейді.

Салықтарды басқару бойынша шешімдері келесі талаптарға байланысты:

1. Нысаналылық, сандық және сапалы анықтаушылық.

Басқарушылық шешімдер сандық және сапалық көрсеткіштер түрінде келтірілген, күш пен құралдардың шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар қазіргі техниканы қолданумен салықтарды басқару процесін болжамдауға, жоспарлауға және белсендіруге, егер бұл процесске қажет болса, қажетті түзетулерді, жаңа басқарушылық шешімдерді шығару үшін ұзақ сақтауға және машиналық өңделуге берілетін сәйкес, ақпаратты уақытында жинауға, жүйелендіруге және қорытындылауға мүмкіндік берудің енгізу арқылы нақты нәтижелерді жетілдіру үшін қабылдануы керек.

2. Тиімділік.

Тиімділік талабы әрбір нақты жағдайда салықты жалпы және жекеше әрбір салықты әлеуметтік–экономикалық мақсаттылық критерийінің жақсы үлгісіне шешімдерді таңдауды шарттандырады.

3. Өз уақыттылық.

Берілген факторды «Қажетті уақыттағы қажетті шешім» өрнегімен қысқаша айтуға болады. Ашық түрде  басқару бойынша сәйкес шешім қабылданатын, процесс жүретін жағдайда толық иелене отырып, процесстің себеп-салдар байланысын, жалпы заңдылықтарын білу, осы процесс бір жағынан, ары қарай жалғасу болмайтындай, екінші жағынан – тиімді іске асыру мен дамытудың барлық жолдары жетілген, ол оған теріс факторлардың әсер ету мүмкіндіктерін минимумға келтірілу уақытын таңдау болып табылады. Басқарушылық шешімді өз уақытында қабылдау көптеген басқарушылық объектілердің жағдайына, тиімді уақыттарда басқарудың белгіленген субъектілерінде сапалы дайындық және іске асыру үшін орындаушы реттейтін уақыт резерві мен нақты әлеуметтілік–экономикалық жағдайларға тәуелді. Салықтарды басқару мәселелеріне сәйкес осыған байланысты шешімдердің қабылдану уақыттылығы заңшығарушылық және нормативтік актілердің күшіне енгізілу, орындалу және күшін шектеу болып табылады.

4. Жиынтық. 

Салықтық қызметтердің әрекеті басқарушылық шешімге әсер ететін барлық факторлардың кешенді есеп беруіне, салықтық жүйеге кіретін салықтардың әрекеті салық төлеушілерге жүктелген ауыртпаушылықпен бірден бір кешен ретінде қарастыру керек.

5. Шешімдердің уәждеме функциясы.

Сол және басқа шешімдердің уәждемелерін бейнелейді. Уәждің мақсат бағыттылығы соңғы нәтижелі емес, бұл шешімнің қабылдану негізіне әсер ететін факторларды, жағдайларды және ойларды көрсетеді. Мысалы, темекі өнімдеріне акциздердің енгізуінің басты мақсаты – халықтың осы өнімдерді қолдануын шектеу.

6. Икемділік. 

Өндірістің тұрақты әр тараптануымен (диверсификациямен) нарық экономикасының даму динамикасы және оған байланысты салық қатынастары салықты басқару субъектілерінен өтіп жатқан процестерге ұзақсыз, баламалылық әсер ету және күрделі мәселелерді икемділікпен шешу.

Салық заңдарының өзі, белгілі бір уақыт аралығында салыстырмалы тұрақты бола отырып, салық төлеушілер, салық инспекциясы тарапынан салық заңдарын қате талқыламауын қадағалау қажет, сондай-ақ оның (заңдардың) бүтіндігін бұзбай, оған қажетті өзгертулерді, түзетулерді енгізу мүмкіндігі болу қажет.

7.Құқық  өлшемділігі. 

Салықтарды басқару бойынша әрбір шешім елде күші бар, сонымен қатар салықтар, егер бұл басқа елдердің немесе шетел ұйымдарының өкілдерінің қызметтеріне байланысты болса, онда шетелдік құқықтарды қосатын, заңдардың барлық талаптарына сай келуі керек.

8. Рәсімдеудің  толықтығы.

Салықтар шеңберіндегі басқарушылық шешімдердің сәтті іске асуы осы шешімдердің мазмұнының біркелкілігінің қамтамасыз етілуіне, шешімдердегі  қажетті берілгендердің толық, нақты және жеткілікті көрсетілуіне, шешімдер сипатының рәсімделуіне, қойылған мәселелердің орындау мерзімділігіне, оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, жауапкер орындаушылардың фамилиялары мен қызметін міндеттеріне толық тәуелді. Осындай шешімдердің қабылдануы үшін сәйкес орындаушы құжаты бар, шешімдердің орындаушы қадағалайтын көпжақты бақылаушы ұйым болуы қажет.

Салықтық реформаны басқару, оның жобасындағы қарастырылған бағдарламалық және мақсаттылық мәселелерді өмірге енгізілуінің мерзімді және экономикалық тиімділігі жағынан күрделі таксономиялық процесс ретінде заңмен, ұйымдастырушылық – техникалық, әкімшіліктік қамтамасыз етілуі, салықтарды жинау және тарату бойынша шығындарды минимумға келтіру, салық төлеушілердің құқықтарын қорғайтын және салықтық заңдардың талаптарының қадағалануы, жоғарыда келтірілген салықтарды басқару функцияларының ұйымдастырылуының кейбір мәселелерін қарастырайық.

Мемлекеттік басқару органдарының формальды құрылымына және іс жүзінде салық қызметін тұрақтыға айналдыру әрекеттеріне, дұрыс қаржы саясатынан, қаржы органдарының жалғандыққа бас бұруына тәуелсіз, осы органдардың артындағы дәл сол салық түсімдерін жоспарлау бойынша белгіленген қызметтермен Бас әкімгерінің мәртебесі дәл сол күйінде, кір тимей қалады. Сондықтан бұл жоспарлау мемлекеттік тапсырманы орындау үшін өзіне ғана емес, салық қызметкерлер марапаттау – жазалау жүйесі ретінде емес, елдің әлеуметтік - экономикалық  дамуының бағдарламасын жоспарлау үшін анықталған мемлекеттік бағыттаушы ретінде болуы қажет.

Практикада СБЖ ұйымдастырылуы жобасының жалпы алынған әдістерінен ең кең таралғаны – ұқсастық әдісі. Бұл әдіс салықтар алымында әлеуметті–экономикалық тиімділігі жоғарырақ және сипаты, қолдану талаптары мен шекаралары бойынша жобалаушы әдіске жақын, бар және жеткілікті түрде жасап көрінген немесе типтік ұйымдастырушылық қалыптарды қолдануға негізделеді.

Осындай жағдайларда нақты жағдайларда қолданылған ұйымдастырушылық қалып (форма) оны жобалауда, есептеулерді енгізу кезіндегі қателердің жіберілуіне мүмкіндік жасайды. СБЖ–ні ұйымдастырудың типтік жобаларында мұндай мүмкіншілік жоқ. Бірақ осы ақырғы жобалар салықтардың әртүрлі құрылымдарында, әртүрлі жағдайларда тиімді қолданылады, егер, әрине бұл жобалар келесілерді қарастырса:

-         прогрессивтілік және көпнұсқалылық;

-         сәйкес келетін нұсқасын таңдап алу, қолдану жағынан икемділік;

Салық бюджет жүйесі жеке ережелерінің түзетілуі мен қолданылу процесінде оның ұйымдастырылуының белсенділігін арттыру мүмкіндігі болып салық органның салықтарды басқару бойынша жұмыстарының нақты талаптары ауытқығанда немесе қарастырылған типтік құрылымнан бұл жүйенің айырмашылығы көп жағдайларда түзетулерді енгізу мүмкіндігі табылады.

Жобалаудың нормативті әдісі практикада өзін жақсы көрсетті және ол өзіне келесі нормативтердің қолданылуы мен өңделуін қосады:

-         басқару функцияларының құрамы, мазмұны;

-         орындайтын функциялары негізіндегі жұмыстардың саны;

-         ұйымдастыру құрылымының типі.

Басқару аппаратының құрылымын құру критерийлері:

-         басқарылу нормасы;

-         оның функцияларының орталықтану дәрежесі;

-         басқару деңгейлерінің саны;

-         буындар саны;

-         бөлімшелер саны;

-         бөлімшелердің бағынушылық тәртібі және өзара байланыстыру.

Салық бюджет жүйесін ұйымдастырылуының негізгі қағидалары:

1.Кешендік қағидасы -  осы жұмысты салықтарды басқару жүйесінің барлық элементтерін белсендірумен байланыстыру, сонымен қатар: басқарушылық шешімдердің қабылдау мен іске асырудағы оның мақсатымен, функциясымен, технологияларымен, кадрлер мамандығымен, сонымен, жұмыс орындарының басқарудың механизмдерінің, техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырумен байланыстыру.

2.Басқару аппаратының даму деңгейін салық төлеушілер мен салық салу құрылымының деңгейімен динамикалық сәйкестендіру қағидасы жалпы алғанда оның негізгі мақстаты – салықтар алымын сәтті орындау үшін қажетті шешім болып табылады.

3.  Салық бюджет жүйесінің ұйымдастырылу құрылымдығын оңтайландыру қағидасы. Бұл қағиданың орындалуы оның қалыптасу негізіндегі келесі негізгі талаптардың міндетті қадағалануын қажет етеді:

-               басқару объектілерінің барлық кезеңдерінде артықшылығын, яғни салықтар жүйесін және оған сәйкес салық салу механизмін жетілдіру, бұл өз кезегінде салық қызметтерінің құрылымын құрылуын анықтауды;

-               басынан бастап аяғына дейін барлық салық қызметтердің қатаң және шартсыз бірбасшылықты болуын, мұның өзі екі ретті бағынуды жоятын олардың жетекшілердің жауапкершілігін жояды;

-               алғашқы және ұйымдастырушылық құрылымының кез–келген категорияларына қатысты анықталатын басқару функцияларының артықшылығы;

-               құрылымының және иерархияның (көлденеңнен) әрбір деңгейіндегі басқарушы органдардың санымен, тігінен құрылымдық ерекшеліктері мен  салық бюджет жүйесінің  ұйымдастыруының барлық құрылымдық элементтерінің дұрысталуымен (тігінен,  көлденеңнен) сәйкестендіру;

-               тиімді және бірігіп қызмет ету үшін әрбір басқару органның, ондағы әрбір қызметкердегі міндеттерін, құқықтарын бөлу және дәл сол уақытта біріктіру.

Екі деңгейде басқару жағдайы құжаттарымен, яғни нормативтік актілермен жоғарыда тұрған ұйым бір басшылық қағида субординацияны бұзып, басқару тиімділігін төмендетеді, төмен тұрғандардың өндірістік, шаруашылық қызметтеріне жүйелі түрде араласа отырып, төмен тұрғандағылырды қайталап және оған қарсы шығып, өз ойынша онда жетекшіліктің құзіреттілігіне кіретін кадрлік ауыстырулар, ішкі тәртіп сұрақтарын шешуге араласқан уақытта орын алады

Салық бюджет жүйесінің ұйымының жетілдірілу нәтижелігінің қағидасы өзінің алдында қойылған мақсаттарды орындаудың соңғы нәтижелері бойынша өзінің сапа бағасын қарастырады.

Салық бюджет жүйесінің ұйымдастырылуын жетілдірудің жалпы концепциясын, оның іске асуы, ұйымдастырылуы және осыған қажетті ресурстармен сәйкестену қағидасы.

Бұл қағиданың орындалмауы салықтық әкімшіліктің салықтық қызметтерді толық компьютерлендіру және құжаттардың есеп беруін автоматтандыру, оның бөлімшелерінің компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бағдарламасының орындалмауына әкелуі мүмкін.