А.ш.ғ.м. Демесинова
А.А., а.ш.ғ.к. , аға
оқытушы ,Байжанова Б.К.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Қытай бұршақтың
(соя) ауыспалы егістегі орны.
Қытай бұршақтың биологиялық ерекшеліктеріне сай ауыспалы егісте дұрыс
орналастырудың аса зор маңызы бар. Бұл кезде қытай
бұршақ дақылына алғы дақылдардың
қалай әсері бар екенін ескеру қажет.
Ауыспалы егістің
көмегімен топырақтың құнарлылығын арттыру,
дақылдардың өнімін арттыру, өнімнің сапасын
жақсарту, танаптардағы арамшөптердің санын азайту,
өсімдіктерді аурудан, зиянкестерден қорғау, топырақты
су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.
Ауыспалы егістің экономикалық негізі
ғылыми жұмыстарға сүйеніп анықталған,
егілетін дақылдардың алатын жер көлемі әр
дақылдың алатын жер көлемін белгілегенде мына жағдайлар
есептеледі:
1. Шаруашылық орналасқан жердің ауа -
райы, топырағы.
2. Шаруашылықтың келешекке өркендеу
бағыты.
3. Ауыл шаруашылық өнімдерін сату жоспары.
4. Мал шаруашылағына қажет жем - шөппен
толық қамтамасыз етілуі.
Бұл ауыспалы
егістердің ерекшелігі - барлығында дерлік міндетті түрде
жоңышқа егіліп, үш жылдай ұсталады. Жоңышқа
арқылы танаптардың құнарлылығы
көтеріледі,арам шөптер азаяды. Келесі егілетін
дақылдардың аурулары мен зиянкестерден қорғау
жеңілдейді. Жоңышқа 2-3 жыл бойы өте сіңімді,
протеин мол, барлық мал сүйсіне жейтін пішен береді.
Жоңышқа
дақылы жоғарғы сапалы мал азығы болумен қатар
оның егін шаруашылығында алатын агротехникалық орны ерекше.
Әсіресе Қызылорда облысы жағдайында жоңышқасыз
ауыспалы егістің тиімділігін арттыру мүмкін емес.
Жоңышқа
егісінен кейін топырақ құнарлығы артады және
физикалық қасиеттері жоғарылайды. Ол топыраққа
судың сіңуін жақсартып, сортаңдану, процесін бәсеңдетеді.
Жоңышқа тамырлары шіріген
кезде топыраққа тік дрендер пайда болады, өсімдікке зиянды
тұздардың, жоғарғы қабаттағы мөлшерін
30-36 процентке кемітеді. Сол сияқты ол жер асты суларын пайдалана отырып, оның
деңгейін 1,5-2 м дейін төмендетеді. Бітік өскен
жоңышқа арам шөптерді мейлінше тұншықтырып, егіс танаптарын таза ұстауға
әсерін молынан тигізеді.
Жоңышқаның
осындай көп қаситтері
егіншілік мәдениетін арттырып, басқа дақылдардан,
әсіресе күріштен тұрақты мол өнім алуға нақтылы
жол ашады. Қазіргі экономикалық және экологиялық
қиыншылықтар кезеңінде, тыңайтқыштың, гербицидтердің
тапшылығына байланысты жоңышқа егісінің көлемін
және оның өнімділігін көбейту негізгі шаралардың
бірі болып табылады.
Ауыспалы егісті игеру
үшін әрбір шаруашылықта оның ротациялық кестесі
жасалады. Сөйтіп, күріш ауыспалы егісінің тиімділігін
арттыруда, әсіресе жоңышқа егісінің агротехникасын
дұрыс сақтау маңызды шара болып табылады
Күріш ауыспалы
егіс жағдайында қытай бұршақ дақылынан дән
және көк балауса алу үшін мелиоративтік танаптарда таза
күйінде немесе жүгерімен аралас егуге болады. Алғы
дақылға өте талғампаз қытай бұршақты
көңмен тыңайтылған танапқа егілген күздік
дақылдардан кейін беде, жүгері және көп жылдық
шөптерден кейін орналастырады.
Қытай бұршағы күріш
ауыспалы егіс жүйесіне енгізу алғы дақылдар
құрамын байытатын топырақтағы азот балансын
жақсартады, ең негізгісі өсімдік ақуыздарын
көбейтуге үлкен үлес қосады.
Қытай
бұрашақ өзі басқа өсімдіктерге жақсы
алғы дақыл, өйткені тамырындағы түйнектік
бактериялар арқылы гектарына 45-110 кг азот жинай алады. Ал бұл
гектарына 12-24 тонна көң енгізгенмен бірдей.
Осымен бірге қытай
бұршақтың арамшөппен жөнді күресе
алмайтынын да ескеру қажет болады. Агротехникалық шараларды
қолданған жағдайда қытай бұршақты кез
келген дақылдан кейін орналастыруға болады. Бірақ
көптеген ғылыми зерттеу мекемелердің және
шаруашылықтарының тәжірибелері қытай
бұршақты астық дақылдарынан кейін жақсы
өнім беретіні анықталды.
Қызылорда
қаласы «Қазақ күріш шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты» Қарауылтөбе тәжірибе
шаруашылығында біздің жүргізген минералдық тыңайтқыштың
қытай бұршақ дақылының өсіп дамуына әсері көрсетілген. Сонымен
қатар минералдық
тыңайтқыштың қытай бұршақ
дақылының өсіп дамуына бес вариант, үш мәрте
қайталау бойынша зерттелді. 1. нұсқа – бақылау,
тыңайтқыш енгізілмеген;
2.
N60;
3.
N 60,P90;
4.
N 90,P90;
5.
N 60+30,P90
|
1
бақылау |
2
N60 |
3
N 60, P90 |
4
N 90, P90 |
5
N60+30,P90 |
1
бақылау |
2
N60 |
3
N 60, P90 |
4
N 90, P90 |
5
N60+30,P90 |
1
бақылау |
2
N60 |
3
N 60, P90 |
4
N 90,P90 |
5
N60+30,P90 |
Кестеде
көрсетілгендей, бақылауда
нұсқасында тұқым өнімділігі 24,2 ц\га болса,
N60+30,P90 енгізілген нұсқасында
тұқым өнімділігі 29,9 ц\га, құрғақ
ауа массасы 59,8-82,7, протеин 10,8-14,9 пайызға жоғарылаған.
Зерттеу нәтижесі. Топырағын өңдеу
және тыңайтқыш қолдану жүйесі. Топырақты жақсы баптап, дұрыс өңдеген кезде ауыл
шаруашылық өсімдіктерінің дұрыс өсіп жетілуіне
пайдалы микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады.
Бұл кезде топырақта қоректік заттар мен ылғал көп
жиналады, арам шөптер азаяды.
Қытай
бұршақ топырағын өңдеу жүйесі
мүмкіндігіне қарай терең және қопсытылған
топырақ қабатын қалыптастыру, арамшөптермен тиімді
күресу, топырақта ылғал жинау мен сақтау шараларын
қамтамасыз етуге бағытталады. Көп жылдық
арамшөптерді аз жерлерде алғы дақылды жинап алған
соң бір рет 6-8 см. ЛДГ-10, ЛДГ-15 құралдарынмен сыдырта
жыртады, екінші рет арамшөп
өне бастағанда БДТ-10
тырмасымен 10-12 см
тераңдікке тырмалайды. 10-15 күн өткеннен кейін ПТК-9-35
немесе ПЛН–6-35 соқаларымен 25-27
см тереңдікке сүдігер жыртылады.
Топырақты
жырту қабаты таяз болса, танапты терең қопсытып барып
толық тереңдікке жыртады. Қытай бұршақ себілгенше
егістік 8-10 см тереңдікте 2-3 рет өңделеді, одан кейін себу
алдында 6-7 см тереңдікте жүргізген жөн. Қытай
бұршақ егісін арамшөптерден тазартудың тиімді
шараларының бірі гербицидпен өңдеу. Себу аяқталысымен,
бірақ тұқымның шығуына 4-5 күн
қалғанда қытай бұршақ егістігі базагран
гербицидімен өңделеді. Гербицид шиін, күрмек сияқты
арамшөптерге қарсы қолданылады.
Гумус мөлшері 1,5-2 пайыз
аралығында болатын Қызылорда облысы топырағы жағдайында
егістікті базагран гербицидімен өңдегенде гектарына 1,6-1,8 кг
әсер етуші заттар қолданылады.
Сонымен қатар,
себуге бір аптадай қалғанда арамшөптерге қарсы базагран
гербицдін қолдану өте тиімді. Танапқа Базагран (2-4 л\га)
гербицидінің ертітіндісін ОН-400, ОВТ- 1В машиналарымен шашып, БЗТС-1,0,
БДТ-7 тырмаларымен сіңіреді. Суармалы
жерлерде егістіктегі арамшөптердің 85-90 пайызына дейін
жояды.
Қытай
бұршақ егістігінде себу алдында және себуден кейін
топырақ өңдеудің нәтижесі 2-кесте.
|
Тәжірибе варианттары |
Себу алдындағы топырақ
ылғалдылығы, ℅ |
Тұқымның егістікте өнуі,℅ |
1 ш.м арамшөп саны |
Жапырақ көлемі мың.м\га |
Тұқым өнімділігі |
|
|
ц\га |
℅ |
|||||
|
1-культивация |
15,4 |
80,5 |
26,2 |
32 |
24,5 |
100 |
|
2-культивация |
17,6 |
85,7 |
17,3 |
33 |
26,9 |
109,8 |
|
3-культивация |
17,8 |
88,1 |
13,6 |
37 |
29,6 |
120,8 |
|
+ гербицид |
17,8 |
87,9 |
3,9 |
41 |
31,5 |
128,6 |
Кестеде
көрсетілгендей, қытай бұршақ егісіндегі біржылдық
арамшөптер мен олардың өнуін болдырмас үшін себу
алдында топырақ өңдеу мен бірге гербицид енгізу жақсы
нәтиже береді. Бірінші және екінші культивация кезінде
тұқым өнімділігі 24,5-26,9 ц\га болса, үшінші
культивация+гербицидпен өңдегенде өнімділік 29,6-31,5 ц\га
артқан.
Қытай
бұршақтан көк балауса масса және дән өнімі
интенсивті құралуы жиналуы өсу дәуірі ішінде
ұзақ уақытқа созылады. Сондықтан бұл
дақылдың қоректік заттарды өз бойына жинауы, қабылдау
сіңіріуі біркелкі емес.
Культиваторлау
жұмысын бірнеше қайтара жүргізудің аса үлкен
пайдасына қарамастан, арамшөптер толық жойыла қоймайды.
Себебі арамшөптердің дәні көктемде ғана
өнбейді, ол бүкіл жаз бойы өсе береді. Қытай
бұршақты себер алдында және сеуіп болғаннан кейін
жүргізілген культиваторлау жұмысы арамшөпті жойып ғана
қоймай, қытай бұршақ
өсімдіктері тамырындағы түйнек бактерияларының
көбеюіне үлкен әсерін тигізеді.
Әдебиеттер:
1. Күрішбаев А. К. Қазақстан Республикасындағы
астық өндірісінің жай – күйі және
проблемалары. Жаршы. – 2003, №11-Б.3-6
2.
Ақылов А.К Соя. Алматы. Қайнар,1978
3. Әрінов Қ.К.,
Мұсынов Қ.М., АпушевА.Қ., Серекпаев Н.А., Шестакова
Н.А.,
Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2011