Магистрант Вакилов Б.
І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚР
халықтың өмір сүру деңгейлерін
көтерудің кейбір өзекті
мәселелері
Жалпы кез-келген прогресшіл қоғамның дамуының
түпкі мақсаты – материалдық тұрғыдан
ұзақ және салауатты өмір қалыптастыратын адамдар тіршілігіне
қажетті және қолайлы
орта құру.
Сондықтан өмір сүру деңгейінің
теориялық негізін зерттеушілер «молшылық», «өмір сүру
сапасы», «өмір сүру деңгейі» сияқты түсініктерді
енгізген болатын. Бұл ұғымдарды қазіргі халықтың өмір сүру деңгейін
сипаттауда кеңінен қолданылады.
Қазақстанның
экономикалық саясатының басты мақсаты «барлық
тап өкілдерінің және Қазақстан
қоғамының әлеуметтік топтарының хал-ахуалын
үнемі жақсартып отыру» екені белгілі.
Тәуелсіздік алған 20 жыл барысында ҚР
дербес мемлекет ретінде өзіндік реформаларын жүргізу арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын
көтеріп, еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін
қалыптастырды. Елімізде
қабылданған түрлі
бағдарламалар және ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан
халқына Жолдаударындағы бағыттардың жүзеге асу
барысында кәсіпорындар мен халықтың экономикалық
белсенділігі дамып және өмір сүру деңгейінің
жоғарылауына оң ықпал етуде.
Халықтың табыс деңгейін арттыру,
жұмыссыздықты азайту және мемлекеттің әлеуметтік
саладағы міндеттемелерін толықтай қамтамасыз ету
мақсатындағы шаралар толық жүзеге асырыла бастады. Жұмыссыздық
деңгейі өткен жылы 5,5 пайызды құрап, 1,1 пайызға
төмендеді.
Одан басқа соңғы
5 жылда бюджеттен білім, денсаулық сақтау және халықты
әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатына бөлінген
қаржы екі есе өсіп, елдегі ішкі жалпы өнімнің 10,4
пайызын құрады.
2011жылдан бастап негізгі
зейнетақы төлемдері 30 пайызға артты. Мемлекет тарапынан
берілетін әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік
көмектер 9 пайызға көбейді. Сонымен бірге бала
күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы,
төртінші және одан да көп бала туғандарға
берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 30 айлық
есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін
өсті. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға
төленетін жәрдемақы мөлшері айлық төменгі
жалақы көлеміне дейін теңестірілді. Шалғай елді
мекендерде тұратын халықты медициналық көмекпен
қамтамасыз ету мақсатында телемедицина әдісі өмірге
енгізіліп, алыс қашықтықтан жоғары деңгейдегі
медициналық көмек көрсетілді. «100 мектеп, 100 аурухана»
бағдарламасы шеңберінде 50 денсаулық мекемесі іске
қосылды.
«Қазақстан-2050»
стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің басты
мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және
азаматтарымыздың байқуаттығы. Бұл –
қоғамдағы тұрақтылықтың
ең жақсы кепілі...» -деп халықтың өмір сүру
деңгейлерін көтерудің алдағы бағыттарына назар
аударған болатын [1].
Осыдан алдағы уақытта еліміздегі халықтың
өмір сүру деңгейлерін көтеру үшін қабылданған
бағдарламаларды жүзеге асыруға 2013 жылы республикалық
бюжеттен білім беру саласына 470,0 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда – 7,6
пайыз, денсаулық сақтауға – 524,0 млрд. теңге немесе
8,5 пайыз, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік
көмекке – 1 360,2 млрд. теңге немесе 21,9 пайыз артық жоспарланды.
Одан басқа
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясындағы
іс-шараларды қаржыландыруға 2013-2015 жылдарға жалпы сомасы
212,4 млрд. теңге белгіленген. Бұл қаржылар өз бетінше
жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы
төмен адамдарды оқытуға және жұмысқа
орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға
несие беруге, ауылдық елді мекендерді дамытуға (оның ішінде,
ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар
мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді салуға) арналған.
«Қолжетімді
тұрғын үй» бағдарламасын орындауға 2013 жылы
157,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар,
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салуға
және сатып алуға 2013 жылы 27,5 млрд. теңге, оның
ішінде: жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрушылар үшін
17,5 млрд. теңге, жас отбасылар үшін 10,0 млрд. теңге
қаржы белгіленді
«Моноқалаларды
дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруға 2013 жылы 34,0 млрд.
теңге қаржы шағын қалалардың инженерлік
инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікке үйретуге,
оларға несие беруге, жаңа өндірістерді дамытуға
гранттар беруге, жалға берілетін түрғын үй
құрылысын салуға жұмсалмақ [2]. .
Сонымен қатар,
ауылға, агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік
қолдаудың, қаржылай көмек көрсетудің
маңызы артып отыр. Өйткені, Қазақстан халқының
46 пайызы ауылда тұрады. ҚР
азық-түлік өнімдерімен өзін толық
қамтамасыз етумен бірге, сапалы, экологиялық таза
ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау арқылы жыл сайын елге қомақты қаржы
әкелуге болады. Ол үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерін бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік
қолдауды күшейту керек.
Қазір елімізде ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілерді қолдау көлемі төмен, ол өндірілген
өнімнің 3-3,5 пайызын ғана құрайды. Ал ол Кеден
одағындағы Беларусьте –18 пайыз, Ресейде – 6 пайыз. Бұл
Біртұтас экономикалық кеңістікте жұмыс істейтін
шаруалардың бәсекеге қабілеттілігі әлдеқайда
төмен болатынын көрсетеді.
Шаруаларды ауыл
шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып қалып отыр.
Бүгінгі таңда, ауыл шаруашылығы техникаларының басым
көпшілігі ескі болғандықтан жаңа техникамен
қаруланған басқа елдердің шаруаларымен бәсекеге
түсе алмайды. Мысалы, Ресейде шаруаларға ауыл шаруашылығы
техникасын лизингке беру көрсеткіші 0,8- 6 пайыз, бізде бұл көрсеткіш 3- 9 пайызды
құрап отыр.
Сондықтан,
агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұзақ мерзімді
мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, жаһандану кезінде
еліміздің агроресурс мүмкіншіліктерін толық пайдаланып,
әлемдік нарыққа экологиялық таза, сапалы
ауылшаруашылық өнімдерін шығарып, республикалық
бюджетке қомақты қаржы түсіруді қамтамасыз ету керек
деген ойдамыз..
Сонымен бірге,
республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығын қолдау үшін
қарастырылған несиелерді тиімді игеру жұмыстарын да
қатаң қадағалау қажет. 2012 ж.
республикалық бюджеттен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры» АҚ арқылы берілетін несие бойынша сыйақы
мөлшерлемесін өтеуге бөлінген 2,2 млрд. теңге игерілмеді.
Бұл аталған бағдарламаның негізін шаруаларға
кеңінен түсіндірмеуінің салдарынан туындап отырған
жағдай. Осымен бірге, ауылдық кәсіпкерлерді несиемен
қамтамасыз ету үшін елімізде микронесие ұйымдарын
көбейтіп, олардың жұмысын жандандыру қажет. Бұл
бағытта 2012 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінді,
ол 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Бағдарламаны
тиянақты түрде орындау үшін қағазбастылықты
қысқартып, несие алушылардан талап етілетін құжаттар
тізімін барынша азайту керек. Ауылдық жерлерде өзін өзі
қамтамасыз ететін азаматтарды жұмысқа тарту үшін
ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, құрылыс
материалдарын шығаратын кәсіпорындар көптеп салуды
қолға алған жөн болар еді. Осындай кәсіпорындарды
ауылдық жерде, аудан орталығында саламын деген кәсіпкерлерге
жеңілдетілген, ұзақ мерзімге несие беру мәселесін шешуді
созуға болмайды. Оны жүзеге
асыру елімізді азық-түлік
тауарларының көбеюіне, ауылда жаңа жұмыс
орындарының ашылуына және аудан бюджетіне қомақты
қаржы түсуіне жол аша отырып, нәтижесінде ауылдағы халықтың
өмір сүру деңгейін көтеруге болар еді.
Кәсіби білім бар жұмысшыларды әсіресе, жастарды экономикалық
әлеуеті төмен өңірлерден экономикалық
белсенділігі жоғары өңірлерге бір ауданның, бір
облыстың ішінде немесе басқа өңірлерге өз еркімен
көшіріп, жұмысқа орналасуға жағдай жасау –
негізгі міндеттердің бірі. Ол отандық жұмысшыларды
жұмысқа орналастырумен бірге, өңірлердің дамуына
оң ықпал етері сөзсіз..
Ауыл шаруашылығы
саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жаңа инновациялық технологиялар керек. Мысалы өсімдік
шаруашылығында тамшылатып суару сияқты жоғары
сапалы өнімді қамтамасыз ететін технологиялар ендіріліп, олар
өзінің жемісін беруде. Егін шаруашылығындағы осындай
инновациялық, экологиялық таза бағыттардың бірі –
өсімдік зиянкестерімен күресудегі биологиялық әдіс.
Бүгінде өсімдіктерді қорғауда улы химиялық заттар
қолданылады, нәтижесінде зиянкестермен бірге пайдалы организмдер
өледі, қоршаған орта ластанады, адамдар уланады. Осы
тұрғыдан алғанда, өсімдіктерді биологиялық
қорғау тәсілдерін пайдалану өзекті болып табылады. Осыдан
өсімдіктерді қорғаудың
инновациялық-биологиялық әдістерін пайдалануды субсидиялауды,
өсімдікті қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған биопрепараттар
құнын арзандатуды қарастыратын нормалар қабылдау орынды.
Қорыта айтқанда ауылды көтермей, республикадағы
халықтың көп бөлігінің өмір
сүру деңгейі мен олардың
тұрмыстық жағдайының көтерілуі қиын.
Ауылды әлеуметтік қолдаудың ең басты бағыты –
ауыл халқы мен қала халқының тұрмыс
деңгейін теңестіру, білім беру мен денсаулық сақтау
мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру, елді мекендерді газдандыру мен
таза ауыз сумен қамтамасыз ету, демография, көші-қон,
қоршаған ортаны қорғау мен тұрғын үй
мәселелерін шешу және т.б. болуы тиіс. Бұлардың
әрқайсысы өз алдына жеке зерттеулердің өзегі болатыны сөзсіз.
Әдебиеттер
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы //
Экономика,2012. - №52,21-26 желтоқсан
2. Айтаханов Қ. Бюджет қабылданды. Іске сәт! //Егемен Қазақстан 14
желтоқсан 2012
3.
Стратегиялық жоспарлау және
макроэкономикалық тепе-теңдік// Егемен Қазақстан, 4
тамыз 2011ж