Магистрант Мустафин Е.Б.

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазақстан  Республикасында  банктік жүйені дамытудың өзекті мәселелері

Нарық экономиканы дамытуда және макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзуде ҚР банк жүйесi маңызды рөл атқарғаны белгілі.

Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы  несиелеп,  капиталдың қайта бөлудегі делдал ретінде өндірістің   тиімділігін арттыра  отырып,  әрі елдің қорлануына өз ықпалын  тигізді.

Бүгінгі   таңда   банк  жүйесінің  құрлымы    күрделене   түсті.  Қаржы  мекемелерінің  жаңа  түрлері,  жаңа  несие құралдары  және  клиентке  қызмет  көрсетудің жаңа әдістері пайда болып, ол банктер жүргізетін саясатына ықпал етуде.   

Алдағы уақытта қалыптасқан мемлекет  Қазақстан үшін маңызды бағыттардың бірі -әлемдік экономикаға біртіндеп интеграциялану жағдайындағы дамымалы банк жүйесін құру болып табылады. 

        Осыған байланысты ҚР Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан  халқына Жолдауында: «Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық кредиттерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет»-деп,  алдағы уақытта елдің әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру бағытыныда  банктік жүйені  жетілдірудің  жағдайларына назар аударған болатын[1].

  Соңғы әлемдік қаржы дағдарысы ҚР банк секторы үшін ауыр тиді. Жаһандық дағдарыс ұлттық деңгейдегi қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерiнiң кемшiлiктерiн көрсеттi.   Осы кезде келесi жағымсыз тенденциялар орын ала бастады, олар:

- отандық банктердiң сыртқы қаржы ресурстарын тарту  мүмкiндiктерiнiң қысқаруы,   iшкi экономиканы несиелендіру көлемдерiнiң қысқаруына әкелді;

- банктердiң капитализациясының көлемдерiнiң азаюы және  активтердiң өсу қарқынының төмендеуі;

- сыртқы мiндеттемелердi қайтару (өтеу)  мәселелерi пайда болды.

       ҚР үкіметі дағдарысқа қарсы түрлі пәрменді шаралар қолдану барысында банктер дағдарыстан шыға алды.

          ҚР үшін дағдарыстан  кейінгі даму  кезеңі 2010 жылы басталды. Оны басты макроэкономикалық   көрсеткіші - ЖІӨ өсімінен (7 пайыздан  асты) көруге болады.

  Бұл экономикадағы оң үрдістер банк секторының қызметімен де байланысты  болды.  Нәтижесінде банк секторындағы басты көрсеткіштер  «теріс» шамадан «оң» белгіге ауысып, дағдарыс жылдарында кемітіп алған өсімін түзете бастады.  Мысалы еліміздегі 38 екінші деңгейлі банктердің  жиынтық активтері 2011 жылы 480,7 млрд. теңгеге немесе 4,2% өсіп, 2012 жылы 12 038,1млрд. теңгені құрады. Осыған байланысты бірқатар жетекші қазақстандық банктердің рейтингілері соңғы жылдары «В» рейтингтік бағасынан «ВВВ-»  көрсеткішіне дейін жоғарылады және орта мерзімді перспективада тұрақты болжаулық бағаларға ие.

Банк сферасындағы бәсекенің өсуі банктік қызметтер спектрін кеңейтуін ынталандыруда, соның ішінде депозиттердің сан алуан түрлерін ұсыну ғана емес, сондай-ақ кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді және республика халқын несиелендіру түрлерін өсіруде.

Несиелендіру көлемдерінің өсу тенденциясы республикасының жоғарғы қарқынды экономикалық өсімі мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына ғана емес, сонымен бірге банктердің ішкі және халықаралық капитал нарықтарынан қаражаттарды тарту мүмкіндіктеріне де байланысты.

Екінші деңгейлі банктердің несиелері 2012 жылды 3008,8 млрд. теңгені құрды. Экономиканы несиелеу құрылымында ең тартымды болып сауда, құрылыс және транспорт сфералары қалуда[2].

Дағдарыс кезінде банктердiң активтерiнiң өсуi айтарлықтай төмендегені белгілі. Егер активтердiң өсуi 2006 және 2007 жылдарда сәйкесiнше 96, 5% және 32% құраса, 2008 жылы 7% құрады. Осы жағдай несие портфелiнiң көлемiне ықпал тигiздi, оның  өсуi небәрі 2, 5% құрады[3].

2010 жылы үш iрi банктердiң қаржы қарызының қайта құрылымдау әсерінен банктердiң активтерiнiң сапасы, несие ұйымдарының негiзгi көрсеткiштерi жақсара бастады. Қадағалау органының мәлiметi  бойынша, банктердiң жиынтық активтерi  бір жылда 4, 2%ке (480,7 миллиардта) өстi және биылғы жылы 12 038,1 млрд. теңгені құрап отыр. Банк жүйесіндегі активтердің ұлғаюы негізінен депозиттердің көлемінің өсуі мен  меншiктi капиталдың қалпына келтiрумен байланысты болмақ. Жалпы активтердiң өсуi алғашқы ондықтағы банктерiнiң көпшiлiгiнде байқалды.

Соған қарамастан банк секторының меншікті капиталы  1,3 трлн. тнг. алдыңғы жылдың нәтижелерi бойынша банк жүйесінiң шығындары 2, 8 трлн. теңге   болып,  капиталдың терiс өлшемі 978, 5 млрд. теңгені құрап отыр. Алдағы уақытта банк жүйесінің оң қаржы нәтижесi Альянс, БТА және  Темірбанктің қаржы қарызының қайта құрылымдаудың  табысты аяқталуымен баланысты болмақ.

   Қазіргі кезде Қазақстан экономи­ка­сы­  тұрақталды деп нық айтуға болады. Бірақ солай бола тұрсада банк жүйесінің қаржылық жағдайын көтеру бірнеші мәселелер шешімін табуы керек.   Біріншіден,   сыртқы қарыздарды қайтару проблемасы.
         Қазақстан қаржы секторының сыртқы қарыз алуға тәуелдi болуының терiс тәжiрибесi қаржыландырудың iшкi көздерiн тарту жөнiндегi жұмысты жандандырудың келесі басым бағыттарын айқындайды, олар:

·  институционалдық инвесторлардың қаражатын тарту;

· халықтың және кәсiпорындардың жинақ ақшасын тарту;

· мемлекеттiк қарыз алу құралдарын дамыту;

· мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығын дамыту.

Екіншіден, коммерциялық банктерде несиелік қоржын сапасына қатысты мәселе өзекті болып отыр. Отандық коммерциялық банктерде  басты мәселе несие портфелінің сапасына байланысты. Кейбір мәлімет­терге сүйенсек банктің несиелік қоржынның   35 пайызы жұ­мыс істемейтін, үмітсіз несиелер болып отыр. Мысалы, 2006 жылы несиелік портфельдегі мұндай үмітсіз, табыс әкелмейтін несиенің үлес салмағы – 2,7-3 пайызды құраған болатын.              

         Жалпы несиелік қоржынның сапасын жақсарту– макроэкономикалық жағдайларға, яғни еліміздің жалпы экономикасының дамуымен байланысты ше­шілетін мәселе. Одан басқа ҚР макроэкономи­ка­лық жағдайы, негізінен, төлем балан­­сына, алтын валюта резервіне, ақша массасына, әлемдік нарықта сатылатын шикі­заттардың бағасына тәуелді
         Сондықтан елімізде бекітілген Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сай жүзеге асыру керек. Осыдан  кәсіпорындарды іске қо­су, халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы аталған мәселені біртіндеп шешуге қол жет­кізу.
         Сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлікті дамы­ту арқылы  ақша айналымын көбейтуге болады. Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың болуы және оны іске қосу өз кезегінде коммер­циялық банктердің несиелік қоржынының жағдайын жақсарта алады. Себебі оларға өндірістік айналым капи­талын толытыруға берілетін несие көлемі артады. Бұл өз кезегінде несиелік қоржынның сапасын арттырады.

 Үшіншіден, коммерциялық банктердің депозиттік базасы орнықты емес. Банктердің депозиттік базасы тұрақты  болуы үшін отан­дық өнеркәсіп дамуы керек. Себебі коммер­ция­лық банктер енді шетелден еркін несие тарта алмайды. Олай болатын болса, депо­зиттік базаның ең басты көзі, өндірісте жатыр. Неғұрлым өндіріс көп дамыса, соғұрлым кәсіпорындар коммерциялық банктерде шоттар ашып жатса, халық түгелімен жұмыспен қамтамасыз еті­ліп, жақсы жалақы алса, соғұрлым депозит­тік базаның көлемі арта түседі.

Одан басқа еліміздің Әлемдік Сауда Ұйымына ену кезеңі қарсаңында,   осы саладағы қарастыруын қажет ететін мәселелердің қатарына: ұлттық капиталдың қатысуымен құрылған банктердің қызметін жоғарғы деңгейге көтеру және олардың санын арттыру мен қызметтерін халықаралық бәсекеге төзетіндей етіп ұйымдастыру, банктік және төлемдік жүйені Еуропалық одақтың стандарттарына сәйкестендіру, үш деңгейлі несиелеу жүйесін құру, дамыту және т.б. маңызды мәселелерді жатқызуға болады[4].

Аталған мәселелердің шешімін табуы, отандық банктік жүйені дамытып, еліміздің 30 бәсекеге қабілетті озық елдер қатарына қосылудың   бір жолы болып табылады деген ойдамыз.

 Әдебиеттер

1.     Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Экономика,2012. - №52,21-26 желтоқсан

2.     ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы деректері

3.     ҚР Ұлттық банкінің www.National bank.kz ресми сайтының мәліметтері.

4.     Шомшекова Б.К. ҚР коммерциялық банктердің  қызметтерін дамытудың кейбір мәселелері