География и геология/ 6.Продопользование и экологический мониторинг.
PhD докторант Шокпарова
Д.К., б.ғ.д. Мамытов Ж.Ү.
Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан
Қазақстандағы
ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесінің дамуы
және жаңа зерттеу бағыттары
Қазақстанның
егіншілік жүйесі 30 жылдары қалыптасқан Кеңес
Одағының ұзақ уақыт бойы жүргізген
аграрлық саясатының негізінде дамыды. Ол мемлекеттің
индустриализациясы мен урбанизациялау мақсаттарына бағынышты болды
және ауыл шаруашылығын қаланың шикізаттық,
еңбек, қаржылық және тағы басқа
қорлардың көздері ретінде ғана қарастырды.
Бұл қарқынды жұмыс әкімшілк жүйенің
қатаң қадағалауымен
экстенсивті тәсілдермен жүргізіліп, ғылыми-техникалық
прогрестиің жетістіктері ауылдарда, шаруа қожалықтарында
айтарлықтай жетістіктерге жеткізбеді.
Мұндай жүйе КСРО-ның
барлық аймақтары үшін бірдей болды. Осының
нәтижесінде егістік пен жайылымдық жерлердің көлемдері
арттырылып, көптеген жерлерді тыңайтып, суармалы жерлердің
көлемін арттырды. Ауыл шаруашылықты жүргізу дұрыс іске
аспай, өсімідіктерді қорғау шаралары да
қанағаттандырарлықтай болмады. «Егістік жерлерді арттырып,
халықты азықпен толығымен қамтамасыз етеміз» деген
бұл жобаның кері, қайшылық жақтары көп болмаса, кем болмады.
Осы қателіктерді талдай отырып,
қазіргі таңда аграрлық саясат белгілі бір жүйелік
тәсіл арқылы іске асырылуы қажет.Оның мәні
мынада, ауыл шаруашылығын жүргізген кезде барлық факторлар,
соның ішінде әлеуметтік-экономикалық, өндірістік,
табиғи және тағы басқалары да есепке алынуы керек.
Жердің қорларын тиімсіз пайдалануды болдыртпау мәселесі
қызу талқылауға түсіп, елімізде географ, топырақтанушылар,
биологтардың бастауымен көптеген шаралар ұйымдастырылуда.
Бұл мәселенің қазіргі кездері алдыңғы
қатарларға шығуы ең біріншіден экологиялық
жағдайлардың ұшығуына байланысты болып отыр. Себебі
химизациялаудың әсерінен ғана емес, сонымен қатар
табиғат қорларын пайдалану мен агроөнеркәсіптік
өндірісті дұрыс жүргізбеудің нәтижесінде жерді
игеру кезінде қойылатын экологиялық шектеулердің
жоқтығы да әсер етті. Дүниежүзінде кеңінен
қолданылып жүрген ландшафттарға бейімделген егіншілік
жүйесін Қазақстанның территориясына да пайдалану
қолға алынып жатыр. Мұны сенімділікпен қолға алуға
себепкер болатын дамушы мемлекеттерде өткен ғасырдың 90
жылдарынан бастап, түрлі
агроэкологиялық жағдайларға қолданылатын егіншілік
жүйесін дифференциациялау жүргізіліп келеді. Осының негізінде
егіншілік жүйесі мен агротехнологияны ландшафттарға бейімдеу іске
асырыла бастады. Ол БҰҰ-ның 1992 жылы
Рио-де-Жанейродағы қабылдаған табиғат қорларын
жаһандық тұрғыда пайдалану шешімімен сәйкес
келеді. Бұл қабылданған шешім В.В.Докучаевтың жерді
игеру, яғни жергілікті жердің топырақтың типтерін
ескеретін және оны ландшафттық негізде әрі қарай
толық зерттеп, қарастырылуы қажет деген қағидасын
іс жүзінде дамыту болып табылады.
Сонымен, бұл
агроландшафттық бағыт біздің мемлекетте де етек жая бастады.
Осы жүйені іске асыру үшін қазіргі кезде мемлекет егіншілікті
ландшафттарға бейімдеу жүйесін құрастыруға арнайы
тапсырыс берді. Мұны іске асыруды ең біріншіден -
Қазақстандағы ландшафттардың ерекшеліктері мен
сипаттарын анықтайтын карталарды құрастырудың
әдіснамалық негіздеріне талдау жасау арқылы оларды
жүйелеп алу. Территорияны ландшафттарға жіктеу арқылы жер
бедері, климаты, негізін құраушы тау жыныстарының
құрамын, өсімдік жамылғысын, жер беті және жер
асты туралы қысқаша сипаттамалалар жасап, анықтап
алғаннан кейін, зерттелетін нысандарға және шешілетін
мәселелерге сәйкес ГАЖ технологиялардың оңтайлы
нұсқаларын пайдалана отырып талдау жасау қажет. Ол әр
түрлі иерархиялық деңгейлердегі табиғи және
әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді арнайы
құрылатын мәліметтер базасын компьютерлік өңдеу
арқылы зерттейді.
Жер туралы ғылымдардың
басқалары да сияқты геоинформатика геожүйелерде болатын
құбылыстар мен үрдістерді зерттейді, бірақ оның
өзіндік әдістері мен тәсілдері бар екендігін ескерген жөн.
«Географиялық ақпараттық жүйе» дегеніміз
ақпараттарды жинап, сақтау, кеңістік мәліметтерді
бейнелеуді қамтамасыз ететін интерактивтік ақпараттық
жүйе. Мұның мазмұндық мәніне
кадастрлық бағалау, мониторинг, жобалау, кеңістіктік талдау
және тағы басқалары жатады. ГАЖ-дарды құруда
ең жауапты кезең - мәліметтерді жинау, сақтау,
өзгерту кезеңдерінен бағдарламалық-технологиялық
құрылымдардың жиынтығына сәйкес үлгілеу мен
шешім қабылдауға дейінгі кезеңдерді құру.
Сонымен, геоақпараттық
технологиялалар – қоршаған географиялық ортаны
табиғи-антропогендік геожүйелерді оңтайландырылу
мақсаты мен олардың тұрақты дамуын зерттейтін
жаңа жүйелік әдіс. Ландшафттарға бейімделген егіншілік
жүйесін жобалау процесінің бірінші қадамы болып табылатын
«территориялық талдау» құрамды бөлігінің
әдіснамалық негізі тиянақты зерттеліп, іс-жүзіне
асыруда. Бұл ізденістер, бірінші болып, Іле Алатауының
солтүстік беткейінде жайғасқан,
физикалық-географиялық тұрғыдан өте күрделі
(геоморфология, геология, геохимия, гидрология, климат, топырақтары, т.б.)
нысандарға жататын Алматы облысының Қарасай және
Талғар аудандары территориялық талдау жүйесінен
өткізілді. Осы әдістерді пайдаланып, Алматы облысы Жамбыл ауданы
жерінің ландшафттық картасы құрастырдық. Сонымен
қатар бедер туралы толық сипаттама алу үшін
морфометриялық көрсеткіштерінің негізінде бедердің
өлшемдік үлгісі қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып
жүрген геоақпараттық жүйелердің ArcGIS 9.3
бағдарламасының қосымша Spatial Analysis
қызметінің көмегімен ландшафттарының еңістіктік
картасы, беткей экспозициясы және басқа да қосымша карталар
құрастырылды.
Аталған әдістеме
көмегімен зерттелетін аймаққа кешендік талдау жасауға
және агроөндірістік кешендерге геомониторинг жүргізуге
қажетті геоақпараттық базаны құрастыруға
болады.
Мұндай ландшафттық карталар
Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан
аудандастыру үшін негіз болып табылады және біздің
мемлекетіміздің кең ауқымды территориясының белдемдік
дифференциациясын нақтылауға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыс барысында
жинақталып, өңделген мәліметтер географияның
түрлі салаларында топырақтың беткі қабатынан айырылу
мүмкіншілік (потенциалдық) көресткіштерін, қандай
еңістіктік бұрыштарында экзогенді процестердің орын алатынын,
түрлі беткей экспозияцияларына күн радиациясынының
қаншалықты түсетінін, сонымен қатар ландшафттық
аудандастыру мен жобалауда, ең маңыздысы экологиялық
қауіпке баға беруде өте қажетті.