Ишанов
П.З., Альжанова А.Ж.
Қазақстандағы әлеуметтік
жұмысты жетілдірудің психологиялық және
педагогикалық әдіс-тәсілдері
Қазақстан
Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін
алған жылдан басталып, жаңа жүйеге енді. Қазақстанда нарықтық
экономиканың орнауы, мемлекеттік
реттеудің маңызды
компоненті әлеуметтік жұмыстың анықталуына
әкелді. Әлеуметтік жұмыс теориясының негізгі
бағыттары: халыққа әлеуметтік көмек
көрсетудегі әлеуметтік қорғаудың тиімді
жүйесін құрастырудан тұрады. Қазақстан
халқының әлеуметтік – экономикалық жағдайы
әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде әлеуметтік
жұмыстың теориясының жүзеге асырылуының
көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасында
әлеуметтік жұмысты жетілдіріп оны әрі қарай дамытуда
көптеген мекемелер айналысады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік
қызмет көрсету орталықтарының айтарлықтай
көп болуы - отбасыларға,
балаларға жасы ұлғайған қарттарға,
мүгедектерге әртүрлі қызметтер түрін көрсету:
1.
әлеуметтік-медициналық;
2.
психологиялық – педагогикалық;
3. әлеуметтік
тұрмыстық.
Тәуелсіздік
алғаннан кейін елімізде әлеуметтік салада жоғары оқу
орындарында әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бөлімдер
ашыла бастады. Қазақ мемлекеттік университеті, жаңа атауы бойынша
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінде әлеуметтік
жұмыс бөлімі ашылды. Осы уақыттан бері жоғары білікті
әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады [1].
«Әлеуметтік жұмыс» – бұл
тарихымыздағы жаңа атау,
жаңа прогресс болып
саналады. Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың
әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік
жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық
топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың
әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін
атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге
қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға
бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше,
бірлестірілген, пәнаралық түрі [2].
В.Н. Ярскаяның анықтамасы бойынша - «Әлеуметтік жұмыс тұлғаның,
жанұяның, әр ұлттардың бір-бірімен
байланысты қоғамның дамуы, әлеуметтік
әділдіктің өмірде орнауы...»
Әлеуметтік жұмыс – мультидисциплинарлы мамандық.
Яғни, әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс істегенде басқа да
маманданған дәрігер, педагог, психолог,
заң қызметкерлерімен бірге жұмыс істейді.
Бір жағынан қарасақ әлеуметтік
қызметкер өзінің білімімен, кәсіби
дайындығымен сол мәселені шешуде ол әмбебап маман ретінде
есептеледі. Мұндай интеграцианарлық білім диагностика кезінде
қажет. Себебі ол клиент мәселесін жан-жақты
қарауға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұл
мамандықтың ұлттық әлеуметтік, өзіндік сана
сезімі, адамгершілігі және маманның дамуы мәдениетінің
түрі мен деңгейі деп қарастырылады.
Енді «әлеуметтік жұмыс» ғылымының
қалыптаса бастаған кезеңі туралы айтатын болсақ, бұл
кезеңнің тарихи ерекшеліктері Кеңес
Одағының
құлауы мен
коммунизмнің
жойылуы, азаматтық қоғамның, жаңа
таптардың
дүниеге келуі болып
табылады. Қарастырып отырған кезеңімізде
бірнеше этап ерекшеленеді. 1985-1986 жж. -
жеделдету кезеңі, бұл
кезеңнің
негізгі тапсырмасы кеңестік экономиканы
әлемдік
деңгейге
шығару. 1987-1991
жж. -
«қайта
құру»,
«еркіндік», «демократия» ұрандарының кезеңі. 1992-1999жж. -
түбегейлі реформалар кезеңі, бұл
кезеңнің
бастапқа
нәтижесің өзі халықтың көпшілігін кедейлік
шекарасына жеткізді. Бағаның өсуі
мен халықтың табысы
арасындағы
айырмашылық
жоғарылай
түсті. Ең негізгі
әлеуметтік проблемалар жұмыссыздық, халықтың еріксіз
көшуі,
қылмыстың
көбеюі, туудың қысқаруы, сәбилер өлімінің
көбеюі,
маскүнемдердің,
нашақорлар мен таксикомандар санының
өсуі және т.б. болып
табылды.
Қоғамның
мүліктік
дифференцияциясы үрдісі тез
күшейіп,
шаруашылық-экономикалық байланыстың
құлдырауы байқалды. Адамдар
қиын әлеуметтік шиеленістерге тап болды және
көп жағдайда олар
бұл проблемаларды өздігінен шеше алмады.
Нәтижесінде
қоғамда
әлеуметтік
жұмыс проблемасы ерекше
орын алды. Ақырындап бұл мамандықтың да
жүйесі қалыптаса бастады.
Бұл уақыт 1991
жыл болып есептеледі,
өйткені осы уақытта елімізде «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы ресми түрде қолданысқа енді.[3]
Қазақстан
Республикасында әлеуметтік жұмысты қолға
алынғанына көп болмаса да оның бүгінгі беталысы
дұрыс жолмен дамып,өркендеп келеді.
ҚР-да
әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен
елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз керек. Мысалға
Еуропа қауымдастығында әлеуметтік жұмыс үш
бағытта жүргізіледі.
Біріншісі, әлеуметтік-демократиялық
модель, мұнда мемлекеттің үлкен диапазонында әлеуметтік
қызмет жүргізіледі. В.Хамиш бұл модельді
«скандинавиялық модель» деп атаған. Әлеуметтік жұмысты
жүзеге асыру үшін елдегі партиялардың кеңесімен бірлесе
отырып жұмыс жүргізіледі.
Екінші
модель, «корпоративті модель» деп аталады. Бұл модель бойынша
әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту және
кәсіподақ қоғамының интеграциясын
анықтайды. Мұның негізінде әлеуметтік сақтандыру
жүзеге асырылады. Әлеуметтік сақтандыру қызметі
мамандандырылған топтардың қатарына кіруіне байланысты
анықталады.
Үшіншісі,
«либералды модель»,бұл модель әлеуметтік төмен топтарға
мемлекет тарапынан минималды көмек көрсетуімен байланысты.
Бұл модельді негізінен ағылшын-саксандық елдер
қолданылады. Бұл модель Ұлыбритания мен Ирландия елдерінде жүзеге
асырылады. Оның құрамына әлеуметтік сақтандыру
кіреді. Бірақ төмен деңгейде дамыған, ал
әлеуметтік көмек мұнда орасан зор роль атқарады. Бұл
модельде кейбір алшақтықтар бар.Ұлыбританияның
мемлекеттік жүйесі денсаулық сақтауды қолдау
мақсатында барлық адамдарға ақысыз түрде
медициналық қызмет көрсетеді, ал Ирландияда ақысыз
тегін медициналық қызметті тек төмен жалақы алатын
адамдарға ғана көрсетіледі.
Бұл
модельдерден Қазақстан өзіне тиісті лайықтысын алуына
болады. Бірінші модельдің әлеуметтік мәселені шешуде
кең диапазонда ортақ талқыға сала отырып шешуі
өте тиімді шешімдердің бірі деп санаймын. Халықты
әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру
жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды
шешімдердің бірі болары хақ. Сондықтан да бұл шараны
мемлекет қолдануы тиіс[4] .
Әлеуметтік жұмыста, басқа
ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ,
синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б.
қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік
жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия),
психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері
пайдаланылады. Осы әдістерден
басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу
әдістері қолданылады. Осындай әдістерді:
қоғамдық-экономикалық, психологияның
педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер
түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық -
экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы
мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға
байланысты, яғни онда азық - түлік, зат, ақшалай
жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі.
Психологиялық және педагогикалық
әдіс — тура емес, жанама клиентке, оның мінез - кұлқы
мен көңіл - күйіне әсер ету арқылы
жүргізілетін әдістер түрі.Адамның санасына
ақырындап әсер ету, тәрбиелеу, оның өзгеруіне
әкеліп соғады. Үлкен маңызды әдістердің
түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, кеңес мысалдармен
таныстыру, әлеуметтік терапия және оның еңбектегі
отбасындағы, топтық, ойын түрлері.
Қазақстан
Республикасының халқын әлеуметтік қорғау
жүйесі толық ортақтас қағидасының
басымдылығымен, мемлекеттік қатысудың жоғарғы
деңгейімен және төмен ынтасымен сипатталады. Мүгедектік,
асыраушысынан айырылу бойынша, жасына байланысты әлеуметтік
қамтамасыз ету жұмысы толық ортақтастық
қағидасында ұйымдастырылған. Барлық жеке
тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан
Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы
жоқ тұлғалар тәуекел жағдай туған кезде, еңбек қызметіне қатысуына
және жарнасына қарамастан, егер заңдарда және
халықаралық келісімдерде өзгеше қарастырылмаса бірдей
деңгейде мемлекеттік жәрдемақы алады[5].
Мемлекеттік әлеуметтік
жұмыс – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы
белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық
ресурстар мен ұйымдық – насихаттаушы күштермен
нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен
мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.
Мемлекеттің
әлеуметтік жұмысында негізгі орынды халықтың табысын
қалыптастыру саясаты алады. Табыс ұғымы экономикалық
қызмет нәтижесінің көрсеткіші болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік жұмысының
стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік
бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады.
Экономиканың әлеуметтік
бағдары ең алдымен (тұтынушының)
өндірістің
тұтынушыға бағынуын, халықтың
көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді,
дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар
экономикаға тән. Еліміздің
аймақтарында әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына
лицензия беру қызметін жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік
жұмыста мемлекеттік стандарттарды мейлінше қолданып сақтап
отыру қажет.
Қортындылай
келгенде мемлекетіміздегі жас мамандық әлеуметтік
жұмыстың жас мамандары алдында көптеген күрделі
мәселелерді шешу мен олардың алдын алу профилактикасы тұр.
Қазақстан әлеуметтік жұмысы енді қалыптасып келе
жатқан білім саласы. Өзінің кемшіліктерімен
артықшылықтары бар. Қоғам өмірін реттеу
мәселесін қарастыратын білімдер саласы өте үлкен
болғанмен оның ең маңыздысы, әрі әлі
эмперикалық жүзеге асыру функциясымен көзге түсетіні де
осы әлеуметтік жұмыс мамандығы. Сондықтан адам
үшін экономиканы құрудың қажетті шарты
нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады.
Мемлекет
халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген
реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті
әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін
реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге
асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі
қажет. Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні,
бір жағынан, практикалық
әлеуметтік жұмыстың бағыттарымен негізделген,
екінші жағынан, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен
практикасының мазмұны мен шекарасына әсерін қарамастан
бұлар бір-біріне ұқсас. Қазіргі жағдайда
әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж
адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, Адам туралы
теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік
жағдайын түзеуге тырысады.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Тұмашбай Т.Е Амантаев А.О «Әлеуметтік жұмыс» 2007ж №42(2)
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
3. Тасмагамбетов И.Н. «Социальная политика и политическая трансформация». Алматы 1997ж.
4. Карибджанова А.С. «Соц.защита населения» Алматы . Экономика 1999 136бет.
5. Говорухина Е.И. «Управление социальной защиты населения в условиях рыночных преобразований» Алматы 2004.