Отандық жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті

оқытудың жағдайы

 

Малгайдарова Г.Т. – педагогика және психология магистрі,

аға оқытушы

Оразбекова А.-Дефектология мамандығының 4 курс студенті

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Шымкент қ.

 

       Бүгінгі таңда Қазақстанда білім алуды интегралдау, инклюзивті білім беру сияқты, еліміздің білім беру жүйесіне интегралдау инновациясын енгізу әдістерін ауыстыру қажеттілігі туралы сұрақ туындайды. Инклюзивті білім беру интеграция проблемасын жүйелі түрде шешуді қажет етеді, яғни интеграция процесіне тікелей немесе жанама қатысты барлық ішкі жүйені (білім беру, әлеуметтік, нормативті-құқықтық, экономикалық) мемлекеттік, аумақтық және муниципалдық деңгейде келтіріп шешім қабылдау. Шындығына келгенде, Қазақстанда екі жүзжылдықтан бері білім берудің интеграциясы негізінен экстрополяция әдісімен, яғни шетелдерде өзін жақсы жағынан көрсеткен интеграциялаудың түрлері арқылы жүзеге асырылып келеді.

       Ашық азаматтық қоғамда Қазақстанның тұрақты дамуының басты шарты- тұрғындардың сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған жалпы білім беру жүйесін дамыту мен барлық балаларға бірдей құқық беру болып табылады. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады.  «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. Мұнда арнайы оқытуды талап ететін баларға білім беруді дамытудың болашақтағы жоспарлары мен шешімдері қарастырылғанын жоғарыда атап өттік Осы декларацияны дамыту мақсатында ЮНЕСКО Қазақстан Республикасы Білім Министрлігімен біріге отырып Қазақстанда «Арнайы қажеттілігі бар балаларға базалық білім беруді дамыту» атты Пилоттық жоба жасалынды. Бұл жобаның мақсаты осындай балаларды жалпы білім беру үрдісінде қоса оқыту яғни инклюзивті оқыту жолдарын іздестіру болып табылды. Бұл жобаның орындалуын қадағалау, дамуында ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік бейімделу және кәсіби еңбекте сауықтыру ғылыми-практикалық орталығына тапсырылды. Яғни ӘБЕО (бүгінгі таңда ол коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы деп аталады.) ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мұндай шешім шығаруына түрткі болған  ӘБЕО РҒПО орталығы Қазақстандағы бұл мәселені шешуде ғылыми деңгейде ұйымдастыруда мүмкіндігі бар жалғыз ғана ұйым болып табылады.  

      Инклюзивті оқыту үрдісін және ақпараттық-әдістемелік қолауды  дамыту үшін жалпы білім беру мектептерінің директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдерін, арнайы қажеттілігі бар балаларды оқытып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелірінің  тәрбиешілерін қайта даярлау бағдарламалары жасалынған. 2000 жылдың өзінде (шілде, қыркүйек) жалпы білім беретін мектептер және жалпы типтегі балабақша директорлары мен  мұғалімдеріне арналған екі семинар өткізілген. Онда инклюзивті оқыту туралы  пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, талқыға салынды.

      Қазіргі кезде инклюзивті білім беруге, қымбат жоба ретінде материалды кепілдік жоқ. Ол көпшілік мектептерде арнайы білім беру жүйесін сақтап, оны жақсарта отырып,  арнайы сертификатталған білім беру ортасын бір уақытта құруды қарастыруы қажет деп санаймыз. Инклюзивті білім беру идеясының негізінде таңдау құқығы болуы тиіс. Яғни көпшілік немесе арнайы мектепті таңдауы үшін олар бір-бірінен кем болмауы қажет. Елімізде білім берудің басқару құрылымы инклюзивті білім беруді қаражат көзін үнемдеу деп қарастырады, яғни көпшілік мектептеріне мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қосып, көптеген арнайы білім беру мекемелерін жауып тастау. Бұл процесс инклюзивті білім беру идеясын бұрыс түсіндіріп, елдің көптеген аймақтарында жүзеге асып келеді, мұны тоқтату мүмкін емес. Көпшілікке білім беру жүйесіндегі арнайы сертификатталған ортаны құру проблемасы да мұнымен тікелей байланыста, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың арнайы сапалы білім алу құқығын қадағалайтын құралдар болады. Білім беру ортасын сертификаттау мүмкіндігі шектеулі балалардың адрестерін еңгізуде көпшілік мектептерінің жауапкершілігін арттыруы қажет. Өйткені «инклюзия» мектептерінің администрациясына тек мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ғана керек (яғни – олардың артынана келетін қаражат көздері) .

Республикамызда балалар білім алу үшін жағдай жасаудың басым бағытына қатысты келесідей бағыттар бар.

     Бірінші бағыт – балалардың дамуындағы кемшіліктерді тауып, жастық кезеңнен бастап түзету-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мектепке дейінгі уақтылы көрсетілген көмек жалпы білім алу ортасында оқуға баланың негізгі кемшіліктерін түзетуді қамтамасыз етеді. Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің бастапқы буыны баланың оқу, әлеуметтік және медициналық қызметтерін алуға құқығын орнататын, психологиялық, медициналық және педагогикалық консультатиция болып табылады. (бір ПМПК балалардың 60 мың тұрғындарға ашылады).

     Бүгінгі таңда елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық, соның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді.

     Екінші бағыт – барлық деңгейдегі балаларға олардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу құқығын жүзеге асыру үшін вариациялық жағдайлар құру болып табылады.

      Қазіргі уақытта республикамызда мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуын ұйымдастыру үшін арнайы білім беру ұйымдарының дифференциалданған желілері бар. Оған түрі мен типіне байланысты арнайы білім беру ұйымдары, жалпы типтегі бала-бақша жадындағы топтар және жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптар кіреді: жалпы типтегі 35 арнайы бала-бақшаларда және 228 бала бақша жадындағы арнайы топтарда 10 мыңнан астам мектепке дейінгі балалар тәрбиеленіп білім алуда.

      Мектеп жасындағы дамуында 8 негізгі түрі және типінен кемшіліктері бар балалардың 24 мыңнан астамы жалпы білім беру мектептер жадындағы 820 арнайы сыныптарда және 101 түзету мектептерінде білім алуда.  

      Ағымдағы жылы дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында арнайы жалпы білім беру типтік бағдарламалары құрылғын. (ҚР ғылым және білім министрлігінің 2009ж. 8 маусымнан № 8 бұйрығы).  Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:

1)     танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай болатын білім;

2)     танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;

3)     жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.

      Мемлекеттік білім беру бағдарламасын дамыту саласында бұл деңгейдегі балалардың білім сапасын көтеру және жақсарту мақсатында 2005-2010 жылдың  2-ші кезеңінде келесідегі мәселелер қарастырылған:

      Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға  арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.

      Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында,  түзету мектептерінде және бала –бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.     

      Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.

Қазіргі уақытта Республиканың жалпы білім беру мектептерінде  70мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылады,  бұл арнайы білім беру мекемелерінде оқытылатын оқушылар санынан үш есе асады. Бұл естуінде, көруінде, зият, сөйлеу ауытқулықтары бар, психологиялық дамуы тежелген балалар. Тек қалалық Алматы психологиялық-медициналық – педагогикалық консультациялардың мәліметтері бойынша қаланың жалпы білім беретін мектептерінде  934  мүмкіндігі шектеулі оқушыларды, сонымен қатар БЦС балалар-306, эпилепсиясы бар балалар- 77, психикалық аурулары бар-16, соматикалық патологияның  күрделі формалары бар  447, көруінде кемістігі бар – 63,  естуінде кемістігі бар- 25. Сонымен қатар психикалық дамуы тежелген, эмоция-ерік сферасы бұзылған әлеуметтік жағынан артта қалған, деменциялық мінез құлқы бар, ақыл-ойы жетіспеушілігінің жеңіл түрі бар. Оқытуда парциалды қиыншылықтары бар балалардың саны көп.

       Соңғы кездері Қазақстанда дамуында  ақыл-ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасқанын байқауға болады. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Мұғалімдерді ЖОО- ның дайындық арнайы психологиямен педагогика білім алуды көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті талдап дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі жағымсыз көрініске ие. Жалпы мектептерінде біріктіріп оқыту процесі өз бетінше, ретсіз дамуын жалғастырған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

        1. Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыттары. ҚР-ның Президенті –Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 2012ж, 28 қаңтар.

        2. 2011 – 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 – маусым.