Елтану және лингвоелтану компонентерінің үйлестіруін шетел тілі сабағында қолдану жолдары

 

ОҚО, Шымкент қаласы

№69 жалпы орта мектеп ағылшын тілі пәнінің

 оқытушысы Оспанова Акжаркын Жумагаликызы.

 

          Жоғарғы және орта мектептегі тәрбиелердің бастапқы принциптерінің жаңарған процесы мәдени-сәйкестік  принципі болып табылуда.

Тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік құндылық және  ұлт дәстүрі мен мәдениеті ерекшеліктеріне сәйкестірілген -деген сөз. Шет тілі пәні оқушыларды тіл үйретумен шектеліп қана қоймайды ,сонымен қатар адамгершілікке үйретіп, мәдениетаралық тәрбиені жүзеге асырып, мәдениетаралық компетенция қалыптастырып , мәдениетаралық қатнас компоненттерін  салыстырмалы- аналитикалық тұрғыдан сипаттап,  дұрыс бағыт алып саналы іс-әрекет етуге үйретіп отырады. Сондықтан да шетел тілі пәнінің маңызы зор.

            Шетел тілі пәні сабағында мұғалім оқушыларға тілін оқып отырған елдің мәдениетінің дамуының жетістіктерімен таныстырып отырады   Бұл үшін барлық шетел тілі сабақтарында елтану және лингвоелтану компонентерін енгізіп отыру тиісті. Бұл оқушылардың мәдениетаралық сөйлесу контекстіндегі тәрбиесіне жәрдемдеседі, адамгершілік құндықтарымен таныстырады, олардың таным қызығушылықтарын арттырады және олардың шет тілінде сөйлесу қабылеттерін қалыптастырады.

            Бәріне мәлім болғандай,  тіл қатынасында табысқа жету үшін әңгімелесушінің тіл қатынастарының құралын (фонетикалық, грамматикалық, лексикалық) тек қана  меңгеріу аз, ал оның әлем туралы ой-сана өрісі кең дамыған болу керек.

Әйгілі үлкен тілтанушылар Е.М. Веращагин мен В.Г. Костамаров пайымдағандай әр бір адам тобы  фоно білімнің негізгі төрт түрін меңгереді. Бірінші топқа олар мынадай адамдық түсініктер - ауа, жел, ана т.б жатқызған. Екінші топ өзгеше түсінікті белгілі этникалық және тіл ортақтықтың  өзіне тән сипатын белгілеу. Үшінші топты арнаулы топық білім құрайды. Бұл білім әлеуметтік және кәсіптік топтар: инженерлер, теңізшілер, моряктар, педагогтар және т.б. Төртінші топқа аймақтық ерекшеліктер  есептеліп еңгізілген білім жатады.

Шетел тілін үйретуде халықтың тіл түсінігін тіл иеленуші түсінігіне жақындатып қосу. Егер олай етпеген жағдайда әр түрлі мәдениет өкілдері сөйлеу қарым қатнасында бір бірін түсінбейді. Мысалы ағылшын тілінде сөйлейтін адам мынандай реалиилар түсінікті: Back woodsman  - мәжіліске көп қатыспайтын лорд палатасының мүшесі 

Band of Hope - күйеу іздеп жүрген кәрі қыз

Ал басқа мәдениет өкілдеріне бұл қалыптасқан сөз, әр сөздің бөлек мағынасын білген жағдайда да түсініксіз.

Ауызша емес тіл құралында да айырмашылықтар кездеседі. Орыстар мен қазақтар машинаны тоқтату үшін қол көтереді, ал француздар бұл жағдайда үлкен саусағын көтеріп баратын бағытын көрсетеді.

Сөйлеу этикетінде де айырмашылықтар кездеседі.  Кездескен, қоштасар  кезде орыстар мен қазақтар қол алысса, ал жапондықтар үшін қоштасып, амандасқанда да  бір біріне иіліп сәлем береді.

            Сонымен  оқушыларға шетел тілін үйретуде қарым қатынас жасап  толық қанды түсінісіп сөйлесеу үшін ,  сол  тілін  үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдениет білімі мен дәстүрін меңгеруі тиіс. Онсыз тілді үйрену мүлдем мүмкін емес. Бұдан мынандай қорытынды шығады.  Мәдениеттану мен  салт - дәстүрді қоса оқыту жалпы тіл үйрету мен тәрбие беруге көмектеспейді, сонымен қатар көптеген толық нақтылы практикалық іс- шаралардың мақсатына жеткізеді. Оқытушылардың алдындағы маңызды мәселе шетел тілін үйретуде өз дәстүрі мен басқа елдің салт- дәстүрін, мәдениетін салыстыра отырып, олардың айырмашылық пен ерекшеліктерін, ұқсастығын түсіне отырып, оны үйренуші өз ой елегінен өткізіп, сол   әлемнің мәдениетін ұғынуға қалыптастыратын технологияны ойлап табу.

Мұғалім алдындағы міндет :

-өз ойын  шет тілінде ауызша , жазбаша түрде  дұрыс және өздігінше жеткізе алу

- беріліп отырған материалдарды сын көзбен, бағалай білу және онымен белсенді жұмыс жасай білу

-керекті әдебиеттер мен сөздіктерді қолдана білу

-шешім қабылдап, өз ойын  дәлелдей ала білу

-проекттік жұмыстарды  орындап, реферат жасай білу

-өз бетінше және коллективте жұмыс жасай білу

Елтануды  оқытудың негіздері

Пәнді үйретудің маңызы бірлесіп әрекет жасау, мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыс болып табылады. Дифференцальды оқыту тәсілі оқушылардың білім дәрежесін есепке ала отырып, төмендегі  тәсілдерге сүйеніп іске асыру қажет.

            -әр түрлі деңгейдегі материалдарды тілді меңгеру қабылетіне қарай қолдану (мыс:                                                                                       жеке үлестірілетін қиындылар, мәтіндер)

-әр түрлі дәрежедегі көмекші материалдарды пайдалану (мыс: жоспарлар, мәтін    мазмұнын ашу барысында керекті сөздер мен сөз тіркестерін  білімі төмен әлсіз   оқушыларға тарату)

-   тақырыптың көлемі мен қиындығы жағынан әр түрлі тапсырмалар беру

- әр түрлі тексеру формалары

Осы тәсілдердің барлығы оқушыларды белсенді оқу әрекетіне жұмылдыруға  білім алудың барлық  дағды, қабілеттерін қалыптастыруға және тиімді білім алуға көмектеседі. Сапалы білім беруде мұғалімнің қабылеттігіне, оның материалды дұрыс таңдай білуінде және басқа пәндермен байланыстырып, тиімді, тиянақты жеткізе ұғындыра алуда.

Лингвоелтану мазмұнды мәтіндермен жұмыс

Бұндай мәтіндердің мазмұны оқушыларға  мәнді, маңызды, қызық, айтарлықтай жаңалықтары бар,  сол елге тән реалийді суреттегенде мағлұматы көбірек болуы қажет. Оқыту барысындағы маңызды түйін ол оқылғанды тексеру. Контроль формасы әр қалай болуы мүмкін дәстүрлі; мәтінің мазмұнына сұраққа жауап, мәтіндегі кездесетін географиялық атауларды картадан табу, қысқаша мазмұнын айту, бірнеше сөйлемдерге сипаттама беру.

дәстүрлі емеске; әр түрлі тесттер, бұл тиімді , себебі тексеруге көп уақыт кетпейді және аз уақыт арасында барлық оқушылардың білімін бағалауға мүмкіндік туады. Мәтіннің күрделілігіне қарай контрольдың екі формасын да бірдей өткізуге болады.

 

Квиз(Quiz) – елтану және лингвоелтану мәліметтермен жұмыс істеудің негізгі формаларының бір түрі

Квиз(Quiz) немесе сұрақ елтану және лингвоелтану мәліметтермен жұмыс істеудің жан-жақты формаларының бір түрі. Оның жан жақтылығы, оны тақырыптың  әр түрлі этаптарда қолдануға болатындығында. Көбіне тест арқылы беріледі.

            Тәжірибелерге сүйенсек жүйелі түрде өткізілген тестер жоғары терең білім мен жақсы нақты нәтижелер беруде. Оқушылардың өзбетінше шығармашылық жұмысқа бейімделуіне , мәтіндегі елтану және лингвоелтану мәліметтерді еркін меңгеріп талдау жасауына мүмкіндік береді.

            Мысалы тақырыптан кейін өткізілген  «Christmas traditions and customs»- деген мәтінге қысқаша квиз:

1.Christmas is...

a.religious holiday b.an important holiday c.an amerikan holiday

2. Store windows display .....

a.bright lights b. Christmas tree  c.gifts and r- Christmas scens

 3. Houses are decorated with...

 

a.palm leaves b. Ornaments c. A wreathof holly, evergreen and mistletoe

4. Children hang up ...to receive gifts from Santa Claus

a.stockings   b. boots     c. boots and  stockings

5.Some of the most famous Chistmas carols are...

a. « Auld Lang Syne and A Christmas Carol» 

b. «A Visit from Saint Nicholas»  and «Miracle on 34 th Street»

c. «Silent Night», «The ferst Noel» and «Jingle, Bells!»

 Елтану мәліметтері туралы білім дәрежесін тексеруге  арналған квиз.

 

1.Who is the most famous monarch/Presidentof this contry?(Кто самый знаменитый монах/президент?)

2. Who is the most famous general?  ( Кто самый знаменитый генерал?)

3. Who is the most famous poet? ?(Кто самый знаменитый поэт?)

4. Who is the most outstanding wreiter? (Кто самый выдающийся писатель?)

5. Who is the best actor/actress? (Кто самый лучший актер/актриса?)

6. Who is the best sportman?  (Кто самый лучший спортсмен ?)

7. Who is the greates skientist/ inventor? ( Кто самый великий ученый/изобретатель?)

8. Who is the  most remarkable artist? ( Кто самый замечательный художник?)

9. Who is the most importent hіstorical person? ( Кто самый выдающаяся историческая личность?)

10. Who is the best singer?

 (Кто самый лучший певец?)

Жиі сұрақтарды оқушылар  жауап беру кезінде елтану туралы білімдерімен қатар, басқа пәннен алған білімдерін интегралдылап көрсете алатындай етіп құрастыру қажет.

 

Квизбен жұмыс жасау алгоритмы мынадан тұрады:

1. кезең – рәміздерді пайдалана отырып фронталдық тексеру жүргізу

2. кезең-жауабын беру , жұмысты бағалау критериін жариалау

3. кезең- екі немесе үш оқушының квиз мағынасын кіші монолог ретінде айтып беру

Осы жоғарыдағы айтылған жаттығулардың барлығы елтану лингвоелтану мәліметтері  шетел мәдениетін  тани отырып, оқушылардың шет тілін үйренуге қызушылығын арттырып, тану және шығармашылық дағдысын қалыптастыра отырып, шет тілді терең меңгеруге  ықпал етеді.