ӘӨЖ 159.9.053

ТӘРБИЕСІ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН  ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ

Абдуллаева Д.А., Абдуллаев А.А., Молдаханова М.М.

Шымкент қаласы

РЕЗЮМЕ

В научной статье рассматриваются следующие проблемы – различные типы девиантного поведения, трудности возраста и причины их проявления, а также пути их предупреждения.

SUMMARY

Next problems - different types of  behavior, difficulty of age and reason of their display, and also way of their warning are examined in the scientific article.

«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы   қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. 

           Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.

     Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан,

жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.

       Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру. 

       Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны.

          Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегі қиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды.

     Педагог – ғалымдар «қиын» балалар мәселерін жан-жақты зерттеуде. Бұл мәселемен 20-30 жылдары еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психолгтары А.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский шұғылданды. Ол елуінші жылдарға дейін обьективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек сол жылдардан кейін «қиын» балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми еңбектері шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда «қиын» балардың шығуына бірнеше себептер болады. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап қоймаушылық жағдайлар себеп болады. «Қиын» балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себебі жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық көңіл бөлмеуінен. Балалардың тәртіптерінің төмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бөлінеді. І-топқа күнделікті мектеп режимін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда-санда темекі тартып шаршап ішетін оқушылар жатса, ІІ- ші топқа осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді

сыйламайтын оқушылар жатқызылады. ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы өз жасына сәйкес дамымаған, нерв жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде «қиын»балалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топтағы оқушыларды «тәртібі төмендеген оқушылар», ал ІІ-ші топтағы оқушыларды «тәртібі нашар оқушылар» деп атап, 3-ші топтағы оқушыларды «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп атаған орынды. Біздер осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқушыларды ғылыми негізде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса, ІІІ-топтағы оқушылардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады. Сондықтанда зерттеушілер осы топтағы оқушыларды ғана «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп аталынуы керек деп кеңес береді. 

 Құмар ойындардың әсері. Отбасында және мектепте жүйелi берiлмеген тәрбие жасөспiрiмдердi көзсiз елiктеушiлiкке, құмарлыққа бой алдырушылыққа, нәпсiсiн тыя алмаушылыққа, ақырында өз тағдырын өз қолымен құртатын келеңсiз оқиғаларға себепшi болады. Зиянды дағдылардан баланы тыя бiлу, сақтандыру – ата-ананың парызы. Қай заманда да құмар ойындары адамзаттың қызығушылығын тудырып, адастырып, адамгершілік жолдан тайдыратындығын сан рет дәлелдеген. 

Ежелден де бәс тігіп бақ сынау ойындары болған. Одан бері карта ойындарының қаншалықты танымал ойын болғанын білеміз. Қазіргі кездегі атынан адам жаңылатын компьютерлік ойындар, автомат ойындар, казинолар түрлі ерекшеліктерімен ойынпаздарын құмарлықтың құрдымына қол бұлғап тұр. Бұл тәуелділіктің қорқынышты түрі.

Балаларға арналған ойынханалар туралы не білеміз? Қызығушылықтың жолына уақытын салып, ақшасын салып, денсаулығын салып ойынға берілушілік, бақ сынаушылықтың барлығын халқымыз бұрыннан-ақ «құмар ойын» деп атаған. Көшелерде көз тартатын ойынханаларға балалар түгіл үлкендер қызығады. Компьютер арқылы жау жайратып, батыр атануға, автоматты ойындарға ақша салып бақ сынап, кездейсоқ  байлыққа тап болуға жасалған мүмкіндік. «Балаға ойын керек» деген түсінікпен баланы ойынханаға жібереміз. Біріншіден, ойынға ақша керек. Әрине, белгілі бір уақытқа дейін. Екіншіден, ойындар ұтыстық және ұтыстық емес болып екіге бөлінеді. Мұның қандайы болсын, балалардың құмарлығын туғызуға, психикасын өзгертуге ықпалды.  Үлкен қалаларда мұндай балаларға арналған ойынханалардың санынан жаңылысасыз. Себебі, кез-келген жерде бар. Осы арқылы болатын ұрлық-қарлық, қарақшылық, кезекті ұтылыс үшін автомат ойынханаларының қызметкерлерін «жазалау» оқиғаларына ұласып жатады. Бұл маскүнемдіктен де қауіптірек саналуда. 

Психологтар мен социологтар  «ойынға ықыласы ауғандар» саны жыл сайын  көбеюде деп дабыл қағуда. 

Баланы сақтандыру үшін ата-ана тарапынан:

* Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;

* Пайдалы еңбекке, өнерге баулу;

* Қызығушылығын спортқа, музыка тәрізді өнер үйренуге бұру;

* Музыка тыңдау, теледидар, компьютер алдында ұзақ отыруға тыйым салу;

* Үйде отырса болды деп, компьютерлік ойындарға беріліп кетуіне жол бермеу;

* Компьютерге, ұялы телефонға т.с.с. байланысты талаптарының бәрін орындай беруге тырыспау;

* Ұтыс ойындарына қызықтыратындай әңгіме айтпау;

* Лоторея сияқты ұтыс қағаздарына әуестендірмеу.

Нашақорлықтың өсуi – бұл әлемдегi медициналық-әлеуметтiк проблемалардың ең ауыры болып табылады. Бiздiң елiмiзде де есiрткi медициналық жолмен емес, жеке адамдардың көзсiз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қаупiн күннен күнге күшейтуде. Бiрiккен ұлттар ұйымы сарапшыларының есебi бойынша Қазақстандағы есiрткi заттарды пайдаланушылар 250 мыңға жеткен. Есiрткiге тәуелдiлердiң жасы 7-ден 49-ға дейiн. Есiрткiге тәуелдi жандардың өмiр жасы күрт қысқарады. Бiр жыл iшiнде әрбiр есiрткiге тәуелдi адам кем дегенде 10 кiсiнi өзiне тартады. Жастар ортасында есiрткi пайдалану белсендi түрде сәнге айнала бастады.

Мектеп психологының «қиын балалармен» жұмыс әдістемесі.   «Қиын бала» дегеніміз кім? - әуелі терминдерді ажырата білгеніміз жөн: «қиын бала», «тәрбиесі қиын» бала, педегогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала.

«Қиын» жасөспірімдер мен жұмыс әдістемесі нені қамтиды?

1.      Қолдау әдістемесі – ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын

қолдау, ой-пікірлерін, ұсыныстарын талдау. 

2.      Жеке талап қою әдістемесі оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу

үшін оның мүмкіндігіне қарай жүктемелерін беру.

3.      Жеке тұлғаның қатынас әдістемесі өзінің мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуын ықпал жасау.

4.      Оқушының жетістігі жағдаяттарын туғызу әдістемесі. 

Оқудағы үлгірімеудің түрлі себептері бар, сондықтан ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық сипатына байланысты үлгірмеушіліктің арнайы түрлері айқындалған. Үлгірмеудің бастапқы түрі балада ерте жасынан, тіпті мектепке дейін басталады. Екіншісі мектеп жасынан тұрақты байқалады. Үшінші түрі бастауыш сынып сатыдан орта буынға өту кезінде көрінеді. Үлгірмеушілік кейде аяқ астынан басталады, кейде баяу, біртіндеп басталады. Мұғалім өзгерісті ерте байқап, баламен жұмыс кезінде жеке тәсілдерді қолданса, алдын алуға болады. 

     Мұғалім осындай типтегі балалармен табандылық көрсетіп жеке жұмыс жасаса, дамуы бірден алға басады. Ерте жастан түзету жұмыстары жүрмеген кезде мұндай балалардың дамуында артта қалуышылқ байқалып, алға басу тіптен мүмкін болмайды. 

      2. Екінші топқа  оқуға үлгірімі төмен оқушы – практиктер жатады. Бұл балалар табиғатынан нақты түсінктері бар, санасында көрген дүниесі сақталған, бірақ ауызша ойын жеткізуге шорқақтау. Абстрактылы ойлау жеткілікті деңгейде дамыған. Алайда оларды оқыту барысында үнемі көрнекті құралдарды пайдалануды талап етеді. Жаңа ұғымды таныстырғанда бұрынан меңгерілген білімді негіз қылу қажет. Жаңаны тану міндетті түрде нақтыдан абстарктылы ұғымға баяу, абстарктылы ұғымнан екінші абстрактылы ұғымға өту арқылы жүзеге асырылады. Олар суретті жақсы салу мүмкін бірақ абстрактылы ойлауы артта қалған, сол себепті мұндай оқушылар оқу үлгірімінде көбінесе төмен болып жатады. Мұндай балаларға бірнші жылдан бастап психикасын есепке ала отырып, жеткілікті көңіл бөлінесе, барлық кемішіліктерді жеңуге болады.

Үшінші топқа оқу үлгірімі төмен, психикалық дамуы кешігіп жетілген, жүйке жүйесі түрлі ауытқуларға ұшыраған балалар жатады. Мұндай балалар жоғарғы деңгейдегі қалжырап шаршауымен, көңілін бір іске ұзақ тұрақтандыра алмауымен, ақыл-ойдың нақты болмауы мен тұрақсыздығы, ой қорыта алуы машығаның дамуымен ерекшеленеді.

Педагог отбасындағы қарым-қатынасты, баланың жай-күйін, қоғамдық ортамен болған байлансын тексеріп, реттеу жоддарын болжап қарастырса, психолог тестілеу, әңгімелесу, социометриялық зерттеулер жүргізу арқылы ондағы адамдардың психикалық ахуалын және өзгерулерді талдап, осыған орай реттеу жолдарын қарастырады. Ал психотерапевт психикасына зақым келген отбасы мүшелерін әр түрлі психологиялық жөне медициналық жолдармен емдеуді қолға алады.

«Қиын» оқушыларда адамгершілік  қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Айғабылов Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – Алматы, 1972.

2. Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. Этнопсихология және этнопедагогика конференциясы материалдарының тезистері. - Алматы: 2005.

3. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы: 1994