Айдарбекова Нурсулу Сейхановна

А.Ермеков  атындағы №25 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Математика сабағында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері

   Қазіргі заманғы оқытудың негізгі оқушының танымдық іс-әрекеттің әдістерін белсенді игеру, білімденудің жеке тұлғаның мәнін терең түсіну және өздік дамуды қамтамасыз ететіндей болуы керек. Сондықтан білімдендіру үрдісінің бағытындағы жұмыстарын атап айтсақ, әр түрлі оқыту технологиялары оқу процесінде қолданылып жатыр.

   Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық- технологиялық бағыттағы ой- тұжырымдамалары төмендегідей сипатталады:

-         есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрыңғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу,

-         білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу,

Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сабақтың құрылымына байланысты 19 түрі бар: тақырыпты меңгеру сабағы; білім бекіту сабағы; білім және біліктілікті қолдану; білімді жүйелеу және жалпылау сабағы; жүйелеу және тексеру сабағы; аралас сабақ; лекция сабағы; семинар сабақ; зачет сабақ; практикалық ( зертханалық); экскурссия; дискуссия; консультация; кіріктірілген; театрландырылған; сайыс сабағы; дидактикалық ойын сабағы; іскерлік сабақ; рөлдік сабақ.

   Мекткп лекциясы ірі дидактикалық блоктың негізгі өзегі болып табылады.Лекция негізінен ауызша баяндаудан ғана ( сипаттау,әңгімелеу,түсіндіру) емес,сонымен қатар басқа да оқыту әдістерінен тұрады.Лекциядан кейінгі сұрақтар лекцияда қойылған проблемаларды шешу, сұрақтарды жинақтау, келесі блоктың схемасын құруға арналады.

   Математикадан мини-лекция түрінде 7-8 сыныптардан бастауға болады.Бұл кезде оқушыларда конспект жазудың  алғашқы дағдыларын қалыптастыруға болады. Оқу материалдарының мақсаты мен құрылымына қарай лекция әр түрлі болып келеді ( кіріспе лекция, нақты лекция, аралық лекция, аналитикалық лекция, қорытынды лекция, пәнаралық лекция, жалпылама лекция).

   Әр мұғалімнің негізгі мақсаты сабақ сапасын көтеру, пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

   Егер сабақ қызықты болса, оқушы қызығушылығын артып, терең білім алады. М.Жанпейісованың « Модульдік оқыту технологиясының» элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген  белсенділігін артқанын байқадым.

   Оқушылардың терең де, тиянақты білім алулары үшін математика сабақтарында жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып оқытудың маңызы зор.Жаңа технологияны қолдану жан-жақты білімді қабілетті тұлға қалыптастыру. Жаңа буын оқулықтары профессор Ж.Қараевтың ғылыми бағдарламасына дәлелденген деңгейлік оқыту жүйесінің  негізінде құрылған.Математиканы оқытудағы деңгейлеп оқытудың ерекшелігі үлгерімі төмен оқушыны болдырмау.

   Бақылау жұмыстары  мен өздік жұмыстарды деңгейлік технология негізінде құру барлық оқушыларды міндетті жалпыға бірдей стандартты білімімен қамтамасыз етеді.

   Үлгі ретінде 6 сыныпта өткен бір сабағымды ұсынып отырмын.

   Тақырыбы: Сан аралықтары тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту және тиянақтау.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу.

   Типі: Бекіту сабағы.

   Әдісі: сұрақ –жауап, әртүрлі ойын ойнату.

   Көрнекілігі: карточка,суретті плакат.

   Барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық жасау.

2.     Үй тапсырмасын тексеру

№ 737. Теңдіктердің шешімдерін координаталық түзудің бойында кескіндендер:

1)     х>7,5; 2) у<3; 3) х<3; 4) х>4; 5) х< -1; 6) у>5

№ 739. Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, олардың қиылысу сан аралықтарын жазыңдар:

1)     (-8;6] және [-5;8]; 2) [-9;3] және (-8;0) 3) ( -4;8) және ( -5;0]

 

 

1-ойын. Бағдаршам

Қояндар үш түрімен беріледі. Олар: сары 1 деңгейдің есебі, жасыл: 2 деңгейдің есебі, қызыл 3 деңгейдің есебі.

Сары шам есебі: № 470. Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, олардың бірігуін сан аралықтарын жазындар:

1)     ( -8;2] және [1;9]; 2) (-3;8) және (-8;2]; 3) [-4;3] және (1;8); 4) [-2;9] және [4;10]

Жасыл шам есебі: № 743 1) -4; -2; -6; 0; 7; 9; 3; 8; 4; сандарының қайсысы [-3;8;5] аралығына тиісті, қайсысы тиісті емес? Берілген сан аралығына тиістілерін теріп жаз.

Қызыл шам есебі: № 750 Мына қос теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығымен жазыңдар:

2<x<4         4>x>-2             8>x>-1 

-3>у>-9       9<x<12            -8<x<5 

-3>у>1        7>x>0

2- ойын. Асық ойнау

Сұрақ жазылған асық-конвертті ойын бастаушы кез-келген оқушыларға береді.

1-     асықтағы сұрақ: Санды теңсіздіктің  1-қасиетін тұжырымда.

2-     асықтағы сұрақ: Санды теңсіздіктің  2-қасиетін тұжырымда.

3-     асықтағы сұрақ: Санды теңсіздіктің  3 – қасиетін тұжырымда.

4-     асықтағы сұрақ: Санды теңсіздіктің  4 – қасиетін тұжырымда.

5-     асықтағы сұрақ: Санды теңсіздіктің  5 – қасиетің тұжырымда.

3-ойын. Аңшылар: ойынға 4 оқушы қатысады.2 оқушы аңшы, 2 оқушы үйрек болып қарама-қарсы тұрады.Аңшы екі оқушы,үйрек екі оқушыға тапсырмаларын береді. Егер екі үйрек оқушы тапсырмаларын орындай алмаса аңшылардың торына түседі.

1-үйректің тапсырмасы: № 748 3,6<a<4,1 болса, қабырғасы а болатын шаршының периметрін бағалаңдар.

2)     1-үйректің тапсырмасы: № 743. 2) 5; 4,7; 9; -2; 8; -1; 10 сандарының қайсысы [-3;8,5] аралығына тиістілерін теріп жаз.

Сабақты қорыту:

1.     Қандай сан аралықтарын білесіңдер?

2.     Қатаң,қатаң емес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктерді айтады?

Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: № 744, №746.

   Математикада кейбір тақырыптарды блоктық жүйеде оқыту тиімді. Блоктық жүйеде оқытудың басты мақсаты әрбір оқушы білім маған керек, менің білімім ешкімнен төмен болуға тиісті емес деген ерік-жігерін өз еркіне бағындырып басқара алатындай, білімнің өз өміріне қажеттілігіне көз жеткізу. Бұл сабақтарды сайыс, семинар, лекция сабақтарының элементтерін қолданып, жүйелеу қорытындылау сабақтары түрінде өткізген қолайлы.

  Блоктық жүйенің тиімділігі:

-         оқушының берілген бөлімді толық  меңгеруіне мүмкіндік туады, соған мұқтаж етеді;

-         оқушыны тек баға үшін ғана оқып жүруден құтқарады, ол сол бөлімді толық меңгермесе, жауап бере алмаса, оқуға ұмытылады.

Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісіне оқушылардың

қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алуға  құштарлығын дамыту.

Оқушылардың танымдық қызметін белсендірудің білім сапасын арттырудағы маңызы өте зор. Осы мақсатқа жету үшін математика сабақтарында топтау әдістерін қолдана отырып, дифференциалдап оқытуда жаңа материалды оқып-үйрену сабағы мен білім, біліктілік дағдыны жетілдіру сабақтарында қолданған дұрыс.

   «Топтық жүйеде» оқыту оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бөліп, (өте жақсы, орташа, төмен) топтар арасында дәстүрлі емес ойын түрлерін өткізуге болады.Топтау әдісі оқушылардың бір-біріне жолдастық,достық қарым-қатынастарын арттырып, бір-біріне ынта-жігермен көмектесуге бейімдеп, үйрете жүріп өздерінің үйренулеріне мүмкіндік береді. Топтық  жарыстар кезінде оқушының ұйымдастырушылық қабілетін артып, өзінің де жолдастарының да білімін саралап, бағалай білуге мүмкіндік туады.Оқушылардың өз беттерімен ізденістері туындайды,оқулықпен жүйелі жұмыс жасап, бір сабақта берілген материалды толық қамтуға мүмкіндік туады.

   Қорыта келгенде оқу үрдісінде осындай әдіс-тәсілдерді пайдалану- сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға, ең негізгісі оқушылардың білім сапасының артуына апаратын бірден-бір жол деп түсінемін.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     М.Жанпейісова. « Модульдік оқыту оқушының дамыту құралы ретінде».

2.     Математика-физика журналдары (2002-2007)

3.     Я.И.Груденев « Совершенствования методики работы учителя математики»

4.     Л.М.Фридман. « Учитесь учиться математике»