Кусаинова
Гульнар Жартыбаевна
Шет
ауданы, Ақжал кенті, Ақжал негізгі
мектебінің география мұғалімі
География пәнін экологиямен кіріктірудегі
әдістемелік нұсқау
Мектептің
білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда,
тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде,
өзінің табиғат пен қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда георафия пәні үлкен рөл
атқарады.
География
ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып
жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған
әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық
сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып
табылады.
Жаңа
білім беру парадигмасы адамгершілік
идеясын қолдай отырып, экологиялық сана, экологиялық
ой-таным, жауапкершілік, экологиялық сауаттылық, экологиялық
мәдениетті дамыту мен кіріктіруді ұштастырады.
Мектептегі
географиялық білімнің даму болашағы география
ғылымының: ғаламдық проблемалар, геоэкология,
географиялық зерттеулердің қазіргі тәсілдері
(картография,геохимия, палеография,геожүйелік, мониторинг, т.б.),
әлеуметтік және демографиялық жағдайлар,
ақпараттық жүйе, Жер және Дүниежүзілік
мұхит қойнауындағы құбылыстар және т.б.
салалар бойынша зерттеу объектілерінің елеулі кеңеюіне байланысты.
Қазіргі кезеңде география ғылымының
ғаламдық, аймақтық идеялары ерекше аталып,
әлеуметтік тәжірибенің негізгі түрлері – саясат,
экономика, ғылым мен білім салаларына ішкерілеп енуде.
Биылғы
оқу жылында ҚР ББМ мен ОБД бұйрығы бойынша оқу
жоспарында вариативтік компоненттің сағаттары орыс мектептерінде
қазақ тілін оқытуға – 2сағат, ҚРББМ мен
ҚР Агенттігі туризм мен спортты дамытуға байланысты дене
шынықтыру пәніне – 1 сағат бөлінгендіктен,
экологиялық тәрбиенің мәселелерін дүниетану
және география және т.б. пәндеріне кіріктіру қажет.
Нақтылы
жағдайда мектеп географиясы басқа оқу пәндеріне
қарағанда экологиялық проблемаларды, оны шешудің
жолдарын жан-жақты қарастырады. 6-10 сынып бағдарламаларында
геоэкология теориялары және оны үнемі пайдалануда туындайтын
түсініктер көп берілген. Мысалы:
-
6 сыныпта «Табиғат кешені» тақырыбын
өтуде «Жаратылыстану», «Физикалық география» пәндерінде
тақырыптың кең ашылуына байланысты 2 сағатты
қысқартып, Қарағанды облысы деңгейінде
табиғат кешеніне антропогендік
фактордың әсерін қарастыруға болады;
-
7 сыныптағы «Қазақстанның
физикалық географиясы» бағдарламасында дала зонасын өту
барысында рөлдік ойындар ретінде сипаттамаларды саяхатшы, эколог,
фермер,зиянкес, мекеме басшысы ретінде қарастыру және « Арал
тағдыры», «Таза Ертіс», «Қазақстан табиғатының
әсемдігі», «Балқаш экологиясы»
және т.б. тақырыптар бойынша жобалар қорғау
ұсынылса;
« Экономикалық география»
бағдарламасы бойынша Орталық Қазақстан тақырыбын
өту барысында « Тұрмыс қалдықтары және оны
өңдеудің әдіс-тәсілдері» атты семинар
сабағын өткізіп, «Таза қала», «Қалдықтар
проблемасы», « Қаланың ластану деңгейін зерделеу», және
т.б. тақырыптар бойынша жобалар қорғауды ұсынуға
болады. «Қазақстан энергетикасы» тақырыбын өткенде
түрлі электростанциялар
салудың жобасы мен болашақтағы әсерін, энергия
көздерінің басқа да түрлері мен Қазақстан
жерінде оны пайдаланудың мүмкіндіктері және т.б.
сұрақтарды қарастыруға болады;
-
9 сыныпта «Көмір, газ және мұнай
өнеркәсібі» тақырыбын өту барысында
мұғалімдер оқушылармен
экологиялық есептер шығаруы, олимпиадаға да
дайындық болар еді Экологиялық сипаттағы тапсырмаларды
орындау география курсын меңгеру мен экологиялық білімін
жүйелеуді қажеттілігін де өтейді;
-
10-11 оқушыларына жеке тақырып бойынша болжай
білуін: бір ел мысалында ресурстарымен қамтамасыз етілуі,
планетаның ғаламдық өзгерістерінің
климаттың өзгеруіне әсері, полярлық және тау
мұздықтарының еру әсерінен табиғаттағы
мүмкін болатын өзгерістер, шөлді тоқтатудың
жолдары, орманның азаюы, антропендік ластану салдары және
т.б.дамыту қажет.
География сабағында экологиялық
білім берудің міндеттерін іске асыруда оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін
пайдалануға рөлдік және іскерлік ойындар « Робинзонада»,
«Географиялық шеңбер», «Тапқыштар әлемінде»,
«Экологиялық қоспа»;
ынтымақтастықта оқыту әдісі; жобалау
әдісі: « Туған өлкем менің», « Қарағанды
облысының экологиясы», « Біздің туған жеріміздің
табиғат комплексі» ; мультимедиялық технологиялар;
конференция-сабақтар: «Аралдағы экологиялық апат»,
«Табиғаттағы дене мен зат», «Су мен топырақтың
ластануы»; әңгімелесу, пікірталас, бақылау, тәжірибе;
оқушылардың практикалық жұмыстарға ынталандыру,
зерттеу дағдысы мен біліктілігін
жетілдіру, оқыту процесінде мәселелерді шешу жолдарын
әбден қажет.
Оқыту процесінде мәселелерді шешу жолдарын пайдалану
оқушылардың интеллектуалды ой-өрісін
қалыптастыруға жағдай жасайды; талдау, жіктеу, салыстыру,
жалпылау, себеп-салдар байланысын айқындау, ғылыми болжам жасау
және т.б. экологиялық мақсатты шешімдерді таңдауда
қажетті логикалық операцияларды іске асырады.
Кіріктіріп
білім беретін жаратылыстану пән мұғалімдерін
біліктілікті арттыру жүйесінде даярлаған тиімді. Осы міндеттерді
іске асыру мақсатында облыстық МББҚБА және ҚДИ
ЖМББО кафедрасында биология және география пәні
мұғалімдеріне арналған « Мектеп экологиялық білім
берудің тұжырымдамалық негізі» атты проблемалық
курсының семинар-тренингісіне бағдарлама жасалды.
Пәндердің кіріктірілу поблемасы
әр білім беру мекемесінде әр түрлі іс-шаралар арқылы
жүзеге асырылады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Бейсенбаева А.А. « Современная цивилизация: интеграция науки и практик в
мировом обрзовательном пространстве как педагогическая проблема // Интеграция
науки и практики в условиях мирового образовательного пространства. «
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары. Алматы 13-14 ақпан 2033 жыл.
2. Жадрина М.Ж. Ориентация на результат как условие реализаций
компетентностного подхода к образованию в школе. Алматы 2004 ж.