Тусенова
Маржанкул Казыкеновна
Ә.Бөкейхан
атындағы №76 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Оқушылардағы
төмен үлгерім мәселесі және оның алдын алу
Елбасының
Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте
оның білімділік деңгейімен айқындалады деп
тұжырымдалса, Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім
берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайында алынған терең білімнің кәсіби
дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі
іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдау қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп
атап көрсетілген [1].
Қазіргі
кезде баланың білімін көтеру кең ауқымды мәселе
болып отыр. Олардың біліктіліін,дағдыларын қалыптастыру
қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және
әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан
туындайды. Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге,
мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен
мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да
сондықтан.Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты
әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік
білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық
мақсаты- өзгермелі білім жағдайынан тез бейімделетін өз
жолын дұрыс таңдай білетін, он шешім қабылдай алатын
тұлғаны даярлау.
Мемлекеттік
мұндай жоғары тапсырмасын жүзеге асыруда толып жатқан
инновациялық тиімді деген технологиялар енгізілуде, материалдық
әдістемелік базалар нығайтыла түсуде, оқу
бағдарламалары жаңартылуда. Осыған қарамастан мектеп
оқушыларында үлгермеушілік немесе нашар үлгерім
мәселесі де жиікездеседі.Бұл практикалық және теориялық
педагогикадағы маңызды мәселе болып табылады.Жалпы білім
беретін мектептерде бұл мәселенің шешімін табу, әрине,
алдыңғы қатарлы педагогикалық
тәжірибелердің анализі мен білім беру процесіне оның
жетістіктерін енгізумен тікелей байланысты.
Төмен
үлгерім мәселесі оқу үдерісінде жіберілген толып
жатқан олқылықтардан құралады, оқылықтардың
нәтижесі.Ал оқылықтарды дер уақытында түзетпесе
бір-бірімен сабақтаса, күрделене, тереңдей түседі де
соңында үлгермеушілікке әкеп соқтырады.
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалын
түсінбеу себептерін анықтау керек.Төмен үлгерім
мәселесінің алдын алуда осы құбылыстың
себептеріне тереңірек үңілген жөн.
Төмен
үлгерімнің негізгі себептерінің бірі – жұмыс істеу
қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы.Егер
бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте
оқу қиынға түседі. Әдетте бұл –
оқушының алдыңғы даярлығының төмен
деңгейі; әртүрлі жағымсыз жағдайлар (дене
кемістіктері, науқастық, тұрмыстық
жағдайдың нашарлығы, үйден мектептің
алыстығы, ата-ана қамқорлығының болмауы);
тәрбиенің кемшілігі (жалқаулық,тәртіпсіздік);
ақыл-ой дамуының тежелуі. Тағы бір себеп – білімнің
жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі.Оқушы
бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін
мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының
оқуға қабілеті жеткіліксіз болады.Алдыңғы
сыныптардағы бағдарламаның толық меңгерілмеуі;
пәнге оқушының қызығуушылығының
болмауы, қиындықтарды жеңе білуге қажет
ерік-жігердің әлсіздігі.
Келесі бір
себептердің тобы – сабақ берудегі кеміліктер, оқушының
алған білімінің тұрақсыздығы, ағымдық
тексерудің аздығы немесе әлсіздігі; сабақты көп
босату, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмасын орындауға
ұқыпсыздық; материалдан мәнді белгілерді бөле
алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау,
оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте
сақтауға тырысуы.Мұндай оқушыларға абстрактілі
ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға
жаттығулар беріледі.Пәнге деген
қызығушылықтың жоқтығы.Нәтижесінде
оқушының зейіні, білімге деген ықыласы
төмендейді.Оқушылардың білімдегі кемшіліктердің себебі
ретінде тым қатал белгіленген білім жүйесін, білім
мазмұнының барлық балалардың танымдық
қажетін өтеуге жарамсыз бірыңғайлылығын,
оқыту әдістерінің және түрлерінің
бірсарындылығын, оқу нәтижесін қажетті түрде
тиімді бақылаудың болмауын және жаттандылыққа бой
ұрғызуды жатқызуға болады. [2]
Мұғалімнің міндеті үлгерімі төмен
оқушыларды қажетті деңгейге жеткізу ғана емес,
әрі басқа екі топтағы оқушыларға да шамаларын
лайықты тапсырмалар беру.Сабақтың барлық
кезеңдерінде топтарға өзіндік жұмыстар беріледі де,
оқушылар қиындық деңгейі әртүрлі
тапсырмаларды өз беттерімен орындайды. Көмек қажет
болғанда мұғалім ең алдымен төмен үлгерімді
оқушыларға көмектеседі. Соңғы кезеңде
оқушылыр өзіндік жұмыстың қортындылары жайлы есеп
береді.
Мектеп
практикасында мұндай оқушылармен әртүрлі қосымша
сабақтар жүргізу де кеңінен қолданылатын әдіс.Бірақ
бұл әдісті рационалды емес деп сынағанмен де кеңінен
таралған, әрі оқушыға материалды меңгертуге
қолайлы уақыт беретіні белгілі. Бұл әдіс сабақ
барысында оқушылар жұмысын дефференциалдауға және
үй тапсырмасын индивидулады түрде даярлауға мүмкіндігі
жоқ мұғалімдер үшін бірден-бір қолайлы
әдіс. [3]
Білімді тексеру
және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп,
оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде
сандық мәлімет береді.Мұғалім оқушының
білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын
ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз
жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп,
жұмыс әдістеріе толықтырып, түзетіп, жеке
оқушылармен жұмыстың жолдарын және
құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің
меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы
тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін
ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін
терең, жан-жақты және дұрыс бағалай
алмайды.Оқушы баға алған соң өзінің
мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын
дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді
жоюға мүмкіндік алады.
Және
соңғысы – тәрбие арқылы ықпал жасау. Білім,
іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау
тәрбиеге де ықпал етеді.Оқушылардың өз
оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері
қалыптасып, қиындықты жеңкге ұмтылады.Баға
оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Жалпы
алғанда төмен үлгерім – дидактикалық,
психологиялық, әдістемелік, медициналық,
әлеуметтік-педагогикалық аспектілері бар кешенді мәселе.
Сондықтан оны шешуде де жүргізілетін шаралар кешенді болуы тиіс.[4]
Әдебиеттер:
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. –
2011.
2. Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік. Алматы,2001.
3. Цетлин В.С. Предупреждение неуспеваемости учащихся. –М., 1989.
4. Педагогика. // Под ред.
П.И.Пидкасистого. – М., 2001.