Педагогические науки/5.Современные методы преподавания
аға оқытушы Астамбаева Ж.Қ.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан
МЕКТЕП ЖАСЫНА
ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Бiлiм беру және ғылым саласына елеулi
өзгерiстер енгiзiлiп жатқан қазiргi кезеңде мектепке
дейiнгi ұйымдарда бiлiм мазмұнын жаңарту, баланың жеке
басын дамыту, жас ұрпаққа бiлiм беру мен тәрбиелеуді
жаңа сапалық деңгейге көтеру мiндетi – бүгiнгi
күннiң кезек күттірмейтін көкейкестi мәселесi.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үздіксіз білім беру
жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзгермелі
өмірге табысты бейімделуге қабілетті жас ұрпақты
қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасайды. Қазіргі кезде
егемен еліміздің білім саласы әлемдік білім беру кеңістігіне
ену және нәтижеге бағдарланған білім мен тәрбие
беруді жүзеге асыру сияқты жауапкершілігі мол үлкен
өзгерістерге бағыт алып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» атты Жолдауында»: «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына
ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы
сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған
жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық
және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға
артылған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету
қажеттігін» атап өткен болатын [1].
Мектепке дейінгі жастағы
балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесі –
өте күрделі мәселе, бірақ қазіргі заманғы
мектепке дейінгі педагогиканың аса маңызды
мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешуде
оқытудың ұстанымдарының алатын орны ерекше.
Педагогика теориясында
ұстаным біртұтас педагогикалық үдерістің аса
маңызды категорияларының біріне жатады. Соңғы
жылдарға дейін ұстаным «принцип» делініп келді.
Ұстанымдар – бұл педагогтың
өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез –
құлқында басшылыққа алатын негізгі,
бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары –
оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және
әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын
негізгі жағдайлар.
Принцип - латын сөзі, қазақша «негіз» деген
сөз. Оқыту принциптері (ұстанымдары) – мұғалім
мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер.
Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда
қолданылады. Оқыту ұстанымдарына сәйкес
оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды
орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға
жетеді.
Оқыту ұстанымдарының
жүйесін тұңғыш ұсынған – Я.А.Коменский. Ол
адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан,
оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын
заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан
оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі -
табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың
көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды
дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский
оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып,
оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан
қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ
мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану
керектігін айтқан. Г.И.Щукина «Оқыту принципін дидактиканың
тұғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі
талаптар» - деп тұжырымдайды. П.И.Пидкасистый «қазіргі
заманғы дидактикада оқыту ұстанымдары оқытушылық
іс-әрекетке қажет болатын нұсқаулар ретінде
қарастырылады» десе, Е.И.Щербакова «ұстаным» ұғымына
мынадай анықтама береді: «принцип (латынша prinsipium - бастапқы,
негіз) - іс-әрекеттің
әр түрлі аумағында басшылыққа алынатын негізгі
бастапқы ережелер» [2].
«Принцип – латын сөзі – негізгі, бастапқы»
деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын
талаптардың белгілі жүйесін оқыту үдерісінің
принциптері» – деп жазады
педагог-ғалым Р.М.Қоянбаев [3].
Жоғарыда келтірілген оқытудың
ұстанымдарын саралай келе, мектепке дейінгі ұйымда
оқытудың төмендегідей түрлерін жүзеге
асыруға болатыны байқалды: Дамыта оқыту
ұстанымы; Ғылымилық ұстанымы; Түсініктілік
ұстанымы:; Көрнекілік ұстанымы; Қол жетерлік
ұстанымы; Дамыта оқыту; Жүйелілік, бірізділік ұстанымы;
Жеке-дара әдіс ұстанымы.
2009 жылғы шыққан Мемлекеттік стандарт
және соның негізінде дайындалып, мектепке дейінгі ұйым
тәжірибесіне ендірілген бағдарламалардың барлығында да,
атап айтсақ, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз
мектепке барамыз» бағдарламаларында оқытудың
ұстанымдарын жүзеге асыру мәселесі көтеріліп отыр[4].
Бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын
ұстанымдарды кесте түрінде былай көрсетуге болады:
Кесте 1 - Бағдарламалардағы
педагогикалық ұстанымдар:
|
Бағдарламалар |
Негізгі педагогикалық ұстанымдар |
|
Алғашқы қадам |
Танымдық іс-әрекет икемділік,
маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық
ұстанымдары |
|
Зерек бала |
- оқыту мақсаты мен
мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік
шарттарға сай болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы; - тәрбиелеу мен оқыту
мақсаттарының қолжетімділігі, мазмұны мен
әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы; - дара тұлғалық, бірлестік
ұстанымы; - стратегиялық білім беру
қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және
оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік
ұстанымы; - балаларды әлеуметтік қорғау,
педагогикалық, психологиялық үдерісте-рінің
мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік,
шығарма-шылық қатынас ұстанымы; - тәрбиелеу мен оқыту үдерісін
қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, үлкендермен және
құрдастарымен ынтымақтастық негізінде
құру ұстанымы. |
|
Біз мектепке барамыз |
- мәдени
сәйкестілік ұстанымы – аймақтық, ұлттық және
әлемдік мәдени құндылықтарды пайдалану
арқылы балалар ұйымының жұмысын мәдени
орталық қатынас жасау арқылы ұйымдастыру; - тәрбиелей отырып
оқыту – баланың нақты
ақыл-ойы мен тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып,
оның бойына ұйымшылдық,
тәртіптілік, ұқыптылық, жауапкершілік
қасиеттерін қалыптастыру; - жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты
қатынас жасау – балалардың жасы мен субъективті
тәжірибесіне сәйкес тақырып мазмұны мен жұмыс
тәсілдерін таңдау; - жүйелілік – оқу материалын таңдау мен оны
дұрыс жеткізу, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын байыту; - түйсіну мен
белсенділік ұстанымы – балалардың оқу материалын дұрыс
түсінуі, қабылдауы мен ақыл-ойының, танымдық
үдерісінің даму мәселелерін
қарастырады; -
қызметтік қатынас ұстанымы – оқыту мен
тәрбиелеу үдерісін бала әрекетін ұйымдастырудың
түрлері мен формаларына танымдық компоненттерді кірістіре отырып
жүргізуді көздейді; - адамгершілік
ұстанымы – педагогтің бала
пікірімен санасып, оның сезімі мен көңіл күйін
ескеріп, өзіне тең құқылы серіктес ретінде
қабылдай отырып, бойына жоғары адами
құндылықтар – отаншылдық, туған жерге деген
махаббат сезімін дарыту; - көрнекілік
ұстанымы – оқытудың
эмоционалдық және көрнекілік технологияларын
үйлесімді қолдану арқылы қоршаған әлемді
қабылдау мен тануға мүмкіншілік туғызу; - креативтілік ұстанымы – мектепке дейінгі
балалардың бойында бұрын қалыптасқан дағдыларын
өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану
мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа
тәрбиелеу. Сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық
жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу
қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру |
Қорытындылай келе, айтарымыз:
ресми-құқықтық нормативтік құжаттарда
ұсынылған ұстанымдар əрқашан белгілі жүйеде,
бір уақытта, бір-бірімен тығыз байланыста, кешенді түрде
қатар жүзеге асырылып отырады. Оларды біреуі басты,
екіншісінің деңгейі төмен деп бөліп қарауға
болмайды. Алдымен бір ұстанымды жүзеге асырайық, ал өзгесін
кейінірек қолданармыз деуге болмайды. Олардың бəрінің де
қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне
жетудің жолдарын көрсету. Ұстанымдар мектеп жасына дейінгі
баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін,
күш салулары мен еңбек нəтижелерін қалыпты
мөлшерлеп отырады. Қазіргі заман педагогы мектепке дейінгі
ұйым балаларының білім алуы мен дамуына әсер ететін
оқытудың ұстанымдарын жүйелі әрі нақты,
шығармашылықпен жүзеге асыру міндетін шешу талап етілетінін
сезінулері тиіс.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты//ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2008 жылғы 7
ақпан.
2. Щербакова Е.И. «Теория и методика математического
развития дошкольников». – Москва-Воронеж, 2005.
3. Қоянбаев Ж.Б.,
Қоянбаев Р.М. Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған
оқу құралы - Алматы, 2004.
4.
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан
бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға
арналған «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары. – Астана, 2010.
Резюме
В статье рассматриваются
принципы обучения детей дошкольного возраста при формировании простейших
математических представлений.
Summary
The article are considered the
principles of teaching pre-school age children
in formation of simple mathematics meanings.