Ф. ғ. к.  Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстиуты, Қазақстан

Абзац пен тұтастықтың стильдік қызметі

 

       Мәтін  ауқымында сөйлемдерді айрықша мақсатты рәсімдеп біріктіру ретіндегі тұтастықтың бар болу идеясы бұрын да және қазіргі күні де көптеген  наразылықтар тудырады. Осы ретте негізінен тұтастықты мәтіннен бөлу кезінде қалай болса солай ойлау айқындалады.

     Түрік тілі білімінде осы сұрақтың аз зерттелуі негізінен осындай синтаксистік бірліктердің кейбір заңдылықтарының белгіленуімен және жеке синтаксистік сипаттаулардың айтылуымен шектеледі. Мысалға алғанда, М.З.Закиев «сөз жүйелеріндегі күрделі синтаксистік тұтастықтың бөлінуінде айқын әдістемелік мақсат бар» екенін және күрделі синтаксистік тұтастықтың айқын анықталмайтынын: «Күрделі синтаксистік тұтастық абзац бөлігі ретінде, тұтас абзац, тұтас тарау, кейбір кезде тіпті тұтас баяндама немесе шешен адамның және т.б. сөзі ретінде болуы мүмкін», деп жазды. А.Мамажанов та осындай пікірді қолдайтынын көрсетті, бірақ ол тұтастықтың шекаралық белгілерін табуға тырмысады. Осыған байланысты Л.М.Лосева кідірістің тұтастық шегін және бірліктің басталу және аяқталу белгісі ретіндегі «еркін сөйлемді» анықтайтын құрал ретінде  еске салады. Бірақ аса нақты мақсат – сөз ағынынан тұтастықты бөліп көрсету өлшемдерін белгілеу жөнінде зерттеуші өз алдына ешқандай міндеттер қойған жоқ. Осымен бірге түркітануда К.М.Абдуллаевпен қолданылған тұтастықтың делимитациясына қатысты екі  мүмкіндік мәлім.  

         Ойдың аяқталмауына қарамастан оқырманның назарын айрықша аударту үшін, абзацпен бөлінген сөйлем мен сөйлемдерге айрықша мағына беретін бір немесе бірнеше сөйлемдер жеке абзацқа бөлінеді. Басқаша айтқанда,  абзац эмфаза функциясын орындайды.

         Қазақ тіліндегі мәтінді талдау процесінде көптеген жағдайда тұтастықтың абзацқа сәйкес келетіні анықталды, ал олардың кейбіруінің бір-біріне сай келмеуі  абзацтың эмфаза мақсатында жиі қолданылатынымен байланысты.

         Басқа тілдерде сияқты қазақ тілінде кейбір жағдайларда тұтастық жеңіл бөлінеді, атап айтқанда: портреттік, пейзаждық тұтастық, сөйлесім түріндегі тұтастық,  сондай-ақ бірлік компоненттері бір-бірімен тек қана паралелді түрде байланысатын жағдайда шегін белгілеуде қиындық тудырмайды. (Паралелизмнің  бұзылуы тұтастықтың шектес белгісі болып табылады). Кейбір қыстырма-модалдық сөздер («қысқасы», «сөйтіп», «сонымен» және т.б.) бір тұтастықтың аяқталуы мен басқаға ауысуына  белгі ретінде қызмет атқарады.

         Шектеу түрінде абзац пен тұтастықтың сай келмеуіне байланысты мысалдар талдауына тоқталамыз: Ұлықтар да сірескендей қыбыр етпей, ел пішініне қадалып тұрды. Шошыған, сасқан жүздерді көрген сайын, албастысын арттырып, пысымен баспақ болғандай болып тұр. Бар ұлық-төре келген қалпында өздерін үрпитіп, түктерін сыртына теуіп, шірене дем алып сызданады. Қарсы тұрған екі топ бір-біріне кірпік қақпай қадалып, арбасқандай аңдысып, бірін-бірі бағып тұр. Осы хал мен тым-тырыстың ішінде екі минуттай уақыт өтті. Болыстардың көбі соңғы кездегі сайлауларда іске ширақ, тіл білетіндеу жастардан сайланып еді. Көбі жиырма бес, отыз бес арасындағы жас-сымақ адамдар болатын. Көбінің ел ортасында соншалық зор салмақ беделі, абырой, атақ айдыны да жоқ. Үлкен істі елдің жасы үлкен қариясы, атақты, салмақты үлкендері, қарталы жуандары арқылы болмаса, өз беттерімен бұзып, жарып істеп кете алмайтын. Болыс ішіне келген үлкен міндеттің барлығын солардың нұсқауымен істеуші еді. Көбінің болыс болып, дәрежеге алуына да солар себеп болған.

         Ұлық жарлық жариялағанда: «Пәленше екем не дер еді, қалай қарайды... онсыз мен не айтамын» деген сияқты ойлар көбінің бойын басқандай болды. Тым-тырыс созылуға айналған соң, осы ойды көбірек ойланған бірен-сараңдар жан-жағына жалтақтап, басқалар не дер екен дегендей болып, көзбенен әркімді алдына салғысы келді. (Әуезов).

         Осы үзінділер бес абзацтан тұрады. Эмфаза мақсатында екінші және үшінші абзацтың бөлінуін оңай көруге болады. Осы абзацтардың басқа абзацтармен сөйлемдердің құрылымдық-семантикалық байланыстарын ұйымдастыруды бақылаймыз. Екінші абзацты құрайтын сөйлем  алдағы абзацпен, бірінші абзацтың мазмұнын білдіретін «осы хал» есімдік сөз тіркесі арқылы байланысады, ал «көбі» сөзінің қайталануы сөйлемдер арасындағы үшінші және кейінгі абзацтардың байланысын жүзеге асырады. Осы жағдайда үшінші абзацтағы сөйлем алдағы абзацпен, ал екінші абзацтағы кейінгі абзацпен (құрылымдық және семантикалық қатыста) байланысы мүмкін емес. Осы ретте бесінші абзац төртінші абзацты жалғастыратын сияқты, өйткені олардың компоненттері іс-қимылдың бірыңғай субъектілерінің көмегімен құрылымдық-семантикалық жоспарында байланысқан. Бесінші абзацтағы  «Тым-тырыс созылуға ...» деген екінші сөйлемнің басы екінші абзацтың екінші сөйлемімен дистанттық түрде байланысқан, бірақ ол осы абзац немесе сөйлемдердің екінші абзацқа тікелей бірігуі үшін ешқандай негіздеме бермейді, өйткені ол барлық үзінділерге  («тым-тырыс» сөзі екінші және үшінші абзацтардың негізгі тақырыбы болып табылады, ал «бірең-сараңдар» сөзі үшінші, төртінші және бесінші абзацтарды субъектілерінің атауын ауыстыру ретінде шығады) жатады. Тұтастық шегінен шығатын осындай байланыстарды «үзінді» көлемінде немесе екі және одан да көп тұтастықтардан тұратын тұтас мәтін көлемінде қарастыруға болады. Осыған байланысты анықталған құрылымдық-семантикалық қатынастарды нәтижелей келе, мысал келтірілген  мәтіндегі үзінділер екі тұтастықта ұйымдастырылады. Біз мысалды басқа сипатта қарастырамыз: Қысқа тоны қаудырап, суыққа тоңып жаурап, жақ жүні үрпиіп, ашаң жүзді келген бір әйел сиырдың қорасын тазалап жүр. Жұмысқа мойындамағандығы, жұмысты көңілденіп істемегендігі ісінен де көрініп тұр. Бірден бітіріп тастайтын жұмысты күн оздырайын деген кісідей, үнемдеп істеп жүр. Кішкене жүргеннен кейін күрегіне сүйеніп дем алады. Әлденелерді есіне түсіреді. Өткендегі мен қазіргі күнді салыстыра бастаса, өзінен өзі мүжіліп, ыстық жас көзден тимей-тимей кетеді.

         Бұл Злиха. Сарымсақтың Злихасы! Сарымсақ сасып, Ұлпа мен Бақыт жылап үйді басына көтерген түні Злиха Сарымсақтың қойнынан шығып, көрмеген, білмеген біреудің соңынан ерген. Неге ерді, не мұңы бар, жылатып тастап кеткендей Сарымсақтың не жазығы бар? Бұл Злиханың әлі күнге шешпеген жұмбағы... (Б.Майлин).

         Алдағы мысалдардан айырмашылығы бұл жерде абзацқа бірнеше сөйлемдер біріктірілген. Екінші абзацтың бірінші сөйлемі алдағы абзацпен «бұл» деген есімдіктің көмегімен байланысқан және оны матастыру арқылы бір тұтастықты құрайды. Осы сөйлемді басқа абзацқа қосу, сондай-ақ сөйлемнен кейін қосалқы леп белгісін қою жазушының осы сөйлемдегі «жаңашылға» аса назар аудартуға ниет білдірумен түсіндіріледі. Неге екінші абзацтың  басқа сөйлемдері бірінші сөйлемнің азат жолымен көрсетілмегені жөнінде сұрақ туындайды. Бұны екінші абзацтың екінші сөйлемінің осы абзацтың келесі сөйлемдерімен байланысқанымен түсіндіруге болады: бұл жерде бір ғана кейіпкер Злиха туралы сөз қозғалады. Біз сипаттап отырған абзацтар модалдық сөйлеумен ерекшелінеді: Егер де іс-әрекетті тапсыру үшін бірінші абзацта осы шақ, ал екінші абзацта өткен шақ  қолданылған. Сондай-ақ тақырыптың өзгеруі бақыланады: екінші абзацта кейіпкердің сыртқы мінез құлқы туралы әңгімелеу оның ішкі күйінің ашылуымен ауыстырылады.Сондықтан екінші абзацтың сөйлемі (бірінші сөйлемнен басқа) алдағы абзацтан жеңіл шектеледі және жеке тұтастықтар құрайды және де осы бірліктер арасындағы байланысты сөйлемдер арасындағы байланыс ретінде емес, тұтастық арасындағы байланыс ретінде қарастыруға болады.

         Біз арқылы қарастырылған мысалдар абзац пен тұтастық арақатынасының барлық алуан түрлілігін жоймайды.

    Даланың көбі жетіліп, айнала ұзатылатын қыздай жасанып тұр. Қараған, тобылғы тегіс бүрленген: бетеге мен қияқ түсардан келіп, сәл жел тұрса шайы шымылдықтай сусыл қағады. Ауадан күн нұрына қаныққан көк шөптің иісі бұрқырайды. Қанағат кеудесін көріктей керіп, терең тыныс тартты. Мана үй ішінде бір түрлі қапаланып, тұншыққандай болып еді, далаға шыққалы сарайы ашылып, бойы жеңілденіп қалды. Қолтығынан демеп жүрген інісі Нұрғазыдан әдейі шетке қағылып, өз бетімен таяққа сүйеніп ары-бері жүрді (Қ.Жұмаділов).

         Мысал келтірілген абзацтан екі тұтастықты (тұтастықтар арасына белгі қойылған) бөлуге болады. Оларды бөлу кезінде біз келесі негіздемелерді қолдандық. Егер де бір азат жолда екі немесе одан да көп тұтастықтар болса, онда бірнеше дербес сөйлемдер тобының айырмашылықтарын анықтауға болады, олардың әрбіреуі өз тақырыптарының айналасында бірігеді. Біздің мысалда: бірінші бірлікте табиғат құбылыстары туралы сөз қозғалады, екіншіде нақты тұлғаның іс-қимылы туралы айтылады. Айтылу тақырыбының ауысуы және сипатталуы мазмұндау жоспары, модалдық (бірінші хабарлау бірлігі ауыспалы-осы шақпен, ал екінші жақында өткен шақпен жүргізіледі) және құрылымдық жақтардың өзгеруімен сипатталады.

         1. Шалабаев Б. « Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық» Алматы.- 1985.

       2. Балақаев М.Б, Қордабаев Т.Р. «Қазіргі қазақ тілі» синтаксис Алматы: мектеп 2006-. 1974

       3. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы» -. Алматы: Ана тілі 1992. 263-321бет.

4.Есенов Х.М. «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксис» әдістемелк құрал Алматы: 1985

5.Амиров Р. « Жай сөйлемнің синтаксисі» Алматы: мектеп 1983

6. Амирова Ж. Г. « Стилистические функцы различных типов сложного синтаксического целого в контексте. А. И. Кубрина: Автореф.дис. кант. Филол.  Наук Алматы-1983, с 25