Исова Элмира Адильхановна
Қостанай мелекеттік
педагогикалық интитуты, Қазақстан
Идеографиялық оқу сөздіктеріндегі
педагогикалық қызметтің орыны
Қазақстан
мемлекетінің білім беру жүйесінде мұғалімдер мен
оқытушылардың алдына білімді оқушылар мен студенттердің
саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін
ақтайтын құралға айналдыру мақсаты
көзделеді. Сонымен қатар сол білімді біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным
мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу,
жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен
қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын
компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады.
Сондықтан Қазақстанның білім жүйесін реформалауда
білім алушының дара тұлғалық қабілеттерін дамыту
проблемасы күн тәртібіне қойылды. Бұл қазақ
тілі пәндерін оқытуда тіл дамыту мен тіл мәдениетін
қалыптастыруға басымдылық беруді талап етеді. Бұл білім
алушының сөйлеу дағдыларын тіл мәдениеті негізінде
жетілдіру арқылы мүмкін болады. Сондықтан да
қазақ тілін терең меңгертуде идеографиялық
оқу сөздіктерін түзу қазақ тілі пәнін
бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраныммен
сәйкестендірудің басты шарты ретінде ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан зерделеу маңызды мәселе болып табылады.
Адам баласының
дүние жайлы білімі
өскен сайын
тілінің лексикалық дені
жайлы білімі де
ұлғая
түсетіні. Осыған
байланысты профессор А.Салқынбай: «Әлем бейнесінің
бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана
қалыптастырған ұғымдарын бейнелейтін тіл – адамзат
танымының феномені. Тіл – тек қарым-қатынас
құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы
қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін күрделі
құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің
құрамды бөлігінің бірі болып қана қоймайды,
бүкіл мәдениет пен танымның негізі саналады. Мәдениет
тіл арқылы жүйеленіп, қалыптасып, дамиды. Тілдің қоғамдағы рөлі
қарым-қатынас жасау сипатымен ғана шектелмейді, адам
ойының, санасының жетілуі мен дамуына да ықпал етеді» – дейді.
Француз ғалымдары
К.Дюбуа мен Ж.Дюбуа «Лексикографияға кіріспе» деп аталатын еңбегінің
Сөздіктің педагогикалық тілі» атты тарауында сөздікті
дидактикалық жанрдағы туындылардың қатарына
жатқызады. Авторлардың пікірі бойынша, сөздік – тілдегі жеке
сөздерді қалай қолдануды үйрететін педагогикалық
құрал, сөздіктің
тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті сөйлесетін тілі емес.
Сөздіктің тілі – педагогикалық тіл. Ол – сарапталған,
талданған тіл. Педагогикалық тілдің түрі
болғандықтан, сөздік оқырманды коммуникацияның
нақты бір типіне бағдарлап, барша қауым
мүшелерінің, яғни «мен», «сен» және «ол» арасындағы
анық қарым-қатынастарға бағыттайды. Әрі сөздіктің авторы,
әрі коммуникация субъектісі болып табылатын лексикограф пікірлесушілер
(оқырмандар) тарапынан өзіне қойылатын сауалдарға
бағдар ұстайды. Сауалдарға жауап бере отырып, лексикограф
коммуникациядағы айқын субъект рөлінде көрінбейді,
коммуникацияның ұжымдық субъектісі (қоғам) атынан
сөйлейтін байланыстырушы, аралық бейне рөлінде
көрінеді. Яғни лексикограф қоғам тарапынан жүзеге
асырылатын ұжымдық айтылымның болжалды субъектісіне айналады.
Оқырмандар өздерін идеалды түрдегі сөйлеуші субъект
ретіндегі лексикографпен бірге, бір бүтін санайды. Ал берілетін жауаптар
нақты мәдени қауымдастық атынан айтылатын
соңғы ақиқат болып табылады.
Лексикогрф ғалым А.С.Ахманова өзінің «Очерки по общей и
русской лексикологии», атты еңбегінде
«Сөздіктен алынатын білік, білім оқырмандардың
мәтіндерді түсінуге кедергі келтірген кемістіктерінің орнын
толтыруға көмектеседі. Ол норманың кепілі ретіндегі
лексикографтың білігі мен жекелеген оқырмандардың толымсыз
білігі арасындағы алшақтықты жояды», деген. Демек,
лексикографиялық хабарламаның табиғаты да
ұстаздың педагогикалық хабарламасының табиғатымен
бірдей. Сөздік нұсқау жасайды. Мұның өзі
сөздіктегі деректерді осылайша қолданудың қажеттігін
байқатады. Сөздік – анықтамалық құрал
болғандықтан, айтылымдарының заңды күші бар, олар
беретін анықтамалары құқықтық
әлеуетті мәтін түзеді. Ұжымның пікірін білдіруші
ретіндегі лексикограф шын мәнінде сенімхаты
бар заңдастырушы болып
табылады.
Оқу лексикографиясының негізгі туындысы ретіндегі оқу
сөздіктерінде дәл осындай педагогикалық қызмет орын
алады. Лексикограф оқырманның тілді өз бетінше
меңгеруіне жағдай туғызады. Ол оқырманмен белгілі бір
қашықтықтан, оқу сөздігінің беттерінен
тілдесіп отырады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытар болсақ,
кез келген сөздіктің ең әуелі дидактикалық
туынды, яғни оқытуға, үйретуге арналған туынды
болып табылатындығына көз жеткіземіз.
Ал В.В. Виноградов дидактикалық элемент
сөздіктің бәрінде де болатынын айтады. Алайда ол
сөздіктің түрлі типтерінде әрқилы көрінеді.
Яғни, сөздіктердегі дидактикалық элементтің ашық,
айқын көрінім дәрежесі әртүрлі болады. Әрине, ғылыми зерттеулерге
қажетті материал даярлайтын таза лингвистикалық салалық
сөздіктерде (этимологиялық, жиілікт.б.сөздіктер) сирек
көрініс табады. Мұндай сөздіктерде міндеттеуші, белгілеуші
элемент өте аз дәрежеде, ақпараттық сипаттағы
материал басым дәрежеде көрінеді. Тілдегі сөздіктің
ең негізгі, орталық типі – түсіндірме сөздік.
Түсіндірме сөздіктерде дидактикалық интенция айқын
байқалады. Ол сөздіктің құрылымындағы
элементтердің барлығында да, сөзді сұрыптап алып,
түсіндірме жасаудан бастап, шартты белгілер жүйесіне дейін –
бастан-аяқ көрініс береді. Тілді
үйрету, жүйелеу, тілдегі сөздерге анықтама беру,
нормалау қызметтері, яғни оқыту, жүйелеу,
анықтамалық, нормалау
қызметтері – барлық тілдік сипаттамалардағы жалпыға
ортақ дидактикалық қызмет түрлері болып табылады.
Жаңа сөздер тілге жай ғана
механикалық түрде
қосыла салмай, санамыздағы жүйеге енеді. Идеографиялық
оқу сөздігін түзуді
жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарға
арналған түрінен бастаған жөн сияқты. Себебі
бастауыш сынып оқушыларының бір тақырып
төңірегінде өз ойын толымды жеткізу үшін аталған
сөздік көмекке келеді. Мысалы, «Бізді қоршаған орта» тақырыбын беске бөліп,
оған табиғат, жануарлар, өсімдіктер,құстар, адам
тақырытарын жатқызуға болады. Сөздікке актив
қолданылатын бала танымына сәйкес, сөздерді
таңдаудың маңызы зор.Сонымен қатар сөздікке
терілген сөздердің суреті қоса берілуі тиіс. Сөздікте
оқу материалдарымен қоса оқу-әдістемелік
жаттығулар мен шығармашылық жұмыстары бірге беріледі.
Идеографиялық оқу сөздігіндегі семантикалық
байланыстатағы тақырыптар оқу процесіндегі баланың берілген материалдарды
қабылдау мен ойлауын, дұрыс, жүйелі ойлай және
жүйелі сөйлей алуын, есте сақтау қабілетін дамытады.
Сонымен қатар оқушының дүниетанымын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасау,
жүйелі ойлау дағдысын, шығармашылық дағдысын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сөздіктегі «адам»
тақырыбын өз ішінен шағын тақырыпшаға (отбасы,
дене мүшелері, адам ағзасы) сияқты
бөлуге болады. Сөздікке алынған сөздердің дұрыс айтылу мен жазылуы ескеріліп,
орфоэпиялық және орфографиялық нормаға сәйкес
терілді.
Әдебиеттер:
1. Салқынбай А. Тарихи
сөзжасам. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 309
2. Dubois J., Dubois C. Introduction
a la lexicographie. – 1971.
– P., 1971. 171с.
3. Ахманова А.С. Очерки по
общей и русской лексикологии.- М.: Госучпедгиз, 1957.- 290 с.
4. Виноградов В.В.Лексикология и лексикография: Избр.труды.- М.: Наука, 1977.- 312с.