Секция: филология

Мажитаева Ш., Хамитова У.М.

Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды

 

АХМЕТ БАйТУРСЫНОВ –  КАЗАК  ТІЛ БІЛІМІНІҢ

НЕГЗІН  КАЛАУШЫ

 

ХХ ғасыр басында халықтың сауатын ашу, білім беру күн тәртібінде тұрған ең басты мәселе болғандықтан қазақ оқығандары осы бағытта жұмыс істеді. Ұлт тағдыры үшін ана тілінде білім алып, тәрбиеленудіц маңызын терең түсінген олар –  өздері маманданған салалары бойынша қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды алдарына мақсат етіп қойғандығы байқалады. Қажеттілікті өтеу үшін бірнеше ғылым саласы бойынша еңбек жазғандары да бар (А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, т.б.).

Ғылымның көптеген салалары бойынша қазақ тіліндегі төл оқулықтардың жазылуы және өзге тілдерден аударылуы ұлттық терминологиялық қордың қалыптасуына жол ашты. Сол кезеңге дейін термин жасаудың белгілі бір орныққан дәстүрі, басшылыққа алатын тұрақты қағидаттары болмағандықтан, ондай күрделі міндеттерді атқару ісі – қазақ оқымыстыларының өздеріне жүктелді. Уақыттың өзі алға тартып отырған жауапты міндетті ұлт мүддесіне адал, өресі биік тұлғалар өз деңгейінде абыроймен атқара білді.

Жалпы қазақ тіл білімінің негізін қалаудағы, қазақ терми­нологиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының еңбегі ұлан-ғайыр.   Ол бірнеше қырынан келіп арнайы зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып. А.Байтұрсынұлының қаламынан туындаған тіл, әдебиет терминдері сөзжасамның түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы жасалған. Бұл   жерде біз ғалымның өзіміз қарастырып отырған мәселеге   қатысты, яғни терминдену тәсілі арқылы жасалған бірді-екілі   терминдеріне   ғана тоқталмақпыз,  осы кезеңде өмір сүрген айрықша тұлға ретінде оның ғылыми терминологияны қалып­тастырудағы рөлін  арнайы сөз етпекпіз.

Бұл кезеңдегі терминжасам ісінде айрықша көзге түсетін тұлға - А.Байтұрсынұлы. Сондықтан оның терминжасам тәжірибесі мен ғылыми терминологияны қалыптастырудағы рөлі туралы арнайы сөз қозғаудың маңызы зор. Мұндай зор міндетті атқаруда қазақ оқығандарының арасында А.Байтұрсыновтың орны айрықша болды. Ол  жүздеген тіл, әдебиет және жалпы мәдениетке қатысты терминдерді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді. Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда, өзі өмір сүрген дәуірде қазақ халқының «рухани көсемі» атанған дара тұлғаның шығармашылығындағы ісі өзгелерге де өнеге бола отырып, ғасыр басындағы бүкіл термин жасау процесінің бағытын  белгілеуге негіз болды десек артық айтқан болмайды [1].

А.Байтұрсыновтың еңбегін арнайы жинақтап, оны алғаш қазақ қауымына таныстырған ғалым Р.Сыздықованы ерекше атап айту орынды. "Ахмет Байтұрсынов" деген кітапшада (Алматы, 1990) автор ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінің тұңғыш оқулықтарын  жазып,  графикасын   реттеуші,   сол   арқылы қазақтың  ұлттық  тіл  білімінің ір­гетасын қалаушы, ағартушы-ғалым, ірі мәдениет және қоғам  қай­раткері, тамаша публицист әрі ақын А.Байтұрсыновтың өмірін, еңбек­терін алғашқылардың бірі болып талдады [2].

Ғалымның қаламынан  жүздеген терминдер  туындаған. Мәселен, тіл білімі терминдеріне буын, рай, шырай, түбір, тармақ, бунақ, демеу, шылау, теңеу, жұрнақ  сияқты терминдерді  жатқызуға болады.

Бұл терминдер  ұғымдарды ұқсату арқылы сөздің бастапқы мағынасын метафоралау жолымен жасалған.

Ахмет Байтұрсынов мектепке арнап жазылған "Тіл-кұрал" оқулығында қазақ тілінің дыбыстық кұрамына қатысты  дыбыс,  дауыс, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, жарты дауысты дыбыстар (р, л, у, и), қатаң, ұян дауыссыз дыбыстар т.б. 

Сонымен Ахмет Байтұрсыновтың керемет дарындылығы терминжасам мәселесінде ерекше айқын керінеді. Ахмет Байтұрсыновқа дейін қазақ мектебі үшін ешбір оқулықтың болған  жоқ. Ақаң –  казақ мектебіне арналған алғашқы әліппе мен қазақ тілі грамматикасының авторы  және оларға арнап  терминдер  жасады.

Жалпы ғалымның термин  шығармашылығының қарастырылып отырған тәсілін пайдалану арқылы туындаған терминдерін іштей екіге жіктеуге болады.  Олардың бір тобы - жалпы қолданыстағы сөздердің мағынасын метафоралану   жолымен,   екінші   бөлігі  -  сөз мағынасын нақтылау   арқылы  терминдік мағына жүктеу жолымен жасалған.

Сонымен «А. Байтұрсынұлының термин жасауда ұстанған бағыты мен оның қаламынан туған басы ашық терминдері-ақ Ахаңның қазақ терминологиясының негізін қалаушы және ғасыр басындағы бүкіл ғылыми ой-сананың қалыптасуына ықпал ете білген зор тұлға екенін дәлелдей алады. Алайда, оның қаламынан туған терминдер мен сөздер мүмкіндігінше анықталып жатса, тарихи әділеттілік болмақ» [3,27]. Сондықтан ғалым мұрасын зерттеушілердің оны естен шығармағаны абзал.

Тілді зерттей отырып, сол зерттеуіне сүйеніп дәл термин жасаған деген қорытындыға келдік. Оған мысал ретінде Ахмет Байтұрсыновтың оқулыкта райдың 15 түрін керсеткенін келтіруге болады. Осы 15 райдын әр түрінде өте нәзік тілдік ерекшеліктерді ескеріп ажыратқан.  Тілді зерттемесе осы мәнді білдіретін етістік тұлғасы бар екенін көрсету мүмкін емес. Ал Н.И.Ильминский, П.М.Мелиораиский еңбектерінде олар сөз болмаған да, көрсетілмеген және онда ашык рай, бүйрық рай, шартты райлар ғана көрсетілген. Бұл жай тағы да Акаңның өзіндік ерекшелігін, зерттеушілік қабілеті нәтижесінде тілдік құбылысты анықтағанын көрсетеді.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің дыбыстық кұрамының, грамматикалык құрылысынын негізгі заңдылықтарын анықтаумен бірге оның терминдерін де жасады. Қазақ тілінің Ақаңның алдында оқулығы болмағандықтан, оның терминдері де болмағаны сөзсіз. Сондыктан Ақаңа қазақ тілінің негізгі терминдерін жасауға тура келді. Ал ол терминдерді Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің негізгі сөздерінен жасады, ешбір кірме сөзді қолданған жоқ. Қазіргі кезге дейін кездесіп қалатын казақ тілі ғылым тілі емес, оның сөздік орында термин боларлық сөз жоқ  деген сияқты нигилистердің пікірін Ақаң сол кезде-ақ жоққа шығарған болатын. Ахмет Байтұрсынов жасаған тілдік терминдердің қазір '90-95 қолданыста екені тілді кедей санаушылардың пікірінің жалғандығына дәлел.

Тағы бір мәселе – жазу мәселесі. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың араб графикасына негізделген жазуына 1924 жылы  реформа жасаған ғалым. Ақаңның реформа жасаудағы мақсаты жазуды жеңілдету арқылы тез арада сауатсыздықты жою. Бұл реформада қазақ тіліне қажетсіз араб әріптері алфавиттен шығарылды, дәйекші колданылды, қазақ тілінің дауысты дыбыстары түгел белгіленді. Осы реформа қазақтың араб графикасына негізделген жазуын жақсы жеңілдетті.

Ахмет Байтұрсынов – әмбебап, кеменгер ғалым. Қоғам кайраткері Ақаңның асыл мұраларын ғылымның түрлі саласының ғалымдары әлі талай уақыт зерттейтіні сезсіз. Біздің міндетіміз - қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты мұраларын жан-жақты терең зерттеу.

Сонымен Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасын объективті зерттеу үшін тек қазақ тілі білімінің жетістіктеріне сүйеніп зерттеу жетіспейді, жалпы түркологияның, әлем тіл білімінің жетістіктеріне сүйеніп зерттеу керек. Себебі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінде ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі жалпы түркі тіл білімінде, әлем тілтанымында пайда болған ұғымдардың, ғылыми бағыттардың іздері байқалады.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.     Әшкеева Қ.А. Байтұрсыновтың философиялық көзқарасы: филос.ғ.к. авторефераты.  Алматы,  2003.   17 б.

2.     Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов.  Алматы, 1990. 

3.     Абай атындағы ҚазҰПУ. Жизнеописание.  Т 1.   № 6 (б). 209-іс.  58 п.