Қазіргі  Әзірбайжан  тілдік жағдайы

 

                                                    Баянды Рамазанқызы Оспанова,        Абай атындағы ҚазҰПУ  Әдебиеттану және тіл білім ҒЗИ-дың  

аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.

 

       Әзірбайжан  Республикасының  ата заңы  қабылданған  кейін  әзербайжанның   заманауи  тарихында     тұрақтылық пен  дамудың    жаңа кезеңі  басталды. Осы уақыттан бастап әзірбайжан мемлекетінің президенті мемлекетті  шетелдік қол сұғудан сақтауға, ішкі сепаратизмнен экономикалық шаруашылық    істермен айналысуға арнайы жетілдірілен бағарлама әзірледі. 1990 жылдардың ортасынан  бастап, мемлекетте мемлекеттік  тілдің дамуы  - ең маңызды  мәселелердің  бірі болды.

          Негізінен мынадай мәселелер көтерілді:

1)     Тәуелсіз  республиканың   кейбір  мемлекеттік  мекемелерінде   мемлекеттік  тілді  қолдану  қанағаттандырарлықтай  болған жоқ.

2)      Халықаралық  ықпалдарға  байланысты  әзірбайжанға  келген  шетелдік  компаниялар  мемлекеттік  тілге бейжайлықпен қарады.

3)     Бұқара ақпарат құралдарында, әсіресе  теледидарда мемлекеттік тілмен қатар басқа тілдер қолданылды (мысалы: көркем фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларда).,,

4)     Кириллицадан латын харіпіне өту үрдісінде жазбаша орфорафиялық мәселелер мен анық  түсінбестік пайда болды.

5)     Мемлекеттік  тілді  жетік  білмейтін  шенеуніктерде болды.

6)     Бүкіл  әлемдегі   әзірбайжан  халықының   бірігуінің  ықпалы және көрсеткіші  ретінде    әзірбайжан  тілі  ерекше түсінікке ие  бола  бастады.

      Тіл  саясатын   салыстыру  дәл осы  көріністен    тәуелсіздік   алғанға дейін және  алғаннан кейін   ғана  стратегиялық маңызылықты  иеленді.

       Гейдар  Әлиевтің  тіл саясаты  мемлекеттік тілмен ғана шектелмейді,  сонымен қатар   екі  өте маңызды  мәселеге көңіл аударуда. Бірінші  мәселе ол -  орыс  тіліне қатысты,  себебі он жыл  аралығында Әзірбайжанда  қолданыста болып, Әзірбайжан Республикасының  мемлекеттік тілін  ығыстырумен қатар әлеуметтік-саяси және мәдени әсер етіп, әзірбайжандықтардың  күнделікті   қолданыстағы қарым-қатынас  тіліне айналды. Ал  екінші  мәселе  жаһадану мен  бірігу   кезеңіндегі  халықаралық тілдерге қатысты  болды.

      Жастар  форумында, осы  көкейтесті   мәселерге   қатысты өз сөзінде Гейдар  Әлиев былай деді: «... Кезкелген жас әзірбайжан парсы,  араб, француз, ағылшын, орыс және басқа  шетел тілдерін    үйренуге   және меңгеруге  тырысуы керек.  Жаңа  мемлекеттермен   қарым-қатынас   орнату  бүгін  және болашақта    тілдерді   білуді    талап  етуде.  Бұл  менің      біздің  жастарға  айтар тілегім. Дегенмен,    өз  ана тілін, яғни  әзірбайжан  тілін жақсы  меңгеріп,  сол тілде  жақсы   сөйлеу  қажет.  Ана  тілді  әрқашанда    сезініп, жақсы  көру керек» [1] .  Кез келген  әзірбайжан    ғаламдық  жаһандану  кезеңінде заманауи  ғаламдық  тілдерді  білу  жалпы  танымдық үшін   керек, ал  Сыртқы  Істер  Министрлігінің  қызметкерлері   үшін бұл тілдерді білу  кәсіби  талап болып табылады.

       Мемлекеттің   және халықтың  болашағын  ойлаған  президентің  тілегінде, әзірбайжандықтың  этнографиялық   шеңбермен ғана шектелмей   ғаламдық ықпалдыққа жақын болыңдар дегені  дағдылы әрекет. Сонымен қатар оны  білу, оны жақсы көру де   табиғи талап.

      «Тіл әдебиетпен, мәдениетпен, руханилылықпен байланысты,  осыларсыз  отаншылдық та жоқ» - бұл  Гейдар  Әлиевтің  жүргізген  тіл  саясатындағы ұстанған басты қағидасының бірі. Бұл мәселелерге тереңірек үңілсек әзірбайжан президентінің әртүрлі  жиындарда  жалпы ұлттық  тілге қатыстыкөтеретін  мәселесі,  яғни ана тілге  отаншылдық  көзқараспен қарау, әсіресе бұл  сана-сезімді  жас ұрпақты   тәрбиелеуде  кездейсоқ мәселе емес.

     Әзірбайжан  көпұлтты  мемлекет және   кез келген  ұлт, этникалық топ  өз  тілінде  еркін  сөйлеуге   құқығы бар  екендігін Гейдар  Әлиев Жастар  форумында  атап айтты;

     «Әзірбайжанның   барлық  азаматтары   бірдей  құқыққа  ие, барлық  тілдер  еркін   қолданылады, және  болашақта да  қолданылуы керек. Әзірбайжан – Әзірбайжанда   тұрып  жатқан барлық  ұлттардың отаны. Біз  «Әзірбайжандық  азамат, әзірбайжан халқы» дегенімізде, барлық  ұлттардың бірлігін  түсінеміз. Мен  мақтанышпен  Әзірбайжанда ұлтаралық қарым-қатынас  құрмет пен қадірлеушілікке  негізделген достық, мейірімді қатынаста, біз  осы  қарым-қатынаcты  дамытамыз, құптаймыз және сақтаймыз» [1; 321].

      Әзірбайжанда  тұрып  жатқан  ұлттарға,  этникалық топтардың   тілдік ерекшеліктеріне, Әзірбайжанның  тілнің байлығына президентің назар  аударғаны     қоғамдық-саяси  ескерту  болып  табылады. Тарихи  тәжірибе  көрсеткендей, этникалық  мәселе  жаңа кезеңде  ерекше  маңызға  ие. Әзірбайжанда  тұрып  жатқан  Кавказ, Иран ұлттарының тілдік мүддесін елемеу нәтижесінде үлкен  қақтығыстарға  алып  келуі  мүмкін еді.  Сондықтан, тәуелсіздікті алған жылдардың басында ұлттық  саясатта жіберілген  қателіктер Әзірбайжанның ұлттық ынтымақтылығына соққы берді, сонымен қатар сепараттық бағыттардың  пайда  болуына  және  мемлекеттің  бөлшектенуіне алып келді.

          Гейдар Әлиев  мәселені  шұғыл ұсынып, ана тілді, руханилылықты құрметтеуге шақырды. «Біздің мемлекетіміз - Әзірбайжан. Әлемде  он миллионнан  астам   әзірбайжандық  бар. Әзірбайжан тілі, бүкіл  әлемдегі  әзірбайжандықтарды біріктірудің негізгі құралы» [1].

         Осы мәселені көтерумен қатар ол, тілді  дамытуды теледидар қызметкерлерінің алдына қойған міндет екенін  ескерті: «Теледидар  бағдарламаларының  жүргізушілері мен дикторлары  өте  таза  тіл тазалығына ие  болулары керек». Біздің  тіліміз өте әдемі, дегенмен  сол тілде сөйлеген кезде,біз  сөздерді  ерекшелетіп тартымды етіп  айтуымыз  қажет.   Барлығын үйрету, әдеби тілді  насихаттау   теледидардың  алдына қойған  мақсаттарының  бірі»  [1; 442].

        Гейдар  Әлиев   қазіргі заманғы Әзірбайжан  мемлекетін құрушы, басшысы бола тұра 50 миллионнан асқан  әзірбайжанға  өз тілін, ділін, тарихын меңгеруге шақырады. Әзірбайжан Президенті шетелдегі  Әзірбайжан ұлт өкілдерімен кездесу  барысында, тіл мәселесіне  көп назар аударды және   олардың тұрғылықты  жеріне қарамастан әзірбайжан тілін ұмытпау керектігін, оны жақсы көруге, сонымен қатар балаларын ана тілін  білуді үйретуге  шақырды. Сонымен қатар, Гейдар  Әлиев  мемлекетте  жүргізіліп жатқан  тіл  саясаты  туралы   өз  отандастарына ақпарат беріп отырды және  Әзірбайжан Республикасын олардың атамекені  деп санауға шақырды. Мысалы,  1998 жылдың  22 шілдесінде,  Лондан қаласында, Әзірбайжан  Республикасының  елшілігінде    Ұлыбританияда тұрып жатқан   әзірбайжандықтармен кездесу  барысында, ол былай деді: «Біз  үшін тарихи ықпал бар-ол Әзірбайжандылық.  Сіздер білесіздер ме, армяндар жалпы Әзірбайжан деген ұлт жоқ, көшпелі ел деп дәлелдеуде.  Ұлт ретінде әзірбайжандықтардың  өте бай тарихы  бар. Зор, ежелгі   тарихы бар! Біздің тіл- Әзірбайжан тілі» [2]. Ол  әзірбайжан тілінің  түркі тілдерінің  бірі екенін, сонымен қатар  тарихи ықпалдарға байланысты  өзгеше белгіге ие болып, түркі  тілдерінің  арасында  ерекшеленетімен көзге түсетіндігін  атап өтті. Сондан кейін, жалпы  ұлттық   көшбасы    өзінің  орыс  тілінде  білім  алғанын  сонымен қатар   сол  орыс  тілінде  жұмыс   жасағандығын  қоса айтты. Мәскеуде  жоғарғы қызметте  бола тұра, орыс тілін қанша көп қолданғанымен, Әзірбайжан  тілін ұмыта алмады, себебі   ол оған барлығынанда қымбат [2; ].

       «Музыкада, әдебиетте және тарихи ескерткіштер   әрбір  ұлттың  ұлт екенінін  айғағы. Дегенімен, осы айғақтың  біріншісі  ол-тіл. Егер әзірбайжан  тілі   болмаса,  әзірбайжан  тілінде әдбиет, әзірбайжан  тілінде  өлеңдерде, әзірбайжан  тілінде музыкада  болмас еді...» осы ойды  айта  отырып,  Әзірбайжан  Президенті 50 миллион   халықтың  ана тілін  бағалауда, нәтижесінде, халықтың ұлттық  сана-сезімін айғақтайтын  баға  беруде. Бұл  сөздің  тарихи маңыздылығы  жалпы ұлттық көшбасшының  әзірбайжан тілін   әзірбайжандылықтың  идеологиясының   көрсеткіші  деп  қарастыруда: «... Осы 5 жылда, әзірбайжан тілінің  мемлекет  тілі  ретінде  дамуы мен бекітілуі -  біздің   зор  табысымыз. Бұл тек қана  тілдік  мәселе емес, сонымен қатар  әзірбайжандылық   мәселесі. Ұлы Әзірбайжан  көзқарасы бойынша әзірбайжандылық  өте маңызды» [2;412].

         Біз  басқа мемлекеттің артынан ере алмаймыз, біз ондай халық емеспіз, деп белгілейді; біз өз тілі, әдебиеті және мәдениеті   бар  ұлы,  тәуелсіз  халықпыз,  осы   түсініктерді  сақтау дамыту, сонымен қатар  әзірбайжан  тілін   жоғары  ұстау  сіздің де, біздің  де мақсатымыз [2].

        Әзірбайжан  Президенті   бүкіл әлемдегі  әзірбайжандықтарға   “ біздің  өзіміздің  тіліміз  бар, және  біз  сол  тілде   сөйлейміз”-деп айтумен қатар  оның    «әдемілігі мен байлығы» туралы  айтудан  және өз сөзінің  мәнін дәлелдеумен көрсетуден шаршамайтын.

    1995-2000 жылдарда  Гейдар  Әлиев:

а)  сөзбен емес іспен әзірбайжан  тілінің  Әзірбайжан Республикасының   мемлекеттік  тілі   болуына өзінің  күшін,  саяси жігерін   қосты;

в) әзірбайжандықтардың   арасында, әлемде,  беделін  жоғалтқан   тілдің   мәтебесін  көтеруге, оның   ұлттық  игілігінің  артуына, Ұлы Әзірбайжанда   қарым-қатынас  құралына  айналуына   күресті;

с) әзірбайжандылықтың  идеологиясының бірі ретінде  бекітті.

          Тәуелсіз  Әзірбайжан  Мемлекетінің   тіл  саясатын  анықтау үшін  Гейдар Әлиевтің 2001 жылдың 18  маусымындағы «Мемлекеттік  тілді  қолдануды  жетілдіру  туралы»  жарлығы  тарихи  рөл атқарды. «Оғыз тайпаларыны тобына  кіретін әзірбайжан тілінің тарихы біздің  заманымызға  дейінгі  кезеңде  түп тамырымен  көне және   бай   тарихы  бар  түркі  тілдерге  жатады. Жеке түркінің  біріккен  тайпаларының   қарым-қатынас   құралы  бола  тұра, 4-5 ғасырларда    жалпы ұлттық  қарым-қатынас тілі  ретінде  қызмет  атқарды. Әзірбайжан  жерін  мекен  еткен  түркі  тайпаларының   тілі  көне заманнан  біздің  тіліміздің   негізі   болып келеді» [3]. Бұл  дегеніміз:

1)     Әзірбайжан  тілі- түркі  тілдерінің  бірі;

2)     Әзірбайжан  халқы-түркі  халықтарының  бірі;

3)     Егер әзірбайжан  халықының  тілі – әзірбайжан болса,  онда  этногенез және глоттогенез арасында ешқандай  айырмашылық  жоқ.  

        «Деде Горгуд» (XI ғ.)  дастанының   бекітілген  жазбаша  нұсқасы, ауызша  сөйлеу  тәжірибесінің  кемел  жаратылысы. Бірақ, ауыз  әдебиетірне  қарағанда,  жазбаша тілде мемлекеттік  тілдің  қызметін  атқаратын басқа  тілдердің (тегі түркі тілдер емес)  басым болуымен  айқындалады. Сефевидтердің  мемлекетінің  ең бастапқы кезеңінде,  мемлекет тарапынан  (I Шах Исмаил)  ана тіліне  назар  аударып, халықаралық  хат алмасу  барыснда  өз ана тілін  қолдану   өздігімен   мақтанарлық жайыт. «Сефевидтер кезінде Әзірбайжан тілі  сарайда, сонымен қатар  әскерде  доминант тіл болып,ресми мемлекеттік  тілге айналды» [3].      Жалпы ұлттық көшбасшы  Гейдар  Әлиев жылдар бойы  әзірбайжан  тілінің  мемлекеттік  тілге  айналуына   күресті, сонымен қатар  оның өкімет  басына қайта оралуы жауапсыз наразылықтарды жойды. Әзірбайжан мемлекетінің   тәуелсіз  тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік  тілді  қолдануға  байланысты   қажетті іс-шаралар  бағдарламасын   ұсынды. Жарғыда  айтылып өткендей: «мемлекеттің орта және жоғарғы  оқу орындарында  әжірбайжан  тілін, біздің  мемлекетіміздің  ұлттық-мәдени дамуына жауап  беретін ғаламдық  үлгілерге сай оқыту талабы бар. Көптеген бұқара ақпарат  құралдарында, ресми хат алмасуда  және т.б.  әдеби  әзірбайжан  тілінің   нормалары   жеткілікті  дәрежеде сақталмайды. Жарнама саласында  әзірбайжан  тілін  қолдану барысында  анық кемшіліктер  байқалады» [3; 5-6].

Әзірбайжан  мемлекеті    ана тілін   әзірбайжан  халқының  мемлекеттік  тілі  ретінде дамыту мен жетілдіру  үшін   келесі  маңызды   іс-шараларды   қолға  алуды ұйғарды:

1.     Әзірбайжан Республикасының  Президентінің  тұсында  Мемлекеттік   тіл комиссиясын   құру.

2.     «Әзірбайжан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  туралы»  заң  тағайындау.

3.     Мемлекеттік  тілді  және  латын графикасын қолдануды  жақсарту  мақсатымен министрліктің, басқарамалардың, ұйыдардың   басшыларына ұзақ мерзімді жоспарлар жиынтығын  дайындап, оларды  өздерінің қол астындағы  мекемелерде  жетілдіру.

4.     Білім  Министрлігіне орта  және  жоғарғы  оқу  орындарында    әзірбайжан тілін  оқыту  саласында    шұғыл шаралар  қолға алу.

5.     Әзірбайжанның Ұлттық  Ғылым Академиясына, Білім  Министрлігіне Әзірбайжанның Жазушылар  Одағымен  бірігіп, латын графикасында  басылып  шығатын  ғылыми, көркем әдеби, ағартушылық және т.б.  қажетті әдебиеттердің тізімін дайындап Әзірбайжан Республикасының  Президентіне ұсыну.

6.     Әзірбайжанның Ұлттық  Ғылым Академиясына, әзірбайжан  тілбілімін зерттеу  бағдарламасын тағайындап, осы зерттеудің үрдісі туралы   Республика Президентіне  ақпарат беру.

7.     Қалалық және аудандық  атқарушы комитеттерге жарнама тақтайшаларының, ұрандардың т.б.   Әзірбайжанның  әдеби  тіліне сай болуына шаралар қолдану.

8.     Әзірбайжанда трансляцияға арналған шетел тілдік кино және телевизиялық  материалдары  әзірбайжан  тіліне  дубляждаудың  деңгейін  жоғарлату.

9.     2001 жылдың  1 тамызынан  бастап, Республикада толығымен  латын графикасына көшу мәселесі қолға алынған. 

«Мемлекеттік  тілді  қолдануды  жетілдіру  туралы» Президенттің жарлығысы Әзірбайжанның  ғылыми-тілбілімі   саласындағы  өкілдердің, зиялылардың  тарапынан құптау тапты, сонымен қатар әзірбайжан тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  қолдану  тәжірибесіне   ерекше  әсер етті. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Гейдар Алиев. Наша Независимость вечна, кн. V, Баку, Азернешр, 1998.

2 Гейдар Алиев. Наша Независимость вечна, кн. XVI, Баку, Азернешр, 2005.

3 Указ Президента Азербайджанской Республики «Об усовершенствовании дел по применению Государственного языка».