ӘОЖ: 37.091.39
ЕКПІННІҢ СӨЙЛЕУ
БАРЫСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кулетова Ұлбосын
Ахметқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ- түрік университетінің аға оқытушысы,
Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы
Драмалық театрда көрермендерге әсер
ететін, қаһарманның ой-сезіміне, оқиғаның
мазмұн-желісіне жетелейтін негізгі құрал – сөз. Сөзді меңгеру әдісі мен тәсілі драма актері, опера артисі, көркемсөз шебері, камералық немесе эстрадалық артист үшін бірдей және ортақ. Көп жағдайда сөйлеген сөзге қарекетің, қарекетіңе сөзің қиюласпай жатады. Өйткені, сөзден – мінез, мінезден – кейіпкер бейнесі сомдалады. Сахна тілі-тіл техникасының сан қырлы сыры мен қол жетпес құндылығы тілдің тұңғиық құпиясына қазық болып қалады. Актердің өзіне берілген рөлмен жұмыс жасауы, драматургтің сөзбен жазған шығармасын спектакльге айналдыруы – бәрі де тіл техникасымен жүзеге асатын процесс болып табылады. Актер оқиғаны тыңдаушысына жеткізуде әңгімелеуші сюжет арқылы емес, өзінің анық тілі мен зерттелген сөзбен жеткізіп түсіндіреді.
Сөзден өткір, сөзден
күшті нәрсе жоқ. Әрбір сөздің белгілі
мөлшерде тура мағынасы бар да, сонымен қатар
қосалқы мағынасы бар. Сөз қолдануына қарай
алуан құбылып, өзгеріп отырады. Сөз – қажет
қырын тауып қиюластырмасаң немесе үйлесімді құрастырмасаң,
ретіне келмейтін әртүрлі формадағы асыл шыны, не болмаса
қымбат тас тәрізді. Яғни, «сөздің төркінін
танымай, тегін білмей», мән-мағынасын ажыратпай
қолдануға болмайды. Нақтылықты жойып,
көмескілікке, абстрактылыққа ұрындырады, сөз
мазмұнының өзі жүдеп, нәрсіз,
сүреңсіз қарапайым сипат алады. Осындайда,
М.Әуезовтің: "Өнердің өзін
бағалағаның шын болса, төркінінің тегін алдымен
таны" - деген сөзі есіңе түседі. Сөз өнері “төркінінің
тегін” оның құдірет-күшінің, сиқырлы әсерлілігінің
сырын ашудан абзал.
Күнделікті сөйлеу мен көркем
шығарманы, кез келген тестілерді оқуда, сөйлеп айтуда
сөздердің дұрыс айтылып оқылуы мен естілуі екпін
қоя білуге де байланысты. Өйткені, сөйлеу барысында сөздерді айтудағы
бөлшектеніп шығатын ауа
толқыны бірқалыпты айтылмай, сөз ішіндегі бір
буын өзгелерге қарағанда күштірек немесе көтеріңкі айтылады. Осы
көтеріңкі айтылыатын буынды
екпін түскен буын, немесе екпін
деп атайды. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі.
Түркі тілдердегі екпін дауыс құйылысының
қарқынымен айтылуына байланысты дем екпіні болып бөлінеді.
Қазақ тілінің екпіні
де осыған жатады. Дем екпіні тұрақты, тұрақсыз
болып екіге бөлінеді.Тұрақты
екпін қазақ тілі мен басқа тұқымдас тілдерде
кездеседі.
Сөздің екпінін өзгертіп айтатын
болсақ, онда ол жағдай сөз мағынасының өзгеруіне, орфоэпиялық норманың бұзылуына әкеліп соғады. Әдеби тілде сөйлегенде
екпінді дұрыс қоя алмайтындар өте көп. Сөз,
оның ішінде сахналық сөз өзінің ішкі
қитұрқы астар мағынасымен, терең ұғымымен
бағалы.
Егер тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса,
мәтінді оқу да қиын, тіпті түсіну де мүмкін емес.
Мәтінмен жұмыс барысында тыныс белгіге аса мән беру керек. Әрбір
сөзді, тіпті, қысқа сөздің өзін әр түрлі
мәнмен айтуға болады. Мысалы, «жақсы» сөзін сөйлеуші
жайбарақат болуы да, ызалы, ашулы, екі ойлы немесе көңілді
болуы мүмкін. Ауызба-ауыз сөз әңгімеде сөз
барысына қарай дауыс ырғағымен бейнелейміз. Жазуда жансыз әріп
– таңбамен беріледі. Әсіресе, өлең сөзбен жазылған
шығармаларда абай болу керек.
Екпін. Мысалы: "Жүре¢гімнің түбіне
терең бо¢йла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да о¢йла" – деп,
Екпінді дұрыс қоймай сөйлейді. Әрбір
адам үшін дұрыс сөйлеу қандай міндет болса, сөздерді
дұрыс айту актер үшін ең басты шарт. Актердің өлеңді
дұрыс оқи алмауы, поэтикалық әдістегі сезімді және
ойды дұрыс жеткізе алмауы да өзіндік әсер етеді. өлең
– ашық, ырғақты, дыбысты шығарма. Мұны сезінбей оқыған
адам өлең мазмұнын бұзады. "Драма ма, өлең бе бәрібір, әйтеуір
нағыз көркем шығарманың мән-мазмұнына зақым
келтірмей не бір шумағын, не бір көрінісін өз орнынан алып, басқа
жерге қоюға болмайды". Сөз сұлулығы – оның
қарапайымдылығы мен табиғилығында. Сондықтан әр
сөздің сөйлемдегі орнын іздеп, тексеруіміз керек. Сахнада бір
сөзді жібермей, өз мәнімен сөйлеп, әр қозғалыс
– қимылын есеппен дәл пайдалану өте шеберлікті керек етеді[1.65].
Сөз ішіндегі арнаулы бір буынның оқшауланып күшті
айтылуын екпін дейді. Тіл- тілдегі екпін, негізінде екі түрлі болады:
-
фонациялық ауаның
қарқынымен айтылатын байланысты екпін, мұны лебізді немесе
динамикалық екпін дейді.
-
дауыс ырғағымен яғни
дауыс тонымен байланысты екпін, мұны үнді музыкалы немесе
тоникалық екпін дейді.
-
тілде кей уақыт квантитатив,
яғни мөлшер екпін де болуы
мүмкін.
Мұның ерекшелігі –
бұл екпін түскен дауысты дыбыс басқа дауыстылардан
созылыңқы айтылады. Дауысты дыбыстың
созылыңқылығы арнаулы
бір фонологиялық мәнге ие болмаған тілде басқа екпінмен барабар квантитативті екпін де бола алады.
Қазақ тілі дауыстылары
созылыңқылығының фонематикалық мәні
жоқ. Сондықтан, екпін түскен дауысты аздап болса да квантитативті түрде де айтылады. Лебізді
екпін негізгі болады да, квантитатив соған қосымша болады;
өйткені лебізді екпінге ие дауысты дыбыс екпін түспеген
дауыстыларға қарағанда сәл созылыңқы
айтылады.
Екпінің
тұрақты болуы сөз мағынасын өзгертпейді,
бірақ сөздердің құбылып айтылуына, сөз
ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Яғни, кейбір
дауысты дауыссыз дыбыстардың айтылу кезінде бір - біріне ықпал
етуі, түсіп қалуы, сөзге қосылып айтылуы жатады. Одан
сөз мағынасы өзгеріп
отырады.
Қазақ тілінде
екпіннің алдыңғы буынға қарай жылжуы,
әсіресе лепті сөйлемдер құрамында кездеседі. Лепті
сөйлемдер құрамында жұмсалған одағайлар
экспрессивтік мәнерге қарай екпіннің орнын өзгертіп
отырады: сөз кенеттен болған қорқынышты білдірсе, екпін басқы буынға түседі, егер таң
қалуды білдірсе, соңғы буынға түседі. Бұл
фактілер түркі тілдерінің көне дәуірінде екпін
сөздің басқы буынына түскен дейтін пікірдің
дәлелді емес екенін
көрсетеді. Осыны ескерсек, басқа буынға екпін
түсу кезеңін көп буынды сөздер қалыптасқан
дәуір деп қарауға болмайды.
Қазақ тіліндегі екпін
сөздің соңғы буынына түсіп отыратындықтан тұрақты
екпінге жатады дедік. Қазақ тілі жалғамалы тілдер
қатарына жататындықтан түбірге қосымша қосылған соңғы
қосымшаға ауысып отырады. Мысалы:
бала¢-балала¢р, балаларға¢.
Алайда қазақ
тіліндегі барлық қосымшалар
екпінді бірдей қабылдай бермейді.
Екпін қабылдамайтын қосымшалар да бар. Оны, әсіресе
айту мен оқу кезінде дұрыс ажырата білген дұрыс.
Қазақ тілінде екпін сөздің
соңғы буынына түседі
дегенмен, болымсыздық жұрнақ жалғанған етістік
пен тұлғалас есім
сөздері бар. Ал есім сөздеріміз соңғы
буынына екпін түсетініні мына қатардағы сөзден ажыратуға болады.
бөлме
бөлме
алма алма
кеспе кеспе
жарма жарма
баспа баспа
көрме
көрме
шығарма шығарма
Есім сөздеріне жалғанып
теңеулік ұғым тудыратын: -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары да екпін
қабылдамайды.
Бұлтай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе қар жауып
мазаңды алады.
Борандай бұрқ-сарқ
етіп долдағанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
(Абай)
Етістіктің түбіріне
жалғанып өтініш, тілек
мағынасын білдіретін: -шы, -ші жұрнағы да екпін
қабылдамайды.
-Шы, -ші жұрнағы кейде
есім сөздеріне қосылатын -шы,
-ші жұрнағымен тұлғалас болып келеді. Екпін
түсіру арқылы ғана мағыналарын бір-бірінен
ажыратуға болады:
қойшы -
қойшы
көрші - көрші
басшы - басшы
тілші - тілші
Қазіргі
ғылым мен техниканың дамыған кезінде тілімізге енген
атаулардың оқылуы мен жазылуында,
өзге тілге араласуында өзіндік ерекшелігі бар. Терминдік
атаулар орыс тілі арқылы кезең – кезеңмен еніп келеді.
Көршілес халықтармен
қарым-қатынас жасау арқылы тілімізге енген
көптеген сөздер болды. Тілімізді байытты, әсіресе орыс
тілінен енген сөздер еді. Алайда сол дәуірде енген әрбір
сөз ауызша енгендіктен болар, қазақ тілінің дыбыс
заңдылығына
бағындырып айтылады, солай қалыптасып кетті. Біз ондай
сөздерді сол кезде қалай қалыптасып кетсе солай сөйлеп,
орфоэпиясымен фонетикалық принципке сүйене отырып жаза береміз[2.131].
Мысалы: сиса, сәтен, керует, т.б. Орфоэпия заңдылығымен
сөйленіп, жазылып кетендіктен өз тіліміздегі сөздер
сияқты екпін қазақ тілінің заңдылығына бағынып түседі.
Орыс тіліндегі
сөздерге түсетін екпін сөз мағынасын өзгертеді.
Екпін әр буынға сөз мағынасына қарай ауысып
отырады. Мысалы, мына сөздердегі екпін сөздің басқы,
ортаңғы, соңғы буындарына түседі. Мысалы: тво¢рог немесе товоро¢г
т.б. сөз мағынасы өзгереді. Қазақ тілінің
екпіні тұрақты екпінге жатқанымен үнемі
өзгермейді деуге болады. Сөздердің сөз
тіркестерінің айтылу әуеніне, психологиялық көңіл
күй де әсер етеді. Ондай екпін ауысып түсетін сөздер
айрықша дауыс ырғағымен айтылатын есептік сан есімдерде,
мағыналық жағынан ерекше айтылған сұрау
есімдеріне, бұйрық мағынасында жеке айтылған
етістіктерде т.б. жылжып соңғы буынға ауысып кететіндері
болады.
Әдеби
тілдің орфоэпиясымен сөйлеудің басты ережелерінің бірі,
осы сөз екпінін дұрыс
қоя білуге де байланысты екен. Сөзге екпін қоюды
тереңірек зерттеп, қойылған
екпіннің дұрыстығын сөздікке қарап,
тексеріп отыруға дағдылану мәтінімен жұмыс істеу
кезінде баса назар аударуды керек етеді.
Шығарманы, мәтіндерді
оқуда сөзге екпін
қойып оқудың
мәнерлі оқуға
қандай қатысы барын жоғарыда сөз еттік.
Қазақ тіліндегі
сөздерге қойылатын сөз екпіні әр сөздегі
буын санына байланысты болса, тіркес
екпіні немесе фразалық екпіндер сөйлем ішіндегі
сөздердің бір – бірімен байланысу тәсілдеріне байланысты
қойылатын синтаксистің обьектісі.
Сөйлемдегі сөздер жеке-жеке
ұғымдарды білдірсе,
сөз тіркесі олардың бір – бірімен грамматикалық қарым-қатынасқа
түсетінін білдіреді. Әрине кез-келген сөздер бір - біріне
тіркесе алмайды, белгілі бір өзара мағыналық байланыста
айтылған сөздер ғана сөз тіркесінің
құрамына ене алады. Тіркеске енген сөздер оқылу
барысында бір екпін ырғағына ие болып, бір сөз сияқты
оқылып кетеді. Өйткені, тіркеске енген сөздер кейде
дыбыстық құрамы жағынан үйлесіп,
ыңғайласып қосылып оқылады.
«Сөз бен
сөздің ықпал заңдарының әсері бірін – бірі
толықтырып, орфоэпия заңдылығымен оқылады.
Күрделі сөз тіркесіне бір-бірімен ажыратуға келмейтін
сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін
атқаратын тіркестер жатады. Алайда, оқылу сөйлеу барысында
осы тіркестердің барлығы да тұтас бір екпінмен бір дауыс
құйылысымен оқылады»[3.95]. Тұрақты
тіркеске енетін сөз тізбегі де оқылу сөйлеу барысында бір ғана дауыс құйылысы
екпінімен оқылады.
Олар:
Қосарланып келген сөздер
(әдет-ғұрып, бала-шаға, ет-пет, шай-пай т.б.)
Толық мағыналы
сөздер мен шылау
сөздердің тіркесі (біз үшін, әкем сияқты,
мың қаралы, кешке шейін, ойнап еді.)
Күрделі сөз тіркестері
(торы ала, ақ сары, бас киім, қол сағат, күре тамыр,
жиырма бес, үй іші, кеміп қалды, құлап қала
жаздады, келеді екен т.б.)
Қабыса байланыстын сөздер
тіркесі ( сұлу қыз, әсем жігіт, жібек жүн, қызыл
қоңыр, қара
бұйра, он қыз, он бала, тез кетті, кілт тоқтады,
қысқа сөйледі т.б.)
Меңгере байланысатын сөз
тіркестері ( кітапты оқыды, қалаға барды, үйден
шықты, әсеммен сөйлесті, машинамен келді т.б.)
Матаса байланысатын тіркестер
(ауылдың маңы, колхоз кеңесі, әкемнің
інісінің баласы т.б.)
Сондықтан,
тіркестерді оқу барысында кейіпкердің авторының негізгі ойын айтпақ болған пікірін,
сан алуан көңіл күйін тыңдаушыға жеткізе білу үшін ерікті және тұрақты
сөз тіркестерін талдау барысында ажырата біліп, дауыс ырғағын
дұрыс қоя білудің білімдік те, тәрбиелік те мәні
зор.
Шығарма
тіркесіндегі әрбір сөйлем белгілі бір ойды хабарлап, сұрау
мағынасында немесе сан алуан көңіл күй құбылысын білдіріп тұрады.
Сол себепті айтылған
сөйлемдегі ойдың
мазмұн мағынасына қарай сөйлемдегі бір сөзге мағыналық,
яғни логикалық екпін түседі. Ол басқа сөздерге
қарағанда сәл ерекшелеу оқылып тыңдаушы назарына
сол сөздегі дауыс сазы арқылы аңғартады. «Логикалық
екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаныны
контекстегі сөз ыңғайына қарай анықталады. Ал
сөйлеу тілінде сөйлеуші өзінің ойын жеткізу
тәсіліне қарай
логикалық екпінді қай сөзге қойғысы келсе
сол сөзге қоя салады[4.65].
Мәнерлеп
оқуда дауыс сазын дұрыс қолдана алмаушылықтан, тексті
күні бұрын талдап алмай бірден аудитория алдында оқи салудан
көптегн кемшіліктер жіберіп жүрміз.
Балалар аманбысың, шыра¢қтарым,
Балалар аманбысы¢ң, шырақтары¢м,
Ма¢йысып көлге біткен
құра¢қтарым
Майысы¢п көлге біткен құрақтары¢м
(Жамбыл)
Мәтінді
оқу үшін талдау кезінде дауыс ырғағы арқылы
сөйлем мағынасы қалай жеткізу жолдарының әдісін,
ойластырып, кез-келген шығарманы талдап алғанда ғана жеткізе алады. Сөз ішінде дауысты дыбысты
созып, созыңқырап оқу арқылы сан алуан
көңіл күй құбылысын беретін жағдайды
эмфизалық екпін деп жүр[5.111-113].. Бұндай екпінге ие
болатын сөздер көбіне сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Кейде
сөз басында келетін дауыссыз дыбыстар созылмаса да қайталанып, тістене
дыбыстау арқылы
көңілсіз әсерін қалдыратын жағдайлар кездеседі.
Лебізді екпінді
лингвистикалық әдебиетте экспираторлық екпін деп те атайды.
Бұл терминологияны жақтаушылардың пікірінше, екпін
түскен буынды айтқанда фонациялық ауа мол шығуға
тиісті.
Қазақ
тіліндегі екпін басқа түркі тілдеріндегі екпін тәрізді
сөздің, көбіне соңғы буынына түседі.
Сахна
өнерінің ішкі ең басты құралы – сөз. Тебіренген ішкі толғанысыңды, асқақ
сезіміңді сахна алаңы арқылы көрермен қауымына
жеткізер асыл аспап: алтын домбыраң да, құдіретті
қаруың да – сөз.
Сөз – сахнаның сұлу
сәулеті, ғұмырнама ғимараты, спектакль деп аталатын
күрделі дүниенің тас табалдырығы мен қыш
қабырғаларын қалайтын рухани әлем. Сахнада айтылар әрбір
сөз майдан даласындағыдай қақтығыстар мен
сайыстарға толы. Сондықтан да, «сахна тілі» пән ретінде
жалаң сөзді жалаулатып, майын тамыза сөйлеуді, айтар
ойыңды жеткізумен шектеліп қана қоймай, сахнаға
аяқ басқан кейіпкердің ішкі
рухани байлығы мен сыртқы бейнелік болмысының
көркемдік байланыс үйлесімін толғалауды мақсат ретінде
алға тартады. Сахна тілінің көркемдік қуаты мен
саздылық сипаты театр өнері саласында айрықша орын алады [6,82].
Тілді
құрмет тұту – оны байытып кемелдендіру, қолдану аясын
кеңейту ғана емес, сонымен қатар оның жарасымды
үйлесімін сақтап, мағыналық бояуын
қанықтыра түсу де.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Тұранқұлова Д. Сырлы
сөз-сахна сәні. А., Білім. 2003 ж.
2.
М. Балақаев. «Тіл
мәдениет және қазақ тілін оқыту». - А.,
1989.
3.
М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті.
- А., 1971.
4.
Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің
мәселелері. - А., 1991.
5.
С.Құрманғалиева. Қазақ
тілінің мәселелері. - А.,
1965.
6.
Д. Тұранқұлова «Сахна тілі» Алматы.
«Білім» 1994 ж
Резюме:
В этой статье
рассматривается вопрос о степени значений ударения в словах, их видах и
областях применения.
Summary:
This article discusses
the question
of the degree of stress values
in words, their forms and
applications.