«Байлық–кедейлік» концептісінің әлемнің тілдік көркем бейнесін берудегі ұлттық ерекшелігі

Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ

директоры, филология ғылымының

докторы   С.Б.Даутова

 

            Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ

бас ғылыми қызметкері , филология ғылымының

кандидаты   Б.Р.Оспанова

 

 

Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сәйкес тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың мәні зор. Оның нақты көрінісі – «әлемнің әдеби тілдік көркем бейнесін» ұлт тілі арқылы зерттейтін лингвомәдениеттану саласы. Себебі, әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы т.б. сол тілде сөйлеуші ортада қалыптасып, тілінде сақталады. Демек, сөз заттың тура таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сүйенген – «әлемнің әдеби тілдік көркем бейнесі». Ю.К.Юркенас: «… антропонимдер өзіндік бір мәдени мәтін ретінде қабылдануы тиіс», – деп тұжырымдайды [1,48 б.]. Қазақ тіл біліміндегі бүгінгі күні қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі антропоөзектік  бағыттағы зерттеулер. Антропөзектік бағыт аясындағы зерттеулердің үлкен салалары гендерлік лингвистика, когнитивтік лингвистика қазіргі күні ғылыми қағидалары мен амал-тәсілдер негіздерінде өз алдына жеке ғылыми сала болып қалыптасып, дамып келе жатыр. Лингвистика ғылымындағы мәдениеттің орныққан концептілерін диахрондық және синхрондық тұрғыдан саралау, тіліміздегі поэтикалық образды сөздерге лингвомәденитанымдық тұрғыдан түсіндірмелер беру, лингвокогнитивтік мәселелердің түйінін шешу бірден бір өзекті ғылыми ізденістер қатарына жатады.Тіл біліміндегі зерттеулердің негізі бүгінгі таңдағы жаһандану процесіне төтеп берудің негізінде ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып түсіну үшін, тілдік бірліктерді тіл мен танымның тұтастығы, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы тұрғысында тілдік емес лингвофилософиялық мәнділіктермен өзара сабақтастықта «әлемнің тілдік көркем бейнесі» деген күрделі теорияның ыңғайына сай негізделіп зерттеу ісін жүргізу кеңінен етек алуда. Ал,«дүниенің белгісі дегеніміз адам баласының әлемді тануының негізі болып  саналады. Әлемнің әдеби тілдік көркем бейнесінде, әсіресе, рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық мораль, ұлт өкілдерінің дүниеге, адамдарға және басқа ұлттарға деген қарым-қатынасы тәрізді маңызды ақпараттар жинақталған. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші В.А.Маслова: «Әлемнің тілдік көркем бейне көріністері әр тілдің өзіне тән ерекшеліктеріне, әр халықтың әлемді өзінше тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде өзгеше болып өріледі» дейді [2; 80]. Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер нәтижесі мен анықтамаларды сараптай келіп, біздің ойымызша, когнитивтік лингвистиканы тіл білімінің антропоөзектік бағытқа сүйенген саласы деп түсінуге болатын сияқты. Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай «концепт» терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен әдебиет, мәдениет пен этнос» мәселесiне қатысты түрлі ғылым саласында кешенді түрде, ғылым салаларының түйіскен жерінде зерттеу жұмыстары тiлдің ұлттық сипатын, ұлттық танымын, ұлттық рухын тануға, танытуға негiзделген. Халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігін оның тілі арқылы тану қағидасына сай зерттеу тіл біліміндегі жаңа бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыт тілдегі адам факторын тіл табиғатымен тығыз байланыста қарастыратын антропологиялық лингвистика саласының негізін қалады. Демек, антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулерде тіл тек жүйе ретінде ғана зерттелмей, тіл мен адамның, тіл мен танымның, тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның байланысы жан-жақты қарастырылуда.

      Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі десек, тіл ой қызметін көркем бейнеге, белгілі бір тілдік үлгіге түсіреді. Адамзаттың шындық болмысты танып-білуі – барлық халыққа ортақ, себебі таным-түсінік тіл арқылы емес, ми қызметі арқылы жүзеге асатыны ақиқат. Ми қызметінің нәтижесінде тілдік бірліктер объективті дүниемен байланысады, сол арқылы адам дүниені таниды. Ал осы адам танымының нәтижелері тілдік таңбалар арқылы тілден көрініс табады. Таным – шындық дүниенің көркем бейнесі. Бұл – әлем бейнесінің тілден көрініс табуы. Яғни, әлем туралы ақпаратты тілдік таңбалар арқылы айқындау    ғаламның тілдік бейнесі деген ұғымды тудырады.

Осы адамға қатысты концептіліердің ішінде «Бай» және «кедей»  ұғымдары, оларды білдіретін сөздер қазақ тілінде көне замандардан белгілі. Олар  жайында қазақтың халық тілінде, ауыз әдебиетінде, қазіргі әдеби тілі мен әдебиетінде бай материал бар. Бірақ оларды жеке концепт ретінде арнайы зерттелген емес.

«Бай» және «кедей»  концептісі алғаш ғылыми зерттеу   нысанына  айналды. Ол жөнінде А.Н.Самойлович КСРО  Ғылым  академиясының, Қоғамдық  бөлімі    «Хабарларының»  1936 жылғы  4 нөмірінде  «Богатый  и  бедный   в тюркских  языках» деп  аталатын  очерк  жариялады. «Бай»  және  «кедей»  ұғымдары  жайында  алғашқы  ғылыми  еңбек  осы очерктен  басталады.[3]

Бұл еңбекте «Бай», «кедей»  тіл  бірліктерін  жалпы  түркі  тілдері  деңгейінде   алып  қарастырған.  Түркі  тілдеріндегі  «бай», «кедей»    ұғымдарына  қатысты  түркі  тілдерінің  халық  ауыз  әдебиетіндегі  тарихи  көне  жазба  ескерткіштеріндегі  өзіне  мәлім  деректерді  қамтыған.  «Бай»  және  «кедей»  сөздерінің  ең  алғашқы  дәуірден,   жазу  болмаған  кезден  біздің  заманымызға  дейінгі  уақыт  аралығындағы  әлеуметтік  мағынасын  құрастыруды  мақсат  еткен.  Түркі тілдеріндегі «бай», «кедей» концептісіне   «байлық», «кедейлік», «бай», «кедей» сөздерінің тарихын 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бұл сөздердің ең алғашқы даму кезеңін түркі тілдеріндегі «бар»,«жоқ» сөздерімен байланыстырады. «Бар», «жоқ» сөздерінің көптеген түркі тілдеріндегі айтылуын, фонетикалық нұсқаларын келтіріп (бар, вар, пор, йоқ, жоқ, оқ, суоқ т.б)  түркі тілдеріндегі мағыналарын анықтайды. «Бар», «жоқ» сөздерін әрі зат есім, әрі сын есім деп танып, түркі тілдерінде мынадай мағынада қолданылатынын көрсетеді.

Бірақ автор «бар» сөзінің бұл мағыналары түркі тіліндегі бәрінде бірдей кездеспейтінін ескертеді. «Бар»  сөзінің «бай», «байлық» ұғымдарын білдіретін екі мағынасы қазақ тілінде бар дейді. Бар барын айтады, бақа бұтын тарбайтады деген қазақ мақалын келтіреді.

Біздің ойымызша, «бар» сөзінің «дәулетті», «бай» мағынасында феодалдық дәуірде қолданылуы одан бұрынғы таптық емес дәуірдің қалдығы болып табылады, оны негізінен қарапайым  еңбекші халық қолданған, үстем тап тілінде орын теппеген. Яғни «бар» сөзінің тарихи жазба ескерткіштерден VІІІ ғ. Орхон жазуында «дәулетті», «бай» мағынасында кездесетініне мысал ретінде bay-bar artim «бай, дәулетті болдым» тіркесін кездеседі. «Бар» сөзі «бай», «дәулетті» мағынасында осы күнгі түркі тілдерінде орхаизм түрінде негізінен ауыз әдебиетте сақталған.     

Ал  жоқ  сөзінің  түркі тілдерінде бес мағынада қолданылатынын талдаған, оның үшеуі зат есімді мағыналар; 1)жоқ болу, жоқтық (отсутствие), 2)өтіп қаза, (смерьт), 3)бақытсыздық, жоқшылық (несчастье, недастаток, бедность); екеуі сан есімдік мағыналар: 1)жоқ (от) болмайтын (несуществующий), 2)жарлы (неумущий),  кедей (бедный).

Йок (жоқ) сөзі «кедей», «кедейлік» мағынасында қазіргі түркі тілдерінің біразында кең тараған, түркі тілдерінің көпшілігінде (өзбек, қазақ, татар, башқұрт, қазақ, қырым-татары, азербайжан) архайзм түрінде ауыз әдебиетінде сақталғанын айтады.

VІІІ-ХІ ғғ.ескі әдеби ескерткіштерде йоқ-чығап тіркесі түрінде кезеңі дейді. Мысалы, М.Қашқарида kokue kimin bolsa dali yod-civay dilsa kucun bolmas ani tag-bay. М.Қашқари мұндағы  yod-civay тіркесін арабтың факир сөзімен, tog= bay пернесін  бір сөзбен бат деп  аударған. Сонда «кімнің көңілінде факерлік болса, оны зорлап бат етуге болмайды» болып шығады.

Бай сөзінің тарихындағы екінші кезең қазіргі кезде неғұрлым таяу тұрған кезең, оның түркі тілдеріндегі қалдықтары алғашқы бар кезеңіне қарағанда көбрек және оларды соншалықты көне деп қарауға болмайды дейді.

Барлық сөзі барлы, барлы т.б нұсқаларымен бірге кәзіргі түркі тілдерінің көбінде белгілі. М.Қашқарида барлық «ауқатты, дәулетті» мағынасында берілген.

Бұл кезендер «бай» ұғымын барлық түркі тілдерінде ерлік негізінен бай сөзі, ал кедей үғымы түркі тілдерінде чығай, йарлығ (жарлы) байғұс, кембағал сияқты әр түрлі сөздер арқылы концепт ретінде қарастыруға болады.

Кейбір тілдерден «кедей» ұғымын неғұрлым көне йоқ сөзі беретінін айтылған. Өзбек тілінде бат кисе-құтлұ болсын, йоқ кесе қайдан алдың? – дейді. Ө.Тұрманжановтан алып осы мақалдың қазақы нұсқасын берген: Жарлы атқа мінсе, қайдан алдындар, бай атқа мінсе, құтты болсын деп.

Бұдан деп В.Радловтың сөздігіне сүйене отырып, қазақ, қазақ-татар тілдерінде бай сөзі «бай»  мағынасы нан басқа «Қожа», «ие», «ер, күйеу», оған қоса қазақ тілінде әрі «басшы», «батыр» мағынасында қолданылатыны айтылады. Бай сөзі қазақ түркмен, қазақ-татарларында адам аттарында, малды қорғап сақтайтын ит аттарында кездесетіні Мысалы. Ақбай, Қарабай, Сарыбай, Ағыбай немесе Байқасқа, Байтөбет, Байшолақ т.б айтылған.

         «Бай» мағынасымен тектес «байлық» ұғымы түркі тілдерінің қазіргі әдеби тілдерінде әр түрлі нұсқада берілетіні көрсетілген: чувашта-нуанлих, алтай, телеутте-пайлық, қазақ, башқұрт, құмық, анатол-түріктерінде-байлық. М.Қашқари сөздігінде басқа дерек көздерде белгісіз, татарлы немесе жаңа ұйғыр тілінде сақталып қалған, күміс ақшаны білдіретін көнетүркілік  йармақ сөзінен туған йармақлақ етістігі «ақшалы балу», «диртемдерге ие болу» мағынасында қолданылады. ХІІІ-ғасырдан бастап жиі қолданылған Күміс ақша  «диртем» мағынасындағы ақша сөзі, одан қазақ-татарларында «дәулетті болу», «бай болу» мағынасында ақчалан сөзі туғаны, «ақша» мағынасындағы парсы сөзі пұл сөзінен өзбек тілінде «баю, ауқаттану» мағынасында етістік тұлға пұллан сөзі пайда болғаны, кейін пұл сөзі ақша мағынасында қазақ, түрікмен, азербайжан тілдерінде қабылданғаны жанында деректер келтірілген.                             

Бұдан деп А.Н. А.Н.Самойлович  бай, байлық мағынасында теңге, теңгелі, пара, паралы (соңғылары Орта Азияда пара «взятка», одан парақор тәнінде қолданылған) сөздері, кедей, кедейлік мағынасында VІІІ-ХІХ ғасырларда қолданылған чіған, чығай, бұдан басқа йарлы, йарлылығ (жуалы, жуалылық), қоңсы, байғұс, сырлы араб-парсы тілдерінен міскін, кедей, фақыр сөздерінің түркі тілдеріндегі айту сипатына, мағыналық  демократияға тоқтаған.

  А.Н.Самойлович         «Байлық-кедейлік» оппозициялық тіл бірліктері даму тарихының төртінші кезеңін түркі тілдері үшін ХІ-ХІІІ ғасырлардан ХХ ғасырға дейін созылған аса ұзақ кезең дейді. Бұл түркі халықтарының ішкі мемлекеттік, халықаралық саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастарының өркендеуіне байланысты күрделенген және Иран-араб елдерінің тілдік қатынасы артқан кезең болды. Түркиядағы әлеуметтік өмірге дүниежүзілік соғыстан кейінгі ұлт-азаттық қозғалыстың ықпалы күшті болды, буржуазиялық республика құрылды, тілге реформа жасалды. Бұрынғы Ресей Қазан революциясынан кейінгі типсіз қоғам орнатуға мүмкіндік туды дейді.

А.Н.Самойлович деректерінше, бай сөзі: бұл кезеңде түркі халықтарының көпшілігінде сақталғанымен, қараим, гагауа тілдерінде болмай шықты, анатол-түріктері тілінде ХVІІІ  ғасырда әдеби тілден, шиін сыйлаз тілінен ығыстырылды, тек шалғай аудандардағы қарапайым халық тілінде сақталды, азербайжан тілінде де осылай. Бұл тілдерде де бай сөзінің орнына кейін ХІХ ғасырда енген зенгін, «байлық» мағынасында зенгінеік «баю» мағынасында зенгінленмек сөздері қолданылған. 

Кейбір түркі тілдерінде бай сөзімен қатар «бай» мағанасында араб-парсылық малдар сөзі қолданылған: түрік өлеңдерінде «байлық» мағынасында молдалұқ, қазан-татарлары мен башқұрттарда мал-маллы, қазақ тілінде малды сөздерінде айтылады.                     

Бұда деп түркі тілдерінің бірқарында  «бақыт», «батлы», «мемлекет», «династия» (билік, әулет) мағыналарында араб сөзі дәулет кең тараған, одан дәулетлі, дәулетленбек «байлық»,  бидеулет «кедей» сөздері туындаған.

Түркі тілдерінің сызу және әдеби тілдерінде парсының ходжа сөзі «бап» мағынасында кездеседі, оның мағынасы мырза, қожайын, көпес сөздерінің мағынасына қатысты, қазан-таталары, башқұрт, өзбек тілдеріндегі ходжалық, орыс тіліндегі хозляим сөздері осы ходжа-мен тектес, Алтын Орданың әдеби ескерткіштерінде «Қисса Исуф» (ХІІІ ғасыр) «Жұмтұма» (ХІVғасыр) Құтыптың «Хосроу да Шырынында» ходжа-құл сөздері қарама-қарсы мағынада берілген,  Мұхамед Салихтың «Шейбани-Намэсінде (ХVІ ғ. басы ) ходжа-фақыр сөздері қарама-қарсы мағынада берілген.

Сонымен бірге исламның ықпалымен «қайыршы», «жарлы» мағынасында парсының геда (кедей) сөзі түркі тілдерінде  кең тарап, бай мен кедей тіркесінде көп қолданылғаны, әсіресе қазақ тілінде сіңіп кеткені айтылып, «Тамам» жұлдыз жиылып алға жетпес, Тамам кедей жиылып бойға жетпес, деген қазақ мақалы келтірілген. Сондай-ақ түркі тілдерінде «кедей», «жарлы», «қайыршы», «кедей», «сорлы» мағыналарында қолданылатын араб-парсылық ғарыб, нашар, бейшара, мүфвлик, заваллы, бығыз,  дервіш, фақыр, джадаф,  джадақ,  барақсы  т.б. сөздері сақталған.     

Қорыта келгенде «бай», «кедей»  концептісіне жататын сөздердің даму кезеңдерін түркі халықтары тарихындағы таптық емес алғашқы рулық қоғаммен, одан кейін таптық сипаттағы феодалдық дәуірдегі әлеуметтік өзгерістермен байланыстарын құрайды.

 

 

Әдебиеттер тізімі:      

 

1. Юркенас Ю.К. Онимизация апеллятивов и развитие индоевропейских антропонимических систем. Автореф. дис. … д-ра филол. наук. М., 1979.

2. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск, «Тетра Системс», 2004

3. Самойловч А.Н. Богатый и бедный в творчески языках известия АНССР, отд. обще. наук, 1936, №4 С. 21-66

        

           Резюме