Заңтану магистрі Санасыров Н.Т.
Заң ғылымдарының магистрі Абенова Г.А.
Инновациялық Еуразия университеті,
Қазақстан Республикасы
СОТ АКТІСІН ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Азаматтық
іс жүргізу құқығында сот актісін орындауды
қамтамасыз ету әр түрлі тәсілдермен жүзеге
асырылады, «оны тиісті органдар талапқа қатысты, шығарылатын
шешімнің орындалуын кепілдендіру үшін қабылдайды».
Қамтамасыз
ету шаралары құқықтық мәжбүрлеу
шаралары бола отырып, азаматтық сот ісін жүргізуде қамтамасыз
ету шаралары «қорғаудың процессуалдық шаралары ретінде»
немесе «мемлекеттік мәжбүрлеуді іске асырудың тәсілдері
ретінде» қарастырылады.
1999
жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс
жүргізу кодексі қабылданғанға дейін қолданыста
болған Қазақ ССР АІЖК-де қамтамасыз ету шаралары
түпкілікті болатын және сол кодексте көрсетілген шаралардан
басқа шараларды қабылдауға жол берілмейтін, қазіргі
таңда қолданыстағы АІЖК-де қамтамасыз ету
шараларының тізімі түпкілікті емес екені және қажетінше
талап қоюды қамтамасыз ету үшін өзге де шаралар
қабылданатыны туралы тікелей норма бар. Аталған норма ҚР
АІЖК-нің оң жетістіктерінің бірі болып табылады, себебі,
істерді қарау барысында әртүрлі шешімдер қабылдау
қажет болады. Алайда, осы норманың іс жүзінде тиімді
жұмыс істейтініне кепіл жоқ, аталған «өзге де шаралар»
анықтамасы не заңшығарушы тарапынан, не соттардың
істерді біркелкі қарау жөніндегі сот практикасын
қалыптастыруға ықпал ететін Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулыларында мағынасы ашылып, үлгі тізбесі
берілмеген. Әрине, бұл, сот актісінің орындалуына ықпал
ететін шаралар болуы мүмкін, бірақ, біріншіден, мүдделі
адамның соттан «өзге де шараларды» қабылдауды сұрай
отырып, өзінің құқықтарын асыра пайдаланып,
қарсылас тараптың құқықтары мен
мүдделеріне нұқсан келтірмейді ме екен; екіншіден, әр
облыста құқық қолдану практикасы
әртүрлі екені баршаға мәлім, осы жағдайлар
қамтамасыз ету шараларын қабылдауға кері әсерін
тигезбесе болар еді.
ҚР
АІЖК-нің 159-бабы 1-бөлігінің 1-3-тармақтарында
белгіленген қамтамасыз ету шаралары әмбебап болып,
қойылған талапқа қарай кеңінен
қолданылатыны дау туғызбайды. Ал «мүлік», «белгілі бір
әрекеттер», «өзге де міндеттемелер» сияқты сөз
тіркестерін пайдалану аталған шаралардың әмбебаптығын
күшейте түсіп, талаптардың көпшілігі бойынша
қабылдауға мүмкіндік береді.
Қамтамасыз
ету шаралары сот актісінің тиісінше және уақытылы орындалуы
үшін қабылданады. Осы шаралардың ертерек қабылдануы,
сот актісінің іс жүзінде орындалуына тікелей ықпал етеді.
Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы мәселені шешу
барысында соттың қандай да болмасын қателіктерге жол беруі
кейіннен сот актісінің орындалуына теріс ықпалын тигізуі
мүмкін. Сот актісінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын
соттың уақытылы әрі дұрыс қабылдауы, сот
орындаушыларының сот актісін заңда көзделген мерзімдерде
орындауға мүмкіндік туғызады. Қаматамасыз ету шараларын
уақытылы қабылдамау немесе мүлдем қабылдамау
заңды күшіне енген сот актісінің орындалуына кері
әсерін тигізуі немесе мүлдем орындалмауына әкеліп соғуы
мүмкін.
Р.
Гланцтың даудың алдын-ала қалай шешілетіні белгілі туралы
пікірі сол кездегі заңдарда да бекітілген еді. 1923 жылғы
Қазақ ССР АІЖК-нің 83-бабының а) тармағына
сәйкес, егер қойылған талапты қоса берілген
құжаттардың негізінде жеткілікті негізделген деп тануға
болса ғана қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол
беріледі. Демек, судья азаматтық-құқықтық
дау талапкердің пайдасына шешілетін жағдайда ғана
болашақ сот актісі бойынша қамтамасыз ету шараларын
қабылдаған. Осыған байланысты ҚР АІЖК-дан және
1963 жылғы Қазақ ССР АІЖК-дан жоғарыда аталған
негіздер алынып тасталған, себебі ол негіздер
азаматтық-құқықтық даудың алдын-ала
қалай шешілетінін айқындайды. Алайда, осы негіздің
қолданыстағы АІЖК-да болмағандығынан, соттар талап
арыздың негіздерін, қоса берілген құжаттарды және
сот актісін орындау барысында қиындықтар туындайды немесе ол
мүлдем орындалмауы мүмкін емес екенін мұқият зерделеу
міндетінен босатылмайды. Осы негіздердің жиынтығы болған
жағдайда ғана соттың қамтамасыз ету шараларын
қабылдау туралы ұйғарым шығаруы мүмкін.
Қорыта
келе мынадай тұжырымдама жасауға болады, қолданыстағы
АІЖК-нің 156-бабында белгіленген қамтамасыз ету шараларын
және осы бапта шеңбері анықталмаған өзге де
шараларды қабылдау кезінде соттар талаптың негіздерін, талап
арызға қоса тберілген құжаттарды, сот актісінің
орындалуына кедергі келтіретін немесе мүлдем орындалмауына ықпал
ететін мән-жайларды кешенді түрде зерделеп қажетті
қамтамасыз ету шараларын қабылдауға тиіс.
Әдебиеттердің
тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 13 шілде 1999
жыл. // «Заң» деректер базасы.
2.
Исаенкова О.В. Проблемы
исполнительного права в гражданской юрисдикции: Дис. .д-ра. юрид. наук.
Саратов. 2003. С. 16.
3.
Гланц Р. Иски
о воспрещении и обеспечении их / Право и жизнь. М., 1926. Кн. 1. С. 48.