ӘОЖ 796
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МЕН
СПОРТТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Әбділлаев Әбдіқалық Көшербайұлы ХҚТУ
профессоры
Жайымбаев Нұрлан Тұрғанбекұлы магистрант
Қазақстан Республикасы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы
Дене
мәдениеті – бұл оқушыларды оқытып, үйрету мен
тәрбиелеудегі маңызды пәндердің бірі. Жас
жеткіншектерді жан-жақты дамыту сабақтары барысында мыналар іске
асырылады: денсаулықты нығайту; салауатты өмір бейнесімен дене
мәдениеті негіздерінен білім дәрежесін меңгеру; дене
және психологиялық сапаларының ұтымды деңгейіне
жету; өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету
үшін дене мәдениеті мен спорттық қызметтің
озық тәжірибелерін пайдалана білу.
Республикадағы
білім беру жүйесіндегі қайта құру дене мәдениетін
оқытудың жаңа тәсілдерін іздеуге және
қалыптастыруға мүмкіндік туғызды, яғни
олардың негізгі бағыты мемлекет мүддесі, азаматтардың
дене мүмкіндіктерін жетілдіруде қоғам сұраныстары мен
қажеттіліктері, білікті және аса өнегелі мамандар даярлау
болып табылады.
Дене
мәдениеті мен спорт педагогикасы оқытып, үйрету,
оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін
дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау бойынша
оқытушылар құрамының күш салуын талап ететін білім
беру құрылымы ретінде алға шығады.
Жастарды
тәрбиелеу оқу-тәрбие үдерісін демократизациялау, дифференциялау
және гуманизациялау есебінен, өзара қисынды байланысты
жүйелеп, оқытушы мен студенттің барлық қызмет
түрлерін ұйымдасқан түрде қамтитын мәдени,
табиғаттық, аймақтық және басқа да
қозғаушы күштердің ерекшеліктері ескеріліп жүзеге
асады, яғни мақсаты – оқытып, үйрету мазмұны –
оны іске асыру технологиясы.
Дене
мәдениеті адамның ұйымдастырғыштық қабілеті
деңгейін дамытуға, кәсіби қызметке психологиялық
даярлығын жетілдіруге мүмкіндік туғызады
(қызығушылық, ішкі орнықтылық және өз
еңбегінің пайдалылығына сенімділік).
Адамның
дене сапаларын жетілдіруге тәрбиелеу және оқытып,
үйрету үдерісінде, нақтылы жоспарланған оқу
үдерісі, оқытып, үйрету құралдары, формалары мен
педагогикалық әсер ету әдістері, олардың оқу
материалдарын меңгеруін жүйелі бақылау, тексеру және
бағалау, сол сияқты дене шынықтыру-спорттық кездесулер,
жаттығулар, спорт түрлері бойынша әртүрлі жарыстар.
Оқытып,
үйрету мен тәрбиелеудің тиімділігі оқытушылардың
жоғары кәсіби біліктілігі, олардың оқу
сабақтарының барлық түрлерін және жарыстарды
жүйелілікпен өткізулері нәтижесінде жүзеге асады.
Қоғамды
реформалау білім беру мекемелерінде дене мәдениетінен оқытып,
үйрету сабақтарын ұйымдастыру және
жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін бұл
үдерісте ой пікірлер мен көзқарастарды қайта зерттеуді
талап етеді.
Оқытып,
үйретудің техникалық құралдарының
үнемі жетілдірілуі, мамандардың қызмет сипаты мен
жағдайларының өзгеріп отырылуы, дене мәдениетіне
оқытып, үйретудің әдістері мен құралдарын,
формаларын одан әрі дамытуды және жаңаша ғылыми негіздеуді
талап етеді [1]
Дене
мәдениеті бойынша қазіргі заманғы оқытушының
(жаттықтырушының) жұмысында ғылыми зерттеу
жұмыстарының элементтері болады, ал кейбір жағдайларда
оның алдына қойған міндетін ғылыми және
сараптамалық тұрғыда шешумен байланысты.
Барынша
маңызды проблема оқушылардың дене мүмкіндігі
жағдайын талдау, оқу қызметінің тиімділігін
анықтау, бос уақытында мәдени шаралар ұйымдастыру болып
табылады. Жастардың рухани дамуы, олардың тұрақты
өзін-өзі дамытуға байланысты өзінің дене
мәдениетін арттыруда жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылу
аса маңызды.
ЖОО
студенттерінің дене тәрбиесінің мақсаты
денсаулықты сақтау және нығайту, психологиялық
дене даярлығы мен болашақ кәсіби қызметіне өзін
дайындау үшін дене мәдениеті, спорт және туризмнің
әртүрлі бейнедегі құралдарын бағытты пайдалану
қабілеттерін арттыру және жеке тұлғаның дене
мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Алға
қойылған мақсатқа жету үшін жеке
тұлғаны дамытуда және оны кәсіби қызметке
дайындауда, салауатты өмір бейнесі мен дене мәдениетінің
ғылыми-биологиялық және практикалық негіздерін білу,
дене мәдениетінің әлеуметтік рөлін түсіну
қажет.
Оқу-тәрбие
үдерісін дене мәдениетіне
мотивациялық-құндылық қатынастарын,
қалыптастыруға, салауатты өмір бағытын
ұстануға, өз денесін өзі жетілдіруге және
өзін-өзі тәрбиелеуге, дене жаттығуларымен және
спортпен жүйелі шұғылдану қажеттілігін бағыттау
қажет. Оқытып, үйрету үдерісінде денсаулықты
сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін, іс
жүзіндегі біліктілік пен дағдылардың жүйесін
меңгеру, жеке тұлғаның психологиялық дене
қабілеттерін, сапалары мен қасиеттерін дамыту және жетілдіру,
дене мәдениетінде өзінің орынын анықтау маңызды.
Болашақ
кәсіби маман болатын студенттің психологиялық және дене
дайындығын анықтайтын жалпы және
кәсіби-қолданбалы дене даярлығын қамтамасыз ету,
өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін
дене мәдениеті мен спорттық қызметте
шығармашылықпен пайдалану тәжірибесін меңгеру, кез
келген білім беру мекемесінің маңызды міндеттері болып табылады.
Қазіргі
өскелең өмір талабы жағдайында студенттерді дене
мәдениеті мен спортқа оқытып, үйрету және
тәрбиелеу саласындағы маңызды проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады:
-
дене мәдениеті мен спорт саласында студенттерді
оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерістерін
жетілдіру;
-
оқып, үйренушілердің дене, психологиялық
сапалары мен қолданбалы дағдыларын қалыптастыру;
-
әйелдердің дене мәдениеті мен
спорттағы ерекшеліктерін зерттеу;
-
дене мәдениеті, спорт, туризм және
кәсіпкерліктің өзара байланыстылығы;
-
дене мәдениеті мен спорттың
материалдық-техникалық базаларын нығайту;
-
дене мәдениеті мен спорт саласындағы
ғылыми зерттеу жұмыстарының көлемін арттыру;
-
дене мәдениеті мен спортты басқару мен
құқықтық реттеудің әдістерін
жетілдіру;
-
дене мәдениеті мен спортты ақпараттық
қамтамасыздандыру мәселелеріне назарды күшейту;
-
дене мәдениеті мен спортты және т.б.
қаржылық қамтамасыздандырудың жаңа
бағыттарын өңдеп, дайындау
Дене
мәдениеті мен спорттан білім берудің маңызды
мәселелерін шешу оқу-тәрбие үдерісін
ақпараттандыру деңгейімен тікелей байланысты.
Соңғы
жылдары дене мәдениеті мен спорттағы оқытып, үйретуді
ақпараттық қамтамасыздандыру білім беруді оның
барлық сатыларында ақпараттандырумен байланысты үлкен
маңызға ие болуда.
Информациология
қалыптасқан ғылым ретінде өзінің санаттары
(категориялары) мен заңдары бар. Оның санаттары (информация,
информатика, информатизация және т.б.) қазіргі таңда дене
мәдениеті мен спорт саласында кең қолданысқа ие [2]
Дене
мәдениеті мен спортта информациологияны ақпараттандыруды
қамтамасыздандырудың қызмет ету жүйесі,
құралы және әдістері ретінде түсіндіріледі. Ол
оқытушылар мен студенттер ұжымының қызметіндегі
нақтылы міндеттерді шешудің қуатты құралы
қызметін атқарады.
Информациологияның
дене мәдениеті мен спорт қызметінің ерекше өзгеше
(спецификалық) өрісі ретінде келесі бағыттары бар:
-
ЖОО спорттық шараларды тіркеу және зерттеу,
шұғылдану сабақтарын, жарыстарды және т.б.
өткізу;
-
Дене мәдениеті мен спорттық
даярлықтың әртүрлі бағыттарындағы
студенттердің дене даярлығын тексеру және бағалау
үшін қолданылатын, жаттығуларды жіктеу, түрге бөлу
және стандарттау;
-
Дене жаттығуларын оқытып,
үйретудің ақпараттық үлгілері мен технологияларын
жасау және оларды практикаға ендіру;
-
Ақпараттық кодтарды жүйелеу және
оларға кіру жолдары;
-
Құқықтық
қамтамасыздандыруды ақпараттандыру;
-
Спутник, жүздік және мобильдік байланыс
жүйелерін пайдаланумен денешынықтыру-сауықтыру қызметін
қамтамасыз ету үшін тораптық және
ақпараттық технологияның ведомствоаралық есептеу
жүйесін жасау;
-
Еліміздің білім беру үдерісіндегі дене
мәдениеті мен спорттың жекелеген компоненттерін компьютерлік
моделденуін зерттеу;
-
Дене мәдениеті мен спорттың
нысандарының базасын жасау (мамандар және олардың біліктілігі
туралы мәлімет; ЖОО оқу-спорттық базалардың
жағдайы, заң актылары, студенттердің дене дайындығын
тексеру және бағалау үшін нормативтер және т.б.).
Қазіргі
таңда ғылымдардың саяси, қоғамдық,
экономикалық, оның ішінде дене мәдениеті аясындағы
үдерістерді көрсететін бірқатар заңдары
тұжырымдалған.
Солардың
ішінен бірқатарын қарастырайық. Сонымен, ақпаратты сақтау заңы дене мәдениеті мен
спорттық ұйымдардың өмір қызметінің
бөлінбейтін құрамына айналған. Мұнда мемлекеттік
құрылымдар белсенді, яғни олардан ақпараттық
хабарлар мына төменде тұрған деңгейлерге тарайды:
аймақтар, спорттық қоғамдар мен спортклубтар, ЖОО,
құрама командалар мен жекелеген спортшылар. Ақпараттар
жиынтығы (келетін немесе шығатын) тұрақтылығымен
(тепе - теңдігімен және баланс) сипатталады. Басқару
шешімдерін қабылдау мақсатында төменгі ұйымдарға
ақпараттық материалдарды жүйелеу жүреді [3].
Ақпараттың
қуат көзі, қозғалыс, көлем, кеңістік
және уақыт сияқты қасиеттері болады. Ақпарат
қуатының үлкен қуат көзі (заряды) болады. Мысалы,
студенттер арасында бокстан чемпионат өткізу жайлы ақпарат қатысушылардың өздеріне, сол сияқты
төрешілер алқасына көрермендерге өте күшті
әсер етеді.
Ақпарат
үнемі қозғалыста болғандықтан өзінің
нақтылы векторы және мекен жайы болып, белгілі бір
жылдамдықпен бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Мысалы,
жоғары оқу орындарында қысқы және жазғы
спорт түрлері ендірілген спартакиада өткізіледі. Жоғары
оқу орны спорт ұжымдары (спорттық клуб, дене шынықтыру
кафедрасы) мен факультет ұжымдары және спорттық командалары,
сол сияқты жекелеген спортшылары арасында тұрақты
ақпарат алмасу жүреді (мысалы, жарыстардың өтілетін
күні, қатысушылардың саны мен құрамы,
төрешілік мәселелері нақтыланады және т.б.).
Жарыстардың аяқталуы бойынша ЖОО ректоратына қорытынды
ақпарат түседі (жарысқа қатысушылар саны, жақсы
нәтижелері, жеңімпаздар және т.б. туралы есеп).
Ақпараттық
тепе-теңдік заңы. Ақпарат артуы немесе азайтылуы,
бір түрден екінші түрге немесе бір жағдайдан басқасына
өтуі мүмкін, яғни сонысымен оның бір
құрылымнан (мысалы, дене шынықтыру кафедрасының
оқытушыларынан) басқасына (факультеттердің спорттық
ұйымдастырушыларына), ақпаратты қабылдау-беру
қамтамасыз етіледі, ал жалпы ақпарат тұрақты болып
қалады.
Дене
мәдениеті мен спортта ақпараттың тұрақты өзгеру заңдылығы келесілерде
көрінеді. ЖОО спортклубының материалдық базасы оның
жекелеген бөлімдеріндегі функциясының тұрақты
өзгеруімен айқындалады. Бұрын қолайлы, жақсы
қызмет атқарған бір нысандарда (бассейн немесе тренажерлар
залы) оларды қазіргі талапқа сай қайта жасақтауға
(модернизация) байланысты келушілер доғарылады. Басқалары бойынша
(спорт ойындары алаңдары мен стадион) көпшілікке өткір
қажеттілік туындайды. Бұл басқа мамандар қажеттілігі
туралы ақпараттың өзгеруіне әкеледі.
Дене
мәдениеті мен спорттағы ақпараттандырудың тиімділігі
өзіне мыналарды кіргізетін инфрақұрылымға байланысты:
ақпаратты алу және қайта өңдеу тәсілдері,
кадрлық, ғылыми-әдістемелік және
құқықтық қамтамасыздандыру,
материалдық-техникалық және қаржылық реттеу
және құрылымдық-ұйымдастыру шаралары.
Ақпаратты
алу және өңдеу тәсілдері әртүрлі
әдістермен іске асырылады:
-
білім беру үдерісін ұйымдастырудың
барлық деңгейінде, яғни министрлік және жауапты
мекемелер, спорттық федерациялар, ЖОО дене тәбие кафедралары, дене
мәдениеті-сауықтыру клубтары және т.б. дене мәдениеті
мен спорт туралы материалдарды жинақтау, талдау және қорыту;
-
диагностика, оқытып, үйрету үдерісінде
дене мәдениетін меңгерудің нәтижелілігі талаптарын
орындаудағы позитивті және негативті жақтарын
анықтауға береді.
Мысалы,
видеокассетада немесе видеодискіде жарыс барысы немесе жекелеген
оқу-жаттығу сабағы түсірілген болса, одан әрі
жекелеген спорттық жағдайларды талдау жүзеге асады,
спорттық күрестің барынша қажетті әдістері мен
тәсілдері ашылады, жекелеген спортшылардың немесе бүтіндей
команданың жіберген қателіктері ескеріледі;
-
сараптау, әртүрлі бағыттар бойынша дене
мәдениетінің жағдайын бағалайды;
-
жинақталған талдау (аналитикалық)
материалдарының негізінде бағдарлау мыналарға мүмкіндік
береді: дене мәдениеті мен спортта ақпараттандыруды дамытудың
келешегі барлығын алдын-ала болжалдау; ЖОО оқу үдерісін
ұтымды жоспарлауды жүзеге асыру; оқу-тәрбие
үдерісіндегі ақпараттылықты дамытудың бағыты мен
заңдылықтарын анықтау.
Нарықтық
жағдайда дене мәдениеті мен спорттағы ақпараттандыру
маркетингтің дүниесі (предмет) болуы мүмкін. Мысалы,
ЖОО-ң оқытушылары сауда (коммерсиялық)
құрылымдары үшін дене шынықтыру-сауықтыру
бағдарламаларын және әдістемелік оқу
құралдарын дайындайды, сұраныс берушілердің
қажетін өтеу, яғни қызмет көрсету үшін
тренажерлардың түп нұсқаларын даярлайды. Олардың
авторлары өз меншігінің жобаларымен және
технологияларының иесі ретінде алға шығуына болады.
Отандық және шетел нарық базарында жүретін
үдерістерді есепке ала отырып, олар пайда келтіруге, сол сияқты
түскен пайданы алу кезінде қатыса алады.
Спорттық
шараларды ақпарат құралдары арқылы жарнамалау
жәрдемімен спорттық командалардың және жекелеген
спортшылардың, республика құрама командаларының,
жекелеген спорттық клубтардың, ЖОО дене тәрбиесі
кафедраларының, дене мәдениеті мен спорт
қайраткерлерінің, еліміздегі және аймақтағы
мамандар мен ғалымдардың рейтингтерін анықтауға болады.
Салыстырмалы талдаулар мен сараптамалық бағдарламалар
әртүрлі елдердің дене мәдениеті мен спорт
жүйелерінде дұрыс және қайшы келетін
қозғаушы күштерді (факторларды) анықтауға, студенттердің
халықаралық спорттық ынтымақтастығындағы
заңдылықтарды ашуға мүмкіндік жасайды және т.б. [4]
Құқықтық
қамтамасыздандыру мына нормативтік құжаттарды
өңдеп, дайындауды алдын-ала қарастырады: шарттар мен
декларациялар, хартиялар мен кодекстер, кепілдемелер мен келісімдер. Егер ынтымақтастық
қарым-қатынас, мысалы ЖОО мен фирма арасында дайындалған
ақпараттық жүйелер тұрақты негізде жүзеге
асырылса, онда құқықтық қатынас келісім-шартпен
реттелуі мүмкін. Құжатта екі жақтың да
қатынастық тәртіп белгілеуі көрсетіледі,
ақпараттық қызмет аясындағы ұлттық
заңдылықтар ерекшеліктері, Халықаралық ережелер мен
нормалар ескеріледі.
•
Ақпараттық қызмет аясында шартты
бұзушылықтың алдын алу мақсатында оған санкциясыз
кіруге болмайтын сенімді қорғау қамтамасыздандырылады,
яғни мүдделі адамдардың
құқықтық мәдениеті артады.
•
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру дене мәдениеті мен
спорттағы ақпараттандырудың методологиясын зерттеуді
және өңдеуді, ғалымдар мен мамандардың
тәжірибе алмасуын алдын ала болжалдайды (форумдар, конгрестер және
конференциялар).
• Білім беру
мекемелерінде ақпараттық жобалар мен бағдарламаларды ендіру
бойынша материалдық-техникалық және қаржылық
реттеу қаржылық-кредиттік, инвестициялық және
сақтандыру саясатына, демеушілікке, сол сияқты
ақпараттық қорларға, автоматтандырылған
құралдарға, жүйелерге, технологиялар мен қызмет
көрсетілімдеріне меншіктік құқық бекітуге
негізделеді.
Ақпараттық
кәсіпкерлікті сүйемелдеу авторлық
құқықты қорғауды, патент алуды,
бағаның құрылу жүйесін білуді алдын ала
қарастырады.
• Мамандармен
қамтамасыздандыру ақпараттандыру жүйесінде жоғары
біліктіліктегі мамандарды даярлауды білдіреді. Осы мақсатта
қызметкерлерді оқытып, үйрету, іріктеу, сертификаттау
және біліктілігін арттыру іке асырылады. Қажеттілікке қарай
әртүрлі елдердің ақпараттандыру үдерісіне
қатысушылардың іскерлік және шығармашылық
байланыстары барысында оқытып, үйрету, тәжірибе алмасу
жүргізіледі.
•
Құрылымдық-ұйымдастыру шаралары ЖОО-да компьютерлік
жүйелердің тиімді қызмет көрсетуін және дене
мәдениеті мен спортты басқару үшін қолайлы жағдай
жасауды нақтылайды.
Қолданыста
бар тәжірибе көрсеткендей, дене мәдениеті мен спорт
саласындағы ақпараттық қызмет үдерісінде мына
мәселелерді шешу қажет:
-
жобалар мен бағдарламаларды қаржылай
сүйемелдеу және материалдық – техникалық
қамтамасыздандыру;
-
ақпараттық сервисті қалыптастыру: пайда
келтіру үшін ақпараттық нарықты жасау, үйлестіру
және интеграциялау;
-
телекоммуникациялық жүйені жасауға
жәрдем көрсету;
-
ЖОО мамандарды оқытып, үйрету, ғылыми
кадрларды даярлау және ақпарат алмасу; ақпарат алу.
Дене
мәдениеті мен спорттағы ақпараттандыру үдерісінің
тиімділігін арттыру мақсатында мыналар қажет:
-
дене мәдениеті мен спорт ұйымдарының
арасында ақпараттық-талдау қызметі мен үйлестіруді
дамыту;
-
ақпаратты өңдеу және
қорғау;
-
жергілікті (локальды) және аймақтық
компьютерлік байланыстарды жасау барысында жаңа бағдарламаларды
ендіру.
Дене мәдениеті мен спорттағы білім беру үдерісінде
жергілікті және аймақтық компьютерлік жүйелерді
құру барысында жаңа бағдарламаларды ендірудің
өзекті мәселелерін шешу оқу-тәрбие
үдерісінің тәжірибесін әртүрлі
бағытқа арналған және күрделі деңгейдегі
компьютерлік оқу бағдарламаларын өңдеп ендірумен
байланысты.
Бұл мәселе ерекше
маңыздылыққа ие, өйткені білім беру жүйесінде
айтылып отырылған оқу курсы бойынша іс жүзінде бірегей оқу
бағдарламасы жоқ. Әрбір оқу орны, өз мемлекеттік
стандарты болғанына қарамастан, курстың жекелеген тараулары
мен тақырыптарының мазмұнында ретімен
толықтығында айырмаланатын оқу бағдарламаларына елеулі
өзгерістер ендіре алады.
Компьютерлік
оқу бағдарламасы ұғымы жеткілікті дәрежеде
кең. Қазіргі таңда компьютерлік оқу
бағдарламасының әртүрлі өлшем белгілері негізінде
құрылған бірнеше жіктелуі бар. Солардың бірі
қызметтік (функциональдық) жіктелу (топтастырылу) болып табылады.
Сонымен байланысты компьютерлік оқу бағдарламасының алты
класы айырмаланады:
1) білімді
бақылау және тестілеу;
2) міндеттерді
шешу бойынша тренажерлар;
3) «айтатын»
жүйелер, оқу материалымен ақпараттық-анықтама
жүйелері, саналған қолданыстар комбинациясы;
4) кәсіби
бағдарламалар;
5) үлгілеуші
(модельдеуші) бағдарламалар, қуатты жазба (графикалық)
оқу-анықтама жүйелері, күрделі компьютерлік ойындар;
6) үлгілеуші
оқу құралдары, «мультимедия» жүйелері және т.б.
Бұл жіктеу
(топтастыру) компьютерлік оқу бағдарламаларымен жабдықталуын
және оқу компьютерлік техника құралдарына деген
қажеттілікті талдауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік
оқу бағдарламаларының арасында ерекше орынды тестілік
компьютерлік оқу бағдарламалары алады. Қазіргі таңда
тест тапсырмаларының жүйесіне кіргізе алмайтын пән саласы
жоқ. Сондықтан, берілген оқу курсының шегінде кез
келген пән үшін және кез келген тақырып үшін
бағдарламаның бұл түрі қолданыла алады. [5]
Кез келген
оқу курсының мазмұны шегінде компьютерлік оқу
бағдарламасын пайдалану мақсатқа сәйкес келмейтін
(тестілік оқу бағдарламасынан басқа) оқу
жоспарының тақырыптарын бөліп қарауға болатынын
атап өту қажет. Мұндай тақырыптың басымдық
танытатын мысалы ретінде материалды әңгіме түрінде
мазмұндау.
Компьютерлік
оқу бағдарламасын пайдалану талап етілетін оқу
тақырыптарын анықтау бойынша дене мәдениеті мен
спорттың оқу курстарын сараптамалық бағалау келесі
бағыттармен іске асырылуы мүмкін:
1) компьютерлік
оқу бағдарламаларымен толық қамтамасыз етілуі
мүмкін оқу жоспарының тақырыптар саны;
2) компьютерлік
оқу бағдарламаларын қолдану мақсатқа лайықты
болатын оқу жоспарының тақырыптар саны;
3) нарық
базарындағы бар компьютерлік оқу бағдарламаларымен (тестілік
те ішінде) қамтамасыз етілген оқу жоспарының тақырыптар
саны.
Дене
мәдениеті мен спорттық оқу-тәрбие саласын
компьютерлендіру үдерісінде компьютерлік бағдарламаны оқу
жоспарының барлық тақырыптары бойынша пайдалану міндетті
емес, өйткені оқытып, үйрету үдерісінде оқу
ақпараттарын беру және оны меңгерудің басқа
жолдары талап етілетін күрделі, ерекше тақырыптар бар екенін
басшылыққа алу қажет.
Бұл
оқу бағдарламасының оқытып, үйрету
мазмұнына, мақсатына, міндеттеріне, оқу материалдарын
қажетті дәрежеде меңгеру деңгейіне байланысты.
Әдебиеттер
1.
Вислогузова
М.А., Сушкова Ф.Б. Технология подготовки к творческой педагогической
деятельности. М., 1995.
2.
Новые
педагогические и информационные технологии в системе образования/Под ред.
Е.С.Полат. М., 2000.
3.
Монахов В.М.
Педагогическое проектирование – современный инструментарий дидактических
исследований // Школьные технологии. 2001. №5.
4.
Полат Е.С.
Метод проектов на уроках иностранного языка/ Иностранные языки в школе. 2000.
№2, 3.
5.
Железняк
Ю.Д. и др. Педагогическое физкультурно-спортивное совершенство. М.: Академия,
2002.
Түйінсөз
Мақалада
дене мәдениеті мен спорттық білім берудің маңызды
мәселелері сөз етілген. Әсіресе дене мәдениеті мен
спорттағы ақпараттандыру үдерісінің тиімділігі
сараланған.
Кілт
сөздер: дене мәдениеті, спорттық білім беру,
ақпараттандыру, үдеріс.
Резюме
В статье
рассматриваеся основные проблемы спортивного образования и культуры телосложения,
а также эффективность информативности в спорте.
Ключевое слово.
Спортивное образование, культуры телосложения, информативность, процесс
Resume
It
is shown even the effecttivenes of informatization of body culture and sport
education.
Key words: body culture, sport education, informatization, process