МҰНАЙ  БЕРГІШТІКТІ  АРТТЫРУ ҮШІН МИКРОАҒЗАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТАЛДАМАЛЫ ШОЛУЫН ЖАСАУ

 

ғылыми жетекші, т.ғ.к., доцент Джексенбаев Е.К.,

магистрант Жанмукамед, х.ғ.к., доцент Нуранбаева Б.М.,

т.ғ.к., доцент Джкесенбаев Н.К.

 

Мұнай кен орындарын пайдалану тәжірибесінде микроағзаларды қолдану мүмкіндігі дамыған капиталистік елдерде 40-шы жылдардан бастап белсенді түрде зерттелуде. Бірақ, алынатын ақпараттың тек өте кішкентай ғана бөлігі жарияланады. Бұл саладағы шетелдік ғалымдардың арасындағы ең танымалдылары: I.B. Davis, W. IVIozes, Z. Bell, D.M. Uppdegraff, Wren, I.E. Zajic және т.б. Біздің еліміздегі зертханалық және тәжірибелік өнеркәсіптік сынақтар Мұнай және Газ Мәселелерінің Институты, ВНИИ «Нефтеотдача», Пущин қаласындағы НЦБИ РАН, ВНИИ «Нефтепромхим» және т.б. белсенді түрде жүргізеді. Осы сұрақтарды зерттеуге  бірнеше ғалымдар  Е.П. Розанова, М.В. Иванов, В.Э. Юлбарисов өздерінің зор үлесін қосты.

Микробиологиялық әдістер басқа үшіншілік әдістермен салыстарғанда келесідей артықшылықтарға ие:

1) Қолданыстағы технологияға жеңіл енгізіледі.

2) Мұнай ығыстырғыш агенттер жыныс-су-мұнай шегінде тікелей синтезделеді.  

3) Микробты технологияның құны қымбат емес, экологиялық таза, еңбек күшін аз қажет етеді.

Біздің елімізбен шетелде жүргізілетін зерттеулер бұл құбылыстың әр түрлі жақтарын зерттейді, оның ішінде:

1. Бактериалды коррозияны және оның жаншылу әдістері.

2. Микроорганизмдердің әсерінен коллектордың кеуектілігі мен өткізгіштінің селективті өзгерісі.

3. Бактерияның мұнайдың беттік және фаза аралық тартылысына әсері .

4. Микробтық метаболизмнің өнімдерімен өндірілетін ұңғыманың түптік  зонасын тазарту  .

5. Қабат ішіндегі қысымды айтарлықтай жоғарылататын газ тәріздес өнімдердің биосинтезі.

6. Эмульсияның пайда болу және оның қозғалғыштығының ұлғаю есебінен мұнай ағынының тұтқырлығының төмендеуі.

7. Ұңғыманы асфальтталған және парафинді шөгінділерден тазарту .

Мұнай өндіру процесіне қатысатын микроорганизмдер келесідей қасиеттерге ие болу керек.

1) Кеуекті жыныс арқылы кіруге мүмкіндік беретін кішкентай көлем .

2) Көптеген кен орындары өте үлкен тереңдікте орналасқандықтан, жоғары қысымға тұрақтылық.

3) Көптеген ірі кен орындарында болатын теңді температураға максималды тұрақтылық.

4) Жиі кен орындарында кездесетіндіктен және олар айдағыш флюид ретінде қолданылатындықтан, теңіз суы мен тұздықтарға төтеп беру қасиеті.

5) Құнарлы ортаға жоғары емес талаптар. Қарапайым минералды тұздарда өмір сүру және даму, шикі мұнайдың бір бөлігін көмірсутектік субстрат және энергия көзі ретінде қолдану қасиеті.

6) Субстратты анаэробты утилдеу қасиеті, себебі молекулалық оттегі кен орындарында бір немесе бірнеше жыл көлемінде жалғасатын барлық 12 процесс кезеңінде жеткілікті мөлшерде қатыса алмайды. 

7) Биохимиялық қасиеттер шикі мұнайдық өте жоғары қозғалғыштығын қамтамасыз ететін белсенді метаболиттердің сәйкес санын өнімге айналдыруды қамтамасыз етеді.

8) Мұнай құрамында жағымсыз өзгерістер мен нефтепро-мьюлового жабыдақтың коррозиясын шақыратын, келесі өткізгіштігін немесе химиялық заттардың өнімге айналуын төмендететін формацияның бітелуіне алып келетін кейбір жағымсыз қасиеттердің болмауы.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген факторлардан, мқнай коллекторлары микроорганизмдер үшін ең жақсы мекендеу орны болып табылмайтынын байқауға болады. Және барлық бактериалды табиғи өмір сүріп және қабатты шарттарда пайда әкелмейді.  Шетелдік генетиктер мен микробиологтардың көптеген зерттеулері нәтижесінде, мұнайшылар үшін  Bacillus Pseudomonas, Micrococcus, Micobacterium, Clostridium, Desulfovibrio түрлері және  Enterobacteriaceae тобының мүшелері пайдалы болатынын анықтады. Терең коллекторларда жоғары температураларда кокк және спорақұраушы бактериялар көп болады, ал жоғарғы кен орындарында жиі спорақұрамайтын штаммдар, әсіресе жалған домонадты және  Enterobacteriaceae тобының мүшелері көп болады. Бірақ, заманауи ағылшын ғалымдары жергілікті микрофлораның шынайы құрамын анықтау мүмкін емес деп санайды, себебі ол адсорбцияланған жынысытың күйімен шектелген  . Сонымен бірге, кез келген кен орнында қабатты суларда болатын табиғи биоценоздың орны бар және сульфат-редукцияланған бактериялар мен метаногендер жиі кездеседі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

1. Милованович Е.В. Математическая модель распространения биологически активной фазы в пористой среде. - СПб., 1996. 11 с. Деп. в ВИНИТИ 21.02.96 № 567-В96.

2. Милованович Е.В. Математическое моделирование микробиологического метода повышения нефтедобычи. // Тез. докл. 17 Международной Научной Конференции «Математическое моделирование в механике сплошных сред на основе методов граничных и конечных элементов».: - СПб., 1999.- С.108-109.

3. Милованович Е.В. Исследование распределения компонентов биосинтеза по длине нефтяного пласта при непрерывной закачке бактериальной культуры. // Тез. докл. 13 Международной Научной конференции "Математические методы в технике и технологиях 2000.": - СПб., 2000. -Т,3.,-С.158-161.

4. Милованович Е.В., Суханов М.Б. Программный продукт для расчёта распространения биологически активной фазы в пористой среде для повышения нефтедобычи. //Тез.докл. 13 Международной Научной Конференции «Математические методы в технике и технологиях 2000»..- СПб., 2000. -т.3.,с.161-162.

5. Гинак А.И., Милованович Е.В., Суханов М.Б. Программный продукт для расчёта биосинтеза метаболита в пористой среде как средство повышения безопасности нефтедобычи. // Тез.докл. 3-го Международного Молодёжного Научного Форума стран Балтийского региона "ЭКОБАЛТИКА'2000", :- СПб., 2000 ,-С.70-71. 10.04.01г. Зак.55-55 РТП ИК «Синтез» Московский пр., 26.