Тоқтыбаева Гүлжахан Сәулебекқызы
Академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универитеті,
аға
оқытушы, педагогика ғылымының магистры
Көркемдік білім беру арқылы
студенттердің көркемдік іс-әрекеттердегі білімдік, іскерлік,
дағдыларды жүйелі түрде меңгерту
Болашақ бейнелеу өнері және сызу
мамандығы студенттеріне бейнелеу өнерін оқытудың
түп тамыры оқу мен тәрбие үрдісінің органикалық бірлігі
тұтастығында болып табылады: эстетикалық тәрбиелеу
және көркемдік білім беру көркемдік іс-әрекеттердегі
ілім, ілік, дағдыларды жүйелі баяндауға негізделген болуы
керек. Дағдыларды меңгеру өзіндік мақсат болып
табылмайды, сонымен қатар, шынайы болмысты көркемдік жағынан
тану мен көрсете білудің, шынайы болмысқа деген эстетикалық
қатынас қалыптастыру, оқушыларда белсенді өмірлік
ұстанымдарды бекіту құралы болып табылады.
Педагогикалық
оқыту процесі білім беру мен бір уақытта тəрбиелік міндеттерді
де іске асырып барады. Бейнелеу өнерін оқудың тəрбиелік
қызметтері əлеуметтік процестің өз табиғатына орай
орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда
көзқарастар, ғылыми дүниетаным, табиғат,
қоғам жəне ойлау заңдылықтарын пайымдау,
қоғамдық талап, тəртіп нормаларын мойындау əрі
оған байланысты заңдарға бойсыну қабілеттері
қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-əрекеттік,
əлеуметтік мінез-құлық, құндылық
жəне құндылықты бағыт-бағдарлар да осы
оқу процесінде пайда болып, жетіліп отырады [3].
Бейнелеу өнерін
оқытудан тəрбие мүмкіндіктері тікелей білім мазмұнынан
келіп шығады. Əр оқу пəнінің өзіндік
тəрбие мүмкіндігі бар. Оқушылардың
тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруда
гуманитар жəне əлеуметтік-экономикалық пəндердің
тəрбиелік маңызы басқа кəсіби пəндермен
салыстырғанда өте жоғары.
«Бейнелеу өнері»
оқу пәнінің базалық мазмұны сәндік
қолданбалы өнер материалы негізінде бейнелеу өнерін
графикалық суретпен, сәулет өнерімен,
сәндік-қолданбалы өнермен және еңбекке баулу
пәндерімен байланыстыра отырып байытылған оқу мазмұнын
жасауды қарастырады.
Бейнелеу өнері
оқу пәнінің сабағы өзге пәндер сияқты
лабораториялық-практикалық сипатқа ие. «Бейнелеу өнері»
оқу пәнін өзге де мазмұндас пәндермен байланыста
оқыту бүгінде мектеп практикасында іске асырылып жатыр.
Бейнелеу өнері
сабағында арнайы берілген тақырыпқа байланысты
тақырыптық композиция, ертегінің мазмұнына
иллюстрациялауға композиция салу тапсырмаларын орындаудан бұл
сaбақ өзгеше. бұл тапсырмаларды орындауда және
аяқталған жұмыстарды қорытындылау барысында балалардың
өз ара жеке даралық қабілеттері өте ерекше
көрінді.
Бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін
оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту
заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын
ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау;
бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін
айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын
айқындауды талап етеді.
Бейнелеу өнерін
оқытудың мақсаты оқушыларға көркемдік білім
беру, эстетикалық тәрбие беру және олардың жеке
тұлғалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерін
оқытудың негізгі категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту
процесі (үрдісі); оқу үрдісі; оқыту үрдісі;
оқыту принциптері; көркемдік білім беру мазмұны,
оқытуды ұйымдастыру формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту
үрдісі осы пән мұғалімнің оқушыларға
көркемдік білім мен бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын
меңгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады.
Бейнелеу өнерін
оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын
жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне
сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту
өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана
жалпы қағидаларды көрсетумен ғана
шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі
педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс
құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім
мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу
үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі
қағидаларын жақсы біліп, оны практикада
шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Бейнелеу өнерін
оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің бейнелеу
өнері сабақтарында оқушылардың бейнелеу
іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі.
Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен,
бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады.
Оқыту әдісі –мұғалім мен оқушы арасындағы
танымдық – педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл
оқушы үшін танымдық-бейнелеу іс-әрекет болса,
мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді
меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін
қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім
оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне
жетекшілік жасайды.
Оқытуды
ұйымдастыру формасы дегеніміз – мұғалім мен
оқушының арнайы ұйымдастырған, тәртіп пен режимде
жүргізілетін оқулық – танымдық іс-әрекет процесі.
Бейнелеу өнерін
оқыту процесі – бейнелеу өнерінің негіздерін
құрайтын білімдер жүйесін меңгерту мен бейнелеу
икемділігі мен дағдыларын оқушыларға меңгертуге, жеке
бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің
алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған
мұғалімнің іс-әрекеті деп түсінеміз. Бейнелеу
өнерін оқыту процесі-мұғалім мен оқушының
іс-әрекетінің қосындысы. Оқыту процесі
оқушының танымдық іс-әрекетіне бағытталған
процесс.
Оқыту процесі
оқыту теориясына негізделеді. Оқыту теориясы өз дамуында
үш негізге сүйенеді. Олар:
1) оқыту
теориясының шартты заңдарының философия ғылымы
негізінде дамитындығы.
2) өткен заманнан
қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның
осы күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден-бір
білімнің сарқылмайтын қайнар көзі болып
табылатындығы;
3) мектептердегі
мұғалімдердің озық тәжірибелерінің
оқыту теориясының дамуына ықпалы. Оқу процесі негізінде
педагогтың өзіне тән даралық қолтаңбасы мен
шығармашылығы қалыптасады.
Оқу
процесі-ақиқат дүниені танып білу процесі. Ал танып білу
ақиқат дүниенің адамның сана сезімінде
бейнеленуі. Адамның сана-сезіміндегі ақиқат
дүниенің бейнелену жолын мынадай формуламен көрсетуге болады:
нақты пайымдаудан австрактілік ойлауға және онан
практикаға көшу, ақиқатты тану обьективтік
реалдық шындықты танудың диалектикалық жолы болады.
Бейнелеу
өнерін оқу процесі бейнелеудің практикалық
икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге бағытталған
оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті түрінде де
қарастырылады. Оқу процесі ақыл-ой тәрбиесін беруге
арналған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. ҚР
президентінің «Қазақстан
– 2050» Стратегиясы
2 Пачкория О.Н. Пособие по
выполнению лабораторных и практических работ в системах КОМПАС-ГРАФИК и КОМПАС-3D. – М.: МГТУ ГА, 2001.
3
Әбілқасымова Г.Қ., Тоқтыбаева Г.С.Компьютерлік
технология мүмкіншіліктерін сызу пәнін оқытуда қолдану. Дуальная система образования:
образовательные программы, модели, технологии: Международная научно-практическая
конференция.–Караганда: КарГУ, 2015. – С. 149–153.