Педагогика
Кулымбетова Асмагул
Жаңақорған
аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері,
Жаңақорған кенті, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Білім мазмұнын
жаңартудың маңызды аспектілерінің бірі бастауыш білімді
ақпараттандыру болып табылады.
Бастауыш мектепті ақпараттандыру
дегеніміз - бұл бастауыш мектепте оқу құралы есебінде
және бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу, дамыту үшін
оқу процесі мен мұғалімнің кәсіби жұмысын
талапқа сәйкес ұйымдастыру мақсатында оқу
үрдісіне ақпаратты, коммуникациялық технологияларды енгізу.
Ғалымдардың зерттеу
нәтижелері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда
ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Сол себепті де
мектепті ақпараттандырудың басты құралы болып табылатын
және соған сәйкес бүгінгі күні
құрылымдылық, мазмұңдық жағынан
өзгеріске ұшырап отырған пән – информатика пәні.
Алайда, күні бүгінге дейін пікірталас тудырып келе жатқан
өзекті проблемалардың бірі - бұл пәнді қай
сыныптан бастап оқыту қажеттігі және оның мазмұны, бағыты қандай
деңгейде болу керек деген мәселе.
Информатика пәнінің
пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға
болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік
тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр.
Біздіңше, бұл курсты бастауыш
сыныптардан оқытуға негіз болатын басты факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын
ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың
ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының
ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып,
әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Оқу ақпаратын
ақпараттық технология жағдайында менгерумен байланысты
оқу әрекетінің түрлері:
1) Эмпирикалық әрекет
қабылдау кезеңі ретінде:
- монитор экранындағы фонына назар
аудару;
- фондағы жекеленген объектілерге
зейін аудару;
- нақты жағдаяттарды кешенді
бейнелеу;
2) жағдаятты тануға
бағытталған эвристикалық әрекет ретінде:
- нақтылықты абстракты ойлау;
- моделді түрлендіруалгоритмін іздеу;
3) моделді түрлендіру мен жаңа
білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде:
- таңдалған алгоритм бойынша
модельді түрлендіру;
- таныс модель жасау, түрлендіру
нәтижесін интерпретенциялау;
- берілген есептің шешуін
бағалау;
4) дағдыны
қалыптастыруға арналған практикалық әрекет:
- дағдыны таныс жағдайда
қолдану;
- таныс емес жағдайда дағды
қалыптастыру.
Осы кезеңдер бойынша бастауыш сынып
оқушыларының оқу әрекеті қалыптасып, белсенді
қызмет етуге ұмтылады.
Оқу әрекеті компьютерлік
сауаттылықтың маңызды бір құраушысы
өндірісте, мәдениетте, білім беруде компьютерлердің
қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып,
бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек
ақпаратты іздеуге,
сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Бұл
әр оқушының дербес компьютердің және
мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу
ортасында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін
дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының
танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары
түрлеріне көтереді.
Компьютер мұғалімге техникалық және
технологиялық жағынан көмек беріп, оқушымен байланысын
өзара жақындастыратындай жолдарымен жүргізуге мүмкіндік
береді.
1) Компьютер оқушы қатесіне
оперативті реакция көрсете отырып, оның білімін бағалау функциясының көп бөлігін
өзіне алады. Барлық анықталған қателер сол бойда
компьютерде есепке алынады.
Сонымен қатар, бағалау көрсеткіштері нақты, дәл
болады және мұғалімнің бос уақыты көбейеді.
2) Компьютер оқушыға өз
темпінде, өз ритмінде жұмыстануға мүмкіндік береді.
Мұғалім үнемі бұл үрдісті бақылап отыруы
қажетсіз.
3) Мұғалім сыныптағы
оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір
оқушының қабілетіне қарай онымен жеке
жұмыстануына мүмкіндік ашылады.
Сонымен, компьютер педагогикалық
қарым-қатынасты күшейтеді.
Ұстаздың оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін
тебірентіп, ой сезіміне әсер ету үшін:
Біріншіден, саяси сауатты, жан-жақты
білімді болуы;
Екіншіден, өз бойындағы
білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей
әдіскерлік икемділігі;
Үшіншіден, оқушының
психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психологтың өз ісіне, шәкіртіне деген
сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол – нағыз
ұстаз.
Шығыс даналығы: «Маған
айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде
қалар. Істеуін көрсетіп берсең, үйреніп аламын» деген
екен. Бұл – баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту,
үйрену деген сөз. Сабақта бала, көбінесе, білімді
қабылдап алушы, көп объектінің бірі деп есептеледі,
олардың ерекшеліктері жеке ашыла қоймайды. Мұғалім
білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді.
Сондықтан мұғалімнің ең басты мақсаты:
1. Әр баланы «Тұлға» ретінде қабылдау.
2. Оның жеке
тұлғалық қасиеттерін анықтап, ашу.
3. Бұл қасиеттерін
пайдалануға мүмкіндік туғызу.
Қазіргі таңда әлемдік
оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар. Әрбір
технология өзіндегі жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру -
мұғалімдер аясындағы үлкен міндет. Бұл әрбір
мұғалімнен тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа
формаларын, әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Соңғы кезде біздің
қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім
саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр.
Қазақстанда жаға білім беру қалыптасуда.
Білім
жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Н.Ә Назарбаев
назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ
ғасырдың екінші жартысынды белгілі болған нәрсе - ХХІ
ғасырда алдынғы саптағы елдер қатарына өз
жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта
алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді
жүйесін жасаған ел ғана көтере алады» -деген болатын.
Ақпараттандырудың негізгі
міндеттерінің бірі - мектепте компьютерді оқыту құралы
ретінде қолдану. Соңғы кезде уақыт көрсетіп
отырғанындай, мұғаліммен салыстырғанда көп
ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибиелер
дәлелдеп отыр.
Қашықтықтан оқыту
болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні бар
бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр.
Жедел (өзекті тың
ақпарат алу).
Ақпараттық
(тұтынушыға интерактивті веб-арналардың көмегімен жеткізіледі).
Коммуникациялау
(электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқуға
қатысушылардың педагог, мамандардың саны өседі).
Педагогикалық
(телекоммуникациялардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай
интерактивті, технологиялық және дәлелді бола түседі).
Экономикалық (көлік
шығыстарын, қағазбен іс жүргізу, оқу
құралдарының таралуы азаяды).
Психологиялық (оқушының
өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-
психологиялық жағдайлармен салыстырғанда
анағұрлым жағдайлар жасалу)
Компьютерлік желі – бір-бірімен
мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс
құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына
арналған ақпарат өңдеудің
тармақталған жүйесі. Желілер
әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып
құрылғырларды ортақ пайдалануға,
қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі
мәліметтер базасымен қатынас құруға және
тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік
береді.
Қазіргі кезде жаңа
ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың
мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды
жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова С.Т. «Білім беру
мекемелері қызметкерлерінің ақпараттық –
телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін
көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006ж.
2. Информатика негіздері №4. 2006ж.
3. Бастауыш мектеп №3. 2005ж., №4. 2006ж.