5В050300-Психология мамандының 4 курс студенттері Құттыбек А.Қ., Қамбатыр Ж.Ұ.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері.

 

Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды-тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды.

Ата-ананың ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып табылады. Мысалы, кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін бір ай немес бір жыл бойы асыға күтеді. Олар мұңаяды, бірақ, дегенмен, денсаулықтары сау қалпында болады. Ал кейбір балалар ажырасқанның ертеңінде-ақ бірден өзгеріп, мүлдем басқа болып кетеді, яғни бұл баланың ажырасуды қалай түсінетіндігіне байланысты: әкесі немесе анасы мәңгіге кетіп бара ма, жоқ әлде қайтадан қайтып келе ме деген ойлардың мазалауы.

Жауапкершілікті өзіне ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні басқа адамға жабу тек ажырасудан кейінгі алғашқы көмекке ғана кедергі келтіріп қоймай, көптеген балалардың психикалық  жағдайларының нашарлауының екі негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың ажырасуға деген реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез – құлқындағы өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты екендігін, баланың мінез-құлқы, жан айқайы ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін жалғыз сезініп, ажырасу жағдайына тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын күшейе түседі. Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез – құлық ата – ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді. Отбасыдағы ата-ананың ажырасу жағдайы тек ұл балаға ғана әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар қыз балаларға да біршама кері әсер етеді. Қыз балаларға да, ұл балаларға секілді әйел мен ер адамның қарым-қатынасы туралы бұрмаланған түсініктер тән болады. Нәтижесінде олардың жыныстық идентификациясы өте өзгермелі келеді. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің көбі бақытты жұп құруға өте тырысады және балаларына қатысты ата – анасының жіберген қателіктерін өз балаларына қайталамауға үлкен талпыныстар жасайды.

Жоғарыда айтылғандай, ата – аналардың ажырасуы жасөспірімнің өз жеке отбасыларына әсері жоғары болады. Сонымен қатар, ажырасудан отбасындағы жасөспірімдер өз қатарластарына қарағанда ертерек үйленіп, өзіне жетіспеген эмоционалды жылулықты өзі қалыптастыруға, өз сәйкестілігін табуға тырысады. Алайда мұндай ерте некелесулер көп жағдайда ажырасуға алып келеді.

Ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдерде ең көп кездестін рекациялар:

- Болған жағдайды терістеу, сенбеуге тырысады. Жасөспірім өзін ата – анасының арасында ешқандай шиеленістер жоқ деп сендіруге тырысады. Олардың түсіндіргенін тыңдағысы да келмейді, ата-анасының әлі де болса қайта ойланып, қосылып қалар  деген үмітпен өмір сүреді. Көпшілік балалар өзінің ата – анасы қайтадан қосылады деген үмітпен өмір сүрулеріне байланысты мынандай мәліметтр келтіруге болады: 5 – 7 жастағы балаларда 65,7 % болса, жасөспірімдік кезде ол көрсеткіш азаяды, дегенмен де 16%  - ды құрайды.

- Үрей, қорқыныш, болашағына деген сенімсіздік, жасөспірімнің әлемді эгоцентрлік қабылдауы ретінде оны ең алдымен, жеке өмірінде болуы мүмкін өзгерістер қобалжытады. Сонымен қатар, тұратын жерінде, оқу орнында, материалдық жағдайда болатын ауысулар да алаңдатып, қобалжулар туғызады.Осыған қоса, жасөспірімдер өз қатарластарынан отбасылық мәселелері үшін ұялу сияқты қиындықтар туындайды.

Жасөспірімнің ажырасу жағдайына деген реакциясының психологиялық бейнесін құру үшін оның мінез-құлқын немесе симптомдарын ескеру қажет.

Кейбір жағдайларда бала ата – анасының ажырасуында өзін кінәлі деп санап, әкесін (немесе анасын) ұстап қала алмағандығын қатты қайғырады. Ажырасып жатқан ата-анасының өмірінде өзінің маңызды еместігін, ажырасуға қалай да болса бөгет жасай алмау, өзінің әлсіздігін сезінуінің барлығы ашу-ызаға әкеп соғады. Баланың ашу-ызасы ата-ананың екеуіне де бағытталуы мүмкін, мұндай ашу-ыза ата-ана үшін баланікіне қарағанда өздерінің жеке сұраныстары мен қажеттіліктері маңыздырақ болған кезде осы арқылы олар балаға ауырлық келтіретіндіктерін түсінген уақытта пайда болады. Бала үшін бұл өзінің ата-анасының ажырасуында өзін кінәлі деп санау жеткілікті түрдегі күрделі негіз болып табылады. Сондықтан, көп жағдайда көптеген балалар анасы мен әкесінің арасындағы конфликтіні біріктіруші ролінде ойнауға тырысады. Ажырасу бұл әрекеттің бұзылуының дәлелі болып табылады. Ата-ананың біреуінің кетуі - айырылу және махаббатты жоғалтып алу алдындағы қорқыныш сезіміне айналады. Бұл қорқыныштар жасөспірімдердің инстинктивті конфликтілерін жүзеге  асырады және бұлар мәдени бейімделудің қозғаушы күштері болып есептеледі. Осының нәтижесінде, ажырасу көптеген балаларға жазалау, нашар тәртіптері үшін сазайын  тарту, жеткіліксіз табысы  мен шек қойылған ойлары үшін жазалау деп түсінеді.

Бір балада мұң басым болса, басқасында ол ашу-ызамен көмкеріледі, үшіншілері өздерін кінәлі сезініп, өз-өздерін ұяттымын деп ойласа, төртіншілері әкесімен қоса анасын да жоғалтып аламын ба деген қорқынышпен әкесінің кеткеніне не ашуланарын, не мұңаярын  білмей қиналады. Эмоциялар әр индивидте әртүрлі көрінуі мүмкін – мұң, қайғы, ауырсыну сезімдері, ашу-ыза, кінә сезімі және қорқыныш – бұлардың барлығы баланың ата-анасының ажырасуына көрсететін қалыпты реакциялары.   

Өзінің ата-анасын жоғары дәрежеде жақсы көретін балалардың өзі олардың ажырасуларына қайғымен қарайды, өйткені, ажырасу олардың өмірлеріндегі шешуші оқиға болып есептеледі. Бірақ жоғарыда аталған сезімдер кез-келген баланың жан жинағында болады. Олар тек жан қиналысын ғана емес, сонымен қатар біруақытта жан теңдігін қалпына келтіру үшін күрес құралы болып та саналады.

Ата – анасы ажырасқан жасөспірімдердің ең көп ауырсынып, қайғыратын өмірінің бір аймағы – ол жұптық қарым – қатынас болып табылады. Бұл жыныстық даму кезінде басталады. Жалғыз қалған ата – анамен бала арасындағы қарым – қатынас тығыз қалыптасып, нағыз серіктестікке ұқсайды. Мұндай жағдайда ата – анаға баланы үйден шығару қиынға түседі, ал бала үшін – «анасын (немес әкесін) мүлдем жалғыз қалдыру да дәл сондай.

Қорыта келгенде, отбасындағы ажырасу жағдайы отбасы мүшелерінің барлығына, соның ішінде, жасөспірімдік шақтағы балаларының енді ғана дамып келе жатқан тұлғалық, эмоционалды, қарым-қатынас және т.б. сфераларына айтарлықтай зардабын тигізеді. Сондықтан да, отбасында ажырасуды болдырмау, олардың алдын-алу жолдарын қарастыру  психолог мамандарының ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғам алдында тұрған үлкен міндет деп санаймын.

 

Әдебиеттер:

1. Аронс К. Развод: крах или новая жизнь? М., Мирт, 1995. 440 с.

2. Джакупов С.М. Гармоничная семья как условие гармоничного развития человека // Материалы международной научно-практической конференции “Самопознание” – программа гармоничного развития человека”. 21-22 октября. А., 2003. С.82-88      

3. Думбляускас В. Противоречивость развода и его оценки // Человек после развода / Под ред. С.Рапорт. Вильнюс, 1984. С 234-243

4. Мацковский М.С. Социология семьи: проблемы методологии и методики. М., 1999. 389 с.

5. Человек после развода. Вильнюс, 1984. 354 с.

6. Селье Г. Стресс без стресса. М., Прогресс, 1982. 124 с.