Абуова А.Е.

Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова

 

Топырақ құрылымына мұнайдың әсері

 

        Әртүрлі топырақты климаттық және ландшафты геохимиялық шарттарда ластанушылардың трансформация процесi әртүрлі деңгейде тоқтайды. Сонымен қатар ластанушылардың  әртүрлі мөлшерінің экожүйеге әсерінің   нәтижесiн   айырады.   Экожүйенің  өзiндiк  тазалану  және өзiндiк қайта құрылуы  ластанған  заттардың трансформациясының  биохимиялық кезеңдiк үдеріс болып табылады.

Осындай жүйелердің тұрақтылығы, ашық қамбалардың ішінде сақталу уақыты ұзақ болған сайын жоғарлауда. Ол деген су беткейнінде майшықтардың «ескіруіне» байланысты.

Күннен күнге осыған байланысты парафин топырақтын ұсақ бөлшектерін, судың тамшыларын қаптап қатады, оған қоса көмірсутектің женіл түрлері буланады және механикалық қоспалар ауаның шаңынан көбееді. Жинақтағыш қамбалардың бар болғаны қоршаған ортаға айтарлық әсерін тигізеді, яғни ауаға, топырақтарға, суларға және өсімдіктермен жануарларға.

Қоршаған ортаның қорғаудағы шаралар тұрақтанған сайын, жылдан жылға бұл келелі мәселенің маңыздылығы өсуде. Жеңіл фракцялардан пайда болып буланатын көмірсутектер құрамына улы нәрсе бар болған төртінші сыныпқа жатады. Олар үшін мейлінше шектелген шоғырлау МШШ = 5 мг/м3тең болады. Топырақтын жіне атмосфералық ауанаың жоғарғы деңгейде ластануы кен орын маңында орналасқан тұрғындарды ауыр түрдегі гепатит, дем алу органдардың кеселдеріне, және туберкулезге, жаңадан пайда болған жараларға  ұшыратады. 

Қамбаның 15-25 см құрайтын теріңдігінде  құрғақ топырақ ішінде мұнайдың мөлшері 50,2 ден 125,5 г/кг дейін барады.  Кен орны аймақтарының геохимия–экологиялық жағдайы қоршаған ортанының химиялық бөлшектерімен ие болмаса олардың қоспаларымен ластану деңгейімен анықталады. Біріншіден уытты әсерді шиеліністіретін бөлшектер немесе олардың қоспалары қарастырылады.

   Бұл химиялық бөлшектерге қатысты түрлі–түсті тығыздығы темірденде көптеу, яғни – 7,9 г/см3 құраған, металдар (қорғасын –Pb, мыс– Cu, мырыш –Zn, никель–Ni, кадмий–Cd, кобальт–Co, сибениум–Sb, стронций–Sn, Bi, сынап–Hg  және тығыздығы 7,9 г/см3 аздау – алюминий–Al, Ti, бериллий–Be, барий–Ba. Қара металдар – темір–Fe, марганец Mn, хром–Cr, сирек металдар – молибден–Mo, W, Zr, ванадий–V  және асыл металдар  – күміс–Ag.  Сонымен қоса қоршаған ортаның ластануы Аs, селен–Sе, фтор–F, бор–B деген  метал емес түрлеріне  байланысты.

 Ауыспалы түрлердің биологиялық жоғары белсенділігі, өсімдіктердің, оларды топырақ субстратында өздерінің мөлшер санынан асатын ретте шоғырлағыш қасиеті, ауыспалы қоспалардың түрлердің өсімдіктер және оларды тұтынушы жануарлар үшін жоғарғы деңгейдегі уыттығы мен қатар, ерігіш қоспалардың аумақтын топырағында табиғи бөлінуін зерттеу қажеттілігі анықталды.  Ауыспалы ауыр металдар  түрлерінің  мейлінше шектеулі шоғырлануын МШШ  анықтауына байланысты әдебиетте біртұтас пікір жоқ, сондықтан біз шегінді мағынасын келтіреміз.  Орнаған шегінді ауспалы ауыр металдар түрлерінің МШШ 1 кестеде келтірілген.

 

1 кесте Топырақтағы ауыспалы ауыр металдардың МШШ

 

Химиялық

бөлшек

Zn

        Cu

        Pb

        Ni

       Co

МШШ, мг/кг

23.0

        3.0

        6.0

       4.0

      5.0

 

Аймақтың экологиялық жағдайын бағалау өнір ортасының қанағаттық жағдайына салыстыру ретінде беріледі.

Химиялық бөлшектердің ауыспалы түрлері өсімдіктердің өрбуінде маңыздыдылығы өте жоғары, сондықтан олардың жетіспеушілігі немесе артықтығы, өсімдіктер тіршілік  жағдайын шешудегі және олардың химиялық құрамдарының, себепкер шарты болып келеді.

Кейбір бақылау учаскелерінен аумақарынан алынған үлгілерде мыстың  шоғырлануы кестеде келтірілген МШШ мағынасынан  2-3 есе асуда.  Осының өзінде дуалды және бақылыу учаскелерінен барлық жерлерінде алынған  топырақ үлгілерінде қорғасынның және никельдің шоғырлануы  МШШ мөлшерінен 2-4 есе асқаны белгіленген.

Кобальт ауыспалы түрлерінің мөлшері МШШ мағынасынан (1,2-1,6) есе ғана асады. Әр түрлі түрлердің деректі ара қатысы, металдардың ауспалы  түрлерде табиғаттағы ауытқы шоғырлануын куәландырады. 

       

 

1 сурет  Мұнаймен ластанған топырақтағы

жылжымалы ауыр металдардың мөлшелерінің шоғырлауы

(типтік бақылау учаскелері )

 

Негізінде табиғатты  ауытқы мағыналар ауқымды бейнеледі, зерттелген аумақтын бұкіл ауданында тарайды және Батыс Қазақстандағы көптеген мұнайгаз кен орындар үшін сипатталады.

         Айтарлықтай, мұнайдың топырақта  табиғи орнығуы биогеохимиялық процесс болып табылады. Микроорганизмдердiң  көмегiмен топырақты тазалауды тездетудiң негiзгi екi әдiсi бар: топырақта  физико-химиялық  жағдайды (агротехникалық шаралар) өзгерту арқылы микрофлораның метаболизмдiк  белсендiлiгiн арттыру  және  ластанған топыраққа арнайы таңдап алынған белсендi мұнайды тотықтыратын микроорганизмдердi ендiру. Қоршаған ортаға антропогендік әсердің көбеюі тіршіліктің, экожүйенің және жалпы биожүйенің құнарлығының  өзгеріуіне ұшыратады.   Ластанудың деңгейі, оның өзіндігі бойынша ақпарат және улы заттардың, яғни ластаушыларға қарсы ұйымдастырылып қойылған шаралардың қарқындығы қарекеті өте жоғары маңызды болып табылады.  

        Сондықтан, экожүйелердің аууының биологиялық индикаторларын іздестіру қисынды әрекет болатыны анық. Қоршаған ортаның ластануының ең қуатты себепші шарты өндіріс болып табылатыны анықталған.

Қорытындай отырып айтылғанды түйіндейік:

·       Топырақтың мұнаймен ластану деңгейі артқан сайын, ауыр металдардың мөлшері, әсресе қорғасын, кейбір кездерде МШШ мағынасынан асуда;

·       Ауыр металдардың топырақта тарауын зерттеу,  олардың жоғарғы қара шірік қабатында көбеюін анықтады;

·       Аталған топырақ қабатынан төмендеу ауыр заттардың мөлшері айқындап азаюда, ал 1500 мм тереңдігінде жоқ екендігі анықталды.  

      Зерттеу нәтижесінде топыраққа және судың жиегіне төгілген мұнайдың әсері қамбалар жойылған жағдайда азаятыны, анықталған. Бірақ, топырақтың  хлоридтармен ластануы жоғарғы деңгейінде екені байқалған, яғни 66000 мг/дм3. Топырақтарды табиғатты орнатылған қалпына келтіру үдерісінің  мерзімі өте ұзак болғандықтан, бұл жағдай дереу ретінде экологиялық таза, экономикалық пайдалы қоюланған мұнаймен ластанған топырақтың тазарту жобасын құрастыруын қажет етеді.

****